Файл: Дипломды Жмыс 5B021000 шетел филологиясы аылшын тілі.docx
Добавлен: 28.03.2024
Просмотров: 66
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Зерттеуге ұсынылған қазақ тіліндегі аудио жазбалар Еуразия ұлттық университеті мен оның жатақханасында жазылған. Оған қоса Семей қаласы, Медициналық университетте жазылған. Қатысушылардың саны 2 немесе 3 адамнан тұрады. Ал ағылшын тіліндегі аудиожазбалар Лос-Анджелесте жазылған, үш достың арасындағы әңгіме, Калифорния штаты. Кен, Джейн және Ленор. Компьютер ойын клубында және Массачусетс штатының Кейп-Код маңында жазылғанмен Дэн - жиырма жастан асқан студенттер. Келесі мысал, Вермонттағы Берлингтондағы ортақ пәтерде жазылған төрт бөлме арасындағы бетпе-бет сөйлесу. Барлық сөз сөйлеушілер-Вермонт университетінің студенттері, 20-21 жас аралығындағы әйелдер.
Зерттеудің екінші бөлігін салыстырмалы түрде талдайтын болсақ, қатар қазақ тілінде қыз балалар ортасындағы бейресми ауызекі сөйлеу байланысының түрі зерттеу нәтижесіне сүйене отырып, көбінеке сөйлеушілердің сөйлеу түрі нарративті түрге жатады. Ал, ер балалардың бейресми ауызекі сөйлеу түрі дискурсивті түрге жатады. Ағылшын тілінде дәл қазақ тіліндегідей ұқсастықты байқайсыз. Қыз балалардың бейресми ауызекі сөйлеу түрі байсалды, нарративі түрге жатады. Ал, ер керісінше тек өздерін қызықтыратын тақырып аясында ғана әңгіме дүкен құрғанын байқаймыз, олардың сөйлеу әрекетінің түрі көбінеке дискурсивті түрге жатады. Сонымен қатар қазақ тіліндегі қыз балалардың сөйлеу тоны байсалды, бірқалыпты тон болса, ер балалардың сөйлеу манерасынан аздаған дөрекілік пен сөйлеу тонының жоғары әрі балағаттау мен мазақ қылу сияқты әркеттер байқалмады, ал қыз балалардың ауызекі сөйлеу барысында көбінесе бір-біріне мақтау айту сияқты белгілер анықталды. Ағылшын тілінің бұл кезеңінде де екі тілдің ұқсастығы байқалады, себебі сөйлеушілер бір әлеуметтік топқа жатады, сондықтан да екі тілде де жастардың сөйлеу манералары ұқсас болып келеді. Ағылшын тіліндегі қыз балалардың сөйлеу манерасы байсалды әрі бірқалыпты болып келсе, ер балалардың сөйлеу манерасынан аздаған тонның жоғарылығы мен қоса сөйлеу кезіндегі балағат сөздер мен дөрекілік байқалды.
Келесі кезең қазақ тілінде қыз балалардың әңгіме барысындағы сөйлеу жиілігі тең емес екендігі белгілі, дегенмен қыз балалар арасында сөйлеу жиілігі қысқа сұрақ жауаптар арқылы өлшенсе, ер балалардың сөйлеу жиіліге де тең емес, оларда керісінше сөйлеу барысында әңгімені бастаушы соңына дейін өзінің лидерлік қасиетін ұстап қалуға тырысты. Ал, ағылшын тіліне келіп тоқталатын болсақ, олардағы қыз балалардың сөйлеу жиілігенді тепе-теңсіздік байқалады, қатысушылардың сөйлеу жиіліге тек сұрақ жауап арқылы өлшенеді, ал ер балалардың сөйлеу жиілігін қарастырсақ, оларда көбінеке әңгіме барысында, сөйлеу лидерлігі мен сөйлеудің асимметриялы формалары байқалады. Жалпылама қазақ тіліндегі бейресми ауызекі сөйлеу қатысушыларының бірден бір бастапқы қиындықтары ұзақ уақытт орын алған үнсіздік және күлкі болып табылады. Ал ағылшын тіліне келіп тоқталатын болсақ, олардың сөйлеу кезіндегі қиындықтары қойылған сұрақтарға жауап айтудан бас тарту, белгілі мөлшерде орын алған күлкі мен үнсіздік және қатысушылардың бір-бірімен жарыса сөйлеуі болып табылады.
