Файл: Емтихан билеті 1 Адамзат ркениетіндегі жазуды маызы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 44

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Емтихан билеті №27
1Үндесім заңының жазу үнемділігін жасаудағы қызметі.тілдің ауызша және жазба жүйесінде бұл қағидадан ауытқитын мынадай тұстар бар:Ол ең алдымен ә дыбысына байланысты. Қазақ тілінде ә дыбысы сөздің барлық буынында, әсіресе соңғы буындарда айтыла бермейді. Сондықтан жазуда екінші буыннан ары а әрпімен таңбаланады. Мысалы, күнәһар, тәкаппар, рәсуа, Жәмила, Рәбиға т.б. Ә дыбысының қазақ сөзінің аяқтамайтынынсөз соңындағы жалғаулардан да көруге болады: жайлауда– жәйләуда, куәландыру – күуәләндіру, тәкаппарланғанмен тәкәппәрләңғаммен, Жәмилаға – Жәмійләға.Сөйтіп, жіңішке буыннан басталған сөз жуандап барып аяқталып, тіл үндестігі бұзылғандай болып көрінеді. Бұл ара-да тілдің ауызша түрін таңбалап көрсетудің қиындығын ес-керу керек. өйткені орфоэпиялық сөздікте күнәға деген сөздің айтылуын күнәға деп беруден басқа амал таппай, екінші буындағы ә-ні жіңішке, үшінші буындағы а-ны жуан етіп, анық оқып, сөз бойындағы бейүндестікті «баттитып» көрсетеміз. Сондықтан сөз бірден жуандап кетпей, алдыңғы дауыстының реңкін ала жүріп, бірте-бірте өзгеретінін әрқашан біліп отыру керек. Мысалы, кінәламау – кінәләмау, күмәнданғандықтан– күмәндәңғандықтан, рәсуаланғанмен – рәсүуәләңғанмен деген сияқты екінші буында ә келетін сөздер үшінші буында а-ға жуықтап, ә-нің реңкін сақтап, яғни а мен ә-нің ортасында айтылып, сөз аяғында жуан дыбыстауға көшеді. Сонда бейүндес жазылатын сөздерді жіңішкеден жуанға, бірте-бірте, буын жігін ажыратпай өткізіп айтатын болсақ, сөз табиғи қалпын сақтап,үндесімді шығатын болад
2. Орыс графикасына негізделген қазақ жазуы (1940)
Қазақ жазуының 1940ж. латын графикасынан орыс графикасына көшуінің бірнеше себебі болды:
1) өзге идеология мен саясат ұстанған Түркия мемлекеті мен кеңестер одағындағы түркі халықтарының араласуына кедергі жасау;2) араб және латын графикасына негізделген қазақ
жазуының негізін қалаған қайраткерлердің (Т. Шонанұлы, Қ.Кемеңгеров, Қ. Жұбанов, Е. Омаров, О. Жандосов, Н.Төреқұлов) “халық жауы” болып шығуы;3) бір мемлекет (ССРО), ортақ астана (Мәскеу) астындағыхалықтардың ортақ мемлекеттік жазуы болуы керектегі (орыс тілі мен жазуы);4) термин сөздердің орыс тілі арқылы игерілуі; 5) жазу емлесіндегі ала-құлалық т.б.1926ж. I түркітанушылардың съезінде де, 1929ж. емле конференциясында да қатынасқан орыс ғалымдары әр халық өз жазуын өз мүмкіндіктері тұрғысынан шешуі керек деп, бейтараппозиция ұстанғанмен, термин сөздерді орыс тілі арқылы игер-генжөн (К. Юдахин), орыс жазуының да латын графикасынанкемістігі жоқ (Н. Ф. Яковлев, Жирков), фонетикалық принципке сақтықпен қарау керек (Л. В. Щерба) деген ішінара, іріткі ойла-ры, сондай-ақ қазақ оқымыстыларының да ортақ жазу – орыс жазуына көшкен дұрыс, терминдер орыс тілі нұсқасынша жазы-лу керек (С.

Аманжолов) деген көзқарастары, сөйтіп, ақырында орыс графикасын қабылдауымызға себеп болды.

