Файл: 20 балл Сауат ашу дістемесіні алыптасуы мен даму тарихын баяндаыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 80

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


ә) Мектептегі оқушыларға қойылатын талаптар мен ережелерді, күн режимін түсіндіріп, оларды бұлжытпай орындауға баулу; мектеп мүлкін ұқыпты және таза ұстау туралы алғашқы түсініктер беру; мұғалімдер мен мектептің басқа да қызметкерлерін құрметтеу, оларға сәлем беру, ізеттілік пен сыпайылық көрсету дәстүрлерін сақтауға үйрету;

б) оқу бөлмесі – сыныппен таныстыру; сынып мүліктері: парта, үстел, тақта, орындық, шкаф, көрнекі құралдар мен дидактикалық материалдар, техникалық құралдар, оларды күтіп ұстау, сақтау;

в) оқу құралдарымен таныстыру: «Әліппе» оқулығымен таныстырып, оқушылардың алғашқы кітабы – Әліппе екендігі туралы айтып, оны жыртпай, кірлетпей күтіп ұстау жайында түсінік беру; дәптер, қалам, қарындаш т. б. оқу құралдарымен таныстыру;

г) сабақ туралы түсінік: мұғалім және оқушылар; олардың өзара қарым-қатынастары; сәлемдесу, қоштасу тәртібі; сабақта мұғалім берген сұрақтарға анық, естілетін дауыспен жауап беру; қол көтеріп, мұғалімнің рұқсатымен сөйлеу; берілген тапсырмаларды ұқыпты орындау; сабаққа белсенді қатысу; мұғалім сөзін көңіл қойып тыңдау;

ғ) партада дұрыс отыру, дәптер мен қалам, қарындашты дұрыс пайдалану ережелерімен таныстыру; оқушылардың саусақтарын жазуға даярлау жаттығуларын жүргізу;

д) мектептегі тазалық гигиенасын сақтауға үйрету;

е) сыныптағы, мектептегі оқушылар ұжымы туралы алғашқы мағлұматтар беру;

ж) оқушылардың физиологиялық-психологиялық ерек- шеліктері мен сауат ашуға дайындық дәрежесін есепке алу.

Сауат ашудың даярлық кезеңінде қойылатын негізгі бағдарламалық талап оқушылардың тілі мен жалпы ой өрісін дамыту арқылы оларды сөзге дыбыстық талдау – жинақтау жасау жұмысына, яғни сауат ашуға даярлау, іс жүзінде баланы оқу жұмысына баулу міндеттерін жүзеге асыруды көздейді.

9. Сауат ашудағы оқушыларды бағалау жүйесі(дескриптор, ҚМЖ), қазіргі талап бойынша бағалауды пайдаланыңыз.

«Сауат ашу» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың өзара тығыз байланысында негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру үдерісін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.

3Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұрады.


Қалыптастырушы бағалау үздіксіз өткізіледі, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді.

Жиынтық бағалау белгілі оқу мерзімінде оқу блогын оқып бітіргенде өткізіледі, оқушыларға кері байланысты қамтамасыз ету үшін, пән бойынша тоқсандық және жылдық бағаларды қою үшін колданылады.

Дескриптор дегеніміз – тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты

қадамдарды көрсететін сипаттама.

Сабақ барысындағы қалыптастырушы бағалаудың әр түрлі

кезеңдерінде оқу мақсаттарына сәйкес құрастырылған тапсырмалар

беріледі.

Тапсырмалардың ашық және жабық түрлері болады.Жабық тапсырмалардың бірнеше түрі бар: бір жауапты таңдау, бірнеше дұрыс жауабы бар, сәйкестігін анықтау, бізізділікті анықтау.Ашық тапсырмаларға қысқаша жауап беру, толық жауап беру, эссе жазу жатады.Қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін оқытудың белсенді әдістерін қолдану керек.

Дескриптор(Standard)-оқушының белгілі бір тапсырма бойынша орындалған жұмысының деңгейін немесе сапасын сипаттайтын тұжырым. Дескриптор- оқушының ең жақсы нәтижеге жетудегі әрбір қадамының жетістігі.

Қысқа мерзімді жоспарлауға барлық педагогтарды қамтуға болады. Мақсат қоя білу, міндеттерді белгілеу, күтілетін нәтиже, модульдерді қолдану, сабақтың барысы, мұғалімнің іс-әрекеті, оқушының іс-әрекеті, бағалау және рефлексия бөлімдері бойынша мұғалімнің жұмысын бағалау ұсынылады. Сабақтың басты міндеті — оқу мақсатын жүзеге асыру болғандықтан, сабақ жоспары толығымен оқу мақсаттарынан туындайды. Сабақ мақсаты да, бағалау критерийлері мен тапсырмалар да осы бағытта құрастырылады. Бұл туралы әр пәннің оқу бағдарламаларында былайша жазылған: «Нақты пән бойынша күнделікті білім беру үдерісінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу үдерісінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады».

