Файл: Емтихан билеті 1 Адамзат ркениетіндегі жазуды маызы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 43

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
», – деп тұжырымдайды.
Емтихан билеті №25

1Үндесім заңы туралы қазақша көзқарастар

Үндесім заңы туралы қазіргі көзқарастар. Қазақ тілінің дыбыстық қоры акцентті-фонологиялық (Қ.Жұбанов) теория мен сингармонологиялық (А.Байтұрсынұлы,Х.Досмұхамедұлы) теория негізінде жарыса анықталғанмен,А.Байтұрсынұлының үндесім заңына табан тіреген төтежазуынан фонемаға (дыбысқа) негізделген латын, одан кейінорыс графикасына көшуіміз тіліміздің басты заңын – үндесімзаңын екінші дәрежелі қосалқы құбылыс қатарына тастады.Қазақ тіліндегі екпін құбылысының күмәнділігі проф Ә.Жүнісбектің бұл құбылысқа басқа қырынан қарауына әкелді.Профессор Ә.Жүнісбектің үндесім заңын славян, роман,герман тілдеріндегі екпін қызметі мен вьетнам, корей, жапон,қытай тілдеріндегі тон қызметімен деңгейлес келетін сөздіңдыбыстық негізін құраушы, бір бүтін етуші құбылыс деп статусын анықтағаннан бері қазақ тіліндегі сөз екпініне сақтықпенқаралатын болды. Өйткені екпіннің барлық қызметін сингармонизм заңы атқарады. Ал тілдегі ең кіші дыбыстық бірлік фонема емес, сингармема болып табылады. Сөйтіп, фонеманыңконсти-тутивті, яғни сөзтанымдық қызметін сингармемаатқарады. Сөзді бір бүтін етіп “цементтеп” отырған екпін емес,сингармонизм құбылысы болды. Ол – сөздегі дауыстылар мендауыссыздардың тең дәрежеде өзара үндесіп, үйлесіп келуі.Сөйтіп, Ә.Жүнісбек Қ.Кемеңгерұлының сингармонизмдідауыстылар мен дауыссыз-дар үндесімі деген пікірін қалыпқакелтіріп, ғылыми түрде не-гіздеді.Проф. Ә.Жүнісбек еңбектерінде үндесім заңы былайанықталады. “…Қазақ тіліндегі үндесім құбылысы дауыс-тыдыбыстарды да, дауыссыз дыбыстарды бірдей қамтитынболғандықтан қай сингармониялық варианттың негізгі екенін айтуқиын”. “Сингармонизм дауыстылардың тембрін өзгертпейді, қайтасақтап отырады, сөзде қанша дауысты болса да, ауытқу болмайды”. “Қазақ сөзі дыбыс құрамымен ғана емес, үндесімтипімен де ажыратылады”. Сондықтан қазақ тілінде екпін жоқ,оның қызметін үндесім заңы атқарады, тілде тек ырғақтықекпін бар деді зерттеуші. Қазақ тіліндегі сингармониялықталдау тілдің буын тіл екенін көрсетті, ал буын сегменттерітөрт түрлі тембрді құрайды дейді.Ғалым қазақ тілінде жуан, жіңішке болатын жеке дыбыс емес,буын деп, Қ.Жұбановтың қазақ тілі буыншыл тіл деген пікірінжаңғыртты. Бірақ буын үндесімі сөз үндесімін құрайды деді.Сонымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесіндегі ең кіші бір-лік фонема емес, сингармема, яғни сингармоварианттар бол-ды.Сөздегі дыбыстар дауысты, дауыссызына қарамай бірыңғай жуан,не бірыңғай жіңішке, не бірыңғай жуан еріндік, не бірыңғайжіңішке еріндік екені анықталды. Бұл тұжырым өзге ғалымдардыңеңбегінде қолдау таба бастады. Бірақ М.