Файл: 20 балл Сауат ашу дістемесіні алыптасуы мен даму тарихын баяндаыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 78

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

20 балл

1.Сауат ашу әдістемесінің қалыптасуы мен даму тарихын баяндаңыз

Сауат ашу әдістемесі – кештеу қолға алынып, кенжелеу дамыған ғылымның бірі. Оның ғылым ретіндегі қалыптасуының негізі А.Байтұрсынұлының есімімен байланысты. Сауат ашу әдістемесін арнайы зерттемесе де, Т.Шонанұлы, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев еңбектерінің де жас ғылымның бұғанасының қатаюына үлес қосқаны даусыз.

Кейінірек қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеушілер Қ.Жұбанов, Ғ.Бегалиев, С.Жиенбаев, Ш.Сарыбаев, И.Ұйықбаев өз еңбектерінде бұл мәселеге тоқталып, үлкен мән бергенін атау орынды.

Қазақ бастауыш мектебіндегі сауат ашу әдістемесін алғаш жазған ғалым – М.Қ.Жұбанова. Оған ғалымның 1965 жылы «Мектепте сауат ашудың методикасы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғауы дәлел. Ғалым С.Рахметова «Қазақ тілін оқыту методикасы», «Қазақ тілін оқыту әдістемесі», «Қазақ тілі әдістемесінің теориясы мен технологиясы»оқу құралдарында сауат ашу әдістемесін арнайы бөлім ретінде қарастырады. Сауат ашу әдістемесі бүгінгі күндері жаңа бағыттағы еңбектермен (Жұмабаева Ә.Е., Молдабекова Н.) толыға түсуде.

«Сауат ашу әдістемесі» пәнінің мазмұнында сауат ашу әдістемесінің теориялық негіздері (яғни «Сауат ашу әдістемесі» пәні және оның нысаны, мақсат-міндеттері, мазмұны, басқа ғылым салаларымен байланысы, зерттеу әдістері; сауат ашу әдістемесінің қалыптасуы мен дамуы және оның лингвистикалық, педагогикалық және психофизиологиялық негіздері); сауат ашу үдерісі (сауат ашудың мектептегі оқу-тәрбие жұмысы жүйесіндегі маңызы; сауат ашу пәнінің оқыту аясы; «Сауат ашу» пәні оқу бағдарламасының мазмұны; «Сауат ашу» пәнін оқыту мерзімі; сауат ашу үдерісі және кезеңдері; сауат ашу кезеңіндегі оқу-тәрбие міндеттері; сауат ашуға қажетті құрал-жабдықтар); сауат ашу әдісі (сауат ашу әдісі туралы ұғым; дыбыстық талдау-жинақтау әдісі; бастапқы оқуды қалыптастыру: буындап оқу, тұтас сөзді дауысты дыбысқа бағыттай оқу; сауат ашуға арналған оқу-әдістемелік топтама); жазуға үйрету әдістемесі (жазуға үйрету әдіс-тәсілдері; жазуға қойылатын талаптар; бастапқы жазуға үйрету, оның мазмұны мен міндеттері, қазіргі «Жазу дәптерлеріне» сипаттама; оқушылардың каллиграфиялық талапқа сай жазу дағдысын қалыптастыру; көркем жазуға үйрету); сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары (сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының теориялық негіздері; «Әліппені» оқыту барысында жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының әдістемелік ерекшеліктері; сауат ашу барысындағы тіл дамыту жұмыстарының үлгілері) қарастырылады.


Сауат ашу әдістемесі педагогика, психология, лингвистика ғылымдарымен тығыз байланысқа түсіп, жеке тұлғаның қалыптасуының белгілі бір аспектілерін қарастырады.

«Сауат ашу әдістемесі» пәнінің мақсаты – сауат ашу әдістемесінің теориясынан студенттерге жүйелі білім беру, сабақ жүргізу әдіс-тәсілдерін меңгерту.

Осы мақсатқа жету мынадай міндеттерді көздейді:

сауат ашуға байланысты практикалық іскерлік пен дағды қалыптастыруға негіз болатын теориялық және практикалық мағлұматтар беру;

оларды пәннің танымдық, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарын іске асыруға дайындау;

сауат ашудың әдіс-тәсілдерін меңгерту.