Қорытынды
Жалпы екінші бөлім бойынша тұжырым жасайтын болсақ, қазақ тілінде қыз балалар арасында грамматикалық ерекшеліктеріне мән беретін болсақ, олар жаргон және қысқартылған сөздерді өте көп мөлшерде қолданған болса, лексикалық тұрғыдан қыз балалардың арасында дөрекілік пен боқауыз сөздер байқалмады. Ал ер балалардың бейресми ауызекі сөйлеу барысындағы грамматикалық және лескикалық қателіктерінің бірі ол ер балалар өте көп мөлшерде дөрекі сөздерді яғни лексикалық тұрғыдан мүлдем мәдениеттілікке жатпайтын сөздерді қолданды. Сонымен қатар ер балалар мен қыз балалардың сөйлеу барысындсағы ортақ грамматикалық қателіктері сөйлеу кодының ауысуы болып табылады. Ал ағылшын тілінде қыз балалардың бейресми ауызекі сөйлеудің грамматикалық және лексикалық қателіктерін ескеретін болсақ, қыз балларда көбінеке сөздердің қысқартулары мен сленгтарды көп мөлшерде пайдаланғанын байқаймыз. Ал ер балаларға тоқталатын болсақ, олар өте жоғары тонда және сөздердің қысқартуларымен қоса балағат сөздерді көп қолданғанын байқаймыз. Оған қоса ер балалар мен қыз балалардың ортақ сөйлеу барысындағы қателіктерін ескеретін болсақ, олар грамматикалық тұрғыда сөйлемнің ереже бойынша құрылу тәртібін кей кездерде сақтамағаны байқалады, және ағылшын жастары қазақ жастарына қарағанда одағайлар мен қыстырма сөздердің «like, kind of» сияқты сөздерді көп мөлшерде қолданғанын байқаймыз.
Қорытындылай келе ағылшын және қазақ жастарының ауызекі сөйлеуіне зерттеу жүргізу арқылы екі тілдің өз-ара ұқсастықтарын байқаймыз. Мысалы қазақ тілінде қыз балалардың ауызекі сөйлеу тілі ер балалардың сөйлеуіне қарағанда байсалды, бірқалыпты әрі боқауыз сөздер көп кездеспеген болса, ағылшын тілінде де дәл осындай белгілер байқалады. Сонымен қатар ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу барысында жастар көбінесе сленгтарды, көптеген қысқартулар мен одағай және қыстырма сөздеді көп мөлшерде қолданған болса, қазақ тілінде сөйлейтін жастардың арасында да, осындай белгілер аз кездеспеді. Қазақ тілінде сөйлем тәртәбі бұзылмағанымен ілгерінді ықпал пен қысқартулар, сөздердің толық дыбысталмауы сыңды белгілер жиі кездессе, ағылшын тілінде көбінесе сөйлем тәртібә ереже бойынша сақталмады. Сонымен қатар зерттеу барысында тағы бір байқаған ерекшелігіміз, ол қазақ жастарының арасында сөйлеу коды жиі ауысып, тіл тазалығы мүлдем сақталмаған болса, ағылшын тілінде мұндай белгілер мүлдем байқалмады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ауызекі сөйлеу – әдеби тілдің ерекше функционалды түрі. Ауызекі сөйлеу тілдің ерекше функционалды маңыздылығы ретінде және, тиісінше, лингвистикалық зерттеудің ерекше объектісі болып табылады. Ауызекі сөйлеудің маңызды белгісі-оның өздігінен, дайын болмауы. Ауызекі сөйлеудің екінші ерекшелігі – сөйлесу сөйлеушілер арасындағы бейресми қарым-қатынаста ғана мүмкін болады.
Жастар дискурсы қазіргі жастардың қарым-қатынасы көбінесе алған эмоциялар мен әсерлермен өзара алмасуға негізделген. Ауызекі сөйлеу жастардың қоғамында барлық аспектілерді қамтиды. Күн сайын әр адам институционалды күнделікті сөйлеу әрекеті жағдайында көптеген әлеуметтік байланыстарды жүзеге асырады.
Ауызекі сөйлеу ағылшын лингвист ғалымдарының зерттеуі бойынша Сакс Х., Шеглофф Э., Джефферсон Г. А. (Sacks, H. Schegloff, E. Jefferson, G.A.) ауызекі сөйлеудің негізгі сипаттамаларын анықтаған олар: белгілі бір ортадағы ауызекі сөйлеудің әңгімесі өздеріне тән маңызды ортаға ие болады және олардың күнделікті әңгімеде қолданатын сөздері тілдің негізгі формасы деп есептеген.
Ал Британдық социолингвисттер Джим М. және Регина Б. (Jim M., Regina W.) ауызекі сөйлеудің келесі қасиеттерін анықтаған. Спонтанды сөйлеу нақты уақыт режимінде, таңқаларлық және реакция мүмкіндігімен жасалады. Сөйлеушілердің сөйлеу кезіндегі ым-ишараты мен мимикасы, көздерінің қозғалысы барлығы дерлік ауызекі сөйлеуде ақпарат алмасуға көмектеседі деген.
Орестром Б (Oreström В.) және Бибер Д. (Biber D.), Миллер Д. және Вайнерт Р. (J. Miller, R. Weinert) пікірі бойынша, сөйлеушілердің жеке байланысы кезінде, бақылаушылардың болмауы және ойлау, түзету мүмкіндігі болған кезде оның нақты уақыт режимінде жүруі ауызекі сөйлеуді жүзеге асырудың маңызды шарты болып табылады. Оған қоса паралингвистік тұрғыдан қатысушылардың ым-ишараты, мінез құлқы, дене қозғалысы, интонациясы ауызекі сөйлеудің негізі ерекшелігі деп естептеген. Сонымен қатар Орестром Б. (Oreström В.) пікірінше ауызекі сөйлеудің мазмұнына қарағанда, жалпы сөйлеудің қарым-қатынас фактісіне айрықша назар аударылады деген.
Қазақ ғалымдарына келіп тоқталатын болсақ, көбінеке стилистік тұрғыда қарастырылған. Әміров Р. С. ауызекі тіл диалог жүзінде іске асатын құрылым деп есептейді. Бұл құрылымда сөйлеу өте үнемді, яғни сөздердің қысқартулары көп кездеседі және эмоцианалды болып келеді деген. Ал Балқабаев М. Б. ауызекі сөйлеуді екі бөлікке бөліп қарастырған.
1) қарапайым түр
2) әдеби түр деп екіге бөліп қарастыруға болатынын ескерген. Сөйлеудің қарапайым түрі көзбе-көз, беттесіп сөйлесу орайында танылады және күнделікті өмір кезіндегі ауызекі сөйлеу барысында еркінділік күшті және диалектизм сияқты тұрпайы сөздер жиі кездеседі деген. Ал Әлкебаева Ә.Д. пайымдауынша бейресми ауызекі сөйлеу қарым-қатынасын стилистік тұрғыда қарастырды. Әлкебаева Ә.Д. ауызекі сөйлеудің негізгі ерекшелігі дауыстың үні, тонның жиілігі осы стилдің ерекшелігін құрайды деген. Келесі ғалым Рәбиға Сыздық өзінің зерттеуінде, ауызекі сөйлеу стилін әдеби тілмен жіті байланыстырады. Қазіргі таңда ауызекі тіл мен көркем әдеби тілдің нормалары ұқсас болмаса да, әдеби тіл нормаларынан бейресми ауызекі сөйлеу стилін кездестіреміз деп пікір білдіреді.
