Файл: 20 балл Сауат ашу дістемесіні алыптасуы мен даму тарихын баяндаыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 79

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

18. Бастауыш мектептегі шығарма мен мазмұндаманың ұқсастығы және айырмашылықтарына салыстырмалы талдау жасап, баға беріңіз.

Бастауыш сыныптарда жазбаша тіл дамыту үшін шығарма, мазмұндама жазу жұмыстары арқылы іске асырылады. Мазмұндама мен шығарма балалардың сөздік қорын, ойлау қабілетін, түсінігін, өресін, жазу мәдениетін дамытуға бағытталады.

«Шығарма» деген сөздің негізінде «шығару» деген ұғым жатады (Яғни, ойдан шығару, ойлап шығару).

Бұдан шығатын қорытынды: шығармаға қойылатын талап аса күрделі, әрі маңызды болады. Бұл жұмысты мектептегі шығармашылық іздендіруге негізделген жұмыстардың күре тамыры десек те, артық емес. Шығарманың күрделілігі сол – бұл оқу процесіндегі бірден-бір жеке дара орындалатын жұмыстардың түрі. Қарастырылатын мәселе, жазатын тақырып біреу болса да, әр оқушы оны өзінше жеткізеді, яғни тілі, пікірі, қорытыныдысы сол көркем туындыны не кейіпкерді қабылдау дәрежесіне байланысты. Дегенмен шығармаға қойылатын негізгі талаптарды мұғалім оқу кабинетіне «Жазба жұмыстарына байланысты нұсқаулар» деген атпен (басқа да тақырып алу әр мұғалімнің өз еркі) жазып қоюдың тиімділігі зор.

Шығарма жазуда басшылыққа алынатын дүниелер:

1. Таңдаған тақырыбыңды әбден ойлап алу керек

2. Жоспар тақырыпқа байланысты нақты жасалу керек

3. Эпиграф алынуы керек. Ол тақырып пен негізгі идеяны ашуға сәйкес алынады.

4. Пікірлердің,ойдың, жазатын негізгі мәселелердің реті мен жүйесін сақтау қажет

Шығармадан ізденілетін кемшіліктер:

А) Тақырыптан ауытқушылық

Ә) Кіріспенің тұжырымды, бірақ шығарманың қалған бөлімдерінің де дұрыс, нақты жазылуына бағыт, бағдар беретіндей болмай қалуы

Б) Пайымдауың, дәйек сөзің, салыстыруың негізгі пікірге байланысты алынбай қалуы.

В) Қосымша материалдарды, ғылыми еңбектерді пайдаланғанда, авторы, кітаптың аты, беті айқын жазылмай қалуға болмайды

Г) Негізгі болімнің толық, әрі дәлелді келуімен қатар, шығарманың ең басты пікірлері осында болатындығын ескеріп жүру керек.

Д) Қорытындың негізгі пікіріңнің төңірегінде жазылуы шарт. Оған ерекше назар аудар. Себебі түйін,соңғы пікір-жұмысыңның нәтижесі осында көрінеді.

Тақырыбыңа байланысты материалды алдын ала дайында,ізде,оларды іріктей отырып,ең негізгісін сұрыптап ал.


Шығарманың тіліне, стиліне аса жауапкершілікпен қара:

а) Сөйлемдердің тиянақты,ойлы болсын. Шұбалаңқылықтан сақтан.

ә) Әдемі айшықты сөздерді пайдалан. Бұл - шығарма, сондықтан оның тілі де төгіліп тұруы қажет.

б) Мақал-мәтел, сөз тіркестерін не әдемі сөз оралымын пайдаланғың келсе, алдын ала оны жазып алуға болады. Сонан соң керегіңді пайдаланасың. Емілелік сөздіктер жаныңда болсын, сауаттылық - шығарма үшін ең маңызды мәселе. Жазу мәдениетіне де ерекше ден қой: таза, ұқыпты жаз әрі әрбір әрпің айқын, еркін оқуға жарайтындай болсын, әрі жазуың көркем түссін.

Балалардың сөздік қорын дамытудағы жұмыстардың бірі – мазмұндама.

