Файл: 20 балл Сауат ашу дістемесіні алыптасуы мен даму тарихын баяндаыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 81

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Осыған байланысты қазіргі Фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады.

Дыбысты зерттейтін бейтілдік ғылыми пәндермен салыстырғанда фонетика дыбыстық құбылыстарды тілдік қарым-қатынас үшін қажетті сөздер мен сөйлемдердің материалдық тұрпатын жасаушы тілдік жүйенің элементі ретінде қарастырады. Тілдің дыбыстық жағы мұндай қызметтен ажырап қалса, түсініксіз болады. Тіпті сөз ағымындағы жекелеген дыбыстардың өзі тілдің мазмұндық бірліктерімен байланыста, яғни фонеманың өкілі (варианты, аллофоны) ретінде ажыратылады. Мысалы, майсөк сөзі мәйсөк түрінде берілгенмен, алғашқы буындағы фонема а болады,себебі қазақ тілінде май деген түбір бар да, мәй деген түбір жоқ. Бүгінгі тіл білімінде фонетика сөзінің кең және тар мағынасы қалыптасқан. Кең мағынада фонетика тіл дыбыстарын зерттейтін ғылымның бір саласы, ал тар мағынада тіл дыбыстарының сөз ағымындағы, дыбысталған сөздегі көріністері мен әр түрлі құбылыстарын зерттейтін бөлімі дегенді білдіреді. Кең мағынадағы тіл ғылымының бір саласы ретінде фонетика жалпы және жеке немесе жекелеген тілдердің фонетикасы болып бөлінеді.

7.Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар және олардың бөліну жолдарын сипаттаңыз

Дауыссыз дыбыстар — тек салдыр немесе салдыр мен үн қатысы арқылы жасалатын, буын құрай алмайтын дыбыстар. Дауыссыз дыбыстарды айтқанда көмейде кедергіге ұшырмаған фонациялық ауа ауыз қуысына күшті қарқынмен келеді. Ауыз тар ашылғандықтан, көмей арқылы келген қарқынды ауа әр түрлі артикуляциялық мүшелермен соктығысады. Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п,р, с, т, һ, ф, х, ц, ч, ш, у, Бұлардын ішінде һ дауыссызы кейбір шығыс сөздерінде, в, ц, ч дауыссыздары негізінен орыс тілі арқылы кірген халықаралық сөздерде, қалған 20 дауыссыз қазақтың байырғы сөздерінде қолданылады

Дауыссыз дыбыстар дауыс қатынасына қарай үшке бөлінеді:

Қатаң дауыссыздар (глухие согласные) — дауыс шымылдығы қатыспай, тек салдырдан жасалатын дауыссыз дыбыстар: п, к, қ, т, с, ф, х, ц, ч, ш щ;

Ұяң дауыссыздар (звонкие согласные) — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын, салдыр мен үн тең болатын дауыссыздар: б,в, г, ғ, д, ж, з;

Үнді дауыссыздар (сонорные согласные) — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын салдырға қарағанда үн басым дауыссыздар: р, л, м, н, ң, у.

8.Орфографиялық жаттығулардың түрлерін атаңыз.


Жаттығу жұмыстарының жүйесіне қарай материалды таңдауға қойылатын талаптар туады. Жаттығуларды жүргізу үшін алынатын материалдар да бірте- бірте лексикалық, синтаксистік жағынан күрделене түсуге тиіс. Материал таңдауда, әсіресе, мына жағдайлар ескеріледі:

Грамматикалық немесе орфографиялық құбылыстарды түсіндіру кезінде бақылау үшін анағұрлым жеңіл, анық материалдар алыну керек. Бұл кезде оқушылардың зейінін оқылып отырған ережеден басқаға алаңдататын нәрселер болмағаны жөн. Оқушылар бақылағандарынан дұрыс қорытынды шығара алатындай болсын.

Жаттығуға арнап материал таңдағанда тіл дамыту мен жазу жан-жақты ескерілуге және бұрын өтілгендерді үздіксіз қайталау есте болуға тиіс.

Жұмыстың әр түрлі кезеңдерінде бір тектес (сөздік, фразалар немесе мәтін) материалдарды қайталап отыру дұрыс болмайды. Мысалы, алғашқыда «қала сөзіне түбірлес сөз тапқанда «қалалар» десе, кейінгіде «қалалы, қалашык, қалашыл, т.с.с» сөздер айтқызылады. Қазіргі кезде орфографияны меңгеру үшін көру мен есту органының (көшіру мен диктанттың) қайсысы маңыздырақ деген мәселе жөнінде талас жоқ.

9. Сауат ашуға арналған оқу-әдістемелік топтамаға түсінік беріңіз

Білім мазмұнын мектепте тиімді оқытып, оның басты мақсатын жүзеге асыру оқытуды оқу - әдістемелік жағынан қамтамасыз етумен тығыз байланысты. Осыған орай «Сауат ашу» пәні бойынша төмендегідей оқу-әдістемелік топтама жасалады.

