Файл: Жалпы білім беретін мектепті 8сыныбына арналан физика пні бойынша жаттыулар жинаы.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.03.2024
Просмотров: 66
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Алғы сөз
8-сыныпқа арналған физика және Астрономия оқулығында қарастырылатын материалдар физикалық құбылыстарды тереңірек ұғынуға, оқып-үйреніп, тереңірек зерделеуге және әрбір физикалық құбылыстардың ерекшеліктерін түсінуге арнап әрбір тарау, не тақырыптан соң берілген жаттығулар мектеп оқушылары үшін берілген жаттығулар аса күрделі емес. Мектеп оқушылары игереді деген мақсатта берілген. Дегенмен, оқушы мен мұғалім арасында сенімсіздік, кері кері пікір қалыптастыратында бір емесондаған шешуге келмейтін жауап көрсетілген жаттығулар жеткілікті:
Атап айтсақ:
№1 жаттығудағы :№4
№6 жаттығудағы :№5
№7 жаттығудағы :№8
№9 жаттығудағы :№4,8
№10 жаттығудағы :№4
№11 жаттығудағы :№3,6
№14 жаттығудағы :№4
№19 жаттығудағы :№7
№20 жаттығудағы :№1
№23 жаттығудағы :№6
№27 жаттығудағы :№5
№29 жаттығудағы :№4
Физика пәні мұғалімдер; Сіздерге оқу процесінде үлкен көмегі болар днген ниетпен жаттығулардың толық шешімін беріп отырмын. Кәделеріңізге жарап жаттса, мақсаттың іске асқаны. Ұсыныстарыңыз болса мына телефонға шығарсыздар: 8-770-210-54-235, 8-701-761-87-26
Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған физика пәні бойынша жаттығулар жинағы.
№1жаттығу.
-
дене сау адам денесінің абсолюттік температурасы қаншаға тең?
Т=T0+t=2730+36,60=309,60K
-
Дене температурасы 250С-тан 850-қа дейін артса, онда оның бөлшектерінің орташа кинетикалық энергиясы қанша есаге өзгереді?
t 1=250C T1=273+250=2980K
t2=850C T2=273+850=3580K
=? ;
Олай болса, ; есе
3.Абсолюттік шкала бойынша дене температурасы 200К. Цельсий бойынша дене температурасы неге тең?
Т =200K T=T0+t; t=T-T0=200-2730K=-2530K
t=?
4 .Цельсий шкаласы бойынша температура -730С көрсетеді. Абсолюттік шкала бойынша осы температура неге тең?
t=-730C T0=2730K; T=t+T0=-73+2730C=2000K
T=?
5. Арктиканы зерттеушілер неліктен сынапты термометрді таңдап алатынын түсіндіріңіздер: Жауабы:
1. Спирттің, сынаппен салыстырғанда жылу сыйымдылығы мен жылу бергіштік қасиетінің ерекшелігінде.
2. Температуранық кенеттен тезқұбылмалығына спирт тез бейімделеді. Сондықтан спиртті термометр Арктика жағдайында қолайлы.
6. Неліктен бөлме температурасында медициналық термометрдің құтысы сынаппен толық толтырылмағанын түсіндіріңдер.
Жауабы: Медициналық термометр 360С-тан 420С-ға дейнгі аралықта градировка жасалынған. Сондықтанда жылулық ұлғаюға түсірсек температуралық өзгеріс аралығы 60С-аралығында ғана болғандықтан толық толтыру қажет емес.
7 . 4,3130және 2500К температурасын Целсий шкаласы бойыншы өрнекте.
Т=4,3130K t1=T1-T0=4,3130-2730=-262,70
T=2500K t2= T2-T0=2500-2730=-230
t1=?
t2=?
8. Медициналық термометрдің көрсетуі 37,20С. Оны түсірмей 36,60С және 37,60С температурамен ауырып жатқан адамды өлшегенде, бұл термометрдің көрсетуі қандай болады?
Жауабы: термометрдің көрсетуін түсірмей өлшегенде 36,60С орнына 37,0С көрсетеді. Ал, 37,60С кісінің қызыуын өз мәніндей көрсетеді.
№ 2 – жаттығу
-
Солтүстікте суықтан қорғанып, теріден жасалынған киімді киеді, ал оңтүстікте ыстықтан сая іздейді. Неліктен олай ?
-
Солтүстікте атмосфералық ауаның температурасы – 400С төмен. Адам денесінің өмір сүруге лайық температурасы – 360С. Сонда, сыртқы қоршаған орта мен салыстырғанда температуралық ауытқу 760С – ты құрайды. Осы темературалық алшақтықты болдырмау үшін тон және жылуды сақтау мүмкіндігі бар. Түрліше теріден жасалған киімдерді киеміз. -
Оңтүстік өңірлерде қоршаған ортаның температурасы адам денесінің температурасымен шектес, оның үстіне күн сәулесінің қызуы. Сондықтан ыстық өтіп кетпеу үшін сая іздейміз. Саяда күн сәулесінен қорғанамыз.
