Файл: Курсты жмыс Таырыбы Бастауыш мектеп маліміні трбие жмысы Мамандыы 010300 Дене трбиесі жне спорт Тобы дм 41 о.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 20.03.2024

Просмотров: 41

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


1. Мектептің тәрбиелік жүйесінің негізгі қызметтері:

  • Кіріктіруші;

  • Реттеуші;

  • Дамытушы;

Кіріктіруші қызметі бұрын бөлек-салақ, стихиялы сипаттағы келісілмеген тәрбиелік ықпалдарды біртұтас етіп біріктіруге қол жеткізеді. Реттеуші қызметі педагогикалық үрдістерді реттеугу, оларды басқаруға бағытталады. Дамытушы қызметі бір шетінен оның қызмет етуін оңтайландырудағы екінші жағында дамуында, жаңаруында, жетілдіруіндегі жуйе динамикасын қамтамасыз етеді. Соңғы жылдардағы педагогикалық бақылаулар мектептің тәрбиелік жүйесінің өміріміздің объективті шындығы туғызған жаңа қызметтері бар екенін корсетуге мүмкіндік берді. Олар:

  • Қорғау;

  • Түзету;

  • Теңестіру;

Кез-келген мектептің тәрбиелік жүйесі ең алдымен педагогикалық ұжым ойластырған, қабылдаған мақсаттар блогын қамтиды. Егер жоқ болса онда жүйе де жоқ. Өкінішке орай жаңадан құрылған жүйелердің авторлары, оны қалай жасайтынын айтады да, ал оны не үшін жасайтыны туралы ештеме демейді. Мақсаттар жүйенің сипатын анықтайды және жүзеге асырады. Автормен бірге жүйені педагогтар, оқушылар, ата- аналар, мәдени мекемелер, құқықтық басқа да мектеп өміріне қатысты тұлғалар құрады. Сондықтан осы адамдардың барлығы да жүйені тудырушылар болып есептеледі, олар мектептің тәрбиелік ұжымымен қоян-қолтық бірлесіп әрекет еткенде ғана тәрбиелік жүйенің өзегіне айналады.

Қазіргі жағдайда ғалымдар тәрбие үрдісінің тиімділігін көтеруді тәрбиелік жүйе құрумен байланыстырады, сонымен бірге онда шешуші рөл директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына беріледі.Тәрбие жүйесін басқару, дамыту, қалыптастыру теориясы оның тиімді екеніне көз жеткізуде.

Біріншіден, жүйелі амалды пайдаланғанда тәрбиелік әрекет субъектілерінің ықпалының кіріктірілуі, педагогикалық үрдіс құрауыштарының өзара байланысы бекиді. Бұл маңызды, себебі, оқушы тұлғасының толық дамуын тек тұтас тәрбиелік үрдіс қана қамтамасыз ете алады.

Екіншіден, мектеп ұжымы игерген әлеуметтік және табиғи ортаны қамтыған тәрбиелік жүйені құру, тұлғаға деген тәрбиелік ықпал мүмкіндігінің ауқымын кеңейтеді.

Үшіншіден, тәрбиелік жуйе құру әр жақты дамыған толыққанды тұлға тәрбиелеуде педагогикалық ұжымның күшін және уақытын үнемдейді. Әрекет пен қарым – қатынасты құру тұлғағ ықпал ететін барлық дәстүрлік амалдардың тиімділігін арттырып, шығын аз талап етіледі. Өйткені жаңа жағдайда немесе үйренбеген қалыпта жұмыс істегеннен гөрі дәстүрлі амалмен әрекет ету жеңілдеу болады. Сондықтан жүйе құру барысында белгелі бір дәстүрдің қалыптасуына жете мән беру керек.Олар жүйеге орнықтылық беріп, ғұмырын ұзартады.[2;10]


Төртіншіден, тәрбиелік жүйеде оқушы, мұғалім, ата- ана тұлғасы өзін-өзі іске асыруы және өзіне-өзі сенім артуы үшін арнайы жағдай туғызылады әрі моделденеді. Бұл олардың шығармышылық және басты қабілеттерінің анықталуына және өсуіне зор ықпал етеді. Сондай-ақ ұжымда гуманистік іскерлік қарым–қатынастар орнауына жоол ашады. Педагогикалық жүйені және мектептің тәрбиелік жүйесін өзгерту, жетілдірудің бірден-бір шарты ретінде ұжыммен бірге қабылданған мектептің даму тұжырымдамасы есептеледі. Педагогикалық жүйе секілді тәрбиелік жүйенің де басқарылатынын, оны басқару функцияларының алуан түрлі екенін есте сақтауымыз керек. Демек, бүгінгі таңда білім беру мекемелері әрекетінің сапасын арттырып, деңгейін көтеру мақсатында тәрбиелік жүйе құру қажет және аса маңызды әрі пайдалы.
1 Бастауыш мектептердегі тәрбие жұмыстары
1.1. Қазақстан мектептеріндегі тәрбие жүйесі. Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының бағыттары
Мектептегі сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы негізгі міндеті- оқушылардың жеке басын қоғамның талабына сай тәрбиелеу.Бұл міндетті орындау, әдетте оқушылар ұжымын қалыптастырудан басталады.Мектеп құрылымындағы ең тұрақты ұжым болып- сынып ұжымы есептелінеді. Соның негізінде оқушылардың негізгі оқу әрекеті жүзеге асады. Тек сынып ұжымында ғана оқушылар арасында өзара байланыс және қарым- қатынасытың алғышарттары пайда болып, берік қалыптасады. Соның шеңберінде жалпы мектеп ұжымының іргесі қаланады.

Олай болса, оқушылар ұжымы деп- ортақ әлуметтік маңызы бар мақсатқа біріккен, соған сай белсенді әрекет ететін және ортақ сайланбалы ұйымы бар, барлық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері бірдей және өзара жауапкершілікке негізделген оқушылар тобын айтамыз.

Сынып жетекшісі оқушылар ұжымын құруда, олардың сапалы білім мен саналы тәртібін қамтамасыз етудің маңызы ерекше. Саналы тәртіп болмаған жерде сапалы білім алу болмайды. Бұлар бір- бірімен өзара тығыз байланысты болып келеді.[9;17]

Саналы тәртіп- мақсатты тәртіп. Ол қоғамның мақсатымен ұштасады. Саналы тәртіпке тән сипат- өз мақсатын қоғам мақсатына, жеке бастың мүддесін, оқушылар ұжымының мүддесіне бағындыра білу.

Оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеудегі негізгі міндет- білім алу мен оқу әрекетінің сапасын үнемі арттырып отыру. Сынып жетекшісінің шеберлігі дегеніміз- оқушылар ұжымының алдына қызықты мақсат қойып, ұжымдық іске ұйытқы бола білуінде, әрі оны ұйымдастыруда ғы білімі мен қабілеті.



Оқушылардың оқу-тәрбие процесіндегі әрекеттерін жандандыруда сынып жетекшісі белсенділер тобына арқа сүйейді. Бұл сынып жетекшісінің ұжымды топтпастырудағы атқаратын жұмысының маңызды екінші кезеңі.

Сынып белсенділері бір жағдайда үлгілі оқушылар болса, екінші жағдайда қоғамдық тапсырмаларды атқара алатын қабілетті балалар тобы. Олар- ұжымның ұйытқысы.[11;6]

Сынып белсенділері неғұрлым күшті болса сынып жетекшісіне тәрбие жұмысын ұйымдастыруда соғұрлым жеңіл болады.

Оқу- тәрбие жұмысының барысында оқушылардың сана- сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету – сынып жетекшісінің негізгі міндеттерінің бірі. Ол әрбір оқушыны білімге , өнерге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын айқындайды, өзін- өзі тәрбиелеуге сай осы бағыттағы жұмыстарын ұйымдастырып, ақыл-кеңес беріп отырады.

Оқушылардың санасы мен белсенділіктерін арттыруды, оларды қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатыстыру, тапсырмалар берудің ықпалы және тәрбиелік мәні зор.Қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындау барысында оқушыларда жауапкершілік пен іскерлік қасиеттері қалыптасады.

Оқушылар ұжымын қалыптастыруда оның жекелеген мүшелерінің өзін- өзі тәрбиелеуі маңызды.Өзін- өзі тәрбиелеу – баланың белгілі бір нақты мақсат көздеген саналы әрекетінің нәтижесі.

Оқушылардың өзін- өзі басқаруы- олардың мектеп жағдайындағы өмірлерін ұйымдастырудың басқа формаларына қарағанда демократиялық тұрғыдағы түрі.

Оқушылардың өзін- өзі басқаруын дамыту сынып ұжымын басқару жүйесінен өзін-өзі дербес басқару жүйесіне көшуді қамтамасыз ететін біртіндеп өзгермелі үздіксіз сапалы процес.

Оқушылардың өзін-өзі басқаруы-қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуде оқушылар ұжымының өмірін ұйымдастырудың демократиялық бағыттағы формасы. Соған сәйкес оның өзіндік белгілері бар:

  • оқушылар ұжымының белгілі бір мәселеге қатысты өз алдына дербес шешім қабылдауы және оны жүзеге асыру мүмкіндігінің болуы;

  • дербестігін дамыту мүмкіндігінің болуы;

  • сынып ұжымының өмірін педагогикалық тұрғыдан демократиялық жолмен ұйымдастыру мүмкіндігінің болуы;

  • ұжымның әрбір мүшесінің оқушылардың сынып, мектеп, және қоғамдық жолмен ұйымдастыру мүмкіндігінің болуы.

Бұдан шығатын қорытынды ретінде, өзін- өзі басқарудың шартты түрде алынған негізгі ұстанымына:

  • «өзіміз шараны ойластырамыз»;

  • «өзіміз жоспарлап, өзіміз оны атқарамыз»;

  • «өзіміз қорытынды жасаймыз қағидаларын жатқызуға болады».


А. С. Макаренконың көзқарасынша «Өзін –өзі басқаруды әрекет тудырады, басқадай болуы мүмкін емес». Олай болса, өзін- өзі басқару тек ортақ мақсатқа жетудегі белсенді әрекеттің жемісі.

Өзін- өзі басқару ұйымының құрылымы негізінен 3 кезеңнен тұрады:

  1. Сынып жағдайында өзін –өзі басқару оқу, еңбек, көпшілік- мәдени, спорт секторларының жұмысы. Олардың жұмысына сынып кеңесінің төрағасы басшылық жасайды. [13;25]

  2. Мектеп оқушыларының өзін –өзі басқаруы. Мұнда әрбір сыныптың өзін –өзі басқару ұйымының төрағалары мүше болады. Оны жалпы мектептің өзін- өзі басқару ұйымының төрағасы және оның орынбасары басқарады. Олар тек оқушылар есебінен сайланады. Бүгінде мұндай дәстүрлі тәжірибе кейбір алдыңғы қатарлы мектеп практикасында «Парламент» түрінде өзінің жұмысын жалғастыруда. Оның жұмысына мектеп әкімшілігінің тәрбие жөнінідегі орынбасары жетекшілік етеді.

  3. Мектеп жағдайында тең төрағалық басқару жүйесі арқылы атқарылады. Оның құрамына оқушылардың өзін –өзі басқару ұйымының атқарушы кеңесі мүшелері (тұрақты комисссиялардың бағытына байланысты шамамен- 7 оқушы), кеңесші мұғалімдер- 5, ата- аналар- 2 адам кіреді. Мұның қызметі негізінен мектептің даму болашағы мен оның өмірін жақсарту және шешім қабылдау мәселелерін стратегиялық жоспарлауды көздейді.

Мектеп және оқушылар өмірін басқарудың мұндай жүйесі қоғамды демократия жолмен басқарудың негізін қалайды, соған сәйкес оқушыларды тәрбиелейді.

Бүгінде оқушылардың өзін –өзі басқаруды дамытуда белсенділерді даярлау міндеті өзекті мәселе болып отыр. Ол үшін олардың мектеп, қоғам өміріндегі саналы көзқарастарын орнықтырып, олардың мектепті басқару ісіне еркін араластыруына, әрбір оқушының әлеуметтану процесіне қатысуына жағдай туғызу керек. Әрине, негізгісі оларды осындай етіп міндетті түрде тәрбиелеу керек.

Оқушылар ұжымындағы өзін –өзі басқаруды дамыту үлгісін шартты түрде былай көрсетуге болады:

  1. Әрекеттің мақсатын анықтау.