Жүсіпұлының өз ойыменайтқанда қазақ тілінің дыбыстық қорын анықтаудың үшінші кезеңісингармофонологиялық бағыт (өкілдері А.Байтұрсынұлы,Х.Досмұханбедұлы, М.Жүсіпұлы) болды да, олар екпінніңқызметін мүлде жоққа шығармады, тек оны сингармонизмгеқарағанда әлсіз сипатта екенін анықтады. Жуан дауыссыздардыбыстық құрамның негізін құрайды, өйткені олар жеке тұрыпдыбысталады деді. Ал үндесім құбылысын дау-ысты дыбыстаңбалары арқылы белгілеудің мәні бар. М.Жүсіпов қазақ сөзініңкіші бірлігін сингармодыбыстип деп атады.Ғалымның зерттеуі бойынша, қазақ сөздерінің жуан сингармотембрін 42%, жіңішке тембрін 29%, бейүндес буындарды5%, бейүндес буынды кірме сөздерді 1,4 %, кірме лексиканы 16,1 % құрайды.А.Байтұрсынұлы қазақ тілі дыбыстарының негізгі үндесімзаңын тіл үндесімі деп таныды. Ғалым зерттеуінде ерін үндестігіқосалқы,жанама құбылыс қатарында. Проф.Ә.Жүнісбек сингармонизмді үндесім заңы, ассимиляцияны үйлесім заңы деп атайотырып, қазақ тілі үшін тіл үндестігінде ерін үндестігі де же-текші рөл атқарады деді. Проф. М.Жүсіпов лабиалды үндесімді дербесқұбылыс емес, тек сингармонизм екі аспектісінің біреуі, қазақ тіліконсонантизм жүйесінің бір сингармотипінде төрттен көпсингармодыбыс болады. Тек күшті позицияда ғана төрт түріміндетті деп анықтады.Сингармонизмнің өзі сөзайырымдыққызмет атқармайды деді

2.Емле өзгерісіне байланысты С.Аманжоловтың ұсыныстары. С. Аманжолов: “Қазак тілінің сингармонизм заңына бағынатындығы бұлай тұрсын,қазақтың ежелгі сөздерінің талайы дыбыс жүйелі принципке бағынбайтын еді. Мысалы: tuz+cь, ag+cь, bas+сь, gel+bau,gьzmet+ker, gazdь+gun” дейді.Сөйтіп, емле ережелеріне мынадай өзгерістер ендірілетін болды дейді: емленің негізі – морфологиялық принцип, түбірморфологиялық, қосымша фонетикалық принциппен жазы-лады(зumьsdьŋ), түбірлері сақталған біріккен сөздер, кірікпей жазылады да, қосымшасы фонетикалық принциппен жазыла-ды;кірме сөздер ішінара болмаса, морфологиялық принциппентүпнұсқа тұрпатын сақтап жазылады, қосымша фонетикалықпринцип бойынша жалғанады, қазақ тіліне ауызша жолмен еніп,игерілген географиялық атаулар, ұғым атаулар қалыптанғантүрінде жазылады: өzbek, poiьz, sjiez, nөl, aрus, yiel, yien, екі немесе одан көп дауыссыз дыбысқа аяқталған кірме сөздерге қосымша жалғанғанда, соңғы дауыссыз түсіп қалады, қосымшасөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады:Bekmuratqa, metaldьŋ, кірме сөздердегі еріндік дауыстылартаңбасы соңғы буында да жазылады (komsomol, kino), кірмесөздердің аяғында в, д, г әріптері таңбаланады( leningrat, aktip емес); <ұ> дыбысы ы таңбасы арқылы, <і> фонемасы j әрпі арқылы таңбаланады: выl, tjl; екі дауысты дыбыс таңбасы тір-кесебереді (zooloqia, зuadь); әліпбиге x, f, v әріптері алынады; қосар ый, ій, ұу, үу дыбыстары і, и таңбалары арқылы беріледі;әліпбиде 32 әріп болады; кірме сөздерде айтылатын ә, е, идыбыстарының орнына, сөз мағынасы бұзылмаса, а әрпі жазылады (artel, organ, brigada); -үшінші буындарға дейін [ә]дыбысы сөздердің тек буынында ә-әрпін жазу: kәmilaрa; соңғыбуындарда естілген ө, ұ, ү дыбыстарының орнына е, ь, j әрпінжазу: kyrek, qulьn, bygjn; түбір мен қосымша жігіндегі [п-б], [қ-ғ],[к-г] дыбыстарының алмасуы таңбаланады: tabadь, kөgerdь, aрadь; сөз басындағы қысаң езуліктер мағынаға әсер етпегенжағдайда таңбаланбайды: rai, lai, ckaf. Бірақ jnj, ьza, jri, ьdьs, jl, jz;екі буын аралығындағы мағынаға әсер етпейтін қысаң езуліктертаңбаланбайды: axmet, magna, caurьn, caprag, kөkek; соңғыбуындағы қысаң езуліктер түбір тұлғасында да, тәуелді жалғаутұлғасында да жазылмайды: mylk-mylkjm, xalg-xalgьm; одағайсөздерде екі дауыссыз әрпі қатар жазыла бе-реді: garg-garg; соңғыбуындағы қысаң езулігі бар сөздерге тәуелдік жалғау жалғанғандасөз аяғындағы қатаң ұяңдап, қысаң езуліктер түсірілмейтін болса,түбірде де таңбаланады: tyljk-tyligi, kөrjk-kөrjgj; і, u әріптерініңжуан-жіңішкелігін түбір не қосымша ажыратып тұрады; жуанжіңішке пары бар сөздердің жіңішкесін таңбалау: ti-tji, tyu-tu;кірме сөздердегі ь белгісін ә, ө әріптері арқылы беру: әlbөm, vөlt;ю әрпін iu әріп тіркесімен беру: iubilei, soiuz; барлық дауыссыздыбыстардан соң келгеню әрпін u таңбасымен беру: revolutsia, budcet, бірақ biuro, tiukдеген сөздерді iu-мен жазу; кірме сөздердегі я әрпін ia тіркесіарқылы беру: zimia, ispania, koreia, ideia, ialta, ал дауыссыздан соң жіңішке естілсе, ә арқылы беру (Alәska, mәta); л әрпі io арқылы беріледі; с дыбысынан басқа дауыссыз дыбыстардансоң келген ё әрпі ө әрпімен беріледі: aktөr, mantөr, katөl, ц әрпісөз басында және дауыссыз дыбыстан соң келсе s-мен беріледі:sitat, aksia. Ал сөз аяғында және дауысты дыбыстан соң келсе,тс арқылы беріледі: protse; щ әрпі сөз ішінде және дауыстыды-быстан соң қос cc әрпімен ал дауыссыз дыбыстан соң жәнесөз басы мен аяғында c-мен беріледі: cedrin.


Емтихан билеті №26

1Жалпы тіл білімі үндесім заңының түсінігі

ҮНДЕСІМ (ҮНДЕСТІК) ЗАҢЫ — буын не сөз құрамындағы дауыстыдауыссыз дыбыстардың бір әуезбен айтылуы. Тілде сөздің құрамындағы дыбыстарды (дауысты, дауыссыз) ұйыстырып, бүтін сөз етіп тұратын лингвистикалық құбылыс. Ондай құбылыс туыстас тілдер тобына ғана тән. Үндестік заң дыбыстарды алдымен буынға (егер сөз бір буынды болса), содан кейін буындарды сөзге (егер сөз екі не көп буынды болса) біріктіреді. Үндестік заңы қазақ тілінің іргелі заңдылығы болғандықтан, оның ықпалы тілдегі дыбыстардың айтылымы мен естілімінде басым болады. Осы тұрғыдан дыбыстар төрт топқа бөлінеді: 1) жуан езулік әуез дәйекшесіз ([]) беріледі. Мысалы, ата, қызық, алыс, т.б.; 2) тік таяқша ([]) жіңішке езулік әуезді: мыс., әже, егін, бірлік, т.б.; 3) дөңгелекше () жуан еріндік әуезді: мыс., қол, бұрұм, орұн, т.