-
Сыйымдылығы бірдей алюминий және шыны ыдысқа ыстық су құйылады. Қай ыдыс құйылған ыстық судың температурасын тез қабылдайды ?
-
Алюминний ыдыс ыстықты тез қабылдайды. Шынының
жылу өткізгіштік қасиеті алюминниден аз.
3. Ғимараттың жылу өткізгіштігін кірпіштің қарапайым немесе керек түрінің қайсысы жақсы қамтамасыз етеді ? Неліктен ?
-
Кірпіштің арасы кеуек түрі жақсы оқшаулағыш қызметін атқарады. Себебі: арасындағы бостық орында ауамен толады. Ауа жылуды нашар өткізеді. -
Тұтас кірпіш бірыңғай біртекті зат болғандықтан оның жылу өткізгіштік қасиеті қуыс кірпіштен жоғары. Сондықтан ондай ғимараттар салқын келеді.
4. Қар немесе мұз жабылған егістіктің қайсысында күздік дақылдар жақсы сақталады ? Неліктен ?
-
Қар жамылған егістікте күздік жақсы сақталады. Қар түйіршіктерінің арасындағы бостықтар ауамен толады. Мұз жағдайында тұтас біртекті дене. Ауасы бар орта егіс тікті жұтаудан (үсуден) сақтайды. Қар егістіктің жамылған - көрпесі.
-
Бір бөлмедегі тасты еден, ағаш еденнен неге суық ?
-
Ағаштың жылу өткізгіштігі тастан анағұрлым аз. Тас өз өз бойындағы салқындықты тез басқа жанасқан денеге бере алады. Сондықтанда, бір ортада болғанмен тастың суық болып сезінуі жылу өткізгіштігінің жоғары болуынан.
-
Қызған тетік қай жағдайда тез суыйды: оны ағаш не болат тұғырға
орналастырғанда ма ? Неліктен ?
-
Болат тұғырға орналастырғанда. Себебі: Болаттың жылу өткізгіштігі ағаш тұғырдан бірнеше есе артық. Сондықтанда, тұрмыстық жағдайда қолданатын үй аспаптарына ағаш тұтқа, сап, т.б қолданыс табады.
-
Диірменнен шыққан ұн жылы, ал пештен шыққан нан ыстық болады. Осы жағдайлардың әрбіреуіндегі денелердің ішкі энергия сының өсуінің себебі неде ?-
Ұнның жылы болуы бидайдан ұн шығару кезінде механикалық жұмыс жасау арқылы бидай ұнтаққа айналады. Жұмыстың бір шамасы ұнның ішкі энергиясын арттыруға жұмсалады. -
Пеште жанған оттың жылу энергиясы жылу берілу арқылы нанға берілді.
-
-
Стаканның бірінде 200г салқын су, ал екіншісінде массасы сондай ыстық су бар. Қай стакандағы судың ішкі энергиясы артық ?
, ; t2>t1 болғандықтан;
Q2>Q1 олай болса екінші стакандағы судың ішкі энергиясы артық.
№ 3 Жаттығу.
-
Пешті жаға бастағанда неліктен бөлмедегі ауа температурасы кетеді ?
Пештің мұржасынан түтін тарту кезінде бөлмедегі жылы ауа пештің мұржасы арқылы жоғары түтін тартуға ықпал жасаукезінде бөлмедегі жылы ауа алмастыратындықтан бөлме температурасы төмендейді.
-
Дианстрлері де, биіктіктері де, бірдей кірпіштен немесе металдан жасалған мұржалардың қайсысы отты жақсы тартады ? СУРЕТ
Металл мұржа нашар тартады. Себебі металл жылуды жақсы өткізетіндіктен төменгі бөлігіндегі температура Т1 пен жоғары атмосфераға шығар кездегі температура арасындағы айырым Т – Т кірпіш мұржадағы температура Т1 – Т2 айрымынан көп үлкен. Түтін атмосфераға шыққанға дейін салқын тартып қалады. Кірпіш мұржада төменгі жағындағы температура мен жоғары жағындағы температура мен жоғарғы жағындағы температура айырымы өте аз. Cондықтан түтін тарту жақсы жүреді. Завод мұржалары сондықтан кірпіштен тұрғызылады.
3. Жаздыгүні қалың орман ішінде күндіз жерге қарағанда ағаштар арасында ауа жылырақ, ал түнде ауа жер бетінде жылы болады. Себебі неде?