  2. Ұжым болып мақсатты белгілеу (мақсатты ұжым болып талқылау) .

  3. Басқару мәселесін қою (идея ұсыну).

  4. Шешімді ұжым болып талқылау (жобасын немесе бір нұсқасын таңдау).

  5. Шешімді қабылдау( жобаны бағалау).

  6. Шешімді жүзеге асыру (әрекетті пәрменді түрде ұйымдастыру).

  7. Ұжым болып нәтижесін қорытындылау (өздерінің мүмкіншілігін бағалау).

Өзін –өзі басқару процесінің қозғаушы күші- ондағы мотивтің болуы. Сондықтан, өзін- өзі басқарудың жоғарыда әрбір кезеңі мотивті қалыптастыруға нақтылы ықпал етуі тиіс.


Жеке оқушымен жұмыстағы мақсат- оның тұлғалық дамуына педагогикалық тұрғыдан жағдай жасауды, оның жеке басының жан- жақты қалыптасуын және күш- жігерінің артуын қамтамасыз ету. Соған орай, оқушымен жеке жұмыстың мәні- оның тұлғасын әлеуметтендіру, оның өзінің жетілуі мен өзін- өзі тәрбиелеуге деген қажетсінуін тәрбиелеу. Оның нәтижесіне қол жеткізу, соған орай ұйымдастырылған тәрбие жұмысының әртүрлі формалары немесе әдістерін таңдауға ғана байланысты болмайды, керісінше оған оның өзін қатыстырумен жемісті болмақ.

Жеке оқушымен жұмыс барысында мұғалімдермен оған қатысты асқан сезімділікті, кішіпейілділікті, қайырымдылықты, ілтипаттылықты, ықыластықты, зер салуды және қамқорлық жасауды қажет етеді. Ол үшін мынадай жағдайларды ескеруі тиіс:

  • Бала жанын жақсы түсіну. Яғни, оның сезімін, көңіл- күйін , ықыласын, тілегін, қажеттілігін. Себебі, бала үшін барлық мәселе маңызды.

  • Баланың таңдау еркіндігін қолдау. Сынып жетекшісі белгілі бір әрекеттің нәтижесіне қол жеткізуде тек өзімнің айтқаным ғана болады деген көзқараста емес, баланың көзқарасымен санасып, оның таңдау еркін қолдап отыруы тиіс.

  • Оқушының тұлғасын қалыптастыру және дамытуда, оны әлеуметтік тұрғыдан қорғау. Сынып жетекшісінің бұл бағыттағы атқаратын қызметі- баланың дамуына және тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік беретін жағдайды туғызу.

  • Мақсатты әлеуметтік қолдау көрсету. Бұл бағытта баланың өте күрделі, қиын- қыстау жағдайында тұрақты қолдау көрсетуді қажет етеді: көп балалы және табысы аз отбасына, мүгедек, жетім балаға, оралман отбасына т.с.с.

Іс – әрекет сыртқы ортамен байланыс жасаудың, жалпы тіршілік етудің негізгі шарты. Ол- адамның түрлі қасиеттеріне, мақсатын мен міндеті, орындау жолы туралы бағыт беретін жоспары болады.

Олай болса, балалардың және жас жеткіншектердің дамуында маңызды фактор- құрбылар қауымдастығы. Бала өзінің құрбыларымен қарым- қатынасында қосымша мағлұматтар алады, өмірлік тәжірибесін молайтады,әлуметтік мінез- құлық ережелері мен құндылық бағдарды меңгереді, жолдастық және достық сезімін қалыптастырады. Сондықтан да тәрбие теориясы мен әдістемесінде балалар қозғалысын- тұлғаны дамытудың

маңызды факторы ретінде оған айрықша маңыз береді. Біріккен Ұлттар Ұйымының баланы қорғау Конвенциясына сәйкес олардың жас мөлшері 7- 18 деп қарастырылған.

Жастар қозғалысына назар аударсақ, ол- дүниежүзінің барлық халықтарында болып, іске асатын қозғалыс заңы. Қайсы бір қозғалысы болмасын, ол белгілі бір мүддені көздейді. [19;33]