Файл: 4 сынып Математика Саба Малім Сабаты таырыбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 87

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


89+55×3+65×3=449 (км) – 3 сағ.-тан кейінгі ара қашықтық

89+55×7+65×7=929 (км) – 7 сағ.-тан кейінгі ара қашықтық

Ж:
3. Қалада жылына 15000 пәтер тапсырылуы керек еді. Құрылысшылар 198 пәтерлі

6 үй және 270 пәтерлі 5 үй тапсырды. Құрылысшылар әлі қанша пәтер тапсыруы керек?

Осыған кері есеп құрастыр және оларды шығар.
Барлығы – 1500 п.

Тапсырды – 198 пәтерден 6 үй және 270 пәтерден 5 үй

Тапсыру керек – ? пәтер

15000–(198×6+270×5)=12462 (п.) – тапсыру керек

Ж:
4. Теңдеу құр және оны шеш:

а) 360-қа х-тің 3-ке бөліндісін қосқанда 440 шығады; 360+х:3=440

ә) х –тің 8-ге бөліндісін 140-қа арттырғанда 212 шығады; х:8+140=212

б) х пен 25-тің қосындысын 4 есе арттырғанда 360 шығады. Х+25×4=360

. Теңдеулерді шеш:

Қандай компонент белгісіз?

Белгісіз компонентті қалай табады?
Сергіту жаттығуларын жасау.
5. 708 х 62 + 304 х 95 9000 – 77952 : 28 19 х 2040

403 х 59 – 807 х 26 13995 – 27948 : 51 29 х 7030
6. 235 теңге 2 тиын + 598 теңге 5 м 8 см + 3 м 452 см

2 т 886 кг + 7 т 795 кг 543 км 8 м + 324 км 769 м

8. Тік төртбұрыштың ені 10 см, бұл оның ұзындығынан 2 есе кем.

Тік төртбұрыштың ұзындығы неше сантиметр?

Берілді: тік төртбұрыш

в=10 см, бұл а–дан 2 есе кем

а – ? см

10×2=20 (см) – ұзындығы

а=20 см

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Теңдіктерді салыстыр:

15873 х 7 = 111111 15873 х 14 = 222222

Не байқадың? Байқағаныңа сүйеніп жазуды жалғастыр.

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Үйге тапсырма: 7,9–тапсырма, шығ. тапсырма.


4 сынып

Математика Сабақ №

Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларға қозғалысқа арналған есептер және сол есептерге кері есептер шығару жолдарын меңгерту. Бір бағыттағы қозғалысқа арналған есептерді шешуді үйрету. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық: Есепті шығару және түрлендіру, ауызша және жазбаша есептеу


дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа

тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Игерген білімді бақылау сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.

Көрнекілік: Көбейту кестесі.

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Өтілген сабақты пысықтау.

ІҮ. Қорытындылау, бағалау.

Ү. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі..

Қозғалыс бағыты

БІР–БІРІНЕ ҚАРАМА ҚАРСЫ БАҒЫТ
БІР–БІРІНЕН ҚАРАМА ҚАРСЫ БАҒЫТ

БІР БАҒЫТТАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС


Жаңа сабақ.

Сабақ мақсатымен таныстыру.

Түсіндірме мәтінмен, суретпен жұмыс.

1. Бір мезгілде екі қаладан екі жүк поезы бір-біріне қарама-қарсы жолға шықты. Олар

7 сағаттан кейін кездесті. Бірінші поездың жылдамдығы 60 км/сағ, ал екіншісінікі

80 км/сағ. Қалалардың ара қашықтығын тап.

Осыған кері есеп құрастыр және оларды шығар.

Бір–біріне қарама–қарсы қозғалыс.

1–поезд жылд. – 60 км/сағ.

2–поезд жылд. – 80 км/сағ.

Уақыт – 7 сағ.

Қашықтық – ? км

(80+60)×7=980 (км) – қашықтық

Ж:

2. Бір мезгілде жолға шыққан екі жүрдек поезд бір-бірінен қарама-қарсы бағытта жүріп

кетті. 5 сағаттан кейін олардың ара қашықтығы 900 км болды. Бірінші поездың

жылдамдығы 80 км/сағ. Екінші поездың жылдамдығын тап.

Осыған кері есеп құрастыр және оны шығар.

Бір–бірінен қарама–қарсы қозғалыс

Қашықтық – 900 км

Уақыт – 5 сағ.

1–поезд жылд. – 80 км/сағ.

2–поезд жылд. – ? км/сағ.

(900–80×5) : 5=100 (км/сағ.) – 2–поезд жылд.

Ж:

3. Арасы 142 км екі қаладан бір мезгілде екі жүк поезы бір-бірінен қарама-қарсы

бағытта жолға шықты. 5 сағаттан кейін поездар аялдады. Сонда екі поездың арасы

842 км болды. Егер бірінші поезд 325 км жүрсе, онда екінші поездың жылдамдығы

қандай болған?

Бір–бірінен қарама–қарсы қозғалыс

Қашықтық – 142 км

5 сағаттан кейінгі қашықтық – 842 км

1–поезд жүрді – 325 км

2–поездің жылд. – ? км/сағ.

(842–142–325) : 5 =375:5=75 (км/сағ.) – 2–поездің жылд.

Ж:
4. Арасы 83 км екі айлақтан бір мезгілде екі кеме бір-бірінен қарама-қарсы бағытта

жолға шықты. Бірінші кеменің жылдамдығы 32 км/сағ. 4 сағаттан соң екі кеменің

арасы 355 км болды. Екінші кеме неше км жүрді және қандай жылдамдықпен

қозғалды?

