Файл: 1 дріс. леуметтану жне леуметтануды болашаы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 120

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Прогреске қарама-қарсы үрдіс регресс деп аталады. Ол қоғамның өз жетістіктерінен бас тартуын, жеткен деңгейінен кейін қайтуын білдіреді. Прогресс пен регресс масштабтарында үлкен айырмашылық бар. Егер прогресс адамзат қоғамының барлық тарихи кезең дәуіріндегі қозғалысын білдіретін ғаламдық үрдіс болса, ал регресс жеке бір қоғамды, аз ғана тарихи уақытта қамтитын шағын үрдіс. Жалпы адамзат қоғамы әлі регреске ұшыраған жоқ.
Бақылауға арналған сұрақтар:

1.Әлеуметтану қоғам, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік қауымдастықтардың әсерлесу механизмдері, әрекет ету заңдылықтары мен дамуы туралы ғылым ретінде ролі қандай?

2. Әлеуметтік білімнің құрылымын анықтаңыз.

3. Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары атаңыз.

4. Әлеуметтік факт және әлеуметтік процесс ұғымдары, олардың ерекшеліктері

мен жіктелуі.

5. Әлеуметтанудың қызметтерін атаңыз.

6. «Парадигма »ұғымын қалай түсіндіресіз?
2- дәріс. Әлеуметтанулық теорияға кіріспе.

1.Әлеуметтанулық теория. Макро және микро деңгейлері. Әлеуметтік тәжірибедегі кері байланыстар.

2.Жеке мектептер және бағыттарды дамыту (О. Конт, Э. Дюркгейм, Г. Спенсер)

3.Құрылымдық функционализм. Конфликтологиялық теориялар, Символдық өзара әрекеттесу. Ролдер теориясы.
Сабақтың мақсаты: Әлеуметтанудың тарихымен, даму кезеңдерімен және негізгі теорияларымен таныстыру арқылы осы ғылымның тарихи бағыттарын ажырата білуге, талдауға, әлеуметтік білімнің жалпы ғылым дамуына қосқан үлесін бағалауға үйрету.Қазіргі Қазақстандағы әлеуметтану ғылымының дамуына шолу жасау.
Әрбір ұрпақ ауысқан сайын белгілі бір қоғамдағы әлеуметтік деңгей де ауысуы тиіс. Кейбір адамдар жоғарғы деңгейде, ал кейбірі төмен деңгейде болады: кейбіреулері шектелген русурстарға көптеп иелік етеді, ал кейбіреуінде мүлдем болмайды. Таптық жүйелерде осындай бөліну процесі екі түрлі себепке байланысты: мүмкіндіктер нақты адамдарға қолжетімді, ал ортақ мүмкіндіктер қоғам және еңбек нарығында қолжетімді. Біз оларды жетістікке әсер ететін микро және микродеңгейлі факторлар деп айтамыз.

Микроқұрылым: жеке мүмкіндіктер. АҚШ-тағы әлеуметтік тап жүйесінің касталық жүйелерден айырмашылығы-ол тікелей немесе толықтай мирас жолымен берілмейді. Дегенмен салыстырмалы түрде аз ғана америкалық өз ата-аналарының әлеуметтік таптағы орнынан өзгеше орынға ие болады. Бұл қалай болғаны? Бұл жүйеге берілген ең дұрыс анықтама- иемденудің жанама үлгісі. Ата-ана өз баласының әлеуметтік мәртебесін толық қалыптастыра алмайды, әйтсе де баланың жоғары әлеуметтік мәртебеге қол жеткізуіне қажетті жағдай жасау ата-ананың парызы.


Сіздің әлеуметтік таптағы орныңызды анықтайтын бірден-бір болжамды фактор- ата-анаңыздың табыс мөлшері. Егер ата-анаңыз орта немесе жоғары әлеуметтік тап өкілдері болса, жасыңыздан жақсы күтім көріп, дұрыс тамақтанасыз, жоғарғы деңгейдегі медициналық жәрдемге жүгінесіз. Әлеуетті табыстың төмен болуына себепші жағымсыз жағдайлардан аулақ жүресіз. Ата-анаңыз сізді ынталандырып, сабак оқуға арнайы қолайлы орын дайындап, «жоғары білім материалдары» бойынша оқытатын мұғалімдері бар үздік мектепке бере алады. Және туыстарға көмек көрсету үшін сізді жұмыс істеуге мәжбүрлемейді. Сол сияқты, ата-анаңыз сізді орта немесе жоғары таптағы орынға жеткізетін мәдени, рухани капиталдармен қамтамасыз етеді.

Сонымен бірге егер ата-анаңыздың жоғары немесе орта кәсіптік білімі болса, орта тап өкілдеріне тән жұмыс істесе, жоғары білім алуыңызға мүмкіндігіңіз артады. Ата-анаңыз сізге SAT немесе ACT емтихандарға дайындық курстармен елдегі оқу орындарының- сіздің таңдауыңыздың барлығының сұраныс ақысын төлеуге тырысады.

Оқуды аяқтаған соң, ата-анаңыз таныстары арқылы сізді жақсы жұмысқа орналастырып, тіпті киіміңізді алып беруге дайын. Бәлкім, үй алуға немесе жаңаа кәсіп ашуға ақша берер. Ал ата-анаңыздың жоғары білімі болмаса, онда, керісінше, сіздің білім алғаныңызды емес, бірден жұмыс іздеп, табыс табуыңызды қалайды. Сіз оқитын орта мектептегі кеңесші де, жоғары білім алу үшін қажет алгебра сияқты курстарға емес, сауда-саттық немесе тігін курстарға қатысуға үгіттейді. Егер оқуды жалғастырғыңыз келсе онда осы кедергілерден өтуге тура келеді.

Макроқұрылым: еңбек нарығы

Біреулерге машық пен құзіреттілік жетіспеген жағдайда, басқалардың жақсы жерде жұмысты табысты атқаруға қалай дайын болатынын түсіндіреді. Алайда машық пен құзіреттілік міндетті түрде тапқа, мәртебеге немесе билікке жетуге кепілдік бермейді. Ірі экономикалық құлдырау немесе рецессия жағдайында еңбек нарығы теңдіктің ауытқуына әкелсе, білімге, уәждемеге, ынтаға қарамастан, жақсы жұмыс табу қиынға соғады. әрине, көптеген зерттеушілірдің сөзінше, мемлекеттің экономикалық құрылымындағы және еңбек нарығындағы өзгерістер келесі ұрпаққа ұтқырлықпен жоғарлауға болмашы ғана мүмкіндіктер береді.

АҚШ-тың кәсіби құрылымының жоғарғы деңгейдегі қызметкерлерінің саны соңғы ғасырда арта түсті. Алайда барлығы тең дәрежеде ұтқырлықпен жоғарылау дәрежесіне ие болған жоқ. Қазір әйелдер мен азшылық өкілдері үшін еңбекақысы жоғары жұмыс табу қиын емес, бірақ олардың орны әлі де төмен деңгейде. Олардың ішінде корпоративтік заңгер емес, мемлекеттік қорғаушы өызметтегілер: оташы емес, балалар дәрігері қызметіндегілер жиі кездеседі.



Еңбек нарығы теорияшылардың айтуынша, АҚШ-та еңбек нарығының сегменттелген түрі қалыптасқан: еңбек нарығының бірі- жоғарғы қызметтер үшін, ал еңбек нарығының екіншісі- төменгі қызметтер үшін. Әйелдер мен азшылық өкілдері еңбекақысы төмен, жеңілдіктері аз, қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген және қызметте жоғарылау мүмкіндіктері болымсыз компанияларда жұмыс істейді.


Әлеуметтанудың негізін салушылар: Конт, Спенсер, Маркс, Дюркгейм және Вебер

ХІХ ғасырда Еуропада болған төңкеріс әлеуметтанудың нақты ғылым ретінде дамуына себеп

болды. Әлеуметтанудың негізін салушы деп саналатын бес ғалымның- Огюст Конт, Герберт Спенсер, Карл Макс, Эмиль Дюркгейм және Макс Вебердің еңбектеріне тоқталайық.

Огюст Конт (1798-1857)

Әлеуметтану тарихындағы алғашқы ірі тұлға француз философы Огюст Конт болды. Ол осы саланың негізін салушы болып саналады. 1839 жылы «әлеуметтану» терминін алғаш енгізген де осы ғалым. Конт-әлеуметтік жағдайларға ғылыми әдістерді қолдануды ұсынған алғашқы зерттеушілердің бірі.

Герберт Спенсер (1820-1903)Әлеуметтанудың алғашқы ғалымдарының бірі- британдық философ-ғалым Герберт Спенсер болды. Спенсер әлеуметтік және табиғи өмірдің дамына эволюция себеп болды деп санайды. Ол қоғамды алып жаратылысқа ұқсатады: жүрек пен өкпе ағзаның өмірін қамтамасыз ету үшін бірігіп жұмыс істейтіні сияқты қоғамның бөліктері де қоғамды сақтау үшін бірге жұмыс істейді. Бұл идеялар арқылы Спенсер әлеуметтік зерттеулерді бағыттайтын екі негізгі қағиданы қалыптастырды. Біріншіден, ол «әр қоғам-қоршаған ортаға бейімделу» деп түсіну керек деген қорытындыға келді. Бұл бейімделу қағидаты бойынша қоғамды түсіну үшін өсу мен өзгерістер процесіне баса назар аудару керек. Бұл сондай-ақ қоғамды ұйымдастырудың бір ғана жолы «дұрыс» болмайтынын білдірді. Керісінше, түрлі жағдайларға байланысты қоғам да өзгеріп отыратынын байқатады.