б.; 4) тік таяқша мен дөңгелекше () жіңішке еріндік әуезді көрсетеді: мыс., күн, көлүк, түлкү. Буын не сөздің үндесім әуезі сол буын не сөз құрамындағы дыбыстардың жасалымы өзара үйлескен, естілімі өзара үндескен тіркесін құрайды. Дәстүрлі қазақ тілтанымындағы (түркологиядафонетика ережеде Үндестік заңын дауыстылардың үндесуі деп түсіндіріп келсе, қазақ тілінде тек дауыстылар ғана үндеседі, ал дауыссыздар көрші дауыстының ықпалында болады делінген. Сонымен қатар дыбыстардың бір-біріне ықпалын да сингармонизм заңдылығына жатқызып келді. Дауыссыз дыбыстардың арасындағы ілгерінді ықпал бойынша (мысалы, әліпби-әліппи, құр қалу-құрғалу, көкбет-көкпет, т.б.) алдыңғы дауыссыз кейінгі дауыссыздың айтылымына (артикуляциясына) әсерін дауыссыздардың сингармонизмі деп атайды. Зерттеу нәтижесінде сөз құрамындағы дыбыстардың жуан-
жіңішкееріндік-езулік болып айтылуы сөз просодикасына байланыстылығын көрсетеді. Қазақ тілінің сөз просодикасы үндесім болғандықтан, ол сөз құрамындағы дауысты, дауыссыз дыбыстарға бірдей тең ықпал етеді.
2.Қ.Жұбановтың әліпби-емле туралы Ғалымның жазу, орфография жөніндегі теориялық зерттеулері негізінен қазақ әліпбиін жасау, бөгде тілдің графикасын қазақ тілінің ішкі ерекшелігіне бейімдеудің тиімді жолдарын іздестіру, жүйелі жазу емлесін құрастыру, оны жетілдіру, орфоэпия мен орфографияның өзіндік белгілеріне сай қазақ тілі дыбыстарының ерекшеліктерін көрсету, қазақ тіліне енген терминдердің жазылу заңдылықтарын бір жүйеге келтіру, қазақ орфографиясының жетекші принципін анықтау, т.б. бағыттарда болды. Дыбыстық тіл жазу арқылы таңбаланады десек, графиканың басты қағидаларының бірі - белгілі бір әріп бір ғана фонеманың таңбасы болуы керек. Сондықтан да Қ.Жұбанов қазақ орфографиясын  ғылыми негізде құру үшін алфавит құрамына енуге тиісті әріптердің санын қазақ тіліндегі белгілі бір фонеманың іс жүзіндегі қажеттілігіне қарай белгілеуді мақсат еткен. Дыбыс жазуы дыбысталған сөздің сол қалпындағы көшірмесі емес, оның басты қызметі ой мен сезімді жеткізу болғандықтан, дыбыс жазуында фонетикалық қоршауға тәуелді, фонологиялық жүктемесі жоқ, небір дыбыс құбылыстары ескерілмейді. Қ.Жұбанов та фонологиялық жазудың ерекшелігі бойынша фонемалардың негізгі реңкі таңбаланады да, фонетикалық қоршауға тәуелді реңктері ескерілмейтінін басты нысана етіп ала отырып, дыбыстық қоршауға тәуелді кез-келген дыбыстық құбылысты жазуда таңбалай беру ультра-фонетик бағытқа бой ұру болатынын айтады. Ғалымның айтуынша, қазақ жазуы фонетикалық принципті ұстануы тиіс, себебі бұл принцип қазақ тілінің дыбыс жүйесіне сәйкес келеді дейді. Қ.Жұбанов бұл жерде фонологиялық принцип туралы айтқан, себебі ол кезде “фонология” термині қолданыста болмағанын және ғалымның сөз дыбысталуына жақын жазылуы керек деген сөзін ескеруіміз керек. Сөздің дұрыс жазылуы, айтылуы сол тілдің ішкі ерекшеліктерінен туындауы керектігін айта келіп: “Емле негізіне қожа сол тілдің жаратылыс заңы болуға керек. Тіліміздің жаратылысына  қарасақ, емле дыбыс негізді болуға керек”, - деп түйін жасаған . Ал қазақ орфографиясы мен терминологиясын қалыптастыруда өзіндік орны бар тұлға Е.Омаров қазақ жазуы алғашқы кезеңде фонетикалық принципке сүйенгенмен, кейін бірте-бірте морфологиялық принципке көшу керек деген көзқараста болған еді.Қ.Жұбанов тіліміздің фонологиялық ерекшеліктерін дөп басып тани білген ғалым қазақ тілі дыбыстарын буын құрамында қарастырып, дауыстылардың таңбасы “буынның жуан-жіңішкелігін білдіретін қарақшы” деген дәлелді пікір айтады. Кезінде 
