Файл: Емтихан билеті 1 Адамзат ркениетіндегі жазуды маызы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 46

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
вариантына айналдыру; 3)жергілікті,қарапайым, ауызекі сөйлеу элементтерін әдеби тілдегі баламасына көшіру;4 )ауызша тілдегі қысқа аталымдарды жазба тілдің тіркесті толымды аталымына айналдыру(біздің гимн-ҚР гимні) процестері жүреді.

2. Ұлттық сана және әліпби концепциясы

 Емтихан билеті №10 1Жазудың кодтық сипатыБіз ауызша тіл мен жазудың екі басқа код екенін, сондықтан әр кодтың өз таңбалары мен тәсілдері болатынын мойындағанда ған екі коммуникацияны  өз мәнінде толық пайдалана аламыз. Ауызша тіл мен жазба тіл-дің екі басқа « дүние» екенін көрсету мақсатында кодталу,қайта кодталу,кодталу мүмкіндігі деген мәселелерді қарастырудың қажеттілігі бар. Біз проф. Ә.Жүнісбектің айтылым және естілім құрағыдеген ұғымдарына сай жазылым мен оқылым құрағытерминдерін ұсына отырып,екі тілдің құрақтарын алмастыру арқылы ғана коммуникация жасау мүмкіндігі болатынын көрсеткіміз келеді.Жалпы,код,кодталу ұғымы әдебиеттерде « әртүрлі информация беруге,өндеуге,әрі сақтауға арналған шартты белгілер жүйесі», «кейбір обьектілерді конструктивті жүйе обьектілеріне айналдыру»,өзара келісілген белгілі бір шартты таңбаларға қандай да бір мағынаны сыйдыру деп түсіндіреді. Сондықтан кодтау алғашында криптографияда (жасырын хабарлар жіберу теориясы)қолданылды,кейін ақпарат теориясына ауысты. Қоғамдық өмірде де әртүрлі кодтар жүйесі пайда бола баста-ды. Мысалы,1872 жылы ең алғаш Ұлыбритания пайда болған телеграф коды аз таңбаға ұзақ сөйлемдерді сыйдырып,қарым-қатынасты жеңілдетті. Код қандай жағдайда болсын таным процесіне араласатындықтан түсінік,ой,ішкі ой,кодталу туралы ғылыми әдебиетте айтылады. Мысалы,Н.И.Жинкин адам ойы ішкі сөйлеуге ауысқанда «заттық-бейнелік» код пайда болады,ал ол сыртқы сөйлеуге (экспрессивті  сөйлеу)ауысқанда ауыз қимылының коды болады. Сонда экрессивті сөйлеу-бірінші,ал тілдік,әріптік код –екінші деді. Сөйтіп,жазу мен тіл бір деңгей-дегі код түрі ретінде қарастырылады. А.А.Залевская жазылған сөзді дыбыстап немесе іштей оқып,мағынасын қабылдағанға дейін бірнеше код ауыстырылады, мағынаға түсіну әр адамның ұлттық тілі арқылы жүрмейді,саналы адамның өзі жасайтын ерекше бір тілде жүреді деді.Сонымен, жазу тарихындағы идеограммалар мен логограммалар, силлабограмма-ларды,әріптерді кең мағынада алғанда код жүйесі,қоғамдық ортақ шарттылық нәтижесі деуге тұрады.Жазуды ауызша сөйленген сөзді кодтаушы,ал әліпбиді код ашқыш,әріптерді код символдары деп алу,жазудың өз алдына дербес таңбалық жүйе,жеке тіл екенін білдіреді. Жазуды код түрі етіп алу ең бірінші бейтаныс графикамен жазылған мәтінді оқу,бейтаныс алфавитті меңгеру барысында әріп таңбалардың мазмұндық мәнін көрсету үшін керек. Және,ең бастысы,адам санасындағы қарапайым түсініктен бастап,ұғымға дейінгі,ұғымнан сана,ішкі ойлау сыртқы ойлау, сөйлеу, тілдік жүйеге дейінгі аралықтардың параллель жүйелер екенін білдіру үшін қажет.А.А.Реформатский жазба тілдегі азатжол,босаралық,босаралықсыз,көп нүкте,қос нүкте,әріптің астын сызып не курсивпен беру,тырнақша ауызша тілге кодтауға келмейді және керісінше ауызша  тілдегі интонацияның жазба тілдегі таңбасы жоқ,себебі мұнда өзара беттеспейтін,параллель жатқан екі жүйе бер деген.


