Файл: Курсты жмыс Таырыбы Бастауыш мектеп маліміні трбие жмысы Мамандыы 010300 Дене трбиесі жне спорт Тобы дм 41 о.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 20.03.2024

Просмотров: 42

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


6) сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпыжетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік беріді. Соған сәйкес қандай да бір форма немесе әдістің нәтижесін бірден анықтау өте көп қиындықты туғызады.

7) сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата – аналар мен жұртшылықтың өкілдері қатыстырылады.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсат және міндеттері.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталады – балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгеруту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйсін қалыптастыру. Соған орай негізгі мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым

толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.

Сабақтан тыс тәрбие жұмысының ерекшелігі төмендегі аталған міндеттерте көрсетілген.

  1. балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзін - өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл баланың одан әрі дара дамуының негізі болады.

  2. Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатыстыжағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасады.

  3. Балада әртүрлі көркемөнер әрекеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Оған қызығушлықты баланың дара ерекшеліктерін және қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру. Басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік тұрғыдан ұйымдастыра алуы керек.

  4. Баланың дүниетанымының компоненттері;адамгершілік, эмоционалдық, ерік – жігерін қалыптастыру.

  5. Баланың таным қызығушылығын дамыту. Баланың таным қызығушылығын дамыту, бір жағдайда, ол оқыту процесіне жұмыс істесе, екінші жағдайда, балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді.

Жоғарыда аталған міндеттер тәрбие берудің ажырамас бөлігін құрайды.


Сыныптан тыс тәрбие жұмысының қызметі.

Білімділік қызыметі. Балаларда белгілі бір мінез-құлық дағдысын қалыптастыру, ұжымдық өмірді, қарым – қатынас мәдениетін үйретеді.

Дамытушылық қызыметі оқушылардың психикалық процестерін, жеке- дара қабілеттерін дамытуды көздейді.

Тәрбие жұмыс мазмұнының ерекшеліктері.

  1. сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұны баланың сезіміне, әсерленуіне назар аударуды міндеттейді.

  2. баланың практикалық әрекетін ұйымдастыруды көздейді.

  3. жаңа мағлұматтарды іздеу, сабақтан тыс әртүрлі тәрбие жұмыстарын атқаруда өздігінен жұмыс істеу біліктілігін машықтандыру.

  4. коммуникативтік біліктілік пен дағдысын тәрбиелеу.

  5. этикалық нормаларын сақтай білуге дағдыландыру.

Тәрбие жұмысының формасы.

Тәрбие жұмысының формасы деп – бұл тәрбие процесінің мазмұнында өмір сүретін және көрініс беретін ұйымдастыру тәсілі.

«Тәрбие жұмысының формасы» оқушылардың нақты тәрбие әрекетін ұйымдастыру нұсқасын, олардың үлкендкермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің композициялық құрылымен, оның мазмұнын, атрибуттарын, әдістемесін, дайындық және өткізу технологиясын анықтайды.
ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ


ПІКІРТАЛАС

Пікірталас барысында оқушылар қоғамдағы құбылыстар мен оқиғаларды, олардың себептерін терең анықтап,адамдардың әрекеттерін терең сезініп, ұғынуға үйренеді.

Пікірталастың мақсаты:оқушыларды ұжым болып пікір таластыруға, алмасуға, өз ойларын нақты жеткізе білуге, өз беттерінше ойлай білуге үйрету.

Пікірталастың негізгі мәселесі: дәлелді ой-пікірлердің айтылуы,фактілермен тұжырымдау.

САЯСИ ХАБАРЛАМА

Саяси білім берудің маңызды формасы, мемлекет саясатында болған оқиғалармен таныстыру.

Саяси шолуға арналған хабарда 1-2 жұма ішінде ел мен шетелде болған оқиғалар туралы хабар береді.

ТАҚЫРЫПТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

Белгілі бір нақтылы тақырыпқа негізделе отырып, көкейкесті мәселелерді шешуге арналған.

Дайындық жұмыстары барысында оқушылар оның жоспарын құрады. Конференцияға алдын-ала баяндама әзірленеді. Ол жазба немесе ауызша сөйлеу мәдениетін дамытуға көмектеседі.

Конференцияны өткізу барысында хабарландыру ілінеді.

Тақырыптық конференция көбінесе жоғарғы сынып оқушыларымен ұйымдастырылады. Оның жұмысын ұйымдастыру оқушылардың өздеріне тапсырылады.

БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯ-СЫ

Ол әрбір оқушыны сынып ұжымының алдында ғана емес, бүкіл мектеп оқушыларының және ата-аналарының алдында өз пікірін білдіріп сараптауға дағдыландырады.

Бұл тәрбие жұмысының түрі балаларды байқағыштыққа, оптимистік көтеріңкі көңіл күйге баулиды.



2.2. Оқушылардыңата-аналарыменпедагогикалықөзараіс-әрекеттехнологиясы
Ата-аналардың өз баларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелі орта тудыру үшін,бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс.Сол үшін де мектептін,сынып жетекшісінін ата аналармен педагогикалық жұмыс жүргізуі,оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттелінеді.

Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде «ата аналарды тәрбиелеу» деген ұғым пайда болуда.Ондағы көзделген мақсат ата аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогиқалық кеңес,оқуды ұйымдастыру,соған сәйкес олардын педагогикалық білімдерін жетілдіріп отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуынша, әр елде, сонымен қатар отандық педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сай,ата аналар балаларын тәрбиелеу барысында мұғалімдердін ақыл кеңестерін,практиқалық көмектерін аса қажет етеді.Олардын ұйымдастыруындағы ақыл кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата аналарға ғана қажет емес,сонымен бірге отбасы тәрбиелі ата аналарға да керек.Себебі,қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа талаптар қоюда.Сондықтан,ата аналарға бала тәрбиесінде біріншіден,педагогиқалық білімдерді жинақтауға,екіншіден,олардың өздерінің тәрбиелі және дамуын міндеттейді.Егерде мектеп пен ата аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірілікте ұйымдастырса,бұл шешімін табатын міндеттер.Ол мектеп тәжірибесінде мұғалімдердін ата аналармен кездесуін,ата аналар белсенділерімен жұмыс істеу,ата аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру,конференция өткізу секілді жұмыстар барысында атқарылады. [7;14]

Ата- аналармен жеке кездесу. Сынып жетекшілерінің,мұғалімдердін ата аналармен жеке кездесуі мектеп өміріне дәстүрге айналған.Оқушылардын отбасына бару,ата аналарды мектепке шакыру арқылы сынып жетекшілері олармен кездеседі.Ата аналармен әңгімелесудің барысында баланын мінез құлқы,ынтасы мен қабілеті,қызығушылығы мен бейімділігі,отбасы мүшелерімен,жолдастарымен қарым қатынасы жайлы түсінік алады.Сонымен бірге, сынып жетекшілері ата аналарды балаларынын үлгерімі,қоғамдық жұмысқа белсенділігі,кейбір қылықтары туралы мәліметтермен таныстырады.Оқушылардын күн режимі,оларды еңбекке баулу,үйге берілген тапсырмаларды орындау жайлы ата аналарға педагогикалық кеңес береді.

Ата -аналар жиналысы. Ата аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет,сыныптар бойынша төрт рет өткізіледі.Жиналысты дұрыс ұйымдастырып өткізугеата аналар комитеті мен ата аналар белсенділері және мектеп басшылыра сынып жеткешілерімен бірдей жауап береді.Ата аналар жиналыстарында оқу тәрбие жұмысы қаралады,оның сапасын жақсартудын негізгі жолдары белгіленеді.Мектеп өмірінде тақырыптық ата аналар жиналыстарын отырудын зор тәрбиелік мәні бар.Мұндай жиналыстардын мақсаты ата аналарды психологиялық педагогикалық білім мен тәжірибе жаналытарымен таныстыру,ой қорыту.Мұғалімдердін басшылығымен оқушылар көркем өнерпаздар үйірмесінін мүшелері ата аналар алдында өнер көрсетеді. [6;24]


Ата- аналар комитеті. Ата аналар жұртшылығынын тұрақты органы ата аналар комитеті.Ол мектеп ұжымымен біріге жұртшылықтын көмегін пайдалана отырып,оқу тәрбие және шаруашылық жұмыстарын жақсартудын шараларын жасайды,оларды іске асырудын барлық мүмкіншіліктерін қарастырады.Ата аналар комитеті айналысатын басты мәселелер:мектеп және сыныптар бойынша ата аналар жиналыстарын,коференцияларын,семиналарын өткізуге көмектесу; мектепке ата аналарды тарту,қатысуларын бақылау;үлгірмейтін және «қиын» баларды шефке алу,сынып жетекшілеріне көмектесу;үйірме жұмыстарын басқару;балалардын жазғы демалысын ұйымдастыру;экскурсияларды,жорықтарды,ұйымдастыруға қатысу;мектеп үйін жөндеу т.б.

Ата-аналар белсенділерімен жұмыс. Белсенділер мектептін барлық жұмысына қатысады, ата-аналармен қарым қатынас жасайды,пікір алысады,оларға көмек көрсетеді,ата аналар конференциясын және жиналыстарын,оқушылардын үйірме жұмыстарын өткізуге көмектеседі,еңбек тәрбиесін,қоғамдық пайдалы жұмысты және өнімді еңбекті ұйымдастыруда өз үлесін қосады.Мектеп үйін,спорт алаңын жөндеу жұмысына қатысады.Жеке отбасымен жұмыс істейді,бала тәрбиесіне салқын және жауапсыз қарайтын ата-аналарға ықпал жасайды,кейбір,әсіресе қиын балаларды шефке алады,оларға қажетті көмек көрсетеді. Ата-аналар белсенділері мұғалімдер ұжымынын үлкен тірегі.Сондықтан, мектеп басшылары, ата-аналар белсенділнрімен арнайы жұмыстар жүргізеді.Олар үшін семинарлар,коллоквиумдер ұйымдастырып,тәрбие үрдісі мен ұстанымдары,әдістері мен тәсілдері,баланың жасына қарай дене және психикалық даму ерекшеліктері жайлы теориялық және практикалық білімен белсенділер мүшелерін қаруландырады. [1;8]

Ата аналар үшін әңгімелер мен дәрістер. Педагогикалық және психологиялық тақырыптарға сай ата аналарға түрлі әңгімелер және дәрістер өткізіледі.Олардын мазмұны ата аналардын білім дәрежесіне,тілектері мен мүдделеріне сай болуы тиіс.Әсіресе,мектеп жайлы газет және журнал беттерінде жарияланған озат тәжірибелерге әңгімелер мен дәрістерде үлкен мән беріліп,оның күн тәртібіндегі өзекті мәселе екендігі ата аналар арасында дұрыс насихаталуы керек.Жоғары сынып оқушыларымен өткізілетін тәрбие жұмысы мазмұнын өзіндік ерекшеліктері бар.Оқушылар ғылым негіздерін игереді,адамгершілік еңбек тәжірібиесінің барысында,олардын көз қарастары қалыптасады,қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекке өзін өзі даярлауға бет бұрады.Ата аналар үшін мұндай ағартушылық жұмыс алдын ала белгіленген бағдарлама бойынша,негізінде әрбір ат аналар жиналысы бастапқы бөлімінде белгілі бір мамандарды немесе озық тәжірибелі мұғалімдерді шақыру барысында жүргізіледі.


Конференция өткізу.Отбасы тәрбиесінін басты мәселелері жайлы пікір алысу негізінде параллельді сыныптарды қатыстыру барысында ата аналарымен конференциялар өткізіледі.Конференцияға жұртшылық және еңбек ұжымдарынын уәкілдері де қатыса алады.Конференцияда талқыланатын тақырыптар күні бұрын ұсынылады.Мысалы «балаларды тәрбиелеуде мектеп пен отбасынын ынтымақтастығы».Сонымен бірге кейбір отбасында бала тәрбиесі жайлы тәрбиелер еске алынып,конференцияларда ата аналардын:”үйге берілген оқу тапсырмасын орындауда мен балама қалай көмектесемін”,”біздін отбасындағы еңбек тәрбиесі ”,”отбасында бала бос уакытын қалай пайдалану керек” сияқты баяндамалары тыңдалады.Конференция кезінде көрме ұйымдастырылып,отбасылық тәрбие тақырыптарына түрлі экспонаттарды көрсетуге болады.Олар ата аналардын үлгі істері,отбасылық тәрбие жайлы педагогикалық әдебиетер,олрадын тізімі,оқушылардын отбасындағы күн режимі,отбасы тәрбесі туралы жасалған баяндамалардын мәтіні,теле және кинофильдердін тізімі т.б. [5;45]

Ата-аналар лекторийлері.Бұлар мектептердін,балалар бақшаларының,мәдени сарайлары мен үйлерінің жанынан ұйымдастырылады.Лекторий жұмысы бір немесе екі жылға жоспарланып,онда арнаулы бағдарлама бойынша ата аналар үшін дәрістер оқылады. Облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институттары мен облыстық педагогикалық білім қоғамы лекторийлердін бағдарламасын жасап,өздерінін біріккен кеңесінін мәжілісінде бектеді, мысалы, мынадай тақрыптарды ұсынуға болады:

  1. қоғамдық және отбасылық тәрбие,олардың бірлігі.

  2. балалар мен жеткіншектерді еңбекке даярлауда, сүйген мамандығын саналылықпен таңдауда өнеркәсіп,ауыл шаруашылық өндірістерінін тәрбиелік ролі.

  3. жыныс тәрбиесі,жастарды некелік отбасылық өмірге дайындау.

Олай болса, мұғалімдермен, сынып жетекшісі және ата- аналардын өзара жағымды қарым қатынасын ұйымдастыруға сай жоғарыда аталған бес жағдайдын межеге айналуы, бала тәрбиесіндегі олардын өзара тәрбиелік ұйымдастырушылық әрекетін біртіндеп жоғары деңгейде нәтижелі болуға септігін тигізеді.

Отбасы, мектеп пен мектепке дейінгі тəрбие мекемелері, балалар жəне жасөспірімдер бірлестіктері, көше, бұқаралық ақпарат құралдары – бұлардың бəрі де тұлға дамуындағы қалыптастырушы ықпал жасайтын ерекше «тəрбиешілер» тобын құрайды. Отбасы айтқанына көндіріп тəрбиелейді; мектеп оңтайлы қылық, дұрыс көзқарас қалыптастыруға ұмтылады; балалар мен жеткіншектер ұйымдары қарым-қатынас жүйелеріне ендіреді; ал көше болса, отбасы, мектеп, əрқилы бірлестік топтар бере алмағандардың орнын толтырады. Бала осы аталған ұйымдардың өз өмірінде қайсысы басым болса, сонысын таңдайды, соның ықпал тəуелділігінде болады.