Файл: адам орындалу реті Іш айналымы мен жатыр тбі биіктігін лшеу дістері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 23

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



№ п/п

  1. Критерии шагов задания

1

Подготовка рук врача.

Вымыть и осушить руки, надеть перчатки. Обработать сантиметровую ленту спиртом с двух сторон.

2

Определение швов и родничков.

Для оценки состояния черепных швов врач, осуществляющий пальпацию, прикладывает руки к голове ребенка таким образом, чтобы ладони находились на височных областях, а большие пальцы – на лбу. Средним и указательным пальцами обследуются теменные и затылочная кости, а также швы и роднички. Кости у новорожденного несколько податливы при надавливании на область краев родничка и швов. Патологическое размягчение краев швов наблюдается при рахите. Расхождение швов – при гидроцефалии, преждевременное заращение черепных швов (краниостеноз) – при гипервитаминозе Д. Черепицеобразное нахождение костей друг на друга может наблюдаться у новорожденных с родовой травмой.

Измерение размеров большого родничка проводится детям первого года жизни с целью оценки темпов окостенения костей черепа, выявления симптомов рахита, гидроцефалии и других патологических состояний. Размер большого родничка измеряется по перпендикулярам, проведенным от стороны к стороне. Необходимо ощупать соединительнотканную перепонку и костные края родничка, определить, имеется ли выбухание, западение, пульсация родничка, насколько ровные и плотные его края, нет ли излишней податливости.

Раннее закрытие большого родничка может быть проявлением патологически быстрых темпов окостенения. Позднее закрытие родничка обычно встречается при рахите, гидроцефалии. Значительное выпячивание и усиление пульсации родничка свидетельствует о повышенном внутричерепном давлении. Западение родничка – о значительной потере жидкости (эксикозе).

3

Малый, средний и большой косые размеры.

Малый косой размер идет от подзатылочной ямки (эта ямка располагается под затылочным бугром) до переднего угла большого родничка и равен 9,5 см. Окружность головки, соответствующая этому размеру, наименьшая из всех окружностей головки — 32 см.

Средний косой размер — от подзатылочной ямки до передней границы волосистой части головы — равен 10,5 см. окружность головки по этому размеру 33 см.

Большой косой размер — от подбородка до наиболее выступающей части головки на затылке — равен 13—13,5 см, окружность головки по большому косому размеру 38—42 см.

4

Вертикальный и прямой размеры.

Прямой размер — от переносья (glabella) до затылочного бугра — равен 12 см, окружность головки по прямому размеру 34 см.

Вертикальный размер — от верхушки темени (макушки) до подъязычной кости — равен 9,5 см. Окружность, соответствующая этому размеру, 32 см.

5

Поперечные размеры головки.

Большой поперечный размер — наибольшее расстояние между теменными буграми — равен 9,25 см.

Малый поперечный размер — расстояние между наиболее отдаленными точками венечного шва — равен 8 см.







Қадам орындалу реті

  1. Пельвиометрия жүргізу

1

Дәрігер қолын дайындауы

Заласыздандыру уақыты 30секундтан кем болмау керек.Әр қимыл кем дегенде 5 рет қайталанады.

1.Антисептиктің қажетті мөлшерін құрғақ қолға жағу-5рет

2.Алақанды алақанға ысқылау -5рет

3.Сол қолдың алақанымен оң қолдың алақанының сырт жағын ысқылау және керісінше-5 рет

4.Саусақтарды айқастыра алақандарды бір-біріне ысқылау-5рет

5.Саусаақтарды «құлып» секілді қосып,бүгілген саусақтың сыртқы жағымен келесі қолдың алақанын ысқылау-5рет

6.Екі қолдың бас бармақтарын айналдыра кезек ысқылау-5рет

7.Саусақтардың бас жағымен екінші қолдың алақанын шеңберлете ысқылау және керісінше-5рет

8. Енді қол қауіпсіз, перчатка киіп іске кірісе беруге болады.

2

Жүкті әйелді дайындау және жатқызу

Пельвиометрияны бойы 150см –ден төмен әйелге клиникалық тар жамбас болуы мүмкін деген күмәнмен жүргіземіз. Өйткені, жамбастың тар болуы босану ағымының асқынуына алып келеді. Содан кейін оны керуетке жатуын өтінеміз. Жамбасты өлшегенде жүкті әйелді шешінген күйінде шалғасынан жатқызып, аяқтарын ашып жатуын сұраймыз. Дәрігер әйелдің оң жағына бетіне қарап тұрады. Тазомердің түймелерін 1-2 саусақтарымен ұстап, қолға аламыз. Шкалалары жоғары қараған болуы керек. Сұқ саусақпен өлшенетін аралықты тауып, тазомердің екіге ажыратылған тармақтарының түймелерін басады. Шкала бойынша сәйкес өлшемнің шамасын белгілейді.

3

Пельвиометриялық құралдар

Пельвиометрия жүргізу үшін сантиметрлік лента немесе жамбас өлшеуіш (Мартин тазомері сантиметрлік және жартылай сантиметрлік бөлінділері бар шкалалардан құралған, циркуль пішінді құрал болып тұрады. Тазомердің ұштарында түймелері болады, осы түймелерді үлкен жамбастың шығыңқы нүктелеріне, теріасты шел-май қабатын аздап басып қояды. Жамбас шығаберісінің көлденең өлшемін анықтау үшін қиылыстырылған тармақтары бар тазомер )қолданылады.

4

Үлкен жамбас өлшемдері

  1. Distantia spinarum – мықын сүйектерінің алдыңғы-жоғарғы қанаттары өсінділерінің аралығы. Қ.ж – 25-26 см

  2. Distantia cristarum – мықын сүйегі қырларының алшақ нүктелерінің аралығы. Қ.ж – 28-29 см

  3. Distantia trohanterica – екі ұршық аралығы. Қ.ж – 31-32 см

  4. Conjudata externa - жамбастың сыртқы тік өлшемі. Қ.ж – 20-21 см (шаттың сыртқы жоғарғы қыры ортасына, екінші ұшы – сегіз көз үсті ойпатына орналасады.)

5

Кіші жамбас өлшемдері

1.Жамбасқа кіреберіс жазықтық – алдынан симфиздің жоғарғы ішкі жиегі, бүйірінен мықын сүйегінің доғал сызығымен, артынан сегізкөз мүйісімен шектеледі.

Тік өлшем – алдынан симфиздің жоғарғы ішкі жиегі, артынан сегізкөз мүйісімен шектеледі – 11см

Көлденең өлшем – мықын сүйегінің доғал сызығы арасы- 13-13,5см.

Оң және сол қиғаш өлшем – сегізкөз –мықын буындасы мен шат-мықын буындасы арасы- 12-12,5см

2.Жамбас қуысының кең бөлігінің жазықтығы – алдынан симфиздің ортаңғы ішкі жиегі, бүйірінен ұршық ойығының ортасымен, артынан ІІ-ІІІ сегізкөз омыртқаларының жалғасқан жерімен шектеледі.

Тік өлшем – алдынан симфиздің ортаңғы ішкі жиегі, артынан ІІ-ІІІ сегізкөз омыртқаларының жалғасқан жерімен шектеледі – 12,5см

Көлденең өлшем – екі ұршық ойығының арасы – 12,5см

3. Жамбас қуысының тар бөлігінің жазықтығы – алдынан симфиздің төменгі ішкі жиегі, бүйірінен шонданай сүйектерінің қырлары, артынан сегізкөз-құйымшақ буындасымен шектеледі.

Тік өлшем – алдынан симфиздің төменгі ішкі жиегі, артынан сегізкөз-құйымшақ буындасымен шектеледі – 11-11,5см

Көлденең өлшем – екі шонданай сүйектерінің қырларының арасы – 10,5см

4.Жамбастың шығаберіс жазықтығы – алдынан симфиздің төменгі ішкі жиегі, бүйірінен шонданай сүйектерінің төмпешіктері, артынан құйымшақ ұшы.

Тік өлшем – алдынан симфиздің төменгі ішкі жиегі, артынан құйымшақ ұшы- 9,5 см. Босанған кезде құйымшақ артқа қарай жылжиды, сонда бұл өлшем – 11,5 см-ге тең болады.

Көлденең өлшем – екі шонданай сүйектерінің төмпешіктері – 11см

6


Михаэлис ромбысын өлшеу

Жоғарғы бұрышы бесінші бел омыртқаның қылқанды өсіндісінің шұңқыры. Бүйір бұрыштары мықын сүйегінің артқы жоғарғы өсінділеріне сай келеді. Төменгі бұрышы құйымшақтың ұшына жетеді. Ал жоғарғы және сыртқы жағынан ромбы арқаның үлкен бұлшық еттерімен, төменгі және сыртқы жағынан бөксе бұлшық еттердің қырымен шектеледі.

7

Шынайы коньюгатаны өлшеу

Сыртқы коньюгатадан 9 см аламыз. Сонда шынай коньюгата 11см-ге тең болады.


8

Биялайларды утилизациялау

Биялайларды ережеге сәйкес шешіп, Б тобының қалдық заттар қорабына тастаймыз.Қолымызды жуамыз.