Мазмұндама мәтіндеріне қойылатын мынадай талаптар бар:

Бастауыш мектеп оқушыларына мазмұндама алдымен дайын мәтін бойынша жаздырылады. Бірақ мазмұндамаға алынатын мәтінге өте жауапкершілікпен қарау қажет. Өйткені жұмыстың нәтижесі көбіне мәтінді дұрыс таңдап ала білуге байланысты.

Мазмұндама мәтіндері жеңіл әңгімелерден басталып, бірте-бірте қиындай түседі. Бастауыш сынып оқушыларына арналған мазмұндама мәтіндерінің тақырыбы оларды адамгершілікке, достыққа, ерлікке, еңбекке, Отанын шексіз сүюге тәрбиелейтіндей; мазмұны белгілі бір сюжетке құрылған, оқиғасы тартымды, әр сыныптағы балалар ұғымына лайық болғаны дұрыс. I-II-сыныптарда мәтіннің әңгімелеу түрінде болғаны дұрыс, өйткені баяндау, хабарлау түріндегі мәтін балаларды жалықтырып жібереді.

Дайын мәтін бойынша мазмұндама жаздырудың өзі, белгіліден белгісізге, женілден ауырға деген қағидамен бірнеше сатыға бөлінеді. Сонымен қатар мәтіндегі түсініксіз сөз саны да есепке алынып отырады.

Мәтінде кісі аттары көбейіп кетсе, балалар мәтіннің мазмұнын дұрыс түсіне алмай қалады да, оны жазып бере алмайды.

II сыныпта мазмұндаманың бұл түрі, балаларды жоспар жасауға үйрету үшін, бірге-бірте қиындатып пайдаланылады. Мысалы, II сыныпта «Ақ қошақан» әңгімесі бойынша мұғалім мазмұндама жаздырады.

Мақсаты: 1. Балаларды ойларын жүйелі түрде жазып беруге үйретеді.

2. Мәтін мазмұн реті мен түрін сақтай отырып жазуға дағдыландыра түседі.

3. Балалардың жануарларды жақсы көріп, күту сезімдерін тәрбиелейді.

Сабаққа ойыншық қошақан, шүберек, бір тілім нан, бір уыс шөп, су құйылған стакан әкелген дұрыс.

Ақ қошақан

Ақ қошақан енесімен бірге өріске шығатын. Ол өрістін дәмді шөбіне тойып, секіріп ойнақтайтын.

Бір күні ақ қошақанның екі алдыңғы аяғы ақсап қалды. Ол енді жүре алмайтын болды.

Серік оған шөп жұлып әкеліп берді, нан берді, су берді. ІІІүберекпен аяқтарын таңып қойды. Көп кешікпей-ақ қошақанның аяқтары жазылды. Ол өріске кетті.


Сұрақтар:

1 Ақ қошақан не істеуші еді?

2 Ақ қошақан неліктен өріске шыға алмады?

3. Ақ қошақанды Серік қалай күтті?

4. Серіктің ісіне қандай баға берер едіңдер?

5. Сендер мұндай жағдайда не істер едіндер?

Сонымен бірге бар сюжетке салынған, не оқылған мәтінді бейнелейтін бірнеше суреттің орнын ауыстырып беріп, мәтін бойынша түзеттіруге, соңында мәтіннің де, суреттердің де орнын ауыстырып беріп түзеттіруге болады. Бұл жұмыс балаларға оқиға желісін аңғаруға, әңгіменің мазмұнын жүйелеп айтуға көмек етеді.

Шығарма – оқушының білім деңгейін көрсететін шығармашылық жұмыс. Бұндай жұмыстар оқушыларға кең ойлауға, ойын дәлелдей алуға, өзіндік көзқарасын нақтылауға үйретеді.

Мазмұндама дегеніміз – белгілі бір шығарманың (мәтіннің) мазмұныны ауызша немесе жазбаша түрде баяндап беру. Бұл оқушылардың алған білімін тиянақтап, тілін дамыту мақсатын көздейді.

19.Оқушыларды жаңа дыбыспен, әріппен таныстыру тәсілдеріне баға беріп, мысалмен негіздеңіз

20.Сауат ашу кезеңіне арналған оқу материалдарының құрылысы мен мазмұнына талдау жасап, баға беріңіз.