2.ХІХ ғ. араб графикасына негізделген қазақ әліпбиі 

Араб-қазақ алфавитінің ескі және реформаланған жаңа түрі. 1924 жылы жаңартылған алфавитінің қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне біраз икемделуі. Әріп саны ықшамдалып, 32 әріптен 25 әріпке түсуі.Араб графикасы негізіндегі алфавиттің басқа түркі тілдері сияқты қазақ тілінде де түбегейлі сай келмеуі, әріптердің сыртқы тұлғасы бір-бірімен ұқсас болуы, көпшілігінің диакритикалық таңбалар арқылы белгіленуі, дара әріптің бірнеше вариантпен берілуі, сөйтіп таңба санының мейлінше көбеюі, қолданыстағы ыңғайсыздығы. Осы сияқты кемшілік жәйттердің жазуды қиындатуы, араб графикасынан бас тартуға әкеп соғуы. Қытай, Пакистан, Ауғанстан, Ирандағы қазақтардың араб графикасын қолдануы.Қазақ жазуында араб графикасының орны ерекше тарихи кезеңдермен тұстас келді. Араб жазуының түркі тілдерінде қолданылуы ХІ ғасырдан-ақ басталғаны аян. Айталық, 1069 жылы жазылған «Құтты білік» дастаны, алғашқы түркі лингвисті М.Қашқаридың «Дивани луғат ит-түрк» атты түркі тілдері саласындағы тарихи-салыстырмалы даңқты сөздігі араб графикасының Қазақстан жерінде алғаш қолданыла бастаған кезеңдерінде жазылған. Сонымен қатар, ХІІ-ХІҮ ғасырларда осы графикамен А.Югнекидің «Ақиқат сыйы», Рабғузидің «Әуле-әнбиenер қиссасы» және т.б. осы сияқты туындылар көне түркі тілінің дәстүрлі жалғасы болып табылады.ХІХ ғасырдың екінші жартысында миссионерлік саясатпен келген орыс ғалымдары қазақ тілін зерттей бастағаны мәлім. 1861 жылы Қазанда басылып шыққан Н.И.Ильминскийдің «Материалы к изучению киргизского наречия» деген кітабы қазақ тілінің жүйесін танытқан тұңғыш еңбек болды. Бұл кітап орыс графикасында жазылды, қазақ тілінде терминдер жасалған жоқ. Бұл еңбек тек зерттеу жұмысы ғана болды.

 Емтихан билеті №11

1Ауызша тілдің жазба тілге кодталу сатылары Ауызша тілді жазба тілге кодтау процесі

