Файл: центральноазиатский инновационный университет международный гуманитарнотехнический.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 26

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ақпаратты тек қандай да бір мәліметтердің жиынтығы деп түсінуге болмайды. Ақпарат белгілі бір мәселелрді шешуге қажетті, ұғынықты және белгілі бір дәрежедегі бағалылығы танылған білім болып табылады. « Ақпарат дегеніміз – ақпаратты алушы кісіге дйін қабылдау механизмінің қабылданды – түсінікті – бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе ».

Ақпарат сөзіне Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында мынандай түсінік беріледі:

- ақпарат ( информация, лат.Informatio – түсіндіру, баяндау, хабардар ету) – 1 ) істің жағдайы, қандай да болмасын оқиға немесе біреудің қызметі туралы хабарлау, мәлімет беру;

- 2) 20 ғасырдың ортасынан бастап адам мен адам, адам мен автомат, автомат пен автомат арасындағы деректер алмасуды, жануарлар мен өсәмдәктер арсындағы сигналдар алмасуды, тұқым қуалаушылық белгісін бір клеткадан басқа бір клеткаға, бір ағзадан (организмнен) екінші бір ағзаға жеткізуді қамтитын жалпы ғылыми ұғым;

- 3) кибернетиканың негізгі ұғымдарының бірі. Ақпарат үздіксіз (аналогты) не үзілісті (дискретті) болуы мүмкін. Ақпаратты жеткізу, қабылдау. Түрлендіру және сақтаудың жалпы мәселелерімен ақпарат теориясы айналысады.

Ақпарат сөзі өте жиі кездеседі. Алайда ақпарат деген не екенін ешкім дәл айта алмайды. Өйткені ақпарат математикадағы нүкте ұғымы сияқты анықтама берілмейтін ұғым. Ақпарат – информатиканың негізгі ұғымы. Адам ақпаратты үздікісз қабылдайды. Біз не көреміз, оның барлығы – ақпарат. Заттың дәмін татып,иісін иіскеп, саусағымызбен сипалап көріп, ол зат туралы ақпарат аламыз.

Алынған ақпаратты адам миы өңдейді. Біз түсінген және сақтаған ақпараттың бәрі білімге айналады.

Табиғаттағы болып жатқан құбылыстардың барлығы біз үшін ақпарат. Мысалы, күннің салқындауы, жаңбырдың жаууы, құстардың ұшуы,уақыттың өтуі, су тасқыны, топырақтың маңызы, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі, шаруашылықтар мен қала, ауылдардағы өзгерістер.

Қазіргі кезде қошаған орта жөніндегі қандай да бір сигналдар, мағлұматтар, құбылыстар жиынтықтары ақпарат деп түсініледі.

Күнделікті оқылатын оқулықтар, газеттер мен журналдар, түрлі радио және телехабарлар әр түрлі ақпараттарға толы.

Ақпарат мәтін, сурет, схема, графика, сан, әуен, дыбыс, иіс, аралас түрде беріледі. Мысалы; кітапта ақпарат,мәтін,сан; халықтың өсімі, сирек кездесетін жануарлардың азаюы кесте; шаруашылықтың дамуы график, диаграмма; жаңа ән дыбыс, әуен түрінде берілетінін түсіндіре отырып, түрлі мысалдар келтіруге болады, мысалы, электрондықоқулықтардағы бейне материалдар.


Бүгінгі мемлекеттің білім беру саласындағы саясаттың тұжырымдамасындағы міндеттердің бірі – білім беру жүйесі мен оқытудың сапсын арттыру, сабақтың әдістерін және мазмұнын жетілдері, әдістемелік жағынан дамыту болып табылады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі зан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да көптеген Адам келбетінң қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

«Технологиялық білім» термині ХХ ғасырдың 40-50 жылдары пайда болды. Бұл термин тұрмыстық құрал – жабдықтарға ( үнтаспа, телевизор т.б. ) сол сияқты оқу процесінде техникалық құрал – жабдықтарға байланысты қолданылып келген болатын.

