Файл: азастан республикасы ауылшаруашылыы министрлігі с. Сейфуллин атындаЫ аза агротехникалы университеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 20.03.2024
Просмотров: 14
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Өсімдік майы эксперименттік-өндірістік цехында қолданылатын жабдықтар:
-
Қуырғыш -
Май шығаратын пресс -
Вакуумдық сүзгі -
Гидратацияға арналған сыйымдылық -
Бейтараптандыруға арналған сыйымдылық -
Ағартуға арналған сыйымдылық -
Дезодоризацияға арналған сыйымдылық -
Бу генераторы -
Бөтелкеге май құю машинасы -
Жабу машинасы
Майлы дақылдардың және өсімдік майының сапасын талдауға арналған зертханалық құрал-жабдықтар:
-
Кептіру шкафы -
Муфта пеші -
Колориметр -
Су моншасы -
рН көрсеткіші -
Ұсақтағыш -
Техникалық таразылар -
Дистиллятор -
Магниттік араластырғыш.
6YL-80 май пресі. Пресс күнбағыс тұқымынан, соя, рапс, мақсары, зығыр және басқа да майлы дақылдардан майды тұрақты түрде алу үшін қолданылады.
Пресс келесі негізгі компоненттерден тұрады: рамка, электроқозғалтқыш, беріліс қорабы, бұрандалы білік пен конустық механизмі бар корпус, сыққыш қамерасы, қоректендіргіш. Пресс қоректендіргіші сыққыш камераға өнімді біркелкі беруге арналған, ол бұрандалы байланыстырғыштан, жетектен тұрады. Сыққыш камерада жұқа тақтайшадан жиналған, олардың арасында сығымдалған майды шығару үшін бос орындар бар. Сыққыш камераны жинау кезінде оның орналасуы арасында ажыратуда престелетін өнімді қопсытуға арналған пышақтар салынады. Білікті шнек, оған отырғызылған буындармен және аралық сақиналармен салынған, пресс корпусында орналасқан подшипниктерде айналады. Шнек буындары өнімді престеу және оны сыққыш цилиндрдің бойымен жылжыту үшін қызмет етеді. Шығаратын күнжараның қалыңдығын реттеу конустан, жалғастырушы төлкеден, муфтадан, маховиктің, төлкесінен және бағыттаушы төлкеден тұратын конустық механизммен жүргізіледі. Майды престеу учаскесі вакуумдық қатты сүзу жабдығын қамтиды.
Техникалық сипаттамасы:
-
Өнімділігі – 25-50 кг/сағ -
Қуаты – 5,5 кВт -
Жалпы өлшемдері – 1550х750х1300 -
Салмағы – 550 кг.
Жұмыс істеу принципі:
-
Розетканы желіге қосамыз. -
Қыздыру түймесін қосамыз және оны 15-20 минуттан кейін өшіреміз. -
Пресстің ішіне ештеңе салмай 15-20 минутқа қосамыз. -
Кептіруден және қуырудан кейін майлы дақылдарды пресске саламыз. Престеуіште тұқымдардың сұйық және қатты фазасы үздіксіз механикалық бөлінеді. Материал өту кезінде сығынды камерасының және шекті білігінің арнайы конструкциясы арқасында пайда болған қысыммен жүзеге асырылады. Сақинаны реттей отырып, кіріс бөлімі кеңейеді немесе азаяды, бұл күнжараның қабығының қалыңдығын басқарады. -
Жұмыстың соңында күнжараның қалдықтары толығымен шығу үшін бос тұрған пресс 15-20 минут жұмыс істейді. -
Прессті желіден ажыратамыз.
Сурет 5 - 6YL-80 май пресі.
Құю және жабу машинасы. Жұмыс істеу тәртібі оператор тығындалатын ыдыстың аузын жабады, тығындау позициясына сыйымды орнатады, тығындауға бастиегін тигізеді. Ауа қысқышы иінтіректі басу немесе тірек тығын тіреуге дейін бұралады және тығын бақылау сақинасы ыдыстың аузында бекітіледі.
Техникалық сипаттамасы:
-
Өнімділігі – 900 дана/сағ -
Электрмен жабдықтау – 220В,50Гц, 200Вт -
Ауа шығымы - 25 л/мин -
Габариттік өлшемдері – 480х480х1350 -
Қызмет көрсетуші – 1 адам.
Сурет 6 - Құю және жабу машиналары
2.2 Өндірілетін өсімдік майларының ассортименті
Май өндіругe арналған шикізат (күнбағыc, рапc, зығыр, мақcары тұқымдары) қаптарда жeкe үй-жайда cақталады. Тұқымдарды cақтау шарттары oлардың cапаcын нашарлатпай cақтауға мүмкіндік бeрeді.
Цeх шығарылатын өсімдік майларының ассортименті:
-
"Күнбағыc майы" - күнбағыc тұқымынан -
"Рапc майы" - рапc тұқымынан -
"Зығыр майы" - льян тұқымынан -
"Мақcары майы" - мақcары тұқымынан -
"Соя майы" – соя тұқымынан.
Күнбағыс майы – күнбағыс дәндерін сығымдау немесе экстрактілеу арқылы алады. Тазалау әдісіне байланысты ол рафинадталған, гидратталған, рафинадталмаған болып бөлінеді. Гидратталған және рафинадталмаған майды жоғары, I және IІ сұрыпқа бөледі. Рафинадталған май сұрыпқа бөлінбейді.
Рапс майы – қара рапс тұқымынан алынатын өсімдік майы. Рапстың төмен эрукты (эрукты қышқылдың мөлшері 0,5% дейін) немесе эрукты емес (эрукты қышқылдың мөлшері 0,2% дейін) сорттарынан өндіріледі. Адам ағзасына пайдалы майлы қанықпаған қышқылдардың ең бай көзі. МЕМСТ бойынша бұл үлес 2% - дан аспауы керек.
Мақсары майы – мақсары (Carthamus tinctorius) тұқымынан алынатын өсімдік майы.Түсі қою сарыдан қою жасылға дейін, гүлді-жаңғақ дәмі мен аздап ащы дәмге ие , жеңіл хош иісті , табиғи өсімдік майы. Тазартылған тұқымдардан алынған май тағамдық мақсатта қолданылады.
Соя майы – алдын ала өңделген соя дәндерінен сығымдалып немесе экстрактіленіп алынатын май. Рафинадталған, гидратталған және рафинадталмаған түрлері шығарылады. Гидрадтталған және рафинадталмаған май І және ІІ сұрыпқа бөлінеді.
Зығыр майы – зығыр дәнін сығымдау арқылы алынады. Оның майы мөлдір, сары түсті, иіссіз болады. Қаныққан май қышқылдарының мөлшері 60-80%, оның 30-60%-ы линоль қышқылы. Тамақ әзірлеу үшін зығыр майын қыздырмай–ақ қолдануға болады. Оны ұзақ сақтаса және қыздырса тез тотығады және тұтқырланады, сондай-ақ ондағы май қышқылдары химиялық реакцияға ұшырайды.
2.3 Өсімдік майын өндірудің технологиялық схемасы- шикізатты өңдеу, тұқымнан майды әртүрлі тәсілдермен бөлу
Майлар - өсімдіктің әртүрлі мүшелері мен морфологиялық бөліктерінде жинақталған. Майдың нақ қоймасы болып - көптеген майлы дақылдардың дәндері, жүгері дәнінің, какаоның бұршақтары, соя, арахис табылады.
Дәндерді қабыршақтарынан тазалау. Сактау мен өңдеуге келіп түсетін дәнді масса, біртекті емес қоспадан құралады, яғни дән мен басқа қоспалардан, мысалы: органикалық (дәннің жапырағы, сабағы, сыртқы қабат), минералды (жер, тас, топырақ) және майлы (бұзылған дәндер) қоспалардан тұрады. Қоспалардың болуы технологиялық қондырғылардың өнімділігінің төмендеуіне, машиналардың жұмыс тетіктерінің қажалуына әкеледі. Қоспалардың кейбіреулері майға жат бояуды береді, майдың тағамдық құндылығын төмендетеді. Оған қоса қоспа-ның болуы-дәнді саны сақтау кезінде бұзылуға әкелетін микроорганизм-дердің көзі болып табылады. Қоспалар дәндердің сақталуы мен өңдеуін қиындатады, сондықтан дәнді қоспалардан тазалап отыру қажет. Дәндерді дайындаудың негізі болып, дәнді массаны өлшемдері бойынша 2-3 фракцияға бөлу жатады.
Май шикізатынан майды алуға дайындау. Майлы дәндердің ұлпаларында майдың қоры біркелкі таралмаған;. Негізгі бөлігі дәннің ядросында жиналған, ал олардың қабығының құрамында майдың көлемі азғантай. Осыған байланысты, көптеген майлы дәндерді өңдеу кезінде оларды ядродан бөліп алып, қабығынан ажыратады. Нәтижесінде шикізаттың майлылығы жоғарылайды.
Дәндерді майдалау. Дәннен немесе ядродан майды алу үшін олардың клеткалық құрылымын бұзу керек. Майдалау операциясының соңғы сатысы - ол дән клеткасында жиналған майдың әрі қарай технологиялық өңдеу үшін пайдаланылу болып саналады. Шикізаттың майдалануының керекті деңгейі - ұнтақтауды жүргізетін, дән немесе ядроны басу мен ысуды жүргізетін механизммен орындалады. Майдалаудан кейін алынатын материал метка деп аталады және ол ауқымдылығымен ерекшеленеді. Майдалау кезінде клетка қабықшасының бұзылуымен қатар, клетканың майы бар бөлігінің құрылысы бұзылады. Майдың елеулі белігі босап шығып, метка бөліктерінің үстінде адсобцияланады. Метканы 80°С-температураға дейін қыздырады. Ылғалдылығы ылғалдандырудан кейін 8-9 % болуы керек. Сосын метканы 105°С -ге дейін қыздырып, кептіреді. Осындай жолмен өңделген метка мезга деп аталады. Дайын мезганың ылғалдылығы 5-6 %-ға жетеді. Осындай мезга мадын алдын - ала тиімді шығуын қамтамасыз етеді. Мезганы жасап шығару үшін: кептіргіш барабанды және шнекты аппарат-тары қолданылады. Көбіне кең таралған 5 немесе 6 чандардан тұратын кептіргіштер қолданылады.
Майды бөліп алу. Мезгадан майды бөліп алу престеу немесе органикалық еріткіштер арқылы экстракциялау көмегімен өтеді. Әдетте осы екі үдеріс бір - біріне сәйкес келеді.
Престеу әдісі. Майды сығу барысында алдымен мезгадағы престелетін материалдың тығыздалуы жүреді, яғни мезганың бөліктерінің жақындасуы мен олардың үстіңгі жағындағы май қабаттарының адсорбцияланғандарының бірімен-бірінің жанасуы жүреді. Майдың қалыңдығы жоғарылап, оның бөліктерінде жоғары күштермен ұсталып тұрған майлар өз еркімен бөліне бастайды. Мезганың бөліктерінің әрі қарай толық тығыздалуының нәтижесінде мезга деформацияланып толықтауыш май тек үстіңгі бетінде ғана емес, бөліктің ішкі капиллиярларынан да бөлініп шығады.Әрі қарай қысымның жоғарылауы мезга бөліктерінің жабысуына әкеледі, оны брикет деп атайды. Мезга-ның созылғыштығы өсіп, оның нәтижесінде майдың бөлініп шығуы тоқтай-ды. Престен шығатын брикеттің кұрамында азғантай май толықтауыш майсыздандыруға әкеледі. Ол үшін шнекті пресс қолданады. Оны төмендегі суреттен көруге болады.
Сурет 7 - Шнекті пресс МП-68
Майды рафинирлеу. Шикі майда әдетте алуан түрлі қоспалар болады. Қоспалардың бөлігі маймен бірге температура мен органикалық еріткіштердің әсерімен дәннің клеткасынан бөлініп алынады. Сондықтан тауарлы майда фосфолипидтер восктар, бояғыш заттар және осы заттардың ыдырауының өнімдері болады (бос майлы қышқылдар, моно- және диглицеридтер мен басқа заттар). Дәннен алынған майда липидті қосылыстарды тотықтырушы заттар бар. Олардың мөлшерлері дәннің сапасына байланысты. Оған қоса ерітілетін заттардан бөлек тауарлы майдың құрамында механикалық қоспалар да бар. Майды осы заттардан тазалау үдерісін рафинация дейміз. Рафинациялау әдісі: физикалық химиялық және физико - химиялық болып бөлінеді.
Рафинациялау әдісі қоспаның құрамы мен мөлшеріне, оның қасиетіне байланысты таңдалады. Химиялық және физика-химиялық рафинациялау әдістері. Осы әдістер арқылы майдан бос май қышқылдары, фосфолипидтер, белоктар, қоймалжың басқа да заттар алынып тасталынады. Кең таралған химиялық әдіс болып - гидротация мен сілтілік рафинациялау табылады.
Гидратация (қоспаларды судың көмегімен алып тастау). Гидратация майдағы гидрофильді қасиеттері бар заттарды, ең бірінші - майды сақтау кезінде көптеген технологиялық операциялардың жүруін тежейтін ыдыраған ба түрінде түсетін фосфолипидтерді алып тастауға мүмкіндік береді. Осы деріс барысында майды су немесе қайнаған тұз ерітіндісімен өңдейді. Су мен қоспасын коагуляторға жіберіп, майдан бөлініп алынған гидротациялық баның құрылуы жүреді. Гидратацияланған тұнба фосфолипидтердің кебуі үшін циллиндрлік формасы бар ротационды - қабықты аппаратқа келіп түседі. Аппараттың бу қапшығы бар, аппараттың ішінде вал орналасып, оған төрт пасть (қалақ) жалғанған. Қалақтардың аяқ жағынан корпустың ішкі кеңістігінің арасындағы қашықтық 0,5-1,0 мм. Тұнба (Фосфолипидтер) қалақтың көмегімен аппараттын ішкі жағына таралып, 60-70°С темпера-турада вакуумда кептіріледі. Кептірудің ұзақтығы 2 мин. Осы жағдайда гидратациялық тұнбаның ылғалдылығы 35 тен 2% ке дейін түсіп қалады. Кептіріліп алынған фосфатидті концентратты металл банкаларына орауға жібереді. Гидротацияланған май сусыздану үшін кептіргіш - деаэрациялық аппаратқа жіберіледі, онда вакуумда форсукалардың көмегімен шашыратылады. Майдың тапқы ылғалдылығы 0,2%, ақырғысы 0,05%, температурасы 85-90°С болады.
Сурет 8 - Гидратацияға арналған сыйымдылық
Сілтілік рафинация. Сілтілік рафинация - майды сілтімен өндеу болып табылады. Жұмыстың барысында негізінен бос май қышқылдарының бейтараптануы жүреді, оның нәтижесінде майда ерімейтін тұздар пайда болады (сабын). Соңғылары өзімен өзімен әртүрлі қоспаларды: фосфолипидтер, бояғыш заттар, белоктар, жабысқақ заттарды алып жүре отырып тұнбаға түседі. Түзілген тұнбаны - соасток деп атайды.
Қышқылдық саны 5-ке дейінгі майлардың рафинациясын сілті ерітіндісінің әлсізімен (45 г\л-ге дейінгі) жүргізеді. Ал майдың қышқылдық саны 7-ге дейін болса, 100 г\л-ге дейін концентрленген ертінділермен бейтараптайды. Ал, егер қышқылдық саны 7-ден жоғары болса, 200г/л сілті ерітіндісін қолданады.
Гидратацияланған май (күнбағыс майы және қатырып алын үздіксіз жұмыс істейтін нейтрализатордың төменгі жағына беріле сілтілі ерітінді толып тұрады. Нейтрализатор - түбі бар цилиндр формалы аппарат. Оның жоғарғы бөлігінде майдың және сабынды-сілтілі фазалардың бөліну ауданын үлкейтетін кеңейткіш орналасқан. Май нейтрализатордың төменгі бөлігінде орналасқан перфорирленген таратқышқа 2 мм диаметрі тамшы түрінде түсіп, сілтілі ерітіндіде жақсы таралуының арқасындабос май қышқылдарының бейтараптануы жүріп, сабынды-сілтілі металдардың май қышқылдары түзіледі. Сілті ерітіндісінің жоғарғы жағынан кептіргіш-деаэрациялық аппаратқа жіберіп, эжекциялық типті араластырғышта лимон қышқылы мен' майдың ыдырауын жүргізеді немесе сумен шаяды.Көбінесе майлардың нейтрализацияға арналған температурасы 68-75°С, сілтінің сулы ерітіндісі-нің концентрациясы 8-15 г\л.
Кесте 2 - Майларды бейтараптандырудың технологиялық параметрлері
Май | КЧ, Мг КОН/г | Сілті ерітіндісінің концентрациясы, г/л | Бейтараптандыру, °C | Тұну ұзақтығы, сағат | |
Бастапқы | Соңғы | | |||
Күнбағыс | <7 | 85-105 | 10-20 | 45-50 | 6-ға дейін |
Соя | <7 | 125-145 | 10-20 | 45-50 | 6-ға дейін |
Рапс | >5 | 125-200 | 25-30 | 25-30 | 6-ға дейін |
Зығыр | >5 | 180-200 | 100 | 100 | 6-ға дейін |
Мақсары | >5 | 180-200 | 100 | 100 | 6-ға дейін |