Мұнде ауызша әңгімеленген оқиғаны тыңдап алып,қағазға түсіру процесі негізге алынады.І кезекте ауызша айтылған ойдың жалпы мазмұны,оқиға не ақпараттың мәні екшеледі, яғни мәтіннің тілдік,грамм. ерекщеліктері,ақпарат жеткізудегі тілдік тәсілдері назардан тыс қалып,алдымен оқиғаның мазмұны туралы түсінік қалыпта-сады.  ІІ кезекте ауызша тілдің синтаксистік жүйесін жазба тілдің синтаксистік жүйесіне айналдыру тұрады. Адам миына келіп түскен ақпараттың оннан бірі ғана санаға қабылдануы мүмкін. Бірақ ол тілге кодталғанда ақпарат көлемі ұлғайып кетеді екен. Себебі оған ұғымдық жүйедегі ақпараттар қосылады,сондықтан адам ол информация туралы  анығырақ біледі. Ауызша тілдегі осы ұлғайып баяндалған оқиға жазба тілге кодталғанда өзгеше синтаксистік құрылымға ие болады:вербалды емес құралдар вербалданады,сөйленімдегі жасырын мазмұн тілдік тәсіл арқылы эксплициттенеді,сөйлем құрылысы негізгі мағынаны нақтылауға ұйымдасады. Айтылымда сөйлеуші тура байланыстағы тыңдаушының қабылдау психикасы мен тезаурусына,перцепциялық қабілетіне сүйеніп,алдыңғы орынға маңызды информа-цияны алып,сөздің қалған бөлігін соған қызмет еткізсе,жазуда бұл сөйлем соңында жүреді. Просодикалық құралдардың күрделі жүйесі пайдаланылған ауызша итілдің мазмұны жазба тілде тілдік тәсілдерге көшуіне тура келеді.ІІ кезекте сөйлемді таңбалау үшін дыбысты әріпке айналдыру процесі жүреді. Ол үшін:І.1)Дыбыстық құрақты әріп құрағына айналдыру,айитылған дыбыс түрленімнің негізгі реңкін тану-дыбысты фонемаға айналдыру; 2)фонеманың тілдік санадағы графикалық ассоциясын-графемасын табу; 3)графеманың жазу контексіне сай әріп түрін жазу(баспа,жазба әріп,бас әріп,кіші әріп,идеографиялық сипат);4 )сөйлемнің прагматикалық сипатына сай әріптің майлы, ашық, курсив, бояулы түрін табу,ІІІ кезекте ауызша тілдің лексикалық жүйесін жазба тілдің лексикалық жүйесіне кодтау. Проф.Т.Әміров ауызекі сөйлеу тілінің лексикасында өзгешілік барын айтқан. Ауызша тілдің мағыналық құрылымын түсінуге жағдай,тілдік орта,тілдесушілердің аялық білімі,танымы,ым-ишара, мимика, интонациясы мүмкіндік жасап,диалог ішіндегі әрбір лексема сөйлеушінің ұсынып отырған мағынасында(кейбір тілді дұрыс білмейтіндердің арасында болатын ерекше жағдайларда болмаса) ұғынылады,тыңдаушыға сол мағынасында жетеді. Сондықтан ауызша тілде сөздер тура мағынасында қосымша анықтауыштарсыз қолданылады. Ал жазба тілде әрбір жазылған сөз көбінесе өз бойындағы бүкіл мағыналық белгілерімен қоса ұғынылып отырады да,жазба тіл жайылма сөйлем, сабақтас құрмалас,аралас құрмалас сөйлемдерге ұласып кетеді. Ауызша тілдің сөздік қоры үнемі мағыналық жылжуда болады. Әр тілдік жағдаятта белгілі бір лексеманың бойына жаңа мағыналық реңк жамалуы мүмкін. Оны тілді тұтынушы да,сөйлеуші де байқамай қалуы ғажап емес. Және оның тілдік жүйеге айналуына да ұзақ мерзім керек болады. Бірақ бұл тұрғыдан жазба тілдегі лексикалық бірлік-тердің мағынасы тілдік бірліктің өзімен сәйкеседі де,екеуі бір бүтін болып,ауызша сөйлеу тіліне оппозиция болады.  Ауызша тілді жазба тілге айналдырудың лексикалық деңгейінде 1)денотат, сигнификаттардың жазба тілдегі атаулық нормаларын екшеу;2)жаргондық сөзқолданыстарды әдеби сөз вариантына айналдыру; 3)жергілікті,қарапайым, ауызекі сөйлеу элементтерін әдеби тілдегі баламасына көшіру;4 )ауызша тілдегі қысқа аталымдарды жазба тілдің тіркесті толымды аталымына айналдыру(біздің гимн-ҚР гимні) процестері жүреді.