Қадам орындалу реті

  1. Шүйдемен келудің алыңғы түрінің босанудың биомеханизмі

1

Босану биомеханизмін анықтау

Баланың табиғи босану жолдарынан өтудің 3негізгі және 3қосымша әдісі бар

2

Беку нүктелері мен кіші жамбас өлшемдерімен жарып шығу нүктесіне анықтау

Кіші жамбас астауынан өту барысындағы негізгі өлшемдер:жамбас шыға берісінің тік өлшемі,жамбас кіреберісінің екі қиғаш өлшемінің біреуі

3

Қуыршақтың фантомда орналасуы

Жамбас кіреберісіне түсерде қуыршақ қолы аяғы кеудесіне жиналған қалыпта төмен түседі

4

Бастың орналасуы(Iнегізгі моменті). Бастың бүгілуі(Iмоменттің қосымшасы)

Ұрық басы сагитальді жігімен кіші жамбас кіреберісінің бір қиғаш өлшеміне сәйкес орналасады

Бала басы сәл бүгіліп,иегі кеудесіне жақындап,кіші еңбегі өткізгіш нүктеге айналады.

5

Бастың түсуі(II негізгі момент) Ішкі бүгілуі(IIмоменттің қосымшасы)

Бала басы жамбас қуысына түседі

Бала басы іштей сәл бұрылыс жасайды да,сагитальді жік жамбас шығаберісінің тік өлшеміне сәйкес келеді

6


Бастың кесіп және жарып шығуы (III негізгі момент) Бастың жазылуы(IIIмоменттің қосымшасы)

Баланың жарып шығуы,шүйде ойығы қасаға астына келіп,беті сегізкөзге ал шүйдесі қасағаа келіп , бірінші айналу нүктесі пайда болады

Айналу нүтесінде алдымен төбесі,маңдайы,беті туылады. Содан соң баланың денесі сырттай,басы іштей бұрылыс жасайды

7

Бастың сыртқы бұрылысы Ұрық шүйдесі Iпозицияда сол жақ санына, ал Iiпозицияда оң жақ санына қарайды

8

Иықтың және дененің туылуы

Алдымен алға қараған иықтың үштен бірі шығады сол кезде иық пен қасаға арасында екінші айналым нүктесі пайда болады. Кейін артқы иығы содан соң урықтың қалған бөлігі ш кедергісіз туылады






р/с

Қадам орындалу критерийі

Партограмма
Партограмма является инструментом графической визуализации процесса родов, который позволяет четко дифференцировать нормальное и аномальное течение родов и выделить группу женщин, нуждающихся в дополнительной помощи.

Босану бөліміне түскеннен бастап толтырылады

1

Паспорттық бөлімді толтыру

Партограмманың жоғарғы бөлігіне босанушының атын-жөні, акушерлік мағлұматтар(босану мен жүктілік саны), босану тарихының номері, босану бөліміне түскен күні мен уақыты

2

Жатыр мойнының ашылуын тіркеу

Тігінен, сол жағына 0-ден 10-ға дейін сандар орналасқан. Әрбір сан/торша жатыр мойынының 1 см-ге ашылуын білдіреді. Латентті фаза-бұл жатыр мойынының жай ашылуы 0-ден 3-ке дейін, бірітіндеп мойынының қысқаруымен бірге. Активті фаза-бұл жатыр мойынының тез ашылуы. Х әріпімен белгіленеді. Активті фазада «Линия бдительности» бар, бұл-3-тен 10-ға дейін тіке сызық. Егер жатыр мойынының ашылуы 0-3 см болса, оны латентті фазада белгілейді. Босанудың активті фазаға ауықанда, оны пунктир сызығы арқылы Линия бдительности-ға ауыстырады. Х әріпінің астына уақытын қояды.


3

Толғақ күшін тіркеу

Жатыр мойынының жиырылуын «Сокращение матки за 10 минут» бөлігінде нүтке, қиғаш немесе тік штихпен көрсетіледі. Әрбір торша 10 минут ішіндегі бір толғақ болғанын білдіреді.



4

Ұрық басын жылжуын тіркеу

Ұрық басын жылжуын О әріпімен «Прохождение головки плода» 5-тен 0-ге дейін деген сол жағындаорналасқан бөлігігінде жазамыз, ол ұрық басының жамбастың жиегінде орналасуы 5 саусақтың енімен анықталады. Басының өтуіне дейін ол толық алақан болады, содан кейін саусақпен өлшенеді.

5

Ұрық жүрек соғысын тіркеу

Ұрық жүрек соғысын партограмманың жоғарғы бөлігінде тіркейді. Әрбір клетка 30 минутқа тең. Қалыпты жағдай 120-160-тың арасы. Жүрек соғысы 160-тан асатын болса тахикардия, 120-дан төмен түістін болса брадикардия

6

Қағанақ суының сапасын тіркеу

Қағанақ суының сапасын «Околоплодные воды» бөлігінде тіркейді. Түрін көрсетеді: таза *С*, қан аралас *К*, мекони аралас *М*, бүтін *Ц*.

