Файл: Емтихан билеті 1 Адамзат ркениетіндегі жазуды маызы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 45

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


2.Қ.Жұбановтың әліпби туралы пікірі (Қызылорда конференциясы)

1929 жылы 2-4 маусым аралығында Қызылордада ғылыми орфографиялық конференция шақырылады. Конференцияға Е.Омаров, Юдахин, Т.Шонанұлы, Вундцетель, Байділдин, Қ.Кемеңгерұлы, Әлібаев, Байманов, Тоқтыбаев, Е.Д.Поливанов, Қ.Жұбанов қатынасады

Қ.Жұбанов  қазақ  әліпбиіне  и,у  әріптерін  ұсына  отырып:  «ұу,  үу,  ый,  ій-лердің  әрқайсысында  екі-екіден  дыбыс  бар  деушілердің  екінші  әрі  бар  күшті  дәлелі-бұл  қосар  әріпті  ерте  кезде  бір  дауысты,  бір  дауыссыздан  құралған  екі  дыбыс  болған  деседі.  Мұнысы  дұрыс:  «су»  сөзі  бұрын  бірде»  «сұу»,  бірде  «сұғ»  түрінде  болуы  рас.  Бірақ бұрын  сондай болушылығының  өзі осы күні  сондай  екендігінде,  немесе,  осы  күні  қосар  таңбамен  жазудың  дұрыстығына  дәлел  бола  ала  ма?»  деп,  олардың  бұрын  қос  дыбыс  болғандығына  келісе  тұрып,  қазіргі  кезде  қос  әріппен  таңбалауға  қарсылық  білдіреді. Қ.Жұбанов қазақ әліпбиін жасаудағы А.Байтұрсыновтың мұрасына да құрметпен қараған. Қ.Жұбанов әліпби және жазу мәселесін шешу бағытында өз тілімізбен қатар басқа тілдердің де тарихын зерделеп,  салыстырып, салғастырып пікір айтады: “Қырғыз тіліндегі секілді ұзындық-қысқалық қазақ дыбыстарында жоқ”  Ғалымның  бұл пікірлерінің тек фонетикалық жағынан ғана емес, фонологиялық, салғастырмалы, салыстырмалы-тарихи тұрғыдан да құндылығын танимыз. Әлем лингвистикасына жүгінер болсақ, фонологиялық танымдар алфавит жасау проблемасымен астасып жатқанын байқауға болады. Бұған дәлел ретінде А.Байтұрсыновтың қазақ әліпбиі мен жазуы туралы ізденістерін айта аламыз. Демек, бұл бағыттағы А.Байтұрсыновтың ізденістерін Қ.Жұбанов жалғастырғаны, латын алфавитіне көшу, жаңа әліпби бойынша жазу заңдылықтарын жетілдіру мәселелері де тіліміздің фонологиялық табиғатына сай ізденісті қажет еткені аян.