2.Төте жазу (А.Байтұрсынұлының әлібиінің құрамы мен емлесі)А.Байтұрсынұлы: «Біздің заманымыз – жазу заманы, жазу-мен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды, жазумен дүнияның бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білудің керектігі одан да артық. Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек. Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білу-ге, қай сөз қандай орында қалай өзгеріп, қалайша біріне бірі қиындасып, жалғасатын дағдысын білу керек. Һәр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде һәм сондай басқалық болады. Һәр жұрт баласын әуелі өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғаннан кейін басқаша оқыта бастайды». «Араб әліппесі қазақ арасына дінмен бірге жайылған. Дінмен байланысқан әліппені тастап, қазаққа басқа әліппе алдыру қиын жұмыс. Бұлай болған соң, араб харіп-терін қазақ дыбыстарына жеткізу амалын табу керек» деді. А.Байтұрсынұлы әліпбиінде 24 әріп, 1 дәйекше болды. Ал дыбыстың саны, ғалымның өзі айтқандай – 43. Графеманың бесеуі (а, о, ұ, ы, е) дауыстының, 17-і (б, п, т, ж, ш, д, р, з, с, ғ, қ, к, г, ң, л, м, н) дауыссыздың, 2-і ( у, й) жарты дауыстының таңбасы. Ал фонеманың 9-ы (а, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, е) дауысты, 34-і (б, б ’ , д, д ’ , п, п ’ , т, т ’ , ж, ж ’ , ш, ш ’ , р, р ’ , з, з ’ , с, с ’ , ғ, қ, к, г, ң, ң ’ , л, л’ , м, м ’ , н, н’ , у, у’ , й, й’ ) дауыссыз. Сөйтіп, ғалым тіл дыбыс-тарын бір жарым есе аз әріп таңбаға сыйдырып, өз кезеңінде ең үнемді әліпби түрін жасады. Әліпби теориясында әріп саны фо-нема санынан аз әліпби жетілген жазу сипатын көрсетеді деген қағиданы қалыптастырған А.Байтұрсынұлының төте жазуы деп атауға болады. Сонда А.Байтұрсынұлының әліпбиі: Дауысты дыбыстар: а (ا ,(о (و ,(ұ (وو ,(ы (ى ,(е (ه (Дауыссыз дыбыстар: б (ب ,(п (پ ,(т (ت ,(ж (ج ,(ш (چ ,(д (د ,(р (ن) н), م) м), ل) л), ک) ң), گ) г), ك) к), ق) қ), غ) ғ), س) с), ز) з), ر) Жарты дауысты дыбыстар: у (و ,(..й (ي( «А.Байтұрсынұлы ұсынған әліпбидегі әріптердің 18-і араб таңбалары, 3-еуі парсы таңбасы (گ, چ, پ ,(екеуі түркі таңбасы 190 191 ک) ңе), و) ве), 1-і өзгертілген әріп (ұ و و )» болды. Ал әліпби ش, ث, ژ, ه, ف, ع, ط , ظ, ص, :таңбалар мына шығарылғаны қатарынан .ض , ذ, ح, خ «А.Байтұрсынұлы дауыстылардан қадим жазуынан қолданылып келе жатқан 4 әріпті қалдырып, ұ дыбысы үшін уау ( таңбасына өзгеріс енгізген: алиф (ا> ( a>, һа (ه> (e>, иа (ي> (ы>, уау (و> (o>, уау ( و و ) . Ал қадим жазуының басты ерекшелігі болып табылатын харакаттардың қолданылуы А.Байтұрсынұлы жүйесінде тек ы, і дауыстыларында берілген, оның өзінде сөздің мағынасына нұқсан келмейтін болса ғана» дейді Г.Мамырбекова. Жазу дәстүрі төте жазуда да көбірек ескерілген. Оған мысал: а) п орнына б әрпінің жазылуын; ә) еріндіктердің екінші буында жазылуын; б) сөз басында келетін ы, і дауыстысының алиф арқылы берілуін; в) сөз ортасы мен аяғындағы мадда белгісі жоқ алифтің дыбыстық мәні болуын айтуға болады. Сүйеніш таяқ туралы А.Байтұрсынұлы: «Меніңше сөз басын-да
дауысты дыбыстар келсе, ол сөзді жазарға басына сүйеніш таяқ қоямыз. Оны керек қылғаным, халық әуелі жатсынбас үшін еді, екінші басқа түріктерден тым оқшау кетпес үшін еді.


Емтихан билеті №12

  1. Жазба тілдің ауызша тілге кодталу сатылары

І.Мәтінді оқу. Ол екі түрлі болуы мсүмкін:1 )Көзбен қармап көру арқылы графикалық контексте түсіну,яғни іштей оқу.2 )Дауыстап оқу. Мұнде әріп санадағы графема-фонема жүйесімен ассоциацияланып,сыртқа дыбыс реңктері болып шығады. Әріпа дыбысқа айналады.      ІІ кезекте жазба тіл жүйесінде берілген ойдың мазмұндық жағы екшеледі. Оқырман санасында ақпараттың негізгі мәні түсінік ретінде қалыптасады. Түсінік ойлау және пайымдау арқылы тілдік санаға елес болып түседі.    ІІІ кезекте осы ой мен пайымдау көрінісін сыртқа ауызша тіл жүйеі мен тәсілдері,бірліктері арқылы шығару тұрады. Яғни жазба тілдің графемдік жүйесі ауызша тілдің дыбыстық жүйесіне,жазба тілдің синтаксистік, морфемдік, лексикалық деңгейі ауызша тілдің өзіндік деңгейлері тәсілдеріне кодталады. Мәтіндегі мазмұн ауызша сөзге әсерлі,дәл,нақты болып кодталу прагматикасы қарастырылады.    ІV кезекте ауызша тіл жүйесімен дыбыстық  тілге кодтау орын алады. Ол екі түрлі болуы мүмкін:еркін және жазба тіл құрсауында баяндау. Біріншісінде ауызекі сөйлеу элементтері көп,синтаксистік құрылым нормаға сай емес,тосын құрылым-дар  болады,бірақ сөйленім аудиториясында түсінікті келеді. Екіншісінде,жазба тіл жүйесі сақталады. Жазба тілдің синтаксистік құрылымында баяндау лексикалық, морфемдік деңгейін ауызша тілге кодтамау жаттанды әсер қалдырады:ақпарат әсер етпейді. Өйткені,әріп фонема арқылы танылып,дыбыс қорына айналғанмен,яғни ауызша тілдің орфоэпиялық нормасы сақталғанмен,жазба тілдің басқа деңгейлері ауызша тілдің тезіне салынған жоқ.   Сондықтан,әр тілдің өз жүйесі мен бірліктерінде,нормасы мен заңдылықтарында берілмеген ой адресатына жетпейді. Ауызша тілде-дыбыс,дыбыс тіркесі үндесім, үйлесім заңы,тон,екпін,интонация,мимика,кідіріс,логикалық екпін;жазба тілде-әріп,бас әріп,кіші әріп,азатжол,босаралықсыз,босаралық,қосаралық,тыныс белгілер графикалық,орфографиялық,орфоэпиялық ережелер әр жүйенің өзіндік коммуникация тәсілдері мен бірліктерін көрсетеді.

2.Төте жазудың (А.Байтұрсынұлының әліпбиінің графика-емлесі) ерекшеліктері Бұл  мәселе  1924ж. 12-18  маусымында  Орынбор  қаласында  өткен  «Қазақ  білімпаздарының  тұңғыш  съезінде»  көтерілді.  Съезге  А.Байтұрсынұлы,  Ә.Бөкейханұлы, Е.Омаров,   М.Дулатұлы,   Х.Досмұхамедұлы,  Н.Төреқұлов,  Т.Шонанұлы  қатынасты.  Онда  қазақ  орфографиясының  негізгі  принципі  дыбыс  жүйесінше   деп  анықт алды.  Бұған  сәйкес  емес, қап-қабы,  доп-добы  сөздеріндегі   <б-п>  асылы   <п>  емес,  <б>  фонемасы,