7

Ұрық басының конфигурациясын тіркеу

Ұрық басының конфигурациясын қағанақ суының сапасын тіркеген жолақтың астына тіркейді.Егер жіктер бірікпеген,жеңіл сезілсе *0*;сүйектер сәл бір-біріне жақындаса *+*;сүйектер бір-бірінің үстінде*++*;сүйектер бір-бірінің үстіне тым қатты орналасса*+++* деп белгіленеді.

8

Босанушы әйелдің жағдайын тіркеу.



Босанушы әйелдің жағдайын партограмманың төменінде  тіркейді:ҚҚ мен пульсті әр сағат сайын,ал температура 4 сағатта өлшенеді.Несеп көлемі,белок пен ацетонның болуы сәйксе жолақта.








Қадам орындалу реті

  1. Босанудың 3 кезеңін белсенді жүргізу

1

Дәрігер қолын дайындауы

Заласыздандыру уақыты 30секундтан кем болмау керек.Әр қимыл кем дегенде 5 рет қайталанады.

1.Антисептиктің қажетті мөлшерін құрғақ қолға жағу.

2.Алақанды алақанға ысқылау

3.Сол қолдың алақанымен оң қолдың алақанының сырт жағын ысқылау және керісінше.

4.Саусақтарды айқастыра алақандарды бір-біріне ысқылау

5.Саусаақтарды «құлып» секілді қосып,бүгілген саусақтың сыртқы жағымен келесі қолдың алақанын ысқылау

6.Екі қолдың бас бармақтарын айналдыра кезек ысқылау.

7.Саусақтардың бас жағымен екінші қолдың алақанын шеңберлете ысқылау және керісінше.

8.Қолына стерильді биялай киеді.

2

Метроррагияның профилактикасы

Босанудың 3 кезеңі – ұрық туылуынан кейін басталып, яғни плацента мен оның қабықшалары жатыр қабырғасынан ажырап, бала жолдасының туылуы аяқталады.Бұл кезең немесе бала жолдасын белсенді шығару-тракциясы деп аталады.Босанудың 3 кезеңін белсенді жургізу үшін босанар алдында босанушы әйелден қағаз жүзінде келісімін алады.

Негізгі көрсеткіш- қан кетудің алдын алу.

Метроррагияның алдын алу үшін бұлшықетішілік (санға) 2мл 10ЕД окситоцин жібереміз.


3

Қолды орналастыру

Оң қолды кіндікбаудың қысқыш қыстырылған жерінен сәл жоғары сұқ және ортаңғы саусақтарын сәл бүгіп қысады. Сол қолын жатырға қарсы қысым жасау үшін қасағаның үстіне сұқ саусағы мен бас бармақ арасын ашып доғал бұрыш жасай орналастырады, бұл кезде қалған үш саусақ жоғары бағытқа бағытталады (жатырдың кері айналуын алдын алу үшін жасалынады)

4

Бала жолдасын белсенді шығару-тракциясы

Кіндікбауды акушер өзіне қарай тартады, бір мезетте жатырға қарсы қысым түсіреді.Бала жолдасын шығару кезінде кем деген 3 рет тракция жасап шығарамыз

5

Жатырға бақылау қысымы. Бала жолдасын шығаруы

Қасағаның үстінен жатырға қарсы қысым жасап,бала жолдасын жаймен 3 тракциядан кейін шығарып аламыз. Жатырға қарсы қысымды тракция кезінде бір мезетте жасау керек, өйткені жатырдың кері айналып шығу қаупі жоғары.

6


Жатырдың сыртқы массажы

Кейін 2-3 мин соң жатыр түбін тауып алып, оң қолдың саусақтарымен жаймен басып пальпациялаймыз. Жатырдағы қанды сыртқы жағынан массаж жасау арқылы шығарады

7

Бала жолдасының бүтіндігін тексеру.Кеткен қан көлемін анықтау.

Бала жолдасы толық шыққаннан кейін,дәрігер оның бүтіндігін және де қан көлемін тексереді. Қалыпты жағдайда бала жолдас бүтін және де қабықшалары түгел, қан көлемі 500 мл болу керек .

8

Босанған әйелдің жалпы жағдайын бағалау.

Босанғаннан кейін, қынапты және сыртқы жатыр мойын аймағын,сыртқы ернеулер аймағын қанды бөліністерден тазартып, сол жерлерде босану процессінде пайда болған жыртылулар бар жоғын тексеру.