Файл: Химия пнінен Жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар 10сынып.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 20.03.2024
Просмотров: 93
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Cu0 + Zn2+ Zn0 + Cu2+ -
Сu2+ + Zn0 Сu0 + Zn2+ -
Сu0 - 2е Сu2+ -
Zn2+ + 2e Zn0
-
(а) Келесі берілген сөздер тізімін пайдаланып сөйлемді дұрыс аяқтаңыз: катод, анод,электрод
Теріс зарядталған электрод деп аталады.
Электролиз кезінде аниондар тартылады.
(b) Электролиз кезінде катод пен анодта қандай процестер жүзеге асады?
(с) Судың электролизінде катод пен анодта қандай өнімдер түзіледі? Катод пен анодта жүзеге асатын процестердің теңдеулерін жазып көрсетіңіз.
(d) Бұл газдарды қалай тексеруге болады?
-
(a) Күміс нитраты ерітіндісінің электролизі кезінде жүзеге асатын процестерді көрсетіңіз:
(і) катодта жүретін реакция теңдеуін жазыңыз:
(іі) анодта жүретін реакция теңдеуін жазыңыз:
(ііі) реакцияның толық иондық теңдеуін жазыңыз:
-
(а) Хроматография – газ, бу, сұйық немесе еріген заттар қоспасын сорбциялық әдістермен бөлу. Хроматография қоспаларды ажыратуға арналған. Қағаз, газ- сұйықтық хроматографиялары тұрақты және қозғалмалы (мобильді) фазалардың көмегімен қоспаларды бөледі.
(і) Қағаз хроматографиясындағы қозғалмалы (мобильді) фазаны анықтаңыз.
(іі) Қағаз хроматографиясы нәтижесінде алынған қосылыстарды қалай анықтаймыз?
(b) Құрамында 3 қосылыс болатын қоспаға қағаз хроматографиясы арқылы анализ жасалынды және полюссіз еріткіш қолданылды.
(і) Хроматограмма нәтижесі төмендегідей болды.
Әрбір нүктедегі қосылыстарды анықтаңыз.
Қосылыс | CH3OH | CH3COO H | CH3CH2C H3 |
Нүкте | | | |
(с) Пайдаланған заттың хроматограммасы Rf шамасымен анықталады.
Суреттен дақ нүктесі үшін Rf мәнін есептеңіз:
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл | ||||
Білім алушы | |||||||
Электродты потенциал қатарын (металдардың электрохимиялық кернеу қатары) қолдана отырып, сулы ерітіндідегі химиялық реакциялардың жүру мүмкіндігін болжайды; | 1 | электрохимиялық ұяшық тұжырымды көрсетеді; | үшін дұрыс | 1 | |||
электродты потенциалдарының мәніне байланысты гальваникалық ұяшықтарда жүзеге асатын реакцияларды анықтайды; | 1 | ||||||
Электролиз процесінің маңызын сипаттайды; | 2 | катод, анод, электрод ұғымдарының мәнін сипаттайды; | 1 | ||||
электролиз кезінде катод пен анодта жүзеге асатын процестерді көрсетеді; | 1 | ||||||
судың электролизінде катод пен анодта түзілетін өнімдерді атап, реакция теңдеуін жазады; | 1 | ||||||
катод пен анодта бөлінген газдарды анықтау әдісін ұсынады; | 1 | ||||||
Қарапайым ерітінді және балқыма электролизі барысында жүретін электродты реакциялардың теңдеулерін жазады; | 3 | белсенділігі төмен металл мен оттекті қышқыл қалдығынан түзілген тұз ерітіндісінің электролиз реакциясының теңдеуін жазады; | 1 | ||||
кестеден нәтижесінде көрсетеді; | балқыма түзілетін | электролизі өнімдерді | 1 | ||||
кестеден нәтижесінде көрсетеді; | ерітінді түзілетін | электролизі өнімдерді | 1 | ||||
Қағаз хроматографиясы көмегімен қоспалардың құрам бірліктерін сипаттайды және бөлінетін компоненттің сіңіру коэффициентін есептейді; | 4 | қағаз хроматографиясындағы қозғалмалы фазаны анықтайды; | 1 | ||||
қағаз хроматографиясының анықтау әдісін сипаттайды; | 1 | ||||||
суреттен қағаз хроматографиясындағы әрбір нүктедегі қосылыстарды анықтайды; | 1 | ||||||
бөлінетін компоненттің сіңіру коэффициентін есептейді. | 1 | ||||||
| Барлығы | | 13 |
- A «Тотығу-тотықсыздану» және 10.3В «Аналитикалық әдістер» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрик
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі | Оқу жетістіктерінің деңгейі | ||
Төмен | Орта | Жоғары | |
Электродты потенциал қатарын (металдардың электрохимиялық кернеу қатары) қолдана отырып, сулы ерітіндідегі химиялық реакциялардың жүру мүмкіндігін болжайды. | Электродты потенциал қатары (металдардың электрохимиялық кернеу қатары) қолдана отырып, сулы ерітіндідегі химиялық реакциялардың жүру мүмкіндігін көрсетуде қиналады. | Электрохимиялық ұяшық үшін дұрыс тұжырымды көрсетуде/ электродты потенциалдарының мәніне байланысты гальваникалық ұяшықтарда жүзеге асатын реакцияларды анықтауда қателіктер жібереді. | Электродты потенциал қатары (металдардың электрохимиялық кернеу қатары) қолдана отырып, сулы ерітіндідегі химиялық реакциялардың жүру мүмкіндігін дұрыс болжайды. |
Электролиз процесінің маңызын сипаттайды. | Электролиз процесінің маңызын сипаттауда қиналады. | Катод, анод,электрод ұғымдарының мәнін сипаттауда/ электролиз кезінде катод пен анодта жүзеге асатын процестерді көрсеткенде/ судың электролизінде өнімдерін атап, реакция теңдеуін жазғанда/ электродта бөлінген газдарды анықтау әдісін ұсынғанда қателіктер жібереді. | Электролиз процесінің маңызын дұрыс сипаттай алады. |
Қарапайым ерітінді және балқыма электролизі барысында жүретін электродты реакциялардың теңдеулерін жазады. | Қарапайым ерітінді және балқыма электролизі барысында жүретін электродты реакциялардың теңдеулерін жазады. | Белсенділігі төмен металл мен оттекті қышқыл қалдығынан түзілген тұз ерітіндісінің электролиз реакциясының теңдеуін жазғанда/ кестеден балқыма электролизі/ ерітінді электролизі нәтижесінде түзілетін өнімдерді атағанда қателіктер жібереді. | Қарапайым ерітінді және балқыма электролизі барысында жүретін электродты реакциялардың теңдеулерін дұрыс жазады. |
Қағаз хроматографиясы көмегімен қоспалардың құрам бірліктерін сипаттайды және бөлінетін компоненттің сіңіру коэффициентін есептейді. | Қағаз хроматографиясы көмегімен қоспалардың құрам бірліктерін сипаттайды және бөлінетін компоненттің сіңіру коэффициентін есептеуде қиналады. | Қағаз хроматографиясындағы қозғалмалы фазаны анықтауда / қағаз хроматографиясының анықтау әдісін сипаттауда /суреттен қағаз хроматографиясындағы әрбір нүктедегі қосылыстарды анықтауда/ бөлінетін компоненттің сіңіру коэффициентін есептеуде қателіктер жібереді. | Қағаз хроматографиясы көмегімен қоспалардың құрам бірліктерін сипаттайды және бөлінетін компоненттің сіңіру коэффициентін дұрыс есептейді. |
10.3C «17-топ элементтері» және 10.3D «ІІ-топ элементтері» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 10.2.1.5 Топ бойынша галогендердің физикалық және
химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру
-
Галогенид-иондарды тәжірибе жүзінде анықтауды жоспарлау және анықтау -
Хлордың суды залалсыздандыруда қолдануын түсіндіру және осы процестің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау
-
Сілтілік-жер металдардың маңызды қосылыстарының қолданылу аясын атау -
2 (ІІ) топ металдары катиондарын сапалық анықтауды жоспарлау және оны тәжірибе жүзінде жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
-
Периодтық кестеде топ бойынша галогендердің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгерісін сипаттайды -
Галогенид-иондарды анықтауды жоспарлап, күміс нитраты және аммиак ерітіндісін қолдана отырып анықтайды -
Суды хлормен тазалау процесінің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырады -
Сілтілік-жер металдардың маңызды қосылыстарының қолданылу аясын сипаттайды, сандық есепті шешеді -
(ІІ) топ металдары катиондарын сапалық анықтайды, байқалатын өзгерістерді болжайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну Қолдану
Орындалу уақыты 20 минут
Тапсырмалар
-
(а) Галогендерді физикалық қасиеттеріне байланысты сәйкестендіріңіз:
| Галогендер | | | Физикалық қасиеттері |
А | Фтор | 1 | Қатты, металдық жылтыры бар қара – сұр зат | |
B | Хлор | 2 | Сәл жасыл түсті газ тәрізді зат | |
C | Бром | 3 | Сарғыш – жасыл түсті газ тәрізді зат | |
D | Йод | 4 | Қатты, күлгін, жеңіл балқиды | |
| 5 | Қоңыр түсті газ | ||
6 | Қоңыр түсті сұйықтық |