Стандарт

Бағдарлама

Әліппе, Ана тілі (оқулықтар);

Сауат ашу әдістемесі (әдістемелік нұсқау);

Сауат ашудан дидактикалық материалдар

Грамматикалық ойындар мен қызықты тапсырмалар.

Әліппе серігі

Оқу-әдістемелік топтамада оқу бағдарламасы мен оқулықтың алатын орны ерекше.

10. Қазіргі «Жазу дәптерлеріне» сипаттама беріңіз

Жазуға қойылатын талаптар. Бастапқы жазуға үйрету, оның мазмұны мен міндеттері, қазіргі «Жазу дәптерлеріне» сипаттама.

Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады. Жазуға негізінен мынадай талаптар қойылады:

а) әріпті дұрыс жазу, дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау;

ә) әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды-қысқалы етпей, бірдей жазу;

б) әріптердің бірін оңға, бірін солға қисайтпай, барлық әріпті бірдей, оңға қарай, сәл көлбете (45) жазу;

в) әріптердің, сондай-ақ сөздердің арасындағы қашықтықты бір қалыпты сақтап (сөздер бір-бірінен м әрпінің көлеміндей қашықтықта болуға тиіс) отыру;


г) бірте-бірте жазу қарқынын тездете түсу.

Бұл талаптар бастауыш мектептің барлық сыныптарында да жазу жұмысының барысында орындалып отыруға тиіс.

Жазуға кірісерде алғашқы күннен бастап орындалуға тиісті гигиеналық талаптар:

а) дәптер партаның үстіне, баланың кеудесінің қақ ортасына тура келетіндей болып, сәл көлбетіле (оңға 65) қойылады;

ә) бала басын оңға не солға, иықтарын, кеудесін алға не артқа қисайтпай, аяқтарын қатар қойып, алдына түзу қарап отырады. Бұл олардың омыртқалары, көкірегі дұрыс жетілу үшін қажет.

б) балалар табандарын еденге (партаның табан тақтайына) еркін басып отырады. Тізені қатты бүкпей, бір аяқты екінші аяқтың үсіне қоймай, аяқтарын алға, я артқа сілтемей отырғаны дұрыс;

в) партаға көкіректі тіремеу керек. Өйткені бұл тынысты тарылтады жаңа өсіп келе жатқан кеудені бұзады;

г) қаламды ұстағанда саусақ қаламнан үш сантиметрдей жоғары тұратындай болып және қаламның жоғарғы жақ ұшы оң иықтың тұсына дәл келетіндей жағдайда болғаны жөн.

д) жазғанда баланың көзі мен дәптер аралығындағы қашықтық 25-30 см сақталуға тиіс.

Әр мектепте оқушылардың партаға түзу, дұрыс отыруы бейнеленген және жазу кезінде қаламды дұрыс ұстау, отыру үлгілері бейнеленген плакаттар болуға тиіс.


11.Көркем әдебиет шығармаларын мәнерлеп оқуға үйрету жұмысында қолданылатын әдістерді атаңыз

«Мәнерлеп оқу дегеніміз - қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу» деп анықтама берсе, «Мәнерлеп оқу – оқу шеберлігі, олай болса, ол жұмыс ең алдымен оқушыларға тіліміздегі сөздерді дұрыс айтқызып, жатық сөйлеттіруден, көркем тексті нақышына келтіріп оқудан басталады» деген С.Тілешованың да анықтамасы көкейге қонымды. Шын мәнінде өзге білім дағдыларын игергендей көркемдеп, мәнерлеп оқу дағдылары да үнемі дайындалу, үздіксіз іздену, жаттығу әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен жинақтаған білімін ұштастыра білу нәтижесінде ғана қалыптасады. Оқушының мәнерлеп оқи білу дәрежесіне қарап, оның талабы, талғамын, білім дәрежесі мен ой өрісін, дүниетанымы деңгейінің көрсеткіші ретінде мөлшерлеуге болады.

Әдебиет сабағы – сөз өнері. Бағдарлама бойынша оқушыларға көркем шығарманы мәнерлеп оқу, тіл шеберлігіне көңіл бөліп отырып, терең тебірентіп, әсерлендіріп, оқушыларды сөз құдіретіне сезінуге баулимыз.Мәнерлеп оқуға әдебиеттегі көркем туындылары жатады. Осы көркем шығарманы мәнерлеп оқу жөнінде теориялық және практикалық білім беріледі.

12.Жазуға үйрету әдістеріне тоқталыңыз

Оқушыларды сауатты жазуға үйрететін негізгі пән-қазақ тілі. Бала сауатты жазу үшін қазақ тіліндегі грамматикалық ережелерді дұрыс түсініп, күнделікті өмірде қолдана алатын дәрежеге жетуі тиіс. Бастауышта сауаттылықты жете меңгермеген оқушы жоғары сыныптарда оны толықтыра алмайды. Сондықтан оқушының сауатты, таза жазуына әрбір сайын толық көңіл бөліп, олардың тіл байлығын арттыруға, назар аударған жөн.