ұу, үу, ый, ій - қосынды дыбыстар екендігін көрсете отырып, оларды жазуда жалаң у, и әріптерімен таңбалау туралы айтқан ұсынысы жазу сауаттылығын жақсарту бағытындағы сол алғашқы ізденіс кезеңі үшін маңызы болғанын жоққа шығара алмаймыз. Себебі, латын графикасына негізделген алғашқы дауысты дыбыстар қазақ әліпбиінде 13 әріп (17 таңба) арқылы белгіленген болса, ғалым енді оны қазақ тілінің ішкі мүмкіншілігін ескере отырып, 7 әріппен таңбалауға болатындығын көрсетеді [1. 521]. Латын графикасын қабылдауда кеткен кемшіліктер мен олқылықтарды түзеу жөніндегі жұмыстарға Қ.Жұбанов белсене ат салысты. Қазіргі таңда латын графикасына көшудің маңыздылығы туралы мәселе көтеріліп жатырса, бұл жөнінде де ғалым есімі еріксіз ойға оралады.Қ.Жұбанов емле жасау жөнінде өз ойларын былайша тұжырымдайды: “Қазақтың әдеби тілінде ұстап-тұтынылатын сөздердің бәрі де дұрыс жазылып, әрқайсының өзіне меншікті тұрақты таңбасы болуы керек те, сол тұрақты түрден айнып, басқаша жазылған жазудың бәрі де қате делінетін болуы керек. Бірақ ол үшін мына сөз “таза қазақша”, мынаның “тегі жат” деп, - сөз-сөздің тегін қосып жатудың қажеті жоқ: тегі қайдан шықса да бәрі бір, қазақ тіліне кірген сөздің бәрі де қазақтың өз сөзі делінуі керек”, - дейді . Ол ереже жасауда негізгі есте болар жай, “емле жеңіл болу үшін ереженің санын да, ережеге көнбейтін одағай қалыптардың санын да құр тек “аз ету” шарт емес, қайта тілде бар, емлеге керекті қалыптардың бәрінің түгел тексеріліп, ереже болып қорытылып шығуы шарт”, - дейді .Басқа тілден енген сөздерді дұрыс жазу үшін олардың дыбысталу қалпын бұзбау қажет, яғни алфавитке сол тілдің дыбысын дәл жеткізе алатын таңба болуы керектігін айтып, халықаралық мәні бар сөздерді дұрыс таңбалау мақсатында қазақ әліпбиіне ф, х, һ әріптерін енгізу туралы да ұсыныс жасайды Қ.Жұбанов  қазақ  әліпбиіне  и,у  әріптерін  ұсына  отырып:  «ұу,  үу,  ый,  ій-лердің  әрқайсысында  екі-екіден  дыбыс  бар  деушілердің  екінші  әрі  бар  күшті  дәлелі-бұл  қосар  әріпті  ерте  кезде  бір  дауысты,  бір  дауыссыздан  құралған  екі  дыбыс  болған  деседі.  Мұнысы  дұрыс:  «су»  сөзі  бұрын  бірде»  «сұу»,  бірде  «сұғ»  түрінде  болуы  рас.  Бірақ бұрын  сондай болушылығының  өзі осы күні  сондай  екендігінде,  немесе,  осы  күні  қосар  таңбамен  жазудың  дұрыстығына  дәлел  бола  ала  ма?»  деп,  олардың  бұрын  қос  дыбыс  болғандығына  келісе  тұрып,  қазіргі  кезде  қос  әріппен  таңбалауға  қарсылық  білдіреді.