10. Байланыстырып сөйлеу жұмыстарының педагогикалық және лингвистикалық ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасаңыз.

Байланыстырып сөйлеу тілі – өз алдына жалпы сөйлеу тілінің күрделі түрі болып табылады. Байланыстырып сөйлеу – тек қана сөйлемдердің тізбегі емес, ол сөйлемдердің бір – бірімен тиянақты, белгілі бір ретпен, кезектілікпен, мазмұны жинақы құрастырылған сөйлемдердің жүйесі. Бірақ, өз ана тілін білген адам, тек сөйлеп қана қоймайды, ол өз ойын байланыстырып сөйлеу тілі арқылы жеткізе біледі.


Балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру үшін, ересек адамдармен эмоционалды қарым-қатынас жасауға, заттық және әр түрлі ойын әрекеттерінде, ойлау әрекетінің көрнекі-заттық түріне, естуіне, көруіне, иіс сезуіне, қоршаған ортаны бағдарлауына үлкен назар аудару қажет. Осымен бірге ересек адамның сөйлеу тілі баланың фонематикалық есту қабілетінің, белсенді сөз қорының, сөздің мағынасын түсінуінің дамуына өз үлесін қосады.

Сөздік қор мен грамматикалық қатардың дамуы қайталау арқылы меңгеріледі. Баланың грамматикалық қатардағы тілді меңгеру процесі күрделі және көпқырлы екенін сипаттай келе А.И. Гвоздев ең алдымен баланың нақты және оңай категорияны тез меңгеретіндігін жазды.

Басты назарды баланың сөйлеу тілінің негізгі түрі – қарым-қатынас түріне аудару керек. Себебі, ол баланың байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасуының бірден-бір тәсілі.

Балалар заттың атын атап айта білуімен қатар, оны сипаттай білулері қажет. Т.А.Фотекованың айтуынша, байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасуында, сөйлеу тілі мен ақыл ойдың дамуын анық көрсететін тығыз байланыс болады. Әрбір жеке адамның сөйлеу тілі, ойлау әрекетінің ерекшелігіне, темпераментіне, жан-жақтылығы мен басқа да психикалық даму жақтарына байланысты ерекшеленеді. Сөйлеу әрекетін әр түрлі танымдық әркеттерімен, әсіресе ойлауымен байланысты қарастыру жөн. Сондықтан да сөйлеу тілі ойлаудың негізгі құралы болып табылады.

Белгілі бір хабарды, мәліметті ауызша байланыстырып сөйлеу тілі арқылы жеткізу үшін, семантикалық ережелерді ескеру қажеттілігі туындайды. Олар сөздердің байланысын оның мағынасымен анықтайды. Нәтижесінде сөздер алынып, хабарлама немесе мәлімет қысқа да, нұсқа айтылады.

Сөйлеу тілінің күрделі жағына ауызша байланыстырып сөйлеуді жатқызамыз. Оған мағыналық, құрылымдық сөйлеу тіл бөлімдері тән. Басқаша айтқанда, ауызша байланыстырып сөйлеу – бір немесе бірнеше сөйлемнен тұратын бірғана тақырыпқа бағытталған және нақты күрделі құрылымды иеленетін біртұтас сөйлем жүйесі. Байланыстырып сөйлеу сөйлем сияқты жоғарғы деңгейде комуникация қызметін атқарады. Ауызша байланыстырып сөйлеу екі жақты үрдіс ретінде жүзеге асады: сөйлеу дағдылары (экспресивтті сөйлеу тілі) және өзгелердің сөйлеу тілін түсіну дағдылары (импрессивті сөйлеу тілі). Экспресивті сөйлеу формалары екі түрге бөлінеді: монологты және диалогты сөйлеу тілі.

Ойды байланыстырып сөйлеу арқылы жеткізе білудің бір түрі, үнсіз іштен сөйлеу болып табылады. Ол да байланыстырып сөйлеу тілінің бір түріне жатады. Бұл механизм психологияда – іштен сөйлеу деп аталады. Осы әрекетті жүзеге асырып барып, дұрыстылығына көз жеткізгеннен кейін ғана, өз ойын ауызша байланыстырып сөйлеу тілі арқылы жеткізуге болады.


Л.С.Выготский диалогтың, сөйлеудің, әңгімелесудің жаңа түрткісінің әрбір сәті ауызекі сөйлеуді құрады деп жазды. Әңгімелесуді ұйымдастыру кезінде баланың сөйлемдерді толық айтуына, сондай-ақ сөйлеу байланысын оқуға даярлаудың жолының бірі диалогқа талаптану керек. Ауызша сөйлеу тілінің байланыстылығы лексикалық, грамматикалық, интонациялық әдістерді дұрыс қолдану арқылы жүзеге асады. Оларға есімдік, есімдікпен үстеу тіркесі, шылау, көмекші сөздер, етістіктің шырайлары, кірме сөздер, толық емес сөйлемдер, лексикалық бірлікті жеке-жеке қайталау, фразалы синонимдер, әртүрлі интонациялар жатады. Грамматикалық сабақтарда байланыстырып сөйлеу тілін дамытудың негізгі ағымына мәтіннің грамматикалық, синтаксистік және орфографиялық талдаулары жатады. Байланыстырып сөйлеу тілін дамытуға бағытталған жұмыс түрлері балабақшаларда тіл дамыту сабақтарында диалогты ұйымдастырудан басталады.

11. Дұрыс жазуға үйретуде орфографиялық принцип пен алфавитті білудің пайдасын дәлелдеңіз.

12. 1-сыныпта дайындығы әр түрлі балалармен өткізілетін бір сабақтың жоспарын жасап, талдаңыз.

13. Балалардың өздіктерінен орындайтын жұмыстарының(жаңа оқи бастағандарға, жүгіртіп оқи алатындарға т.б) салыстырмалы үлгісін жасаңыз.

14. Грамматиканы оқытудағы жаттығу жұмысының мәнін (фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік, лексикалық) мысалмен көрсетіңіз.

15. Грамматика және тіл дамыту жұмыстарына үйретудің 1-2 әдісін мысалмен салыстырып талдап көрсетіңіз.

16. Баланың ойын дамытудағы бақылау, салыстыру, ұғыммен жұмыстардың байланысын мысалмен дәлелдеңіз.

17. Бастауыш мектептің әдістемесінде байланыстырып сөйлеу жаттығуларының түрлеріне мысал келтіріңіз.

Байланыстырып сөйлеу дегеніміз – логика мен грамматиканың заңы бойынша құрылған, белгілі бір тақырыпта аяқталған ойды білдіретін және өзара байланысты азды-көпті бөліктерден тұратын тұтастық».

Бастауыш мектептің әдістемесінде байланыстырып сөйлеу жаттығуларының түрлері:


сұрақтарға кеңейте жауап беру, әңгімелесу;

2) оқығанды талдауға, грамматикалық материалдарды өтуге байланысты алуан түрлі мәтіндер мен жаттығулар;

3) бақылау күнделіктерін жүргізу;

4) оқығанды ауызша, жазбаша мазмұндау (әр түрлі нұсқада);

5) берілген тақырып, сурет бойынша, бақылау арқылы жинаған материалдары туралы, басы немесе аяғы берілген материалдар туралы, т.с.с ауызша, жазбаша әңгіме құрастыру;

6) жаттап алған көркем мәтіндерді айту;

7) өз жанынан ертегі шығару; әдеби-көркем шығармалар бастамасын айту;

8) үлгі мәтіндерді жазбаша мазмұндау;

9) мұғалім ұсынған мәтінін ауызша, жазбаша қайта құру (ішінара әңгімелеу, мазмұндау, әңгімелеу мен мазмұндаудың шығармашылық түрлері, әңгімелерді сахналау, т.б.);

10) оқыған шығармаларды немесе өздері құрастырған әңгімелерді ауызша суреттеу, драмалаудың алуан түрлері іске асыру;

11) алуан түрлі жазбаша шығармалар;

12) газеттерге мақала жазу, көрген спектакльдері мен кинофильмдері жөнінде пікірлерін жазу;

13) хат жазу;

14) іс қағаздары: хабарландыру, өтініш, құттықтаулар, жеделхат, т.б.

Бұл аталғандар – байланыстырып сөйлеу жаттығуларының ең бастылары ғана. Мұнда жаттығулар негізінен монологтік сөйлемдерге берілді, бұлардан басқа диалогтік сөйлемдер де болады.

Байланыстырып сөйлеу жұмыстарының мақсаты мен оған қойылатын әдістемелік талаптар

Бастауыш сыныптарда байланыстырып сөйлеу жұмысы мынадай мақсаттарды көздейді:

1. Оқушылардың бақылағыштық, ойлау қабілеттері мен тілін, дүниетанымын дамыту, әр нәрсені салыстыра талдап, жинақтап, жалпылап, нақтылап, салыстыру негізінде балаларды өз беттерімен қорытынды шығара білуге үйрету.

2. Оқушы бойында қазақ тілі нормасына сай, өз сезімін, ойын дұрыс айтып, жазып бере алатындай дағдылар қалыптастыру.

3. Оқушыларды ана тілін сүюге, оның алтын қорын, тамаша сырлы, көркем де нәзік сөз байлығын қолдана білуге, оны сезініп, құрметтей білуге баулу.

4. Қазақ тіл ғылымы табысы негізінде оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамытуға септігі тиетін жұмыстардың оңай да тиімді түрлерін іріктеп алып, ұсыну.