50 – 60 жылдары «Технологиялық білім » термині бағдарлама оқыту идеясын тарату мақсатында педагогикалық процесте әдіс – тәсіл жиынтығы ретінде қолданылған.

Қазіргі уақытта « педагогикалық технология » түсінігінің жаңа даму кезеңі жүріп жатыр, бұл түсінік 1980 жылдары арнайы компьютерлер арқылы жан – жақты ақпаратты – бағдарлама жүйесінде оқыту пайда болған кезден дамыған. Оның жан- жақтылығы сандық жүйені әр түрлі шолып байқау арқылы анықталып, оқудың жаңа мүмкіндіктері пайда болды.

« Педагогикалық технология » анықтамасы келесі негізгі белгілерді қамтып көрсетеді; мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің ортақтығы, адам мен техниканың бөлігі.
Оқытудың жаңа технологияларын жете меңгеріп, оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне орай орынды қолданудың мәні ерекше. Жаңа технологияны жетік меңгеру сонымен қатар мұғалімнің интелекетуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Осы мәселелерге қатысты көптеген ой-пікірлер төмендегі зерттеушілердің еңбектерімен тығыз байланысты: В.Беспалько, М.Кларин, И.Лернер, В.Оконь, Н.Талызина, В.Ю.Пятюков, Г.Селевко, Р.Г.Лемберг, Е.Я.Голант, Д.Н.Богоявленский, Л.В.Занков және т.б. ғалымдардың еңбектерінде өздік жұмыс оқушылардың өзін-өзі бақылауын қалыптастыру, ақыл-ой тәрбиесін беру құралы ретінде анықталады. Оқуды белсендіру құралы ретінде: Б.П.Есипов, П.И.Пидкасистый еңбектерінде, оқушылардың танымдық дербестігін қалыптастыруға бағытталған теориялық тұжырымдамалар: И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, Н.Н.Половникова, Л.П.Буева, С.Т. Зырянов, К.А.Абульханова-Славская, К.К.Платонов т.б. еңбектерінде орын алған.


Сонымен қатар оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыруға байланысты зерттеулер жүргізген отандық ғалымдарды назардан тыс қалдыруға болмайды, олар: Б.Ә.Әбдікәрімұлы Ж.А.Қараев, М.М. Жанпейісова, С.Мирсейтова, Б.А.Тұрғынбаева, С.А.Ұзақбаева, К.Бұзаубақова, Ш.Т.Таубаева, Д.М.Жүсібалиева, С.Д.Мұқанова т.б. өз зерттеулерінде қарастырған.

Көрнекті психологтер Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов зерттеулерінің нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық мүмкіндіктері айқындалды. Л.С.Выготский, С.Л.Рубенштейн, А.Н.Леонтьев оқыту мен дамытудың өзара байланысын ашып көрсетті. Бастауыш сынып оқушыларның өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру мәселелерімен ғалымдар А.Х.Аренова, Н.Н.Светловская, А.Я.Савченко айналысты.

Ғалымдардың 60-80 жылдардағы және қазіргі кездегі білім беру технологияларына, олардың мазмұнына анализ жасай отырып, мынандай қорытынды жасаймыз. Алғашқы кездегі технологиялар оқушы біліміндегі кемшіліктерді түзетуге, оның білім дәрежесін анықтауға бағытталады. Ал қазіргі білім беру технологиялары оқушының болашақтағы дамуына, оны болжауға бағытталады. Технологияларды оқушының болашағын болжау мен дамуына қатар бағыттау, қажетті ақпаратты оқу процесінде біртіндеп көруге негізделеді. Бұл процесс ғылымда «мониторинг» деп аталады. Осы педагогикалық мониторинг мұғалім мен оқушыны қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді. Осылайша ұзақ, үздіксіз бақылау оқу процесін тиімді басқаруға көмектеседі. Алғашында пайдаланған технологиялардың ерекешеліктері мен кемшіліктері – олар бір рет жасалынып, оны ұзақ уақыт бойы ұқсастығы бірдей жағдайларда пайдаланыла берілуі.

Қазіргі технологиялар жетілдіруді, әр түрлі жағдайларда пайдалана беруді талап етеді. Бүгінгі күндері педагогикалық оқыту технологияларын дұрыс пайдалана білу – үлкен қажеттілік. Дегенмен, көптеген жағдайда оқыту әдісін, оқыту әдістемесін, оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын бір-бірінен ажыратып, пайдалана білуі қажет.

Бұл мәселе бойынша зерттеулер жүргізген көптеген ғалымдар мәселені әр қырынан танып отыр. Ресей ғалымдарымен салыстырмалы түрде қарастыратын болсақ, біздің зерттеушілер аталмыш тақырыпта жүргізген зерттеулері көңіл толарлық деп айту қиын.Қоғамда болып жатқан өзгерістердің жоғары білім беретін оқу орындарына әсері оның оқу үрдісіне ізгіліктік және демократиялық бағыттарды ендіруді қажет етуінен айқын көрінеді. Оқушы тұлғасының өзіндік дамуына, танымына, өзін-өзі жетілдіруіне бағытталған оқыту талабы мұғалімнің тек пәндік білімдік тұрғыдағы біліктілігіне ғана емес, ерекше тұлғасына, шығармашылық даралығына деген сұраныстарды алға қойып отыр. Ертеңгі болашақ мұғалім ойлау икемділігі дамыған, жан дүниесі терең, өмірге көзқарасы жоғары болуы тиіс, өйткені өзіндік рухани өсуін өзі басқара алатын адамның қолынан ғана шығармашылық жасампаздық келеді. Ондай маман педагогикалық жаңалықтарды қабылдауға даяр, сондықтан өз әрекеттеріне өзгеріс енгізе алатынымен, ізденістік жұмыстар жүргізуге бейімділігімен, әр оқушының рухани өсуіне, өзіндік мүмкіндігін дамыту үшін жағдай туғыза алатындығымен құнды.


Жоғары педагогикалық оқу орнындағы бүгінгі білімгер – ертеңгі болашақ маман. Бүгінгі білімгерлердің білімімен ертеңгі мамандардың жұмысы өлшенбек.

Бүгінгі болашақ маман ертеңгі күні нәтижелі еңбек ету үшін, оны бүкіл өміріне қажетті білім нәрімен сусындату қажет.

Сондықтан бүгінгі педагогикалық институттарда білімгерлер жоғары оқу орындары қабырғасында жүргенде-ақ жаңа педагогикалық технологиялар негізімен танысып, оларды меңгеруі аса маңызды.

Қазіргі заманғы білімнің көкейтесті міндеттерін іске асыруда шешуші рөл реформаны, білім жүйесінің динамикалық және прогрессивтік дамуын толығымен жасауды, оқу-тәрбие жұмыстарының өзіндік ерекшелігімен, жоғары тиімділігі педагогикалық технологияны объективті түрде, ғылыми-теориялық және практикалық бағыттауды қамтамасыз ететін дидактикалық ғылымға жүктелген.

Кез келген оқытудың негізгі және түпкі мақсаты – адамды белгілі бір әрекеттерді жасауға үйрету болып табылады. Сондықтан да білім беру жүйесінің міндеті белгілі бір көлемдегі білім беруді көздеу емес, алынған білімді адамның өзінің қызметінде колдана білуге үйрету болуы тиіс.

Қоғамның XXI ғасырдың алғашқы шебіне, яғни ғылыми-техникалық прогресс пен өркениетті даму дәуіріне бет бұру кезеңінде жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді, жетілген жеке тұлғаны қалыптастыру бүгінгі мектеп алдында тұрған негізгі міндет.