Емтихан билеті №23

1.Қазақ тілінің дауыссыз дыбыстары, әріп-фонема-дыбыс қатары

Қазіргі қазақ графикасындағы әріптерді дыбысталған сөз – фонема – графема қатынасында алғаш рет талдап көрсеткен ғалым Н.Уәлиұлы болды. Зерттеуші дыбысталған сөзді жазу да, жазылған сөзді оқу да фонема арқылы жүзеге асатынын анықтай отырып, қазақ жазуы теориясының негізін айқындады. Н.Уәлиұлының сөз болған еңбегінен басқа қазақ тіл білімінде графикадағы әріп-дыбыс қатынасын көрсететін зерттеу жоқ екенін ескере отырып, біз қазіргі жазуымыздағы әріптерді графема-фонема-дыбыс қатынасында саралауды мақсат етеміз. Қазақ тілі фонемаларының дыбыс қорын түгендеген проф. Ә.Жүнісбек пен М.Жүсіповтің, Н.Уәлиұлының, зерттеуші З.Бадамбекқызының зерттеулерінен ауызша тіл бірлігі – дыбыс пен жазба тіл бірлігі әріп күрделі қатынаста екеніне көз жеткіземіз. Ол күрделілік әліпбиде бір фонеманың реңктерін біл діретін әріп немесе басқа бір белгі болуы мүмкін бе, бір әріппен әртүрлі фонеманы таңбалауға бола ма, бір фонеманы әртүрлі әріппен таңбалауға бола ма, фонема тіркесін бір әріппен бел-гілеуге бола ма, бір фонеманы екі немесе одан да көп әріппен таңбалауға бола ма деген мәселелерден тұрады. Негізінен осы мәселелерді назарға алу, қазақ жазба тіл мен ауызша тілдегі әріп-фонема-дыбыс қатынасы қазіргі қазақ жазуының мәртебесін, емле қиындықтарын, әліпби кемшілігін, орфографияны жетілдіру қажеттілігін саралауға көмегін тигізеді. Талдау әріп (графема)-фонема-дыбыс қатынасында жүреді. Өйткені жазу теориясы тұрғысынан әріп – фонеманы таңба лаушы, графеманың тұрпат межесі болып табылады. Қазақ гра фикасында 312 әріп қоры (164 кіші баспа және жазу, 148 бас бас-па және жазу) бар. Оның һ, ң, ь, ъ әріптерінің бас әрпі жоқ. ә, б, в, г, ғ, д, е, е, ж, з, и әріптерінің бас әрпі мен кіші әрпі өзара сәйкес келеді, ал а, б әрпінің баспа бас әрпі мен кіші әрпі екі түрлі. А, б, в, г, ғ, д, һ, р, т әріптерінің бас әрпі мен кіші әрпі жазба түрінде ұқсамайды. Қазақ тілінің өзіне тән фонемаларын белгілейтін – / ә/-/е/-нің төңкерілген түрі, /ө/,/қ/, /ң/, /ғ/ орыс графикасындағы о, к, н, г – әріптеріне қосымша белгі салынған түрі, ал /ү/, /ұ/ у әрпінің өзгертілген түрі. Қазақ жазба тілінде 9 әріп дауысты фонеманы, 19 әріп дауыс сыз фонеманы таңбалайды. э, ь, ъ, в, ц, ч әріптері тек кірме сөздерде жазылғандықтан талдау нысанына алынбайды. Немесе бұл әріптердің орыс тіліндегі дыбыс қорын бір бөлек және қазақ тілінің ауызша әдеби тілі мен қарапайым сөйлеу тіліндегі (игерілгендегі) дыбыс қорын бір бөлек беру керек.


2.1938ж емлеге енген өзгерістер

1933 жылдан бастап емлені өзгертуге байланысты ұсыныстар беріле бастайды. Алғашқы жобаны Қ.Жұбанов ұсынды. Ғалым ұсынған әліпбиде 24 әріп, бір дәйекші болдыҚ.Жұбанов f, h, х әріптері кірме сөздерде ғана емес, Оңтүстік Қазақстан қазақтарының тілінде бар дыбыс және келешекте тілдің термин (1934) сөздермен баю мүмкіншілігін ескерсек, бұл әріптерден бас тарта алмаймыз және өзге түркі халықтарының әліпбиімен бірдейлестіру үшін бұл үш әріпті әліпбиге енгізу керек деді. Pravda, avarie, vьmpel, fabrik, fakt сөздерін b, p әріптерімен таңбалаудың қиындығын айтты. Ғалымның 1929 жылғы әліпби мен емле ережелеріне айтқан сыны қазіргі қазақ емлесінде айтарлықтай дау тудыра қоймайтын сөздердің заңдастырылу тарихын көрсетеді. Мысалы, Қ.Жұбанов орфография ережелері “термин сөздерді ғана емес, төл сөздердің де дұрыс жазылуына кедергі келтіріп келді”. “Әсіресе асра, ру, көбрек, қойны, аулы, шаруа сөздерінің бірде ы-мен, бірде ы-сыз жазылуына өзі жол берді” деді. 1929 жылы емледе тек кірме сөздердің жазылуында алақұлалық бар, ал төл сөздердің емлесі мінсіз деген пікірлердің дұрыс еместігін осы мысалдардан да көруге болады дейді ғалым. Емле ережесінің аз болуы емленің жақсылығын емес, кемшілігін көрсетеді. Ал кірме сөздердің емлесі туралы қазақша жазушылар “шет тілдерден кіретін сөздердің емлесі қазақ тілінің фонети-касы мен морфологиясының осы күнгі заңдарынша болу керек деп, бір әуре болады. Аса бір керек жерлерде ғана болмаса, жаңа сөздердің түбірін бұзбай жазу керек” деп екі әуре болады дейді. С.Аманжолов айтты. Автор 1933 жылы “Социалистік Қазақстан” газетіне жариялаған мақаласында жаңа әліпби комитетінің түркі тілдері дыбыстық ерекшеліктерімен ескермей, әліпбиден ә, ү, z, ө әріптерін шығаруды ұсынуы, сондай-ақ -ны к-мен, -ны г-мен беруді дұрыс емес дейді. дыбысын х әрпімен беруді ұсынады, қысаңдарды түсіріп жазуды қолдамайды. Қосар дыбыс әріптерін бір әріппен беруді ұсынады. , дыбыс тіркесінде j таңбасы дауыссыз – ді де беретін болсын деген пікір айтады: saj (сай), jaqnj (яғни). Ал [ұу], [үу] тіркесіміне v таңбасын лайық көреді. Сонда V- , , беретін болады дейдіС.Аманжолов ұсынған әліпби жобасында 32 әріп болады. Енді бір ұсыныс С.Жиенбаевтікі. Автор қысаң езуліктер-ді, мысалы, сталин, склад, рғыз, қтын деп жазу керек, себебі рығыз, қытын деген сөздерде де редукциялауды оқылатын қауіп жоқ екенін айтадыСондай-ақ автор дауыстылардың тек жуан түрін алуды а, о, у дыбыстарын сөз ішіндегі і, ŭ, е әріптеріне қарап оқуды, ал бір буынды жіңішке дауыстылы сөздерге дәйекше қоюды ұсынады. Ғалымның есептеуінше, қазақ тілінде ә-мен-23, ө-мен-18, үмен 19 сөз басталады. Сөйтіп, қазіргі қазақ жазуының емле негіздерін 1938 жылы Қ.Жұбанов, С.Аманжолов қалаған


