Файл: Курсты жмыс Таырыбы Бастауыш мектеп маліміні трбие жмысы Мамандыы 010300 Дене трбиесі жне спорт Тобы дм 41 о.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 20.03.2024
Просмотров: 40
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазіргі кездегі балалар қозғалысы жаңа жағдайға байланысты принциптік тұрғыдан өздерінің жұмыстарын ұйымдастыруда ерікті, өзін- өзі басқаратын қоғамдық негізде жұмыс істеуде. Әрине, бұл тұрғысында мемлекет тарапынан қолдауға ие болғанымен де, өз әрекеттері барысында олар әлеуметтік жеке мәртебеге ие болуда. Соған сәйкес, балалар мен жас жеткіншектердің өз қалауы бойынша ұйымдастырылып жатқан бірлестіктерінің мақсаттары- олардың өмір сүріп отырған қоғамның азаматы болып қалыптасуына жағдай тудыру, ол үшін олардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыруды көздейді.
Өзінің бұрынғы өткен тарихында, балалар мен жас жеткінщектер қозғалысын 20 ғасырдың бастапқы кезеңінде скауттер деген атпен тұңғыш рет дүниеге келеді. Оның негізін қалаған ағылшын полковнигі Баден- Поуэелл болды.
Скаутизм ағылшын тілінде SCOT , яғни «барлаушы» деген ұғымды білдіреді. Оны құрудағы негізгі мақсат- балалар мен жас жеткіншектерді сол дәуірдегі үстем тап өкілдеріне берілгендік рухта тәрбиелеуді көздеді.
Ал 19 мамыр 1922 жылы КСРО-да пионерлер ұйымы құрылды. Оның алдына қойған мақсаты- жас жеткіншектерді коммунистік рухта тәрбиелеу болды.
Бүгінгі жағдайда Қазақстан елі үшін қажет ететін балалар мен жас жеткіншектерді тәрбиелеуде қызмет ететін ұйымдарға- олардың қоғамдық негіздегі бірлестіктері жатады. Олар 1980 жылдардың орта шенінде пайда болып, пионер ұйымдарымен қатарласа жұмыс істеп келеді. Олардың қызметі негізінен 3 бағыты қамтиды:
-
Дамытушылық қызметі. Ол тұлғаның азаматтық, адамгершілік қалыптасуын және оның әлеуметтік, шығармашылық дамуын қамтамасыз етеді. -
Бағыттаушылық қызметі. Мұнда адамгершілік, әлеуметтік, саяси және мәдени құндылық жүйесін меңгерудің бағытын қамтамасыз етуді көздейді. -
Компенсаторлық қызметі. Бұл балалардың қажеттілігі мен қызығушылықтарын және мүмкіншіліктерін жүзеге асыру үшін жағдай тудырыды көздейді.
1.2. Мектептегі сынып жетекшісі жұмысының мазмұны мен
түрлері.
Сынып жетекшісінің бірінші міндеті жұмыс мазмұнына байланысты. Бір мақсатқа ұмтылған, ынтымақты оқушылар коллективін топтастыру сынып жетекшісі қызметіндегі басты және негізгі коллективін топтастыру сынып жетекшісі қызметіндегі басты және негізгі бөлім болып табылады. Коллективті топтастыру жұмысы актив арқылы, түрлі комиссияларды, штабтарды құру арқылы және коллективті түрде, жұмылып атқаратын жұмыстарды ұйымдастыру арқылы іске асырылады. Оқушыларды топтастыра отырып, сынып жетекшісі оқу-тәрбие міндеттерін шешуге жақсы жағдай жасайды. Сынып жетекшісі тек өзінің беделімен ғана емес сонымен қатар қоғамдық пікірді қалыптастыру жолдарымен де оқушыларға ықпал жасайды.
Балалар коллективін құру мен топтастыру – мұғалімдердің және, ең алдымен, сынып жетекшілерінің маңызды міндеті. Егер коллектив құрылса кез келген тәрбие міндеттерін шешу әлде қайда жеңіл болады. Оқушылар коллективін тәрбиелей отырып, сынып жетекшілері әр оқушының жеке басын қалыптастырады. Сынып жетекшісі оқушылардың өз әрекеттілігі мен инициативасына сүйенеді. Тәрбиеші беделі қаншама жоғары болса да, ол әрбір дұрыс ұйыммдастырылған коллективтің ықпалын ауыстыра алмайды. Табысты тәрбие жұмысынсыз коллективті топтастыру мүмкін емес. Тек коллектив арқылы сынып жетекшісі мектеп оқушыларының оқу міндеттеріне, қоғамдық пайдалы еңбекке, көзқарастарына ықпал етеді. Жақсы ұйымдасқан және топтасқан коллективтің әсерімен оқушылар саяси, адамгершілік және мәдени жағынан өседі. [20;9]
Мектеп оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасайды, ата-аналардың барлық жұртшылықты қатыстырады.
Мектеп пен ата-ананың ынтымақтастығының бірнеше формалары бар. Сынып жетекшінің ата-аналармен байланысының басты формасы сыныптың ата-аналар жиналысы. Жиналысты көптеген мәселелер қаралады, мысалы, күнделікті өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланады, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолдары қарастырылады.
Байланыс формаларының бірі – педагогикалардың оқушылар үйіне баруы. Мақсат: Оқушылардың үй жағдайымен, күнделікті өмірмен тұрмысымен танысу, оқу және тәрбиеге байланысты әр түрлі тақырыптарда ата-аналармен әңгіме өткізу, пікір алмасу.
Сынып жетекшінің ата-аналармен ынтымақтастығының тағы бір формасы – педагогикалық насихат, яғни, ата-аналарға педагогикалық білім беру. Педагогикада жан-жақты үйлесімді дамыған, адамды тек коллективте ғана тәрбиелеуге болады дейді. Баланыңжеке басы тек коллективте ғана соншалықты толық және жан-жақты дами алады. Коллектив баланың өзіндік
ерекшелігін жойып жібермейтіндігі, қайта тәрбиенің сапасына, оның мазмұнына ықпал жасайды.
Ұжым – тәрбие жұмысының ең басты формасы дұрыс тәрбие бірлігі мол, күшті, әсерлі, мықты ұжым құру арқылы ұйымдастырылады. Ұжымдағы тәрбиенің негізгі принциптерінің бірі. Ол мектепте қалыптасқан жаңа тәрбиелік қатынастарды бейнелейді.
Тәрбиенің теориялық жеке адамның қалыптасуы, ең алдымен, ол қызметте және басқа адамдармен араласу процесіндегі қатынастарға байланысты дегенді басшылыққа алады. Мектептегі алғашқы ұжымның негізгі түрі – сынып ұйымы, оқушылардың өндірістік бригадалары, сыныптанты сүйірмелер, спорт коллективтері.[6;12]
Бастауыш ұжымның ерекшелігі – ондағы барлық мүшелердің жеке байланысы, олардың арасындағы күнделікті істер және жолдастық өзара қарым-қатынас. Жалпы мектептік ұжымда оқушылардың тікелей қарым-қатынаста болуы әрқашан мүмкін бола бермейді. Кейде олар бір-бірін білмейді де. Педагогикалық ұжымның мектеп оқушыларына тәрбие ықпалы, оқушының адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы сынып жетекшісі арқылы жүргізіледі. Бұл ықпалдың тиімділігі көбіне сыныптың топтасқандығына, онда ұжымдық қызметті ұйымдастыруға байланысты. Оқу жылының басынан сынып жетекшісі сынып өміріне араласып, оның белсенді мүшесіне айналуы, әсіресе ұжымды құруды алғашқы көздерінде оқушылармен бірге көбірек болуы қажет. Сонда ғана ол сыныптың жұмысына жақсы бағыт беріп, оны басқара алады, ал оқушылар оны ең жақын адамы санайтын болады.
Ұжымды ұйымдастыру жұмыстарын оқушыларын жасып, дамуы мен тәрбиелік дәрежесін есепке алып, олардың белсенділігін және осы сынып үшін тән бірқатар басқа жағдайларды ескере отырып жүргізу керек. Тек осы жағдайда ғана оқушыларды мақсатты ұжымға топтастыруға, оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамытуға болады.
Ұжымдық істі ұйымдастыруда (оқу ісін тиімді ұйымдастыру, өнімді еңбекпен қоғамдық жұмысқа қатыстыру, түрлі қоғамдық тапсырмалар, ұжымдық ойын-сауықтарды ұйымдастыру т.б.):
- белсенділер тобын айқындау және тәрбиелеу;
- оқушылар алдына қызықты перспективалар қою;
- сыныпта жағымды дәстүрлерді қалыптастыру;
- оқушыларға қойылатын талаптардың бірлігі жүзеге асырылады.
Білімнің жоғары дәрежесі – оқу-тәрбие жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың ең маңызды көрсеткіші. Сынып жетекшісі оқушылардың білім сапасын көтеруге қамқорлық көрсетеді, оқушылардың оқуға деген
ынтасын арттырып нашар оқуда бермеуге әрекет жасайды. «Сынып жетекшісінің жұмысы туралы» методикалық нұсқау мектеп оқушыларының таным ынтасын, мүмкіндіктерін дамыту, әр оқушының психологиялық ерекшелікерін ескере отырып, мамандықты таңдату, балалардың денсаулығын қорғауға қамқорлық сынып жетекшісінің маңызды қызметі ретінде анықталған. Ал соның ішінде аталған міндетті жүзеге асыру тек педагогикалық ұжымның ғана емес, сонымен қатар сынып жетекшілерінің де күш-жігеріне негізделуі тиіс. Білімге деген құштарлықты және сүйіспеншілікті оятуда, оқу сапасын арттыруды қамтамасыз етуде сынып жетекшісі көп нәрсе істей алады. Оның күнделікті назары, талабы және барысын бақылауды – үлгерімді арттырудың маңыздың шарты.
- Оқу процесінде саналы жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Білімнің сапасы көбінесе оқуға деген ниетке, оқуға деген ниетке, оқуға көзқарасқа, ынта талпынысқа, шыдамдылыққа, зейін қоюшылыққа, белсенділікке, инициативаға, дербестікке, білуге құмарлыққа байланысты. Осы қасиеттерді қалыптастыру, оқу еңбегінің қоғамдық мәнін түсіндіру сынып жетекшісінің жұмысында үлкен орын алуға тиісті. Ол оқушыларда білімді қажетсіну сезімін тудыруға, білімді практикада қолдана білу шеберлігін қалыптастыруға, оқудың болашағын ашып беруге тырысады. [7;25]
- Сабақта үлгермеушілікті туғызатын елеулі себептердің бірі – оқу жұмысын жүйелі және жоспарлы түрде жүргізу шеберлігі мен дағдысының жоқтығы. Мұғалімдер мен сынып жетекшісінің міндеті - әрбір оқушыны оқи білуге үйрету. Әсіресе оқу жұмысындағы табандылық пән зейін жинақылығы, ойланып оқуға әдеттілігі және өз бетімен кітап оқи білу, үйге берген тапсырманы орындауда дәйектілік сияқты қасиеттерді тәрбиелеген жөн. Бұл міндеттерді сынып жетекшісі басқа мұғалімдермен бірлесе отырып шешеді. Бастысы оқу жұмысы оқушылардың жалпы дамуына ықпал
жасауына бірігіп күш-жігер жұмсап, қол жеткізуге.
- Үйге берілген тапсырманы дұрыс және уақтылы орындау оқудың тиімділігін арттырады. Әрбір оқушының күн режимі болғаны жөн және оның орындалуы қажет. Бұл міндетті орындауға сынып жетекшісіне ата-аналар және сынып активі көмектеседі.
- Оқу жұмысында өзара көмек ұйымдастыруға сынып жетекшісіне актив және жастар ұйымдары көмектеседі. Бұл жұмыс үлгірмеушіліктің, екінші жылға қалушылықтың және мектептен қалып қоюшылықтың болмауына септігін тигізеді. Сонымен қатар өзара көмек жолдастықтың, достықтың, коллективизмнің дамуына әсер етеді.
- Оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін сынып жетекшісі жалғыз емес, өз сыныбының мұғалімдерімен бірігіп шешеді. Оқу жұмысын келісіп жүргізу, оқушыларға бірыңғай талап қою, мұғалімдердің бір-біріне көмегі оқудың және тәрбиенің сапасын арттыруға көмектеседі.
Тәрбиелік ғылымилылық принципі нәтижесінде мектеп оқушыларды ғылым, техника және мәдениет дамуының қазіргі заманғы деңгейіне сай біліммен қаруландыруды қолға алып отыр. Алайда, қазір пайдаланып жүрген бағдарламаны жасау үстінде оқу пәндерінің тәрбиелік мәні бойынша комиссия мына пікірді бір ауыздан қолдады, «орта мектеп оқушыларының қолы жеткен дайындык пен даму деңгейі жағдайында, мектепте тәрбие беру мазмұнына психологиялық, педагогикалық және мәдениеттің маңызды жетістіктерінің өзін тура енгізуге мүмкін емес». Сынып оқушыларының қазіргі ғылым жетістіктері мен танысуын өзін-өзі ақтаған, көкейтесті деп тіпті де қабылдауға болмайды.
2. Тәрбие жұмысын жоспарлау
2.1. Тәрбие жұмысын жобалау процесіндегі педагогикалық және оқушылар ұжымының өзара әрекетінің әдістемесі
Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатт болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы– тұлғаың әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекетінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.
1) оқудан тыс әр тарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан – жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.[4;40]
2) сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.
3) сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушылрда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысу құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді.
4) сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Мысалы, балалар бірігіп спектакль қойды делік, онда өзара қарым – қатынас тәжірибесін меңгереді. Спорттық әрекетте балалар «бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін» деген қағиданың маңызын жетті түсінеді.
5) сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның оның формалары мен әдістерін құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда ерікті болады. Бұған қосымша, одан шығармаршылық белсенділікті талап етеді.