Қазіргі жастардың ауызекі сөйлеуіне қорытынды жасайтын болсақ, Орлов Г. А. мен Макаров М. Л. еңбектерінде жастардың ауызекі сөйлеуінде өздерінің талдауларын ұсынған. 1) сөйлеу байланысын анықтау; 2) әңгіменің дамуы мен ортасы; 3) әңгіменің аяқталуы деген зерттеулерін ұсынған болса, Шатилов А. С. өз еңбегінде жастар арасындағы диалогті сапалы талдау мақсатында үш деңгейге бөліп қарастыру керек деп санаған. Олар: фонетикалық, лексикалық, стилистикалық. Фонетикалық талдауға – ілгерінді ықпалдардың қолданылуы мен сөйлеу қарқыны және сөйлеу жиілігі, интонация, сөйлемдер арасындағы кідірістердің орын алуы. Стилистикалық талдауға – қыстырма сөздердің шамадан тыс көп қолданылуы және сөйлемдер арасындағы мөлшерден тыс кідірістердің орын алуы деген үш нақты талдау түрін көрсетті.
Біздің зерттеу барысында пайда болған кестемізде қолданылған талдау әдістеріміздің элементтері мынадай:
-
Сөйлеу қарым-қатынасының сипаттамасы және қатысушылардың саны. -
Ауызекі сөйлеу әрекетінің түрлері. -
Ауызекі сөйлеуге қатысушылардың сөйлеу манерасы және екі коммуниканттың сөйлеу стратегиялары мен тактикалары. -
Ауызекі сөйлеуге қатысушылардың симметриялы және асимметриялы формалары. -
Ауызекі сөйлеуге қатысушылардың сөйлеу кезіндегі қиындықтары. -
Ауызекі тілдің лексика-грамматикалық ерекшеліктері.
Осы көрсетілген схема бойынша дипломдық жұмысымыздың практикалық бөлімінде ағылшын және қазақ жастарының ауызекі сөйлеу тіліне талдау жасалынды. Зерттеу нәтижесіне сүйене отырып, қазақ тіліндегі жастардың ауызекі сөйлеуінде келесі қорытындыға келеміз. Қыз балалар мен ер балалар арасындағы бейресми ауызекі сөйлеу кезінде біршама айырмашылықты байқадық. Атап айтатын болсақ, қыз балаларда сөйлеу әрекетінде көбінесе сөйлеу мәнерінде байсалдылық пен ұстанымдылық байқалды. Ал қыз балалардың сөйлеу барысында, яғни олардың бейресми ауызекі сөйлеу тілінде, керісінше, дисфемизм мен боқауыз сөздер өте аз мөлшерде кездесетіні анықталды. Сонымен қатар, қазақ жастарының ауызекі сөйлеу тілінде қыз және ер балалардың ауызекі сөйлеу белгілерінде сөйлеу кодының ауысуы жиі кездесті.
Ал ағылшын жастарының ауызекі сөйлеу ерекшелігіне келетін болсақ, қыз балалардың сөйлеу ерекшелігі ұл балалармен салыстырғанда байсалды, интонациялары бір қалыпты, ұстанымды болып келсе, ер балалардың сөйлеу тоны қыз балалардың тонына қарағанда жоғары болды және қыз балаларға қарағанда ер балалар ауызекі сөйлеу кезінде боқауыз сөздерді жиі пайдаланды. Сонымен қатар, жалпылама жастар арасында сленг немесе жаргондар және қазақ тіліндегідей қыстырма сөздер жиі қолданылды. Қазақ тіліне қарағанда, ағылшын тіліндегі жастарда одағайлар көп кездесті. Сөйлем тәртібіне келетін болсақ, кей кезеңдерде ағылшын тілінде сөйлем тәртібі мүлдем сақталмады. Осы зерттеліп аталған белгілер бойынша нақты қорытынды жасалды. Қазіргі заманғы жастар ортасында ғана қолданылатын ауызекі сөйлеу тілінде тіл тазалығы мен қатар басқа тілден енген сленг пен кірме сөздер көп қолданылады. Ағылшын тілінің бейресми ауызекі сөйлеуін зерттеу жұмысы сол тілден енген сленгтарды қарастыра отырып, қазіргі заманауи жастардың ортасында қолданылатын кірме сөздермен бірге басқа да сөздерді түсінуге мүмкіндік береді.