Файл: Орта білім беру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 481

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Қазақ тілі» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы бағдарламаның ерекшелігі қазақ тілін функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан оқытуға назар аударылып, төрт дағдыға негізделген:

  1. тыңдалым және айтылым;

  2. оқылым;

  3. жазылым;

  4. әдеби тіл нормаларын сақтау.

«Тыңдалым және айтылым» бөлімі оқушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді: мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру, мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау, тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыра білу, мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси) талдай отырып, негізгі ойды анықтау, мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау, коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу тілінің

лексикалық, фонетикалық-морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктерін ажыратып, орынды қолдану;

«Оқылым» бойынша: әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау, ғылыми- көпшілік және публицистикалық стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, тілдік оралымдар, өзге стиль элементтері), әртүрлі стильдегі мәтіндердің жанрлық ерекшеліктерін таба білу, ауызекі сөйлеудің стильдік бедерін дұрыс қолдану, публицистикалық шығарма тілінің стильдік бедерін дұрыс қолдана білу, ресми ісқағаздары тілінің сөз бедерін дұрыс қолдана білу, көркем әдебиет
тілінің сөз бедерін дұрыс қолдана білу, әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау (фонетикалық деңгей, лексикалық деңгей, морфологиялық деңгей, синтаксистік деңгей негізінде), мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу, белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу, БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу;

«Жазылым» бойынша: жоспар түрлерін құру (қарапайым, күрделі, тезистік), ауызекі сөйлеу стилінде әлеуметтік жағдайларға сай мәтін құрастыру, ресми қарым-қатынас аясында ресми құжат түрлерін жазу: сенімхат, кепілхат, өтінім, тапсырыс, келісімшарт, еңбек шарты, шарт, еңбек келісімі және т.б. мәтіндер құрастыру, ғылыми стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып, баяндама, мақала, лекция, баяндама тезистері, аннотация, түйіндеме, рецензия және мәтіндер құрастыру, публицистикалық стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып, мақала, репортаж, сұхбат, ақпарат, информациялық хабар, очерк, памфлет жазу, көркем әдебиет стилінің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып мәтіндер құрастыру (таңдау бойынша), мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, эссе түрлерінің құрылымын сақтай отырып, көтерілген мәселе бойынша өзіндік пікір жаза білу, оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпаратты іріктей отырып, түртіп жазу (конспектілеу), әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең,

хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу, жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау;

«Әдеби тіл нормалары» бойынша: орфографиялық нормаға сай жазу, сөздерді фонетикалық принцип негізінде жазу, сөздерді морфологиялық- фонематикалық принцип негізінде жазу, сөздерді тарихи-дәстүрлік принцип негізінде жазу, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді дұрыс қою (нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі, көп нүкте), сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді дұрыс қою (үтір, нүктелі үтір, жақша, қос нүкте, тырнақша, сызықша).

Ақпаратты талдау, жалпылау, жіктеу, сондай-ақ әртүрлі жанрда және стильдерде мәтіндер жазу, жеке, іскерлік хат жазысу, түйіндеме, мақала, аннотация, тезис құрастыру, берілген тақырып бойынша эссе жазу дағдылары мен қабілеттерін жетілдіру тілді оқуды ынталандыруға септігін тигізеді.

Сабақ жоспарын құрастыру барысында оқушылардың деңгейі мен қажеттілігіне сай әдеби тіл нормаларын қалыптастыруға назар аударған дұрыс. Тілдік бірліктер мен құрылымдарды, яғни грамматиканы оқыту коммуникативтік контекст негізінде жүзеге асырылуы керек. Яғни мұғалім тіл туралы білім қалыптастырудан гөрі тілдік қолданыс, грамматиканың функционалдығына назар аударуы тиіс.

«Қазақ тілі» пәні (жаратылыстану-математикалық бағыт) бойыншажиынтықбағалау саны


«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығының (ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 қарашадағы №509 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) 14-4-тармағына сәйкес «Қазақтілі»пәні(жаратылыстану-математикалық бағыт) аптасына 1 сағат болғандықтан БЖБ қажет болған жағдайда бөлімдерді біріктіре отырып, тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді, тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.