-
Орман ішінде күндіз ауаның жылы болуы қалың ағаш ауа ағынының ауасына кері ықпал жасайды. Конвекция процесі баяу жүреді. -
Түн мезгілінде ашық жер бетінде ауаның жылы болуы күнімен жер бетінің күн сәулесін сіңіру арқылы жинаған жылуы түн мезгілінде жерден жоғары көтеріледі. Яғни жер өзінен жылу энергиясын бөледі.
4. Қай кастрольдің ішіндегі зат тезірек суыйды ? Сурет
1- кастролдегі зат тез суыйды. Себебі ыдыстағы зат мұз үстіне қойылған. Тікелей
жанасатын болғандықтан жылу кастролден мұзға беріледі.
2 – кастролде заттың жылуы – ауаға беріледі. Ауа жылуды нашар өткізеді. Одан – қақпаққа.
Қақпақтан мұзға беріледі. Сондықтан жылу 1 – қарағанда ұзақ сақталады.
5. Қатты, сұйық, газ тәріздес денелердің қайсысында конвекцияның жүруі мүмкін ?
Сұйық, газ тәріздес денелерде конвекция жүреді. Сондықтанда ыдыстағы сұйық пештен жылу алады, бөлме пештің берген жылуынан конвекция нәтижесінде жылыйды. Атмосферада ауа алмасуда газдағы конвекция нәтижесі.
6. Үтіктің ішкі жағынан сыртқы бетіне жылу қалай беріледі?
Қызған металл спиралдың қызуы жылу өткізгіштік арқылы сыртқа беріледі.
№ 4- жаттығу
1.Терезенің жазаланған әйнегі неге күн сәулесінің әсерінен қызбайды, ал кір, күйе әйнек неге жылынады?
а) Таза әйнекке түскен күн сәулесі аз мөлшерде жұмылып негізгі бөлігі өтіп кетеді. Бір
шамасы жағылады.
б) Кір, лас әйнекке түскен сәуленің көп бөлігі жұмылады. Жұмылған сәуленің энергиясы
есебінен шыны қызады.
2. Бір үтік 4000С-қа дейін, ал екіншісі -2000С-қа дейін қыздырылған. Олардың қайсысында сәуле шығару күштірек? Неліктен?
Дене неғұрлым көбірек қыздырылған болса, оның сәуле шығаруыда жоғары болады.
4000С-қа қыздырылған үтік сәулені мол шығарады.
3.Таза немесе күйе шәйнектердің қайсысында қайнаған су тез салқындайды?
Тәжрибелерден байқағанымыздай кір шәйнек сәулені көп сіңіретін болса, онда ол сәулені
де көп шығарады. Олай болса күйе шәйнектегі қайнаған су тез салқындайды.
4.Таза қармен салыстырғанда лас қар неге тез ериді?
Лас қар өзіне түскен күн сәулесінің мейлінше көп бөлігін жұтады да аз бөлігін
шағылыстырады. Ал, таза қар түскен күн сәулесінің көп бөлігін шағылыстырып, мейлінше
аз бөлігін өзіне сіңіреді (жұтады). Сондықтанда таза қар кеш ериді.
5.Күннен Жерге жылудың берілуі қандай тәсілдермен жүзеге асады?
Күн, Әлемдегі бірден-бір теңдесі жоқ жарық және энергия көзі. Табиғаттағы бар тіршілік
Күн энергиясына тәуелді. Ол, Күннен Жерге тек жарық сәулесі арқылы тасымалданады.
6.Шаң мен түтінге көмілген қала неге күн энергиясын аз қабылдайды?
Қала үстін көмкеріп тұрған шаң мен түтін күннен келетін сәулеге жолда тосқауыл болып
күн сәулесінің біршамасын өзіне сіңіреді. Сондықтан күннен келген сәуле толық жерге
жете алмай жолда тосылады. Лас қаланың күн энергиясын толық ала-алмауына бірден-бір
себепкер ол-шаң, түтін.
7.Қыстыгүні қандай аяқ киімде адамның аяғы тез тоңады: кең немесе бар аяқ киімде ме?
Тар аяқ киімде. Себебі тар аяқ киім аяқпен тығыз жанасуда болғандықтан жылу алмасу
тез жүреді. Кең аяқ киімде ауалы кеңістік бар. Ауа жылу алмасуды нашар өткізетіндіктен
аяқ тез тоңа қоймайды.
8.Жаздыгүні қандай көйлек киген дұрыс: ақ түсті немесе қара түсті?
Ақ түсті көйлек киген дұрыс. Ақ түс өзіне түскен күн сәулесінің біршамасын
кері шағылдырады. Өзіне сіңіретіні мейлінше аз мөлшері. Сондықтан ақ көйлек киген
кісі аса ыстықтамайды.
№ 5-жаттығу
1. Стакандағы суды 1 с-қа қыздыру үшін 200 кал қажет. Стакандағы судың 1/4 бөлігін 1 с-қа қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет?