Файл: центральноазиатский инновационный университет международный гуманитарнотехнический.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 21

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ф4-ПД-33-21

«ОРТАЛЫҚ АЗИЯ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ

ИНСТИТУТЫ





«ЦЕНТРАЛЬНО-АЗИАТСКИЙ

ИННОВАЦИОННЫЙ УНИВЕРСИТЕТ»
МЕЖДУНАРОДНЫЙ ГУМАНИТАРНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ

ИНСТИТУТ



«Білім берудегі компьютерлік технологиялар және телекоммуникациялар» пәні бойынша
ЛЕКЦИЯ КОНСПЕКТІСІ
6В01403-«Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасы үшін

Шымкент-2021

Білім берудегі компьютерлік технологиялар және телекоммуникациялар пәні бойынша лекция конспектісі. Шымкент: Орталық Азия Инновациялық Университеті, 2021ж. – ___бет.
Құрастырушы: магистр – аға оқытушы Жунисова Н.



Лекция конспектісі оқу жоспары мен Білім берудегі компьютерлік технологиялар және телекоммуникациялар пәнінің оқу бағдарламасының талаптарына сай құрастырылып, курстың барлық қажетті мәліметтерін қамтиды.

Лекция конспектісі 6В01403-«Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасы білім алушыларына арналған.

1 тақырып

 

Мектепте АКТ құралдарының даму тарихы
Жоспар

  1. Бихевиоризма сатысы

  2. Бағдарламалық оқыту және оны АКТ дамуының жаңа сатыларына көшу

  3. АКТ дамуының конгнитивтік сатысы


Оқу процесінде есептеуіш техника құралдары мен компьютерлік технологияны енгізу мен пайдалану процесін тарихи талдаубілім беруді ақпараттандырудың тарихи алғы шарттарын ерекшелеуге мүмкіндік береді, ол шартты түрде білім беруді автоматтандыру, электрондандыру, компьютерлендіру деп аталған. Бұрынғы Кеңестер Одағында білім беруді автоматтандыру мен электрондандыру алғашқы ұмтылыстары академик А.И.Берг техникалық оқыту құралдары (ТОҚ) мен оқыту машиналарын пайдалану жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырған кезеңге – 1962 жылдарға сәйкес келеді. Қазіргі ақпараттық технологиялар компьютерлік техника мен байланыс құралдары саласындағы жетістіктерге сүйенеді. Білім беруді ақпараттандыру




1.3-сурет. Білім беруді ақпараттандырудың алғы шарттары.
Білім беруді электрондандыру үш негізгі аспектіні қамтыды:

  • электрониканы кеңінен оқыту мен микропроцессорлық техника құралдарын қолдану;

  • оқу процесінде техникалық оқыту құралдарын, оның ішінде, оқыту машиналарын, видео жүйелерді, қарапайым электрондық ойындар мен жаттықтырушыларды интенсивті түрде пайдалану;

  • оқу процесіне микрокалькуляторлар, арнайы оқу ЭЕМ-дерін және т.б.енгізу.


Электрондандыру студенттерді дайындау процесіне, алдымен техникалық мамандық иелеріне электрондық құралдар мен есептеуіш техникаларды кеңінен енгізіу мен сипатталады. Дидактикалық программалаудың негізгі міндеттерінің бірі оқу әрекеттерін оңтайлы басқару жүйелерін белгілі бір мақсатты көздейтін жүйелерімен синтездеу, оны орындау барысында оқушылардың білімі мен іскерлігі талап етілген деңгейге жақындайды.

А.П.Ершовтың «Мектеп информатикасы» атты еңбегінде жазылғанындай, программалап оқыту дегеніміз оқыту мен тәрбиелеу психологиясының бірқатар идеяларын, басқару мен ақпараттық байланыстар туралы қағидаларды және ЭЕМ-нің икемділігі, программаланатындығы мен пайдаланушымен диалогтық байланысы тәрізді жаңа мүмкіндіктерінің мәнін синтездеу негізінде дүниеге келген.

Ақпараттандыруға байланысты мемлекеттік саясат төмендегідей негізгі бағыттарды қамтыды:

  • бірыңғай ақпараттық кеңістікте ақпараттандыру жүйелері мен желілерін құру және дамыту, олардың үйлесімділігі мен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету;

  • ұлттық тағылым ретінде мемлекеттік ақпараттық ресурстарын қалыптастыру және қорғау;

  • ақпараттандыру және басқа бағыттарды ұлттық қауіпсіздік мәселелерін қамтамасыз ету.
    Оқытудың терминологиясы деп оқу программаларында қарастырылған білім мазмұнын жүзеге асыру тәсілін түсінеді, ол қойылған дидактикалық мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін оқытудың формалары, әдістері және құралдары жұйесін қамтиды. Тұжырымдама материалдарында жаңа ақпараттық технологиямен оқытудың айырымдық белгілері ретінде оған байланысты төмендегідей компоненттер жүзеге асырылатын арнайы орта аталған:

  • техникалық (пайдаланылатын техниканың түрі),

  • программалық-технологиялық (оқыту технологиясымен жүзеге асырылатын программалық құралдар);

  • ұйымдастырушылық-әдістемелік мәселелер (оқушы мен оқытушыға арналған нұсқаулар, оқу процесін ұйымдастыру);

  • білімнің пәндік саласы.


Бірінші кезеңнің мазмұны:

  • жаңа ақпараттық технология құралдарын, алдымен компьютерді жаппай меңгеру басталды;

  • оны педагогикалық меңгеру мен бұрын табылған, бірақ дәстүрлі оқыту технологиясының әдістері мен оқу жұмысын ұйымдастыру формаларында қолданылмайтын технологияларды дамытуға, білім беру мазмұнының жаңа құраушыларын іздеуге бағытталған зерттеу жұмыстары басталды;

  • ақпараттандыру процесінің объективті қажеттілігінің мәнін қоғамның түсіну процесі өтеді.

Екінші кезеңнің мазмұны:

  • ЖАТ құралдарын жан-жақты меңгеріп, оны дәстүрлі оқу пәндеріне біртіндеп енгізу, осы негізде жаңа әдістер мен оқу жұмысын ұйымдастырудың формаларын педагогтардың жаппай меңгеруі;

  • «компьютерлік курстарды» оқу барысындағы еркін үйлесімділік, оқытуды дәстүрлі ұйымдастырудың формалары мен әдістерін дербес, топтық оқытумен, жұмыстың лекциялық формасын, компьютер сыныбындағы сабақтарды физикалық және т.б. зертханалық жұмыстармен үйлестіре өту.

  • Сөйтіп, 91 жылдарға дейінгі кезеңде білім беруді компьютерлендіру мен ақпараттандыруды бірыңғай жаппай қамтитын мемлекеттік бағдарламаны жасау қажеттілігін уағыздайтын жағдай қалыптасты.

Ақпараттық технологиялардың дамуы.

Ақпараттық технологиялардың дамуы мен компьютерді пайдалануға бөлінудің әртүрлі белгілерімен анықталатын әртүрлі көзқарастар бар.Төмендегі баяндалатын тәсілдердің бәріне ортақ нәрсе дербес компьютердің пайда болуынан бастап, ақпараттық технологиялар дамуының жаңа кезеңінің басталуы болып табылады. Мұндағы негізгі мақсат - әрі кәсіптік салада, әрі тұрмыстық салада адамның дербес ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыру.

Бөліну белгісі-міндетті түрі мен ақпаратты өңдеу процестері

1-кезең (60-70 жж.)- есептеу орталықтарында топтық пайдалану режимінде мәліметтерді өңдеу. Ақпараттық технологиялар дамуының негізгі бағыты адамның бұрынғы операциялық іс-әрекеттерін автоматтандыру болып табылады.

2-кезең (80 жж. бастап)-стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған ақпараттық технологиялар құру.

Бөліну белгісі-қоғамды ақпараттандырудың алдында тұрған мәселелер.

1-кезең-(60 жж. соңына дейін)мүмкіндігі шектеулі ақпараттық құралдармен үлкен көлемді мәліметтерді өңдеу мәселесімен сипатталады.


2-кезең-(70 жж. соңына дейін) IBM сериялы ЭЕМ-дердің таралуымен байланысты. Бұл кезеңде пайда болған мәселе-ақпараттық құралдардың даму деңгейінен программалық қамтамасыз етудің кешеуілдеуі.

3-кезең-(80 жж.бастап)-компьютер кәсіпқой емес пайдаланушылардың құралы, ал ақпараттық жүйелер-шешім қабылдауды сүйемелдеу құралы. Мәселелер-пайдаланушының қажеттілігін жоғары деңгейде қанағаттандыру және компьютерлік ортада сәйкес жұмыс интерфейсін құру.

4-кезең (90 жж. бастап)-байланыстар мен ақпараттық жүйелерді ұйымдастырудың қазіргі технологияларын құру. Бұл кезеңнің мәселелері барынша жан-жақты. Олардың ішіндегі маңыздылығы:

-компьютерлік байланысқа арналған келісімдер жасау, стандарттар мен хаттамалар тағайындау;

-стратегиялық ақпаратқа кіру мүмкіндігін тағайындау;

-ақпаратты қорғау мен оның қауіпсіздігін ұйымдастыру.
Бақылау сұрақтары:

  1. Ақпараттық технологиялар дегеніміз не?

  2. Электрондандыру үш негізгі аспектісін атаңыз?

  3. Программалап оқыту мен оны жүзеге асыру құралдарына сипаттама беріңіз?

  4. Білім беруді ақпараттандырудың негізгі кезеңдеріне сипаттама беріңіз?

  5. Ақпараттық технологиялардың даму тарихына шолу жасап, бөліну белгісіне қарай әрбір кезеңіне сипаттама беріңіз?



2 тақырып
Инструментальды орталар. Оқыту орталары. Оқытудың компьютерлік құралдарын жасаудың параллельді-циклдық негізі
Жоспар

  1. Оқыту орталары

  2. Оқытудың компьютерлік құралдарын жасаудың параллельді-циклдық негізі


Сабақты, конспектіні, лекцияларды Internet-презентация түрінде орналастыру қиын емес. Бұлматериалдарды мектеп сайтына орналастыруға болады. Гиперсілтеме терминін Тед Нельсон 1965 жылы енгізген. Ол белгілі бір сөзге басып сол туралы мағлұматтар алуды женілдетеді. Мысалға мұндай сілтемелерді оңай Internet тен көруге болады жане тегін.
Вертуалды саяхат.

Музей, галерея, көрме сайттарынан керемет вертуалды саяхат сабағын өткізуге болады. Дәл сол сияқты көптеген завод, фабрикалардын жұмыстарын да вертуалды көріп танысуға болады. Көптеген қалалар сайты да бар солар арқылы география сабағын да вертуалды өткізуге болады, web-камераны қолданып елдің түкпір-түкпірін көруге болады.

Мультимедиалық технологиялар.


– бейнелік және аудиоэффектілік, әр түрлі мультипрограммалық мүмкіндіктерді интерактивті программалық жабдықтың басқаруымен орындата алатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдері. Мультимедиа құралдары деп әр түрлі орталарды: графиканы, гипермәтінді, дыбысты, анимацияны, бейнелік көріністерді пайдалана отырып тұтынушының компьютермен әрекеттесуін жүзеге асыратын ақпараттық және программалық құралдардың біріктірілген кешендерін айтады. Мультимедиа жарнамалық бизнесте, компьютерлік ойындар жасауда кең қолданылады. Мультимедиа технологияларынң қызықты мүмкіндіктері электрондық оқу құралдарын жасауда және де басқа оқып үйренуге арналған материалдар дайындауда көп пайдаланылады. Мультимедиалық технологияларды кеңінен қолдану оқытудың қазіргі компьютерлік технологиялары дамытудың жаңа бағыттарын дамытуға зор үлес қосып келеді. Мультимедиа технологиялары құралдарын оқу әдістемелік материалдары кешендерін жасауда қалай қолдануға болады? Оларға әр түрлі мультимедиалық эффектілерді жай мультимедиа мәтіндермен салыстырғанда қандай көлемде қосуға болады? Оқу құжаттарында мультимедиалық қосымшыларды пайдалануға шек қойыла ма? Осындай мультимедиа әсерлелерді шешу бағытында нақты зерттеу жұмыстарын жүргізу керек, өйткені гармонияны бұзу өте жақын, әсерлі қосымшаларды мультимедиалық эффектілерді шамадан тыс қолдану оқушылардың жұмыс қабілетін төмендетіп, оларды тез шаршатуы да ықтимал. Осындай сұрақтарға жауап беру оқыту ісіндегі шамадан асып шарықтауды болдырмау, оқу - әдістемелік материалдарын тек эффектілі түрде көрсетпей, оның тиімді жағын қамтамасыз етуі керек.