2. Сауат ашудың 3 кезеңіне нақты сипаттама беріңіз.

1. Әліппеге дейінгі кезең: сөздің дыбыстық құрамын бағдарлай білу, саусақтарын жазуға даярлау (әр түрлі сызықтар, өрнектер мен таңбалар сыздыру), сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

2. Әліппе кезеңі: әріптердің баспа және жазба түрлері, бас әріп пен кіші әріп, сөздің дыбыстық-буындық құрылымын модельдеу, сөзді буындап оқу және тұтас сөзбен оқу; сөйлемдерді, мәтіндерді оқу; әріптерді жазу, сөз ішіндегі әріптерді бір-бірімен дұрыс қосып жазу; сөз, сөйлем жазу; мәтінмен жұмыс жүргізу (сұрақтарға жауап беру, оқығанын мазмұндау, мәтін құрастыру).

3. Әліппеден кейінгі кезең: сөз, сөйлем, мәтін оқу және жазу; дауысты және дауыссыз дыбыстар, сөз таптары туралы алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгеру (заттың атын, қимылын, сынын, санын білдіретін сөздер); сөйлемнің бірінші сөзін бас әріппен жазу, кісі аттары, жер-су атаулары және үй жануарларына қойылатын аттарды бас әріппен жазу.

3.Бастауыш мектепегі сауат ашу сабағының мақсаты мен міндеттеріне тоқталыңыз.

Бастауыш мектептерде сауат ашу әдістемесі – қазақ әдеби тілінің маңызын, әдіс – тәсілдерін, амалдарын, оқушыға Әдебиеттік оқунен білім берудің, оны меңгертудің жолдарын үйрететін ғылым. Мұғалім Әдебиеттік оқунен теориялық білім беру арқылы оқушының өзін қоршаған ортаға көзқарасын қалыптастырады, Отанына шын берілген нағыз патриот, азамат етіп тәрбиелейді.Ондай дағды мен білік, тәрбие беру қазақ тілін дұрыс оқыту арқылы іске аспақ.

«Бастауыш сыныпта сауат ашу әдістемесі » – ғылыми-теориялық білім беруді мақсат ете отырып, оның болашақта зерттелуге тиіс проблемаларына байланысты студенттерді ғылыми ізденіске баулуды өзінің міндеті деп санайды.

«Бастауыш сыныпта сауат ашу әдістемесі» пәнінің міндеті – студенттерге теориялық және тәжірибелік тұрғыда білім беру, яғни, сөз және ұғым, мағына, сөз мағынасы, оның даму жолдары, құрылымдық түрлері, сөздік құрамның толығу жолдары, кірме сөздер, олардың алатын орны, шығу тегі, семантикалық сипаты, жалпы тіл білімінде тілдік категориялардың зерттелуіндегі әлі толық ашылмаған жайттарға студенттердің назарын аудару. Студенттердің сауат ашу пәнінен алған білімін қайталап еске түсіре отырып, бір ізге салу. Бастауыш мектептерде сауат ашуға қойылатын ғылыми - әдістемелік талаптар. Сауат ашу әдістемесі – Әдебиеттік оқун ұғынудың заңдылықтарын және тіл туралы білімді оқушыларға үйрету жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогикалық ғылым екендігі. Білім беру жолдары мен құралдарына: 1) мақсатты түрде іріктеліп алынған тілдік материал 2) оқу жұмысын ұйымдастыру; 3) оны үйрету әдістері жататындығы туралы түсіндіру.


