Файл: Орта білім беру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 494

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
  1. 1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   90


Диагностикалық жұмыс

  1. пән бойынша өткен оқу жылдарының бағдарламасындағы тақырыптар мен оқу мақсаттары бойынша әкімшілік диагностикалық бақылау жұмысын жүргізу;

  2. жүргізілген диагностикалық бақылау нәтижесі бойынша өткен оқу жылдарында оқытылған тақырыптар мен оқу мақсаттарынан білімінде олқылықтары бар білім алушылардың саны арқылы күрделі тақырыптар мен оқу мақсаттарын анықтау;

  1. Жоспарлау жұмысы

  1. өткен оқу жылдары мен жаңа оқу жылының оқу бағдарламаларындағы сәйкес келетін күрделі тақырыптар мен оқу мақсаттарын қысқа мерзімді сабақ жоспарын әзірлеуде кіріктіру;

  2. жаңа сабақты жоспарлаудың алдында өткен оқу жылдарындағы тақырыптар мен оқу мақсаттары бойынша білімінде олқылығы бар оқушыларға алдын ала тапсырмалар әзірлеу;

  1. Жеке консультациялар өткізу

Өткен және жаңа оқу жылдарына арналған оқу бағдарламаларындағы сәйкес келмейтін тақырыптар мен оқу мақсаттары бойынша білім алушы санын 15-тен асырмай, жеке консультациялар, қосымша сабақтар («жексенбілік мектеп», «каникул кезіндегі мектеп») өткізу кестесін әзірлеу;

  1. Жүзеге асыру, талдау жұмыстары

  1. пәнді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін (саралапоқыту,кейс-стади,тақырыптық талқылау, іскерлік ойын, жобалық және зерттеу жұмыстары,модульдікоқытужәне т.б.) қолдану;

  2. білім алушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізу кестесін әзірлеу және талдау жұмысын жоспарлау;

  3. білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында жүзеге асырылған оқу мақсаттарын БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құрастыруда ескеру;

  4. БЖБ, ТЖБ нәтижелері негізінде білім алушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізу және талдау;

  5. білім алушылардың білім сапасына жүргізілген мониторинг жұмысының нәтижесін әдістемелік бірлестікте, әдістемелік кеңесте, педагогикалық кеңесте талқылау ұсынылады.


Қысқамерзімдісабақжоспарынәзірлеудекіріктіріпөткізугеұсынылатынкүрделіоқу мақсаттары:

  1. сыныптың «Әдебиеттік оқу» пәнінің оқу бағдарламасындағы «4.1.3.1 шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру» деген оқу мақсатын 5-сыныптағы «5.1.1.1 әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау» деген оқу мақсатымен кіріктіруге болады.

  2. сыныптағы «5.2.3.1 шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау» деген оқу мақсатына сабақ жоспарлау кезінде 4-сыныптағы «шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу, эпитет, аллитерация, әсірелеу) табу және оларды қолдану» оқу мақсатын

кіріктіру арқылы 4-сыныпта жіберген білімдегі олқылықты толықтыруға болады.

5-сыныпта бастауыш сыныптан келген оқушылар эссе жазуды бірден меңгеріп кете алмайды. Сондықтан 4-сыныпта өткен «4.1.5.1 өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру» деген оқу мақсатын қайталап, сол бойынша жұмыс жүргізу арқылы эссе жазуға үйреткен дұрыс.

5-сыныпта «5.2.3.1 шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау» деген күрделі оқу мақсатын 6-сыныптағы «6.2.3.1 шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау» оқу мақсатымен біріктіріп, тапсырмалар ұсыну;

«5.3.2.1 кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау» деген оқу
мақсатын 6-сыныпта «6.3.1.1 шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру», «6.3.2.1 кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру» деген оқу мақсаттарына жаңа сабақты жоспарлау кезінде кіріктіру;

7-сыныпта «7.2.4.1 шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу» деген оқу мақсатын 8-сыныптағы «8.2.4.1 шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу» оқу мақсатымен;

«7.3.1.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру» деген оқу мақсатын «8.3.1.1 шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау» оқу мақсатына кіріктіріп, сабақ жоспарлау ұсынылады.

Жаңаоқужылыныңбағдарламасынасәйкескелмейтінкүрделіоқумақсаттары бойынша жеке консультациялар өткізуге ұсынылатын күрделітақырыптармен оқу мақсаттары:

  1. сыныпта:

«6.1.3.1 әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау»; «6.3.4.1 шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасау»;

  1. сыныпта:

«7.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау», «7.3.4.1 әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу»;

  1. сыныпта:

«8.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу», «8.3.4.1 шығарма бойынша жазылған әдеби сын- пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу;

  1. сыныпта:

«9.3.4.1
әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, шағын сын мақала жазу».

5-9-сыныптарда «Қазақ әдебиеті» пәнінен оқытылатын шығармалардың ішінде өткен оқу жылдарында толық оқуға мүмкіндік болмаған немесе оқушыларға қол жетімсіз болған шығармаларды қосымша сыныптан тыс не каникул кездерінде оқуға ұсыну қажет.

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша қайталауға және бекітуге арналғаншығармалартізімі:

  • А.Алтай «Прописка» әңгімесі;

  • М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі;

  • М.Шаханов «Нарынқұм зауалы» өлеңі;

  • Т.Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі;

  • Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» әңгімесі;

  • Т.Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі;

  • Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі;

  • Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романы;

  • Қажығали Мұхамбетқалиев «Тар кезең» романы.


«Қазақәдебиеті»пәнібойыншаоқупроцесінқашықтаноқытутәртібіндеұйымдастыру

Оқу процесін қашықтан оқыту тәртібінде ұйымдастыруға арналған ұсынымдар:

  • педагогтің ең қолайлы инфрақұрылымы мен білім беру контенті бар интернет-платформаны таңдауы;

  • Үлгілік оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарын, материалды мұқият іріктеуі;

  • сабақтың оқу мақсатына сәйкес оқу материалын сапалы дайындауы;

  • ақпараттың реттілігін, жүйелілігін, сабақтастығын және т.б. сақтауы;

  • сабақ мазмұны мен уақытын ұтымды бөлуі;

  • өткен материалдың қысқаша мазмұны: жаңа тақырыпты түсіндіру үшін қажетті және логикалық байланысы бар жаңа тақырыптың негізгі ережелерін қажеттілігіне қарай мазмұндауы;

  • білім алушылардың назарын жаңа материалды оқып үйренуге қажет болуы мүмкін білімдер мен дағдыларға аударуы;

  • сабақ жоспарына сәйкес жаңа материалды мазмұндауы;

  • материалды бекітуге арналған ұсынымдар беруі;

  • негізгі дидактикалық принциптерді ескеруі: ғылымилығы, көрнекілігі, қолжетімділігі, танымдылығы, теорияның практикамен байланысы, оқу материалының оқылуы/эстетикалығы;