Емтихан билеті №28

1.Ерін үндестігінің қазақ тіліндегі орны

Ерін үндестігі. Дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің қызметіне қарай үндесіп келуін ерін үндестігі деп аталады. Бұл заң бойынша сөздің бірінші буынында еріндік дауысты болса, қалған буындарында да еріндіктер тұруға тиіс. Мысалы: түйөлөрүмүздүң, көбөлөктөрдү деген сияқты. Бұлай айту, яғни ерін үндестігі алтай, қырғыз тілдеріне тән заңдылық түрінде танылады. Қазақ тілінде ерін үндестігі бар ма, бар болса, неше буынға жетеді дейтін мәселе әлі күнге толық шешімін таба алмай келеді.Қазіргі қазақ тіліндегі ерін үндестігі жайында пікір айтушылар академик І.Кеңесбаевтың тұжырымын негізге алып жүр . 1954 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілінің» фонетика тарауында былай делінген: «Әдеби тілде (жазу нормасын еске алғанда) ерін үндестігі тіпті еленбейді десе де болады. Осыған қарағанда ерін үндестігінің қазақ әдеби тілі үшін айтарлықтай үлкен мәні бар деуге болмайды». Ал келесі бетте мынадай жолдар жазылған: «Қазақтың ауызекі тілінде аздап болса да ерін үндестігі байқалады. Ерін үндестігінің күші үш буыннан аспайды: әсіресе екі буынды сөзде ерін дауыстысымен келген алғашқы буынның еріндік ықпалы анық сезіліп тұрады: үшінші буында солғындау сезіледі». Осы қағида фонетика оқулығының кейінгі басылымдарында да өзгеріссіз қайталанып жүр.

Бұдан шығатын тұжырым: қазіргі қазақ тілінде бірінші буында еріндік дауыстылар (о, ө, ұ, ү,) келіп, екінші буында езулік е, ы, і әріптері жазылса, онда оларға (е, ы, і) еріндік (ө, ұ, ү,) дауыстылардың міндетті түрде әсері болады. Тіпті «Қазақ тілінде өзге түркі халықтарының тілдеріндегі сияқты еріндік дауысты дыбыстар үндестігі жоқ» - дейтін автор да: «құлұн, жұлұн, төсө сияқтанып естіліп тұрса да» - дейді.

Сөздің айтылу нормаларын арнайы қарастырған еңбегінде Р.Сыздықова да ерін үндестігі туралы өз зерттеуінде былай дейді: «Сөздің басындағы немесе бірінші ашық буындағы ұ,ү,у,о,ө дыбыстары және екі дауыстының ортасында келген у дыбысы (тауық, бауыр сияқты сөздерде) келесі буындағы ы, і дыбыстарын өзгертіп, ұ, ү-лерге жуықтатып естіртеді. Мысалы: кү-ліп, құ-лын, бү-гін, о-рын болып айтылады. Еріндік дыбыстардың ықпалы үшінші, төртінші буындарда біртіндеп әлсірей береді. Мысалы: күмістің деген сөздің екінші буыны ү-ге ұқсап, соған жуық айтылса, үшінші буынында і-ге жуықтау айтылады: күмүсті».