4.Тақпақ жаттауда қолданылатын әдістерге сипаттама беріңіз

Өлең жаттауды мейлінше ертерек қолға алған дұрыс, кем дегенде айтатын күннен 2-3 күн бұрын жаттай бастасаңыз, сол күнге сақадай сай тұрасыз. Алдымен өлеңді бірнеше рет дауыстап оқып алыңыз. Одан соң оқиғаның ішіне еніп, әр картинаны көзге елестетіп, мәнін ұғыныңыз. Өлеңде бас кейіпкер болса, оның орнына өзіңізді қойып немесе ақынның не айтқысы келгенін түсінуге тырысып, жан дүниесіне үңіліңіз. Өлеңді көшіріп жазып алсаңыз, көз алдында елестеп, тағы бір есте сақтау жолы арқылы қабылдайсыз. Енді жазып алғаныңызды тағы бір рет дауыстап оқи отырып, миыңызға тоқып алыңыз. Содан соң жаттауға көшеміз. Бірінші шумағын бірнеше рет оқып, қайталап, есіңізде сақтаңыз, келесі шумақтарын да осылай бір-бірден қосып отырыңыз. Қосымша қағазға әр жолдың бірінші жолын жазып қойыңыз. Барлық шумақты есте сақтағаннан кейін, ұмытып қалсаңыз, қарап алуға болады.

5. Әліппенің құрылысы мен мазмұнын сипаттаңыз

Әліппе" пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 6 сағаттан, барлығы І жартыжылдықта 96 сағатты құрайды.

7. Оқу пәнінің мазмұны:

1) қазақ тілінің дыбыстық және әріптік жүйесінен;

2) негізгі тілдік бірліктерден (дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін);

3) қазақ тілі бойынша қарапайым грамматикалық дағдылардан;

4) орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалардың қарапайым түсініктерінен құралады.

8. "Әліппе" пәнін оқыту екі кезең бойынша (әліппеге дейінгі кезең – 12 сағат, әліппе кезеңі – 84 сағат) ұйымдастырылады.

9. "Әліппе" пәнінің мазмұны І жартыжылдықта "Әліппе" оқулығы (әліппеге дейінгі және әліппе кезеңдері) арқылы жүзеге асырылады.

10. Әліпбидегі әріптер мен әрбір әріптің дыбыстық мәнін, қарапайым тілдік ұғым мен түсініктерді меңгертудің реті мен көлемі:

1) 1-тоқсан: тілдік ұғымдар туралы қарапайым түсінік (сөйлеу дағдылары) (әліппеге дейінгі кезең) – 12 сағат;

а, р, л, у, н, бекіту (2 сағ) – 12 сағат;

с, о, т, қ, ы, з, м, е, д, ш, ұ, бекіту (2 сағ) – 24 сағат;

2) 2-тоқсан: б, й, к, і, ң, ғ, ж, ә, п, ү, бекіту (3 сағ) – 24 сағат;

ө, г, и, я, ю, х, h, щ, в, э, Ұ, ц, ф, ч, ь-ъ, әліпби – 2 сағ, бекіту (4 сағ) – 24 сағат.

Ескерту: ң – 3 сағат, я, ю, х, һ, щ, в, э, Ұ, ц, ф, ч, ь-ъ 1 сағаттан; қалған дыбыс пен әріпке 2 сағаттан беріледі. Әріптер оқу бағдарламасында берілген ретпен оқытылады.

11. Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттері:

1) оқу әрекетіне қызығушылығын ояту;


2) сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы қарапайым түсінік қалыптастыру;

3) сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс сызба-модельдерін ажырату және қолдану дағдыларын қалыптастыру;

4) сөзге дыбыстық талдау жүргізу: сөздегі буын санын анықтау, сөз ішіндегі дыбыстарды екі, үш буынды сөзбен анықтау; дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату;

5) жазуға дайындық кезеңінде - қолдың ұсақ моторикасын дамыту (бояу, сурет салу, түрлі бағытта сызықтар жүргізу, сұлба салу, әріп элементтерін жазу).

6) тыңдай білуге және сұрақты түсінуге, сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйрету.

Ескерту: тыңдау материалының көлемі 10 сөйлемнен, өлең шумақтары 3-тен аспауы керек.