Бір–бірінен қарама–қарсы қозғалыс

Қашықтық – 83 км

1–кеме жылд. – 32 км/сағ.

4 сағаттағы ара қашықтық – 355 км

2–кеме – ? км , ? жылдамдықпен

1) 355–83–32×4=144 (км) – 2–кеме жүрді

2) 144:4=36 (км/сағ.) – 2–кеме жылд.

Ж:
5. Қалдықпен бөлуді орында:

1876 : 52=36(4) 3678 : 49=75(3) 18469 : 28=659(17) 21987 : 35=628(7)

Сергіту жаттығуларын жасау.
7. 7 м 205 мм х 62 9 см 5 мм х 67 120 м 84 см : 6

2 кг 328 г х 83 9 см 5 мм х 67 399 м
75 см : 25

8. Фигураның қызыл түспен боялған бөлігінің ауданын тап.

1) 6×6=36 (см ) – қызыл шаршы

2) 2×2=4 (см ) – қара шаршы

3) 36–4=32 (см ) – қызыл түспен боялған бөліктің ауданы

.

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Үйге тапсырма: 6,9–тапсырма, шығ. тапсырма.

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Жанармай құю бекетіне бір мезгілде екі автомашина келді. Олардың біріне жанармай

құюға 4 мин, ал екіншісіне 2 мин уақыт кетеді. Жанармай құю бекеті автомашинаның

мұнда бөгелген әр минуты үшін айып төлейді. Автомашиналардың қайсысын бірінші

жіберген тиімді болады?

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
4 сынып

Математика Сабақ №

Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Балалардың игерген білім деңгейін анықтау, оқу материалын қалай меңгергендігін бақылау.

Дамытушылық: Өзара кері есептер тобын шығару дағдыларын және ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын дамту. Екі таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру жайлы білімдерін бекіте түсу. Өзіндік жұмыс дағдысын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа

тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Игерген білімді бақылау сабағы.

Әдіс-тәсілдері: Өзіндік жұмыс

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Сабақ мақсатымен таныстыру.
Бақылау жұмысы



І нұсқа


ІІ нұсқа

1. Есепті шығар.

Екі қаладан бір–біріне қарама қарсы екі машина шықты. Кездескенге дейін 6 сағатта бірінші машина 300 км, ал екінші машина 420 км жол жүрді. Әр машинаның жылдамдығы қандай және екі қаланың арасы неше километр?


1. Есепті шығар.

Екі қаладан бір–біріне қарама қарсы екі машина шықты. Кездескенге дейін бірінші машина 2 сағатта 180 км, екінші машина 3 сағатта 150 км жүрді. Әр машинаның жылдамдығы қандай ?

2. Бөлуді орында.

5576:68=82

1254:38=33

23872:32=746

2. Бөлуді орында.

19722:57=346

32428:67=484

24388:52=469

3. Амалдарды орында.

6319:89+7224:86=155

6699:87–1590:53=47

(104820–90996):72=192

3. Амалдарды орында.

192000:64–64064:64=1999

578×28+346×21=23450

348×37+19720×60=1196076

4. Теңдеуді шеш.

А–36=1430+20 54135:в=35+10

а=1486 в=1203

4. Теңдеуді шеш.

А:36=1480–30 54135–в=65–20

а=52200 в=54090

5.

Берілді: куб

а=25 см

Қырларының ұзындығы – ? см

Жақтарының ауданы – ? см

Көлемі – ? см

5.

Берілді: параллелепипед.

а=12 см

в=10 см

с= 5 см

Жақтарының ауданы – ? см

Көлемі – ? см



Сабақты қорыту: Талқылау.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау

4 сынып

Математика Сабақ №

Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санға көбейту және бөлу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларға санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық: Есепті шығару және түрлендіру, ауызша және жазбаша есептеу

дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа

тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.

Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты кестелер.

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі..

Жаңа сабақ. Үш таңбалы санға көбейту және бөлу

Сабақ мақсатымен таныстыру.
Түсіндірме мәтінмен жұмыс.

1. 5-тің 457-ге көбейтіндісінің мәнін тап: 5 ×457

Бірінші көбейткіш неше таңбалы сан? Екінші көбейткіш ше? Көбейтуді орындаудың

тиімді тәсілін ойластыр. Сол тәсілмен көбейтуді орында.

5 × 457 =457×5= 2285
2. а) 5 × 457 = 2285 екендігі алдыңғы жаттығудан белгілі. Көбейтуді бөлу арқылы тексер.

Ол үшін қандай бөлінділердің мәндерін табу керек?

Санды бір таңбалы санға бөлуді (2285 : 5) орында. Бөліндінің мәні нешеге тең болды?

ә) Мысалдың шығару жолын түсініп ал:
2285 457 Бірінші толымсыз бөлінгіш үш таңбалы сан бола алмайды,

– өйткені 228<457. Олай болса, 2285–ті 457–ге бөлу керек.т.с.с.

2285 5

0
3. Бөлуді орында.

3720:465=8 2552:319=8 2944:736=4 5562:927=6
4. Қалдықпен бөлу.

3781:465=8 (61) 2698:319=8 (146) 2987:736= 4 (43) 5693:927=6 (131)
5. Есеп.

Бағалары бірдей 6 үстел және 5 парта – 33000 тг