Сауатты жазуға үйрету жұмысы оқумен қатар жүргізіледі, яғни ана тілі пәнімен тікелей байланыста болады. Кітап оқи алмаған оқушының сауатты жаза алмайтыны белгілі.Сауатты әрі әдемі жазуға дағдылануы қаламды дұрыс ұстаудан басталады.Әріпті меңгергеннен кейін сөздерді буынға бөліп оқуға үйрету қажет.Буынды дұрыс меңгерген оқушы сауатты да жаза біледі.Қатесіз жазуды меңгеруде оқушылар әріп пен дыбысты айырып, әр сөзде неше дыбыс, неше әріп бар екенін ажырата біледі. Мысалы: «ана», «домбыра», «асық» сөздеріндегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды бірінші әріпті өткен күннен бастап-ақ ажырата білуге, сонымен бірге тақтаға жазылған әрбір әріп, әрбір сөз, сөйлемді дауыстап оқытып, оны іштей қайталатып, естеріне сақтап жазуға үйрету керек.Бұл, біріншіден, баланың есту қабілетін жетілдіруге пайдалы болса, екіншіден, сөздің дыбыстық құрамын дұрыс ажыратуға, үшіншіден текстіні немесе сөйлемдерді сауатты, қатесіз жазуға көмектеседі. Кейде жұмыстың түрін өзгертуге суреттер іліп, соның аттарын өздеріне жаздырып, жазған сөздерін, сөйлемдерін өздеріне, қатар отырған қасындағы балаға тексеремін.Қате жіберген оқушы қатесін жолдасының түзеткеніне намыстанып, сауатт ыжазуға талаптанады.Бұл тәсілдің тиімділігі олар бір-бірінен көшірмейтін болады.


Оқушыларды сауаттылыққа үйретудегі нәтижелі әдістің бірі-сабақ үстінде ойын элементтерін пайдалану.Ойын оқушыларды сабаққа қызықтырады, маиериалды тез қабылдап, есінде ұзақ сақтауға көмектеседі.Ойынның түрлері өте көп, солардың ішінде сауатты жазуға үйретуде сөздік ойынның пайдасы ерекше.Мысалы, «Есімсе жаттап сақтайын» ойыны.

Ый-и әріптерінің емлесіне байланысты жазылатын сөздер –сый мен тый-бұлар түбірлестер.оған мысал: Сыйға – сый. «Көзің ауырса, қолыңды тый», қалған сөздерінде жалаң «а» жазылады. Егін, шөпті уақытында жи. Оюды қайшымен қи-деген сияқты сөздерді жиі сұраймын. Қорыта келгенде дауыссыз дыбыстардан кейін жалаң ң жазылуына ерекше тоқталған дұрыс.

Я әрпіне жүргізілген ойында и + а =я; қоян, аяқ, таяқ т.с.с. құраған сөздерін қатесіз дәптерге жаздыртып, өздеріне тексерту, осындай сөздерге қатысты жұмбақ шешкізіп, тасымал тақырыбына байланысты бір буынды, екі буынды, үш буынды сөздерді дұрыс жазуға, «Кім көп сөз тауып жазады?» ойынын жарыс түрінде жүргізген тиімді.Жазған сөздерінің сауаттылықтары тексеріледі. Бұндай ойын түрлері оқушыларды жылдамдыққа тәрбиелейді.

Ұлттық ою-өрнектерімізді көрсетіп, олардың аттарын ататып, дәптерлеріне қатесіз жаздырамын. Сонымен бірге туыстықты білдіретін немере, шөбере, аға, әпке, сіңлі, нағашы т.с.с. сөздерін жаздырып, талдау жасатамын. Буынға бөліп, дыбыстық талдау жасаймыз.Мақсатымыз оқушыларды сауатты жазуға үйрету. Қазақ тілінен ғана сауатты жазумен шектелмей, сонымен бірге ана тілінен бағдарламалық жаттаған мақал-мәтелдерді тақпақтарды жатқа жаздыртып, сауаттылығын тексеріп отырамын. Көбінесе жұмбақтар ұлттық дәстүрге, әдет-ғұрыпқа байланысты алынады.

13. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар және олардың бөліну жолдарын көрсетіңіз

Дауысты дыбыстар — дыбыстау мүшелерінің бірыңғай толық қатысуынан, фонациялық ауаның кедергісіз, еркін және баяу шығуынан жасалатын дыбыстар. Дауысты дыбыстар фонациялық ауаның көмейде керіліп тұрған дауыс шымылдығына соқтығуынан пайда болған дірілден жасалады. Дауысты дыбыстардың басты қасиеті сөз ішінде буын жасап, дауыссыз дыбыстармен тіркесе алатындығында. Қазіргі қазақ тілінің дауыстылар жүйесі 9 дыбыстан құралған: а, о, е, ы, і, о, ө, ұ, ү. Дауысты дыбыстар айтылғанда жақтың, еріннің, тілдің қатысу дәрежесіне қарай: ашық — қысаң, еріндік — езулік, жуан — жіңішке болып бөлінеді.