  1. Виртуальды семинарлар мен консультациялар

Мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты ешкім өзгерте алмайды бірақ технологияның дамуымен оқытудың формасыда өзгеруде. Көптеген программалардың арқасында аудио және видео конференциялар өткізуге болады. Оқушы мен мұғалім бір бірінен алшақ болса бұл табылмайтын ақыл.

  1. Тестік технология


Оқушылар білімін, білігін және дағдысын тексеру – оқыту үрдісінің ең маңызды бөлімінің бірі. Ол оқушының үлгерімін қадағалау арқылы іске асады. Жүйелі түрде тексерудің диагностикалық, білім беру және тәрбилік маңызы зор. Дидактикалық белгілеріне қарай білімді тексеру күнделікті, алдын-ала, қорытындылау деп бөлінеді. Әдістеме бойынша ауызша, жазбаша және эксперименттік деп бөлуге болады. Оқушылар білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде, соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып отыр.Тест ағылшын сөзі (test) аударғанда байқау, бақылау, зерттеу деген мағынаны білдіреді. Педагогикада тест пайдалану 130 жылдан астам уақытты қамтиды. Ең алғашқы тестіні 1864 жылы ағылшын Джодж Фишер құрастырып, оны Гринвич госпиталінде пайдаланған. Содан бері білімді тестік жүйемен тексеру Америка, Франция, Англия сияқты елдерде кеңінен тараған. Білім деңгейін тест арқылы тексерумен айналысып жүрген ғалым-педагогтар, тест – оқушылардың өз-өзін тексеруге мүмкіндік ашатын есеп беру, оқыту әдісі деп есептейді. Сондықтан бұл әдіс сабақ үрдістерін бір-бірімен байланыстырып қана қоймай, білімді тексеру, бекіту, қайталау, жүйелеу құралы болып отыр. Тағы бір тиімді жағы уақыт үнемделеді, оқушылар қызығып, белсенділігі артады. Тест тапсырмаларын құрудың әдістемесіне тоқталайын. Жұмыс тестің мақсатын анықтаудан басталады. Одан соң тексерілетін білім, білік элементтері анықталып, әр түрлі кезеңде білім берудің жалпы және дара мақсатымен деңгей эталондары нақтыланады. Тест тапсырмаларының қандай түрін болмасын сұрақ не тапсырма ретінде бергеннен гөрі қайтарылған жауапқа байланысты бекіту, қорытынды ретінде құру тиімді болады.Тестік тапсырмалардың әр түрлі типтері болады. Олар: толықтыру тесті, еске түсіру, балама, таңдау, салыстыру, ретімен маңызына қарай тізбелеу, құрастырмалы, кәсіптік бағдарлы тестілер.Тест тапсырмаларының жауабын цифр немесе перфокартаның көмегімен беруге болады. Перфокарта дәптер парағының көлеміндей қаттылау қағаздан жасалады. Онда тік бағытты тапсырма, ал көлбеу бағытта жауаптары орналастырылады. (3-5 жауап).Содан соң екі бағыт қиылысқан тор көзден дөңгелетіп көзше ойылады.Тест оқушылардың білімін салыстыруға, мұғалім әдістемесінде жіберілген олқылықтарды ашып көрсетуге, білім беру жүйесінде оқушылармен бірге жеке жұмыс жүргізуге, әр түрлі оқу әдісін салыстыруға мүмкіндік туғызады. Білім сапасын тексеру мәселелерін зерттеу нәтижелері 1-кестеде көрсетілген.