Спенсердің әлеуметтануға қосқан екінші үлесі-оның ғылыми әдіске қатысты ұстанымы болды. Өз заманындағы көптеген ғалымдармен салыстырғанда Спенсер зерттеу барысында моральдық бейтараптық мен мұқияттың маңыздылығын дәлелдеді. Таптық жіктеліске, патриоттық және теологияға деген жалған көзқарастар туралы еңбектерінде ол әлеуметтаанушыларға қоғамды зерттеген кезде өз пікірін және қалауын таңбауы керектігін ескертті.

Эмиль Дюркгейм (1858-1917) Эмиль Дюркгеймнің өмірі Маркстың өміріне ұқсас болды. Алайда Маркс Англияда қуғынға ұшыраған кезде, Дюркгеймнің ең таңдаулы университеті-Сорбоннада профессор болып қызмет етті.

Дюргеймнің басты идеяларының бірі- «әлеуметтік тұрақтылық- әлеуметтік тәртіп пен еркіндіктің арасында лайықты теңгерім болуын қажет етеді» деді. «Суицид» деп аталатын зерттеуінде Дюркгейм қатаң тәртіп пен шексіз еркіндік адамдардың өзін-өзі өлтіруіне себепкер болатынын айтады. Жазмыштық (фаталдық) суицид қоғамда еркіндік аз және тәртіп қатал болған жағдайда орын алады: әлеуметтік институттар мінез-құлыққа шектеу қойған кезде адам өзін торға түскендей сезінеді. Ал аномалиялық суицид еркіндік тым көп, тәртіп тым аз болғанда өршіп кетеді: қоғамның ықпалы жеке адамның ынталылығын ескермейді. Мысалы: қазіргі уақытта ата-анасынан, дінненғ мектеп пен сыныптастарынан аулақтау жүретін жас америкалықтар арасында өз-өзіне қол жұмсау көрсеткіші жоғары, себебі олар аталмыш тараптардан қандай да бір ббақылауды сезінбейді.


Құрылымдық-функционалдық теория

Барлық құрылымдық-функционалдық талдаудың алғышарты- функционалды қоғамда оның барлық элементтерінің ортақ игілік үшін үйлесімді жұмыс істеуі. Бұл әлеуметтенудің құрылымдық-функционалық талдауларына да қатысты.

Кейінгі тараулардан көретініміздей, құрылымдық-функцияшылдар мектеп, діни мекемелер, отбасы және басқа да әлеуметтік мекемелер балаларды әлеуметтік өмірге ерте араласуы үшін әлеуметтендіреді деп санайды. Отбасында балалар өзін-өзі ұстауды, мектепте уақытқа және ережелерге бағынуды, ғибадат ететін орындарда рәсім жасауды, жақсы мен жаман, дұрыс пен бұрыс туралы дәстүрлі сенімдерді құрметтеуді үйретеді.

Құрылымдық функционализм тұрғысынан алғанда осылай әлеуметтену ортақ игілік үшін қызмет етеді. Әлеуметтенудің арқасында жастар қоғамның бақытты әрі айтулы мүшесі бола алады. Ең жақсы жағдайда әлеуметтену құрылымдық функцияшылдардың сенімдеріне сай жұмыс істейді. Балалар ересектер әлеміне бейімделуді және болашақтағы өзгерістерге дайын болуды үйренеді. Алайда осы теорияның сыншылдары балаларды қоршаған ортаға әлеуметтендіру кезінде оларды теңсіздікті қабылдауға үйрететінімізді, ал мұның кейін қоғамды жақсартуда қиындық тудыратынын айтады. Бұл-конфликт теориясы ғалымдарының көзқарасы.
Құрылымдық-функционалдық теорияның негізгі болжамдары

Барлық әлеуметтанушылар қоғамның ұалай жұмыс істейтінін зерттеуге мүдделі. Алайда құрылымдық-функциялық көзқарасты жақтайтындар негізгі үш тұжырымды басшылыққа алады.

1. Тұрақтылық: кез келген әлеуметтік үлгіні бағалаудың басты критерийі-оның қоғамды сақтауға қосатын үлесі

2. Үйлесімділік: ағзаның бөліктері секілді, қоғамның бөліктері де әдетте тұтастық үшін үйлесімді түрде жұмыс істейді

3. Эволюция: ең алдымен, эволюция арқылы жүзеге асыра алады, бұл дегеніміз-әлеуметтік құрылымдардың жаңа қажеттіліктер мен талаптарға, негізінен, бейбіт түрде бейімделуі және қажетсіз, я ескірген құрылымдардың жойылуы

Конфликт теориясы

Конфликт теориясындағы әлеуметтенуге қатысты көзқарас құрылымдық функционализмге кереғар болып келеді. Құрылымдық функционализм әлеуметтену барлық адамдарға пайда әкеледі десе, конфликт теориясы тек билік өкілдеріне ғана пайда әкеледі деген болжам жасайды.

Конфликт теориясы әлеуметтену теңсіздікті арттыратын механизмдерді үдететінін баса көрсетеді. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, ата-аналар қыздарға қарағанда ұл баланы жоғары бағалап, балаларын соған сай тәрбиелейді. Мысалы, қыздан кешкі астан кейін ыдыс-аяқты