«Қазақ тілі» пәні (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) бойынша жиынтықбағалаусаны

Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген (63-кесте).
63-кесте. Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттардағы «Қазақ тілі» пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны





Пәні

Сыныбы

БЖБ саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

1

Қазақ тілі

10

2

2

2

2

2

Қазақ тілі

11

2

2

2

2

Ескертпе: Тілдік пәндерде бөлім бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым).




2021-2022оқужылыныңерекшелігіөткеноқужылдарындағыбілімалушылардың біліміндегі олқылықтарының орнын толықтыру және жаңа оқужылындағы оқу бағдарламасының меңгерілуін қамтамасыз ету. Осы міндеттіорындауүшін төмендегіжұмысретіұсынылады.

2021-2022 оқу жылында оқушылардың өткен оқу жылдарындағы біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру және жаңа оқу жылындағы

бағдарламалық мақсаттардың меңгерілуін қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыс жоспарын дайындаудың реті

(әрбір пәнмұғаліміүшін)



Жұмыс мазмұны

Диагностикалық жұмыс (IтоқсанныңIаптасында)

1

Өткен оқу жылдарындағы пәннің оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша

әкімшілікдиагностикалықбақылаужұмысын жүргізу

2

Оқу мақсаттары бойынша білімінде олқылығы бар оқушылардың санына байланысты өткентақырыптардыңішіненқиындықтудырғантақырыптарменоқумақсаттарынанықтау. Мысалы, қандайдабіртақырыптымеңгермегеноқушылардыңсаныкөпболса,солтақырыпкүрделіболыпесептеледі.Тақырыпты

меңгермеген оқушылардың саны аз болса, ол тақырыптың күрделілігі төмен болыпесептеледі

Жоспарлау жұмысы (IтоқсанныңIIаптасында)

3

Пәннің оқу бағдарламасы бойынша жаңа оқу жылында өтілетін тақырыптар мен оқу мақсаттарына сәйкес келетін өткен оқу жылдарындағы күрделітақырыптарменоқу

мақсаттарынанықтау

4

Сәйкес келетін тақырыптар мен оқу мақсаттарын анықтағаннан кейін қысқа мерзімдісабақжоспарларынмақсаттарды үйлестіре, кіріктіре отырып әзірлеу. Жаңатақырыптарменоқумақсаттарынмеңгеруүшінөткеноқужылдарындағытақырыптарбойыншабіліміндеолқылығыбароқушыларғаалдыналадайындалып

келугеберілетінтапсырмаларәзірлеу.

5

Пәннің оқу бағдарламасы бойынша жаңа оқу жылындағы тақырыптар мен оқу мақсаттарына сәйкескелмейтінөткен оқу жылдарының күрделітақырыптарымен

оқумақсаттарынанықтау

6

Жаңа бағдарламаға сәйкес келмейтін өткен оқу жылдарының күрделі тақырыптары мен оқу мақсаттары бойынша біліміндеолқылықтарыбароқушылардыңтізімін

жасаужәнетоптастыру

7

Білімінде олқылықтары бар оқушылардың топтарымен өткізілетін кеңесберукестесін

жасау

8

Білімінде олқылықтары бар оқушыларға өткізілетін кеңесберудісәйкес келетін жаңа

тақырыппеноқумақсатынасабақжоспарлаудан бұрын өткізу

9

Білімінде олқылықтары бар оқушылардың топтарымен өткізілетін кеңесберу

кестелерін жоспарлаупринциптері:

  • жаңа сабақтан бұрын кеңес беру;

  • жұмыс күндеріне сыймаған жағдайда сенбілік немесе жексенбілік кеңес беру;

  • II, III, IV тоқсандық каникул күндеріндегі кеңестер;

  • жазғы мектеп күндеріндегі кеңестер

10

Жаңасабақтан бұрынкеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау

11

Сенбілікнемесежексенбіліккеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау

12

Каникулкүндеріндегікеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау

13

Жазғымектепкүндеріндегікеңестақырыптарын анықтау, кестесін дайындау

14

Жаңа оқу жылында оқу пәндері бойынша білім алушылардың білім сапасына жүйелімониторингжүргізукестесін және талдау жұмысының жоспарындайындау(бұлжерде білім алушының өткен оқу жылы бойынша білімінің сапасы да, олқылықтарыдакөрінеді):

қыркүйектің екінші аптасы (диагностикалық әкімшілік бақылау); бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) кестесі;

тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) кестесі.