2. Қазақ тілі емле ережесіне қатысты ұсыныстар

Ғалымдар көрсеткендей, қазақ жазуының тарихы ұлттық кезеңге дейінгі және ұлттық кезеңдегі деп екіге бөлінетіні мәлім. Ұлттық кезеңге дейін түркі халықтары көне түркі және араб жазуын қолданды. Ислам дінімен бірге келген араб жазуы ХХ ғасырдың басына дейін қолданыста болды. Емле ережелері арнайы жазылып, әлі жүйеленбеген, ресми бекітілмеген уақытта халық қалай жазды, жазуда бірізділік сақталды ма?Кез келген жазу белгілі бір ұйымдасқан жүйе арқылы ғана қызмет етеді. Егер жазу қандай да бір орфографиялық ұстанымдарға арқа сүйемесе, онда ол жазу халық қажеттілігін өтей алмайды және ұзақ уақыт бойы қолданыста да болмайды. Ортатүркілік жазу дәстүрінде қатаң нормаға айналған жұрнақ пен жалғаудың бір ғана формасын жазу, мысалы, инвариант приципі бойынша көптік жалғауының тек -лар (адамлар, таслар), ілік септігінің тек -нің (үйнің, елнің), сын есімнің тек -лық (дослық, адамлық), тарихи дәстүрлі принцип бойынша қ орнына х (иахшы, иарылхау), у, и келетін жерлерге ғ, г (бағыр, сығыр, бағла), ж орнына и (иыл, иаз, иаңбыр), қатаң п орнына ұяң б (барыб, айтыб) жазу, еріндік сингорманизмді сақтау (отұр, қолұ, үнү), араб, парсы сөздерін тек түпнұсқаға сәйкес қана жазу (никаһ, махкама, хауф) сынды орфографиялық принциптер ХХ ғ. басына дейін сақталды. Бұлай жазудың басты себебі, түркі халықтарының барлығына түсінікті болу мақсатында ортақ емлені ұстану еді. Алайда бұл қазақ жазба тілінің ұлттық сипатта дамып, қалыптасуына айтарлықтай кедергі келтіретіндіктен, мұны А.Байтұрсынұлы «қисық емле» деп атаған және жазба тіл түркі халықтарына ортақ емес, әр халықтың сөйлеу тіліне сай жасалуы керек деді. Сондықтан да ұлттық тілге негізделген емле ережесін түзу ісін қолға алып, ортатүркі жазу дәстүріне тән элементтер мен түркі қосымшаларынан қазақ жазу жүйесін толықтай тазалады, түпнұсқамен жазылып жүрген араб, парсы сөздерін қолданыстан шығарып, қазақ тілінің айтылым заңдылығына икемделген нұсқасын орнықтырды. Қазақ емле ережелерінің алғашқы ғылыми негіздемесі де А.Байтұрсынұлы тұжырымдарынан басталады. Ғалымның 1912-1927 жылдар аралығындағы еңбектерінде қазақ тілінің емле ережелері біршама жүйеленді.Десек те емле ережелерін тұрақтандыру, біріздендіру мәселесі сол кезеңде өте өзекті еді. Сондықтан емле ережелеріне қатысты жиындар, сиездер өткізу 1923 жылдан бастап қолға алынды және күн тәртібіндегі маңызды мәселелер жазудағы басты принципті анықтау, бірге және бөлек жазылатын сөздер мен кірме сөздер емлесін жүйелеу болды.1923 жылы Халел Досмұхамедұлы төрағалық еткен Қазақ-қырғыз Білім комиссиясы 12 тараудан тұратын емле ережелерін арнайы бұйрықпен бекітті және ол кітапша ретінде басылып шықты. Бұл ережелер жинағы Үкімет деңгейінде ресми түрде бекітілген алғашқы емле ережесі болып табылады. Бұдан кейін де емлені жетілдіру, толықтыру, түзету жұмыстары 1924 жылдың 12-18 маусым аралығында Орынборда өткен қазақ, қырғыз білімпаздарының тұңғыш сиезінде, 1926 жылы Бакуде, 1929 жылы Қызылордада өткен конференцияларда қызу талқыға түсті.1923 жылғы емледе араб, парсы сөздерін жазу үшін х, ф таңбалары алынғаны, қос сөздер мен түбір сөзден кейін келетін шылаулар дефис арқылы жазылатыны арнайы тарауда көрсетілді. 1924 жылы өткен білімпаздардың тұңғыш сиезінде емле мәселесіне қатысты бас баяндаманы Елдес Омарұлы жасап, араб, парсы сөздері үшін алынған х, ф таңбаларын әліпби құрамынан алып тастау туралы ұсыныс жасады және ы мен і дыбыстарын барлық буында жазу керек деген мәселе көтерді. Бұл жиында и мен у дыбыстарының дауысты немесе дауыссыз екендігі талқыға түсті. 1926 жылы Бакуде өткен сиез жұмысы 9 күнге созылып, түркі халықтарының жазудағы орфографиялық принциптері, терминология мен кірме сөздер емлесі қарастырылды.
Емтихан билеті №29

  1. Ерін үндестігі туралы қазақ ғалымдарының пікірлері

С. Мырзабековтің зерттеулерінде ерін үндестігінің қазіргі қазақ тілінің жүйесіндегі қызметі, сөз бойындағы таралу шегі анықталды. Ә. Жүнісбеков өз зерттеулерінде ерін дауыстыларының жасалу жолдарын инструменттік талдау арқылы дәлелдеп, нақты тұжырымдарды жаңаша қырынан түсіңдірді. Ғалымның пікірінше, үндестіктің екі түрі фонологиялық та, фонетикалық та тұрғыдан тең құбылыстар. Сондықтан олар бүтін жүйенің құрамды бөліктері болып саналады. Проф. Ж.Әбуовтың пікірінше, сингармонизмге деген жаңа және шын мәніндегі шынайы көзқарас қазақ тіл білімінде толық калыптасып болды деуге болады . Мысалы, проф. М.Жүсіпұлы "Тілдің дыбыс қорын сингармонизм фонологиясының бағытында зерттеу үшін, біріншіден, ізденушінің алдында тұрған мәселелерге функционалдық (динамикалык) көзқарасты қалыптастыру керек; екіншіден, қазақша сөйлеу процесінде дыбысталу дағдысының және қазақ артикуляциялық базасының (дыбыстау мүшелерінің) сингармонизм заңына нық бейімделгенін анықтау керек еді. Ал, бұлардың ұйтқысы сингармонизм заңы екендігі, сондықтан ол сингармониялық және бейсингармониялық (акцентті-фонемалық) дыбыстау дағдылары мен артикуляциялық базаларды салыстырып зерттегенде айқын байқалады" деп, болашақ зерттеушілердің алдына күрделі мәселе қояды. Егер сингармонизм мәселесін толық шешу керек болса, онда оны жеке бөліп қарамай, басқа тілдердегі өзі тектес тілдік бірліктермен жарыстыра қарастыру керек екенін ұсынады. Сонымен қатар сингармонизмді оның тілдік қызметі тұрғысынан байыптағанда ғана оның табиғатын дұрыс түсінетін боламыз. Басқаша айтқанда, "Сингармонизм - сөздің фонетикалық және фонологиялық бейнесінің просодиялық таңбасы, сөз құрамындағы барлық дыбыстарды (дауысты, дауыссыз, жарты дауысты) қамтиды; сөзді акустикалық және мағыналық жағынан тура қабылдаудың кепілі... Сингармонизмнің тағы бір коммуникативтік қызметі сөздің құрамындағы дыбыстарды біріктіру. Сөз, сөздің құрамындағы буындардың барлығы бір сингармониялық тембрмен сипатталады . Сөйтіп сингармонизм түркі тілдеріндегі, оның ішінде қазақ тіліндегі күрделі құбылыс ретінде сөздің просодикалық белгісі, ол сөздің кұрамындағы дыбыстардың бәрін қамтиды, соның нәтижесінде дыбыстардың басы бірігіп, бүтін бір сөзге айналады, ол тек сингармонизм арқылы ғана дұрыс айтылады, сингармонизм арқылы ғана дұрыс танылады. Ерін үндестігі құбылысы қазақ тіл білімінде де өз дәрежесінде зерттеу еншісіне ие болмады. І.Кеңесбаев, Ж.Аралбаев сынды ғалымдар өз еңбектерінде ерін үндестігіне қысқаша тоқтала келе: "Ерін үндестігі (лабиалдық аттракция немесе лабиалды сингармонизм) қазақ, тілінде езу үндестігіне қарағаңда өте сирек кездеседі. Қазақтардың ауызекі тілінде аздап болса да ерін үндестігі байқалады [6, 283-284], "сөзді" бірінші буынында ерін дауыстысының (о, ө, ұ, ү) біреуі келетін болса, одан соңғы екінші кейде үшінші (өте сирек) буындағы езу "е, ы, і" дауыстылары кейде сөйлеуде "ө, ұ, ү" ерін дауыстыларымен үндеседі – комбинаторлық түрде алмасып айтылады", -деп [6, 91], ерін үндестігін екі, кейде үш буынмен шектеген. Оған себеп кезінде түркі тіл білімінде қалыптасқан қазақ тіліңдегі ерін үндестігі қырғыз және алтай тілдеріңдегідей аса маңызы жоқ делінген пікір үстем болғаңдығыңда еді. Әрі түркі тілдерінің кейбіріңде әлсіз байқалатын ерін үндестігін желеу етіп, түркі тіл біліміндегі бұл құбылыс кейін пайда болған деген пікір қалыптасты.Түркі тілдерінің ішіндегі қырғыз тілінде ерін үндестігінің күшті екендігі анық. Осы заңдылықты И.А.Батманов жүйелі түрде зерттеген болатын. Ғалым сингармонизмнің төрт белгісін байланыстыра қарап, ерін үңдестігінің сингармонизм жүйесінде тұрақты да айқын орны барын дәлелдеді. Сөйтіп жалпы түркілік дәуірден келе жатқан ерін үндестігінің түркі фонетикасындағы маңыздылығы көрсетілді
2. Қазіргі қазақ жазуының латын графикасына ауыстыру мәселесі:ұсыныстарЛатын графикасы негізіндегі жаңа қазақ əліпбиінің ғалымдар, тілтанушылар, журналистер жəне жалпы қоғам мүшелерінің талқылауға ұсынылған жобалары беріліп, əліпби нұсқаларындағы кейбір таңбалардың қолданылу ерекшеліктері қарастырылды. Жаңа əліпбиге көшу барысында болатын қазақ фонетикасының өзіне тəн заңдылықтарындағы ұтымды тұстары ғалымдар пікірлері арқылы дəлелденген. Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелеріне байланысты емледе қиындық туғызатын мəселелерге қатысты ұсыныстар жасалды.ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында: «Латын əліпбиін қарайтын кез келді. Бұл мəселені кезінде кейінге қалдырған едік. Қалай болғанда да, латын əліпбиі бүгін де телекоммуникациялық салаларда басымдыққа ие болып отыр. Сондықтан да бұрынғы кеңестік елдердің көпшілігінің латын əліпбиіне көшуі де кездейсоқ емес. Мамандар осы мəселені зерттеп, нақты ұсыныстарын жасауы тиіс. Біздің балаларымызды ағылшын тілінде оқытудың өзі латын əліпбиімен байланысты. Ал, біз қазір барлық мектептерде ағылшын тілін оқытамыз. Сондықтан мұнда тұрған қорқынышты ештеңе жоқ», – деп бастама көтерсе, 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз 2025 жылдан бастап əліпбиімізді латын қарпіне, латын əліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мəселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз жəне бұл əлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады», – деп атап көрсетті.Латын əліпбиіне көшу жайлы алғашқы ресми пікір академик Əбдуали Қайдардың 1993 жылдың 24 қазанындағы «Ана тілі» газетінде жарияланған «Латын əліпбиінің болашағы зор» атты мақаласында бастау алған болатын. Осы кезеңдер ішінде еліміздің барлық аймақтарында қазақ жазуын латын əліпбиіне ауыстыруа байланысты əртүрлі дəрежедегі конференциялар, дөңгелек үстел, семинарлар өткізілді, латын əліпбиіне көшудің тиімді жақтары айтылып, əліпби нұсқасы жасалды. Əліпбидің бірнеше нұсқасы дайындалды, талқыға ұсынылды, тіпті ғаламтор арқылы да əліпби нұсқаларымен көпшілік қауым таныс болып отыр.Латын графикасы негізіндегі əліпбиге көшудің ғылыми-лингвистикалық негіздері сараланып, əліпби жобаларының артықшылықтары мен кемшіліктері жан-жақты таныстырылды

Емтихан билеті №30

1Ерін үндестігінің таңбаланбау уәждері

Қазақ қоғамында қолданылған араб жазуының қадим, жадид түр­­лерінде ерін үндестігі жүйелі түрде таңбаланып отырды: үйүм, қолұң, бүгүн т.б. Тіпті алғашқы буында езулік дауысты тұрса да, соң­­ғы буынға еріндік дауыстыларды жазу үрдісі ХХ ғасырдың ба­сына дейін сақталды: барұб, келүб, айтатұн, беретүн, барұр, келүр, т.б. Бұлайша жазылуының бас­ты себебі, сол кезеңдегі жазуда фо­нетикалық принциптің (айтылуы бойынша жазу) басым болуы және түркі тілдерінің туыстық не­­гі­зіне жақындатып жазудың бер­тінге дейін жалғасуы. Тек ерін үн­дестігі ғана емес, бірқатар фо­нетика-грамматикалық белгілер де ұзақ ғасырлар бойы ортақ форма­да таңбаланған болатын: сығыр (сиыр), ағыз (ауыз), сағ-саламат, ай­та­дүр, көб, көчүб, иұрт, иахшы, тұрғушы, бармыш т.б. Н.И.Ильминскийдің 1860 жы­лы шыққан «Материалы к изучению киргизского наречия» деген сөз­дігінде (бұжұр, бөрүк, мойұн т.б.), Ы.Алтынсариннің 1879 жылы шыққан «Қырғыз хрестоматиясында» (түсүрді, жүгүрүп, үшнүнші т.б.), 1894 жылы шыққан «Краткий рус­ско-киргизский словарьда» (бұйрұқ, мұрұн, жұлұн, тұқұм т.б.), А.Алекторовтың 1907 жылы шық­қан «Қырғыз хрестоматиясында» (орұндұқ, шойұн, үлкөндүгү т.б.), В.Радловтың 1911 жылы шыққан «Опыт словаря тюркских наречий» деген сөздігінде (жүзүк, жүзүм) қа­зіргіше ы, і келетін орындарда ұ, ү тіпті кейде ө әріптері жазылған. Алай­да бұл ерекшелік бірте-бірте жойылды. Ғалым С.Мырзабеков бабаларымыздың еріндік дауыс­тыларды тежемей сөздің өн бойын­да анық айтқандығын, ал қазіргі тіл бабалар айтуынан алшақтап кет­кендігін алға тартады (Қазіргі қазақ тілі фонетикасы. 1997). Ерін үндестігі қай уақыттан бас­тап таңбаланбады және таңбалан­бауының себебі неде? ХХ ғасырдың басында, ұлт зиялылары қазақ ті­ліндегі ерін үндестігін жазуда таң­балау қажет пе, жоқ па деген мә­селе төңірегінде біраз дауласқан бо­латын. 1924 жылы өткен «Қазақ білім­паз­дарының тұңғыш съезінде» Е.Омарұлы: «Бұрын ескі түрік ті­лінде ы-ның орнына көбінесе ұ дыбысы айтылатын. Бірақ жүре келе қа­зақ тілі басқа түрік тілінен жігі ашы­лып, ұ дыбысы бар сөздердің көбі ы-мен айтылатын болған. Бұл қа­зақ тілінің өз еркімен болған өз­герісі. Ол өзгеріске қарсы болып, ескішілдік қылудың жөні жоқ, болған өзгерісті қабыл алып, қаттап оты­ру керек. Қазақ тілінде ұ өзгеріп ы болып бара жатқандығы себебі, ы мен ұ-ның көмескі естілген жерінде ұ-ның орнына ы жазатын болсақ, жа­зуымыз тілдің өзгерісінің жөніне дәл келеді»,  деген болатын. Алайда Х.Досмұхаммедұлы: «Біздің қазақ тілінде ұ өзгеріп ы-ға айналып барады. Қырғыз тілінде ұ сақталған. Біздің үшін-ді қырғыздар үчүн дей­ді, оқы-ны оқұ дейді, дұ­рысы қыр­ғызша болуға тиіс», дей­ді. Ал А.Байтұрсынұлы қоры, тоқы, мұжы сөздерін қорұ, тоқұ, мұжұ деп жазатын болсақ, олардың тәуелдеу түрлері де ұ арқылы жа­зылуы тиіс болып шығады дей­­ді: қорұуұ, тоқұуұ, мұжұуұ. Осы съез­­­де қазақ сөздерінде о, ұ ды­быс­­тары басқы буын­­дарда ғана кездесетіндігі, кірме сөздерде ға­на соңғы буында жазылатыны, сон­дықтан да соңғы буынында о, ұ дыбыстары бар жаттілдік сөз­дерді тілімізге енгізгенде о, ұ-лар­ды басқа дауыстыға айналдыру қажеттілігі де көтерілген болатын (Покров-боқырау). 
2. Жаңа қазақ-латын әліпбиінің жобасы мен графемасыЖетілдірілген әліпбиде әріп саны – 31, әліпби тек латын әліпбиі базалық жүйесі таңбаларынан құралған.  Бұл әліпбиде қазақ тілінің  28 дыбысы толық қамтылған. Қазіргі ә(ä), ө(ö), ү(ü), ұ(ū) және ғ(ğ), ш(ş) қазақ әріптері диакритикалық таңбалармен берілген. Әліпбиде халықаралық тәжірибеде қолданыста бар умляут (  ̈ ), макрон ( ˉ ), седиль ( ̧), бревис (  ̌ ) диакритикалық таңбалары қолданылған.Мамандардың сөзіне қарағанда, әліпби қазақ тілінің жазу дәстүрінде орныққан "бір дыбыс – бір әріп" принципіне толық сәйкес келеді. Жаңа әліпбиге кезең-кезеңімен көшу 2023 жылдан бастап 2031 жыл аралығында жоспарланып отыр."Жетілдірілген әліпби нұсқасы қазақ тілінің дамуына жаңа серпін беріп, оның заманауи үрдістерге сай жаңғыруына ықпал етеді. Алдағы уақытта қазақ тілін латын графикалы әліпбиге кезең-кезеңімен көшіру бағытында қарқынды жұмыс жүргізу керек", — деді Мамин.