Емтихан билеті №24

1Үндесім заңының ХХ 30-80жж түсіндірмесі

Қазақ тіліндегі үндесім құбылысының әліпби, жазу үнемділігі үшін мүмкіндігі бар екендігін А.Байтұрсынұлы әліпбиі, осы әліпбиді жоғары бағалаған Яковлевтің, Е.Д.Поливановтың мақалалары, Н.Уәлиевтің диссертациялық зерттеуі, Ә.Жүнісбектің, М.Жүсіповтың зерттеулері дәлелдеді. Үндесім заңдылығы арқылы әліпбидегі әріп санын қысқартуға, орфографиядағы қиындықтарды болдырмауға, жазу экономиясын жасауға болады. Үндесім заңдылығына А.Байтұрсынұлы әліпбиі негізделді, 1929ж. жазу емлесі сүйенді. 1929ж. 2-4 маусымы аралығында өткен емле конференциясында Т.Шонанов емленің негізі не ең бірінші дыбыстардың ілгерінді, кейінді ықпалы, тіл дыбыстарының диссимиляциясы және соңында дауысты дыбыстардың үндесімін алдық деген. Яғни төте жазудан ла-тын графикасына ауысу үндесім заңдылығынан тартынуға, аталған құбылысқа басқа қырынан қарауға болды-болмасын итермеледі. Дегенмен 1934ж. жаңа жазуға өзгерту енгізу керектігі көтерілгенде, бірінші болып, проф. Қ.Жұбанов өзінің әліпби мен емле жобасын ұсынғанда ондағы ерекше өзгеріс дәйекше қызметін пайдалануы еді. Ғалым 34 әріпті дәйекшенің көмегімен 25 әріпке қысқартып, А.Байтұрсынұлының әліпбиін жаңғыртады. Бірақ аталған жоба қабылданбады. Ғалым А.Байтұрсынұлы мен Х.Досмұхамедұлы айтқан түбір сингармонизмі бұзылды, өткенде қалды, мысалы, қайтемін, бірақ, әпербақан сөздерін қараңыз деді. Сонда қазақ тіліндегі үндесім заңының бұзылуына сөздердің бірігу тәсілі негіз болған, ал кейбіреулер (К.Юдахин) оны кірме сөздердің әсері дейді де-ген. Автор қазақ тіліндегі түбірлердің дені бір буынды, бәлкім, осы ерекшелік дыбыс үндесімін көрсеткендей шығар дейді, бірақ сөз ішіндегі буындардың бірі жуан, бірі жіңішке бола беруі мүмкін дейді: көгал, қорен.

Сонымен, Қ.Жұбанов зерттеулерінен бастап, қазақ тілін дегі үндесім заңы негізінен тек бір буынға тарайтын, ал дені түбір мен қосымша арасын бір бүтін етіп ұстап тұратын құрсау мағынасында игерілді. 1929ж. латын жазуы емлесі ережесінде де, 1940ж. орыс графикасына негізделген қазақ жазуының емлесінде де түбір сөздің басқы буыны жуан болса, сөз бүтіндей жуан, … деп емес, түбірдің соңғы буыны жуан болса, қосымша да жуан, жіңішке болса, қосымша да жіңішке болады деп кодификацияланды. Тек бұл заңға бағынбайтын нікі, қой, кер, паз және көмектес септігі жалғаулары болып саналды.

2Емле өзгерісіне байланысты Қ.Жұбановтың ұсыныстары


Қ.Жұбанов – қазақ тілі тарихындағы елеулі бір өзгеріс – араб жазуынан латын əліппесіне көшу ісіне күш-жігерін аямай жұмсаған ғалым. Педагогғалым қазақ ұрпақтарының жазу сауаттылығының дамуына арабшаның тигізген қиыншылықтарына төзе алмай, латын жазуын қабылдау, оны қазақ тіліне лайықтап жетілдіре түсу, емле ережелерін əрі қарай жақсартып, тиянақтауда да нақты ұсыныстар жасады. Оның «Қосар ма, дара ма?», «Қазақ тілінің емлесін өзгерту жайлы», «Сауаттылықты жоятын нұсқаушы мектеп» т.б. атаулы еңбектерінде оқыту ісін жүйеге түсіру, бір жолға қою сол дəуірдегі көкейкесті түйіндерді көтеріп, адамның жазу сауаттылығын əртүрлі амал-тəсілдер арқылы меңгертудің жолдары қарастырылады. Профессор Қ.Жұбанов жасаған емле ережесінің ішінде мынадай бір жайтқа назар аудара кетуге болады: «Қазақ тілінің дыбыстары әруақытта өзінің буын ішіндегі фонетикалық қоршауына сай бірде жуан, бірде жіңішке болып естіледі. Бұл заңға көнбейтін үш калька дыбыс бар: е, к, г. Олар үнемі жіңішке естіледі. Тіліміздің бұл заңдылығы 1912 жылдан бастап 30 жылға дейін, яғни 18 жыл бойы қолданылып келген араб графикалы емлемізде ескеріліп келген еді. Бірақ латын әліппесін қабылдағанда Бүкілодақтық жаңа әліп кіндік комитетінің ғылыми кеңесі біздің ырқымыздан тыс бұл емлені қабылдамай тастады. Қазақ сөздерінің не бірөңкей жуан, не бірөңкей жіңішке болып келетіндігі ешкімнің ойлап тапқан нәрсесі емес, тіліміздің табиғи заңы болатын. ...Енді біз осы заңдылықты негізге алып жазу емлемізге жіңішкерткіштік белгі енгізсек, онда әліппеміздегі әріптердің санын қазіргідей 29 емес, 24 таңба етіп қысқартуға болар еді. Бірақ бұндай жазу жүйесіне қазірде екі түрлі себеппен қарсы болуы мүмкін: 1)бұл жүйені қазақ жазуы бұрын басынан кешіргендіктен, ескі ережеге қайта айналып соғу деп санаса; 2) жазуда дәйекші таңбасын қолданудың тұңғыш авторы – қазақ еңбекшілерінің «тап жауы» А.Байтұрсынов болған деген желеуге сүйену. Бірақ болуы мүмкін осы екі түрлі наразылықтың екеуі де ескі қисынға қайта келу ретінде негізсіз деп білемін», – дейді ғалым. Проф. Қ.Жұбановтың қазақ емлесі мен әліпбиіне қатысты тағы бір маңызды еңбегі ғалымның «Мемлекеттік терминком Бюллетенінің» 1нөмірінде жарияланған «Қазақ тілінің емлесі мен әліппесіне кіргізілетін өзгерістердің жобасы» болып табылады. Бұл өзгерістер өзінің өміршеңдігін танытып, 1957 жылы қабылданған Ережеде осы жобадағы қағидалар басшылыққа алынды.

Қ.Жұбанов емле жасау жөнінде өз ойларын: «Қазақтың әдеби тілінде ұстап-тұтынылатын сөздердің бәрі де дұрыс жазылып, әрқайсының өзіне меншікті тұрақты таңбасы болуы керек те, сол тұрақты түрден айнып, басқаша жазылған жазудың бәрі де қате делінетін болуы керек. Бірақ ол үшін мына сөз «таза қазақша», мынаның «тегі жат» деп, сөз-сөздің тегін қосып жатудың қажеті жоқ: тегі қайдан шықса да бәрі бір, қазақ тіліне кірген сөздің бәрі де қазақтың өз сөзі делінуі керек