Файл: 20 балл Сауат ашу дістемесіні алыптасуы мен даму тарихын баяндаыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 82

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Логикалық ойлауды дамытудың кестесі арқылы тіл дамыту жолдарының кестесін жасауға болады.

2. Жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес сауат ашу пәні бойынша ҚМЖ көзқарасыңызды мысалмен дәлелдеңіз

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсаты – білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі:

1. Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі. Яғни пән мазмұны қарапайымнан күрделенуі.

2. Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы;

3. Бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі

4. Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру;

5. Оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру

6. Білімберу деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою;

7. Бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы;

8. Оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу)

Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ- ны қолдану , коммуникативті қарым–қатынасқа түсу, жеке, топта, жұпта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықпен қолдана білу.

БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ

• БЖБ саны оқу бағдарламасына сәйкес анықталады

• БЖБ өткізу ұзақтығы 15-20 минуттан артық болмағаны ұсынылады. 15-20 минуттық шектеу – шартты болып келеді, бұл – сабақтың бір бөлігін қамтитын, шағын тапсырмалардан тұратын бағалау жұмыстарын қолдану қажет екендігін көрсетеді.

• БЖБ-ды қандай түрде (бақылау, практикалық, шығармашылық жұмыс, проект, ауызша сұрау, эссе және т.б.) және қай сабақта өткізетінін мұғалім өз бетінше анықтайды


• БЖБ тапсырмаларын құрастыру кезінде тек өтілген материалдарды ғана қамту керек

• БЖБ үшін тапсырмалар мен дескрипторларды мұғалім өз бетінше құрастырады (әдістемелік нұсқаулықта берілген тапсырмаларды қолдануға рұқсат етіледі)

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ

•Тоқсандық бағалау жұмыстарын және балдарды қою кестесін әзірлеу бір параллельдегі

барлық сыныптар үшін біркелкі Тест спецификациясы негізінде жүзеге асырылады

•Тоқсандық жиынтық жұмыстар әр түрлі болуы мүмкін (тест, сынақтар, бақылау

жұмысы және т.б.)

•Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу кестесі мектеп директорының бұйрығымен

бекітіліп, тоқсан басында ата-аналар мен оқушылардың назарына жеткізіледі.

•Тоқсандық жиынтық жұмыс бір параллель үшін бірдей жағдайда өткізіледі

•Тоқсандық жиынтық бағалауды қайтадан орындауға (көшіруге) болмайды


3.Бастауыш мектептегі қазіргі жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес сауат ашу сабағының мазмұны мен құрылымына баға беріңіз.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы оқушының сөйлеу әрекетінің төрт түрін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Бұл сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша түйінді дағдылар оқу жоспарында «спиральді» тәсілмен берілген. Қарапайымнан күрделіге қарай, бірте-бірте білім, білік пен дағдылары кеңейтіліп қалыптасады. Оқу мақсаттары оқушылардың зерттеу дағдыларын, қарапайым бақылауға тәжірибе арқылы білімі қалыптасуына, алған білімін қайта өмірде қолдана білуіне бағытталған. Оқушы бойында әлеуметтік дағдылар, жалпы білімнің іргетасы, танымдық белсенділігі, жүйелі оқу әрекетінің қалыптасуына бастауыш сынып оқу бағдарламаларында көңіл бөлінген.

Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ-ны қолдану, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдана білу. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі – спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттарының жүйесін талқылау барысында көз жеткіздік. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалдық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты балдары бойынша өлшенеді.

4. Дауысты және дауыссыз дыбыстан басталатын сөз ойлап, сөйлем құрап, оған грамматикалық талдау жасаңыз.

Сөйлемге грамматикалық (морфологиялық+синтаксистік) талдау.

1) Синтаксистік талдау:

Келе жатқан – баяндауыш (не істеген)

Кестелеп тігу – бастауыш (не?)

Адам (ның) – анықтауыш (кімнің?)

Бейнесін,тұлғасын – толықтауыш (несін?)

Халқымызда – толықтауыш (немізде?)

Бұрыннан – пысықтауыш (қашаннан?).

2) Морфологиялық талдау:

1.Адам – түбір сөз (зат есім).

2.Бейнесін

Бейне – түбірі (зат есім),+сі – тәуелдік жалғауының ІІІ жағы,+н – табыс септігі жалғауы.


3.Тұлғасын

Тұлға – түбірі (зат есім),+сы – тәуелдік жалғауының ІІІ жағы,+н – табыс септігі жалғауы.

4.Кестелеп

Кестеле – түбірі (етістік),+п – көсемше жұрнағы.

5.Тігу

Тіг (к) – түбірі (етістік),+у – тұйық етістік жұрнағы.

6.Халқымызда

Хал(ы)қ – түбірі (зат есім),+ымыз – тәуелдік жалғауының І жағы,+да – жатыс септк жалғауы.

7.Бұрыннан

Бұрын – түбірі (үстеу),+нан – шығыс септік жалғауы.

8.Келе

Кел – түбірі (етістік),+е – көсемше жұрнағы.

9.Жатқан

Жат (жатыр) – түбірі (қалып етістігі),+қан – есімше жұрнағы.

Грамматикалық талдау мазмұны жағынан фонетикалық, морфологиялық синтаксистік немесе аралас тал­дау болып бөлінеді. Көлемі жағынан толық немесе ішінара талдау болады.

Фонетикалық талдауда балалар дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады, жазылған сөздердегі дауысты, дауыссыз дыбыс әріптерінің астын сызып қояды, сөздің ауызша және жазбаша буын жігін, дыбыс құрамын ажыратады. Сөздердегі жеке-жеке дыбыстарды мүлтіксіз айыра білу арқылы әріп қалдырмай жазуға төселеді.

Морфологиялық талдауда ауызша сөйлемдердегі затты, заттың белгісін, қимылын көрсететін сөздерді, тапқызу, жазбаша мәтіннен сондай сөздердің астын сызғызу, олардың сұрауларын ауызша, жазбаша қойғызу сияқты жұмыстар жүргізіледі. Оқушылар сөйлем мүшелерінің қай сөз табы екендігін және олардың формасын (жекеше, көпше, тәуелдік, септік, жағы, шағы) айырады.

Мысалы, Біздер қалаға машинамен тез жеттік деген сөйлемді балалар былайша жазады: біздер — жіктеу есімдігі, I жақ, көпше, бастауыш. Қалаға — зат есім, жалпы есім, жекеше, барыс септік, толықтауыш. Машинамен — зат есім, жалпы есім, жекеше, көмектес септік, толық­тауыш. Тез — үстеу, пысықтауыш. Жеттік — етістік, өткен шақ, 1 жақ, көпше, баяндауыш, схема бойынша.

5. Өрнек, жас, бет, қай сөздерінің бір дыбысын өзгерту арқылы бірнеше сөз жасап, жуан және жіңішке дауысты дыбыстарын бөліп грамматикалық талдау жасаңыз.

Өрнек –оркен,корме

Жас-қас бас тас лас

Бет-бер бар жет кет жат

Қай сай лай тай бай

6. Ж ж дыбысы мен әрпі түсіндіріңіз.


Ж дыбысы туралы бейнежазба көрсетемін. Жеті сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз Ж дыбысы –ұяң дауыссыз дыбыс. Жасалуына қарай – тіл алды дауыссыз. Айтылуына қарай –ызың дауыссыз.

«Топтастыру» әдісі 1.Ж дыбысынан келетін сөздер айту. 2.Сөздерді буынға бөлу. 3. Ж дыбысын дауысты және дауыссыз екенін ажырату.

Ж-Жалау Жүгері Жапалақ Жеміс ЖЖантақ Жаға

Сөздікпен жұмыс: 1.Хормен оқу 2.Тізбектей оқу жаға жалау жасыл жақсы жылтыр жарыс жаса жасау жайлау жаман жауын Жарас

7,.Көп мағыналы сөздерге мысалдар келтіріп, сөйлемдер құрау арқылы оқушылардың ойлау дағдыларын (білу, түсіну, қолдану) қалыптастыруды талқылаңыз

Көп мағыналы сөздер бір сөз табынан болады және бір негізден таралады. Мысалы, адамның немесе жан-жануардың көзі, иненің көзі, терезенің көзі, бұлақтың көзі, білімнің көзі, істің көзі. Осы тіркестердегі «көз» сөзі – бір негі зден тараған зат есім

1 Бас адамның,бұлақтың,шөптің,балтаның,орманның

2.Көз адамның,бұлақтың иненің білімнің,жұмыстың

3.Аяқ адамның,орманның,өзеннің,бұлақтың

4.Терең шұңқыр,ой,білім

5.Тіс адамның,тарақтың

6.Жаға көйлектің,өзеннің,көлдің

7.Бет адамның,кітаптың,судың,жер

8. Даярлық кезеңіндегі оқу материалдарының жоспарлану үлгісін дайындап, бағалау критерийлеріне баға беріңіз.

Әліппеге дейінгі кезеңнің мақсаты – оқушыларды сауат ашуға даярлау. Сондықтан да оны «даярлық кезеңі» деп те атайды. Жалпы сауат ашудың нәтижелі болуы даярлық кезеңінде жүргізілетін жұмыстардың мейлінше сапалы болуына байланысты. Демек, сауат ашуға даярлық жұмыстарын дұрыс ұйымдастырып, ұқыпты жүргізуге баса назар аударылады. Республика мектептерінде жүргізілетін эксперимент нәтижелері балаларды оқу жұмысына төселдіру мен машықтандырудың ең бір қиын тұсы – сауат ашудың даярлық кезеңі екенін көрсетеді.

Мұның өзі мұғалімнен үлкен педагогтік шеберлік пен ұстаздық ұстамдылықты талап етеді.

Сауат ашудың даярлық кезеңіне оқу бағдарламасы бойынша екі апта (14 сағат) бөлінеді. Аталған мерзім ішінде сауат ашудың кезеңінде орындалуға тиісті міндеттер түгел жүзеге асырылуға тиіс. Мұның ең алғашқысы – 1-сыныпқа оқуға келген балаларды мектеппен таныстырып шығу. Ол мынадай тәртіппен жүргізіледі: а) мектеп үйін, ондағы сынып бөлмелерін, оқушыларға арналған ойыншықтар бөлмесін, спорт залын, шеберхана, кітапхана, асхана, мектеп ауласы т. б. осы сияқты орындарды көрсетіп, олардың өтейтін қызметін айту;