12. Әліппе кезеңінің міндеттері:

1) қазақ әліпбиінің дыбыс пен әріптерін таныту, дыбыстардың айтылуына жаттықтыру;

2) дауысты және дауыссыз дыбыс түрлерін ажыратуға жаттықтыру;

3) әріптердің баспа және жазба түрлерін үйрету;

4) дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрауға, жазуға, оқуға үйрету;

5) дұрыс, үзбей, буындап оқу дағдыларын қалыптастыру;

6) көркем жазу дағдыларын қалыптастыру;

7) сөздік қорын байыту, өз ойын жеткізе білуге үйрету;

8) негізгі тыныс белгі түрлерін (нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі) қолдана білуді қалыптастыру;

9) ұлттық рухани құндылықтарға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

Ескерту: І жартыжылдық бойынша жазба жұмыстарының көлемі: әліппеге дейінгі кезеңде графикалық диктант – 1-3 таңба, әліппе кезеңінде әріптік диктант – 3-5 әріп, буын диктанты – 3-6 буын, сөздік диктант – 2-5 сөз, диктант – 3-12 сөз. Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі мен қажеттілігіне орай айқындайды. Жазба жұмыстарын күнделікті жүйелі ұйымдастыру ұсынылады.

13. "Әліппе" пәнінің базалық білім мазмұны.

14. Тыңдалым мен айтылым:

1) мұғалімнің, өзге білім алушылардың сөзін тыңдай білу, тыңдалым мәнін түсіну, сұраққа дұрыс әрі нақты жауап беруді қалыптастыру; коммуникативтік мақсаттарына сәйкес қарым-қатынас дағдыларын дамыту;

2) ертегі айту; өлең, санамақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақты жатқа айту;

3) дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білуді; буын, сөзді буынға бөлу; дауысты дыбыстардың буын құрау дағдыларын қалыптастыру;

4) дыбыстың әріппен жазылуын; сөздің дыбыстық және әріптік құрамының сәйкестігін/ сәйкес еместігін анықтау;

5) сөздік қорын байыту; сөзді тіркестіре білу, сөйлем және шағын мәтін (сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрау; көрген-білгені, естігені туралы әңгімелеу) құрай білу;


6) сөз әдебінің формаларын қолдану (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу).

Ескерту: Тыңдалым материалының көлемі: 30 сек - 1мин.

15. Оқылым:

1) сөздер мен сөйлемдердің құрылымын сызба арқылы түсініп, тани білу (сөздегі буын санын, сөйлемдегі сөз санын анықтау);

2) сөздің мағынасын, сөйлемде айтылған ойды түсіну;

3) қазақ тіліндегі жұп дыбыстардың (а-ә, о-ө, ұ-ү, ы-і, л-р, н-ң, с-з, с-ш, ж-ш, п-б, к-қ, г-ғ) ерекшеліктерін тану, өзге тілден енген сөздерде кездесетін дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;

4) сөйлемді (2-6 сөз), мәтінді (4-10 сөйлем) түсініп, дауыстап оқу;

5) буындап оқудан сөзді үзбей, толық оқуға үйрету.

Ескерту: оқуға берілген мәтіннің көлемі әліппе кезеңінің басында 4-6 сөйлемнен, соңында 10 сөйлемнен аспауы керек. Әр сөйлемдегі сөздердің саны 2-6-дан аспауы керек.

16. Жазылым:

1) жазуға дайындық (дұрыс отырғызу, жарықтың дұрыс түсуі, дәптердің көлбеу орналасуы және жазу кезінде қарындаш/қаламды ұстай білу); парақтағы кеңістікті бағдарлай білуді қалыптастыру (жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жазу жолының жоғарғы және төменгі сызықтары мен тік көлбеу сызықтардан шықпау); сурет салу, штрихтау, бастыра жазу, әріп элементтерін жазу;

2) сурет бойынша сөйлем құрастыру, берілген сөздерден сөйлемдер құрастыру, сөйлемдегі сөздердің санын анықтау, сөйлемдердің графикалық модельдерін құру;

3) көркем жазу нормаларын сақтай отырып, әріп элементтерін, бас және кіші әріптерді, буын, сөз, сөйлемді және оларды байланыстыра жазу;

4) сөйлемнің басындағы сөзді бас әріптен жазу, сөйлем ішінде сөздердің бөлек жазылуы, сөйлемнің соңына тыныс белгісін қою;

5) қарапайым сұрақтарға жазбаша жауап беру, сюжетті суретке қарап мәтін құрастыру;

6) қатесіз, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.

6.Фонетика сөзінің мәні мен маңызын түсіндіріңіз.

Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс. Фонетика – тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.

Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады.