Файл: Арыстан баб кесенесі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 21

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Есім хан ойрат қалмақтарымен күресте ерлік пен батылдықтың өнегесін көрсетіп, "Еңсегей бойлы ер Есім" атанады.

Қалмақтарға қарсы күресте Есім хан Батыс Қазақстан жеріндегі ноғайлармен арадағы қарым-қатынасты күшейтті.Қазақ-қырғыз ынтымағын орнатуға күш салды.Есім хан билік еткен тұста Қазақ хандығының әскери қуаты күшейіп, 300-400 мыңға дейін атты әскер шығара алды.

Ел билеудегі жол-жобалар мен әдет-ғұрыптар туралы ережелер жинағы

«Есім ханның ескі жолы» қазақ елінде ХХ ғасырға дейін сақталып, қызмет етті. Есім хан Түркістанда жерленген, қабірінің басына кесене орнатылған.

. «Есім ханның ескі жолы»-дәстүрлі қазақ қоғамындағы әдет-ғұрып заңдарының жиынтығы. Оның негізі Қасым ханның тұсында «Қасым ханның қасқа жолы» деген атпен 1511-1523 жылдары қабылданған. Есім хан ғасыр бойы сұрыпталып, орныққан осынау жол-жоралғы, әдет-ғұрып жосындарын өз заманының әскери-саяси және әлеуметтік қажеттіліктеріне орай жетілдіріп жүйеледі. Кейіннен қазақ қоғамында бұл заңдар жиынтығы «Есім ханның ескі жолы» деген атпен қалды.Дау шешіп, төрелік айту құзіретін иеленген би-қазылардың оны білуі міндетті саналған.

Ел аузында «Есім ханның ескі жолы» деген аңыз сақталған.Қасым ханның заң ережелерін Есім хан ұтымды пайдалана білді. Қазақ шежірелерінде Есім ханның қызметіне ерекше жоғары баға беріледі.Әйгілі Бұқар жырау Абылай ханға ренжіген кездерінде «Сенен бұрын жеті ханды жебедім, кешегі еңсегей бойлы ер Есімді де білемін...» деген.Бұл сөзден байқалатыны Есім ханға деген үлкен құрметтің болғандығы. Ұрыс ханның қызыл туы осы Есімнің қолында қалған деп жазады. Жалпы қазақ шежірелерінде, Есім ханның билік құрған кезінде жаңа жүйеге түскен заң ережелері болғандығы туралы айтылады.

Есім хан көбіне ойраттардың шабуылына тойтарыс беру үшін жорықтарда жүрді. Сол себепті де,ол «Қасым салған қасқа жолға» көп өзгеріс енгізбесе керек. Бізге жеткен деректер бойынша, Есім хан ердің құнына 100 жылқы және алты жақсы (6 түйе) кесім белгілеген. Ол бай-кедей, жас-кәрі, қараша-сұлтан демей,еркектің бәріне қолданылған. Одан басқа да үстеме: өнер құны, сүйек құны бар. Егер өлген адам батыр не ақын, жырау немесе би болса, сол өнері үшін үстеме құн алынған. Сол секілді өлген адамның сүйегі туысқандарының қолына тимей,ит пен құсқа жем болса, сүйегі үшін құн төлеген. Ал әйел құны алынатын қалың малы мөлшерінде белгіленген.


Тәуке ханның «Жеті жарғысы»
Тәуке , Мұхаммед Батырхан (туған жылы белгісіз-1715 жылы қайтыс болған(-қазақ ханы. Жәңгір ханның ұлы.Үш жүзге билігі жүрген Тәуке хан тұсында Қазақ хандығы саяси жағынан нығайған,бір орталыққа бағынған мемлекет болды. Ордасы-Түркістан қаласы еді. Халық зердесінде Тәуке заманы Қазақ хандығының ең бір өркендеген, «алтын ғасыры» саналады. Тәуке хан Қазақ Ордасында 1680-1715 жылға дейін билік құрды. Ол 1690жыл шамасында «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» сияқты әдет өлшемдерін жаңғыртып, «Жеті жарғы» аталатын жаңа заң жүйесін енгізді. Тәуке хандықты билеуде негізінен әр жүздің билеріне арқа сүцеді. Ұлы жүзде-Төле биге, Орта жүзде-Қазыбек биге, Кіші жүзде-Әйтеке биге, Қарақалпақтарда-Сасық биге , Қырғыздарда-Қоқым биге басқару тұтқасын берген. Тәуке хан тұсында сыртқы жағдай бірсыпыра тұрақтанып,нығая түсті. Тәуке Бұхар хандығымен сауданы дамыту мақсатында елшілік алмасып тұрды. Осыған қарамастан Сырдария бойындағы қалалар үшін Бұхар хандығымен Қазақ хандығы арасында қақтығыстар болып тұрды. Тәуке көрші жатқан Ресей елімен дипломатиялық қатынас орнатты. 1686-1693 жылдары арасында Тәуке Ресейге бес елшілік жіберген. Ресей патшасына арнаған хатында достық қарым-қатынасты сақтац отырып, бейбіт көрші болуға шақырды.

Соғыс тәсілдерін тиімді пайдаланған Тәуке батыр атағына ие болды.

Дегенмен,Тәуке хан тұсында қазақтар от қаруды бұрын меңгеріп үлгерген ойраттардан бірнеше рет жеңіліс тапты.

«Жеті жарғы»-ХVІІғасырдың аяғы мен ХVІІІ ғ-дың басында Тәуке хан тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы. Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы қуатты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті.

Осы ретте Тәуке бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарын, «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның қасқа жолын» одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинады. Олардың ішінде атақты Төле, Қазыбек, Әйтеке билер болды. Шамамен, Түркістан төңірегіндегі Күлтөбенің басында

«Тәуке ханның Жеті жарғысы» деген атауға ие болған заңдар жиынтығы қабылданды. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды.

Дәстүрлі қазақ қоғамында «Жеті жарғыдан» кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары ХХ ғасырдың басына дейін қолданылып келді. «Жеті жарғыға» енген қағидалар қазақ өміріне тән қоғамдық қатынастардың негізгі салаларын қамтиды.


Жер дауы, жесір дауы, мал дауы, құн дауы, мүлік дауы, хандық пен билік, куәлік ету менант беру рәсімдері, т.б мәселелерді қамтыған. «Жеті жарғының» жазба мәтінінің болуы ықтимал. «Жеті жарғы» ережелері ауызша жатталып, елден елге, ұрпақтан ұрпаққа таратуға ыңғайланып қазақтың ұлттық шешендік өнеріне сай, негізінен, афоризмдерден, мақал-мәтелдерден, қанатты сөздерден құралған.

Тәуке хан заңдарының неліктен»Жеті Жарғы»деп аталу себебіне тоқталсақ,

«Жеті Жарғы» деп не себепті аталғанын түсіндіру осы күнге түпкілікті шешілмей келеді.Әрбір зерттеуші «Жеті Жарғы»деген сөзге бір-біріне ұқсамайтын мағына береді.Заң әдебиеттерінде «Жеті Жарғыны» Жеті бидің туындысы,жеті бидің қатысуымен қабылданған қазақ заңы деп тұжырымдайды. Л.А.Словохотов та: «Күлтөбеде Тәуке хан жеті биді жинады»,- деп көрсетеді. Бірқатар ғалымдар осы пікірді қолдайды.Кейде «Жеті Жарғыны»-Жеті Жорғаға» балайды.»Тәуке ханның жеті биі болған, төрт аяғынтең басқан жорға секілді, жетеуі де тілге шешен, жүйрік екен, сондықтан да халық Тәуке ханның жеті жорғасы атап кеткен»,-дейді.

Тарихта, соның ішінде, көшпелі Орта Азия хандықтарының тарихында күрделі өзгерістерді енгізіп, заңды реформалауға қатысқан адам санымен алынған болса, олардың есімдері әлі халық жадында сақталған болар еді, бірақ адам санымен атау тіпті кездеспейтін жайт. Бірқатар деректерге қарағанда, Тәуке хан қырық рудан қырық би жинап, кеңесіп отырған.Әлбетте 7 би емес, «Жеті Жарғыны» жүйелеуге көптеген билердің қатысқаны даусыз.Олардың ішінде беделді де ең басты үш бидің(Ұлы жүзден-Төле би,Орта жүзден- Қазыбек би және Кіші жұзден-Әйтеке би) аты ғана халықтың жадында сақталған. Кейбір зерттеушілер «Жеті Жарғы» сөзін 7 киелі саныменбайланыстырады. Ал, шындыққа жақыны-жеті жарлық, жеті мәселе, жеті шешім, жеті дау деген ұғымды білдіреді. Оларға: Жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал-мүлік дауы, ұрлық-қарлық, айып-жаза, алым-салық, т.б. кірген.

5-тарау.Қазақ халқының шығармашылық өнері
Қазақтың ақын-жыраулары
Қазақ халқының тарихи, мәдени, рухани дамып, қалыптасуына ХV-ХVІІІ ғасырларда айрықша үлес қосқан дала ұстаздары – ақын, жыршы-жырауларымыз: Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Бұқар, Шал, Әнет т. б. көптеген бабаларымыз болды.

Қазақ даласы жыршы-жыраулары мен ақындарының дәстүрлі педагогикалық мәдениетіміздің дамуына қосқан үлестері олардың өздері өмір сүрген тарихи кезеңдегі ел ортасында орын алған кемшіліктерді қатал сынға алып қана қоймай, үнемі халықпен бірге болып, халықпен бірге қайғырып, бірге қуана білгендерін, халық арманын, мақсат, мұратын өз жырларына қосып, ел рухын көтеріп үнемі халық атынан сөйлегені деп білеміз.
Олар өз шығармаларында еңбекші халыққа тән адалдық, патриотизм, гуманизм, еңбек сүйгіштік, мейірімділік, достыққа деген беріктілік, өз жауына деген батыл тойтарыс бере білу, батылдық секілді қасиеттерді жан-жақты жырлады.

Түрлі тарихи кезеңдерде өмір сүрген дана ойшылдар, «ел басқарған би-шешендер, ақындар, жыршы-жыраулар ел ішінде ой түйіп, әділ төрелік айтумен бірге бүкіл халықтың болашақ ұрпағын тәрбиелеуде теңдесіз қызмет атқарумен қадірменді саналған» [16, 37 б.].

Қазақ сөз өнерінің иелері атанған ақын-шешендер мен жыршы-жыраулардың қалдырған әдеби мұрасы ата-бабалардан жеткен дәстүрлі тарихи қалыптасқан педагогикалық мәдениеттің айқын көрінісі, ол бүгінде жас ұрпақ үшін рухани қазына, әрі таптырмас тәрбие құралы.

Көрнекті түрколог-ғалым В. В. Радлов қазақ тілінің тазалығы туралы айта келіп, «... қазақтар басқа тайпаларынан суырып салып айтуға ұста, шешендігімен ерекшеленеді», - деп халқымыздың сөзге шешен, қажетті жерінде сөз тауып айта білетін ой жүйріктігімен ерекшеленетін өнерін жоғары бағалаған болатын [14, 30 б.].

Осындай қазақ даласынан шыққан сөз зергелерінің шығармаларынан терең педагогикалық мәнді де, мағыналы ой-пікірлерді көптеп кездестіруге болады.

Ұрпақ тәрбиесі жөнінде өнегелі сөз айтып, қазақ халық педагогикасының мазмұнын байытқан Асан қайғы, Шалкиіз, Доспанбет, Жиембет, Марғасқа, Бұқар, Қазтуған, Ақтамберді, Шал, Әнет т.б. поэзия тіліндегі толғаулары, қанатты сөздері танымдық маңызы мен қатар, тарихи, мәдени, рухани, эстетикалық, отаншылдық, патриоттық тәрбиелік мәнімен де аса құнды. Қазақ халқының тарихи дамуындағы алмағайып замандарда өмір сүрген аузы дуалы жыраулар мен шешен, билері елге басшылық етіп, ақыл-кеңесші болумен бірге, өз шығармаларында сол дәуірдегі халықтың ауыр тұрмыс жағдайын, ел мұңын, азаттық үшін болған қанды майдан көрінісін, ерлердің ерлігі мен қаһармандығын арқау етіп, тарих шындығын өз жырларына қосты. Олар өз шығармаларында халықты өнегелі сөздерімен, жыр толғауларымен ынтымағы жарасқан ел болуға, береке-бірлікке шақырып, елі мен жерінің тұтастығын сақтауға ықпал етті. Қоғамдық өмір сахнасынан көкейкесті ойлар айтып, ел ұйытқысына айналды.

Қазақ жырауларының көш басшысы ретінде есімі танымал Асан қайғы
(ХІV ғасырдың соңы – ХV ғасырдың екінші жартысы) жырау халық ішінен шыққан кемеңгер дала философы, дана ой иесі, ақын, мемлекет қайраткері. Еділ бойында дүниеге келіп (болжам) Асан қайғы атанып кеткен Хасан Сәбитұлы өзінің іргелі ойларымен, даналық сөздерімен Қазақ хандығының іргесін нығайтып, қалыптастыруда қызмет еткен. Аңыздар бойынша Асан қайғы жырау Сарыарқада – Ұлытауда дүние салған. Ол ел-жұрт қамын жеп өткен дана, батагөй, кемеңгер кісі. Өзінің ұзақ жасында бір күлмей, халықтың қамын көп ойлап, уайым жеп өткендіктен, «Асын қайғы» атанған. Асан қайғының Қорқыт сияқты елге үлгі ретінде айтқан нақыл сөздері өте көп, ол фәлсафалық ойлар елге күшқуат берген - деп жазады танымал әдебиеттанушы ғалым Ә.Марғұлан [16, 146 б.].

«Туған халқының күйкі тіршілігіне налыған Асан қайғы елі үшін қайғы-мұңсыз, малға құт, жауласу мен кектесу жоқ «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын» жерді тапқысы келеді...

Жырау қартайған шағында Сарыарқада, Ұлытау өңірінде қайғы-қасірет шеккен көшпенді халқына бақыт тауып бере алмай, арманын орындай алмай дүние салды. Оның Жиделібайсын – Жерұйық туралы асыл-арманы – халық арманы, жақсы өмір сүруді аңсаған бүкіл қазақ жұртының арманы» [6, 133б.],

Оның жыр-толғауларынан тәрбиелік мәні терең қанатты сөздерді, тағылымдық ой-пікірлерді көптеп кездестіруге болады. Асан қайғы өз толғаулары арқылы бірде:

Арғымаққа міндім деп, Ғылымым жұрттан асты деп,

Артқы топтан адаспа. Кеңессіз сөз бастама.

Күнінде өзім болдым деп, Жеңемін деп біреуді

Кең пейілге таласпа. Өтірік сөзбен қостама [16, 25 б.], -

деп, жас ұрпаққа көптен қол үзбеу керектігін ескертіп, қатарымның алдымын деп асқақтық жасамау, асып-таспау, өз ортаңда қадіріңді арттыру үшін ибалы мінез көрсетіп, асылық сөз айтпау, әрдайым сабырлы, ұстамды болу жөнінде ақыл-кеңес берсе, енді бірде:
Таза мінсіз асыл тас Су түбінде жатқан тас –

Су түбінде жатады, Жел толқытса шығады,

Таза мінсіз асыл сөз Ой түбінде жатқан сөз –

Ой түбінде жатады. Шер толқытса шығады...[16, 133-134 б.]-деп, адамның жан-дүние тазалығы мен шынайылығы, сезім сұлулығы туралы бейнелі, терең философиялық ой айтады. Шығармаларында жақсылық пен жамандықтың ара жігін ашып көрсетуге талпынған жырау кейінгі ұрпағының өзара адал ниетті дос болып, тату-тәтті өмір сүргенін қалайды.

Бұл орайда жырау өз ой-арманын жырға былай деп қосады:

Еділ бол да Жайық бол,

Ешкімменен ұрыспа,

Жолдасыңа жау тисе,

Жаныңды аяп тұрыспа.