ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.03.2024
Просмотров: 10
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| «С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА» | ||
Биохимия кафедрасы | Зертханалық сабақ | Редакциясы: 1 | |
беттің беті |
№1 Зертханалық сабақ.
Тақырыбы: Липидтердің қорытылуына панкреатидтік липаза мен өт қышқылдарының әсерін зерттеу. №76-жұмыс.
Мақсаты:
Липидтердің қорытылуына панкреатидтік липаза мен өт қышқылдары тұздарының ролі туралы білімдерін бекіту.
Оқыту міндеттері:
1.Практикалық дағдыларды меңгеру: титрлеу әдісі және график салу.
2.Дұрыс қорытынды жасау арқылы алынған нәтижелерді интерпретациялау.
Өткізу формасы:
Шағын топта жұмыс - №76-зертханалық жұмысты орындау және рәсімдеу.
Зертханалық жұмысты орындауға арналған тапсырма
1) Зертханалық жұмысты орындаудың алдында студенттермен титрлеу техникасын, алынған нәтижелерді кестеге енгізіп, график салуды талдау қажет. Студенттер зертханалық жұмысты орындаған кезде оқытушы студенттерді қажетті практикалық дағдыға үйрету мақсатымен олардың жұмысын бақылайды және түзетеді.
2)Жұмыс бойынша дұрыс қорытынды жасау.
Үлестірме материал: «Биохимиядан практикум»
Тақырыбы: Липидтердің қорытылуына панкреатидтік липаза мен өт қышқылдарының әсерін зерттеу. №76-жұмыс.
Принципі: Липаза триацилглицериндердің глицерин мен жоғарғы май қылқылдарына гидролизденуін катализдейді. Түзілген май қышқылдарының сандық мөлшері бойынша липазаның активтілігін анықтауға болады. Өт қышқылдары мен олардың тұздары ұйқы безі липазасының активаторлары болып табылады.
Анықтау әдісі: 1 грамм майдан тазартылған ұйқы безін ұсақталған әйнекпен бірге келіде езгілейді, одан кейн 5 мл су қосып езуді 4-5 минутке жалғастырыды.
Екі нөмерленген колбаларға (ө/п-өтпен, ө/с-өтсіз) келесі ретпен реактивтерді құйады:
Колбалар Реактивтер (мл) | 1 ө/п | 2 ө/с |
Қайнатылған сүт | 5 мл | 5 мл |
Ұйқы безінің сығындысы | 1 мл | 1 мл |
Өт | 1 мл | - |
Дистилденген су | - | 1 мл |
| | |
Әр колбадағы сұйықтықты сілку арқылы араластырып, 5 тамшы 0,5 % спиртті фенолфталеиннің ерітіндісін тамызып, әлсіз қызғылт түс пайда болғанша , бюреткаға құылған 0,1 н натрий ридроксиді ерітіндісімен титрлейді, 40 С-45 С-та колбаларды су моншасына немесе термостатқа қойып 15, 30, 45, 60 минуттан кейн әлсіз қызғылт түске айналғанша 0,1 н натрий гидроксиді ерітіндісімен титрлейді.
Сүретте көрсетілгендей, әрбір колбадағы ерітіндіні титрлеуге кеткен NaOH мөлшерін нөлден бастап есептейді, алынған нәтиже бойынша график тұрғызады, онда абсцисса өсіне уақыт, ордината өсіне- сол уақыт аралығында БМҚ-ын титрлеуге жұмсалған сілті көлемін (мл) салады.
Сынама алынған уақыт | Титрлеуге кеткен 0,1 н NaOH –тың көлемі | |
| ө/п | ө/с |
Гидролизге дейін | | |
15 минуттан кейін | | |
30 минуттан кейін | | |
45 мунуттан кейін | | |
60 минуттан кейін | | |
Қисық сызықтағы шартты белгілер:
Өтпен________________; Өтсіз_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Бақылау: зертханалық жұмыстың хаттамасын тексеру, жаттығуларды орындау.
Практикалық дағдыны чек-парақша бойынша бағалау.
Қашықтықтан оқыту (ҚО) кезінде практикалық дағды: баға – суммативті Moodle dis.kaznmu платформасында (зертханалық жұмыстардың хаттамалары мен оның нәтижелерінің рәсімделуін және билет бойынша ситуациялық есептерді шешуін тексеруді қамтиды).