Соған орай бүгінде оқыту жүйесінде жаңаша оқыту технологиясы деген сөз жиі қолданыста жүріп жатыр.

Жаңаша оқыту деген мәселе оқу жүйесін мүлдем өзгерту, бүкіл мазмұнды жаңарту емес. Бар дүниені тірек етіп, соның мазмұнын толықтыру, жаңаша қарап жаңарту, жаңаша оқыту. Жалпы, оқыту әдістемесінің үлкен екі саласы бар, оның біріншісі педагогиканың дидактика мәселелері, ал екіншісі - оқытылатын негізгі объектілер. Олар тілдің теориялық салалары. Бұл мейлі таза тереңдетілтен қазақ тілі болсын, мейлі басқа тілді аудиторияда оқытылатын қазақ тілі болсын немесе ауызекі сөйлесу, тіл дамыту болсын т.б.

Міне, осы объектілердің қайсысын болса да, оқыту барысында дидактиканың жалпы мәсслелеріне сүйенеді.
Бақылау сұрақтары:

  1. Ақпарат сөзіне Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында қандай түсінік беріледі?

  2. «Технологиялық білім» термині қашан пайда болды?



15 тақырып
Білім беруді ақпараттандыру – педагог кадрларды дайындау және ғылыми зерттеу бағыты ретінде

Жоспар

  1. Білім беруді ақпараттандыру

  2. Білім беруді ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы жайлы. Білім беруді ақпараттандырудың техникалық базасы және негізгі базалық құралдары.


Білім беру саласындағы АКТ-ды қолданудың мүмкіндіктерін іске асырумен педагогика ғылымының білім беруді ақпараттандыру саласы қарастырады.

Білім беруді ақпараттандыру – білім беру саласында заманауи АКТ-ды қолданудың әдістемелік және практикалық нұсқамаларын дайындау, оларды психология-педагогикалық тұрғыдан іске асыру.

Бұл үрдісті бастамашылық етедi: әдiстемені және мазмұнды таңдау стратегиялық әбден жетiлдiруді, әдiстер және ұйымдастыру оқу формалар тұлғасын жаhандық жаппай коммуникацияның ақпараттық қоғамының қазiргi жағдай оқушы дамуының тиiстi есептерiнiң тәрбиесi; Бiлім қалыптастыруына зияткерлiк потенциалының оқушы даму бағдарлалған дағдылардың әдiстемелiк жүйелерiнiң әбден жетiлдiруi бiлiм өз алдына, оқу эксперименталдi - зерттеушi белсендiлiгi, дербес ақпараттық белсендiлiктiң түрлi өңдерiн жүзеге асыру; ғылыми - педагогикалық ақпаратты автоматтандырылған деректер банктерiнiң қолдануының негiзi, информациялық - әдiстемелiк материалдарға бiлiмнiң жүйесiмен басқару механизмдарының әбден жетiлдiруi, коммуникациялық желiлер сонымен бiрге; бiлiм деңгейiнiң оқушы бағаларын компьютер тестілейтiн, диагноз қоятын бақылау әдiстемелерiн жасау және қолдану .

Сонымен қатар білім беруді ақпараттандыу қазіргі таңда педагогикалық білімнің жаңа аймағы деп қаралады. Ол білім берудің технологиясы мен әдістемесін жетілдіруге және келесі мәселелер мен міндеттемелерді шешуге бағытталады:

  • Жаһандану мен жаппай коммуникация уақытында білім алушының тұлғалық даму міндеттемелерін, тәрбие, ұйымдастыру формаларын жетілдіру әдістемелерін құрастыру;

  • Білім берудің барлық салаларында АКТ-ды қолданудың педагогикалық технологияларын дамыту мен инновациялық тұрғыдан модельдерді дамыту мен негіздеу;

  • Ақпаратты өз бетімен игеруге, оқушының зияткерлік мүмкіндігін дамытуға бағытталған оқытудың әдістемелік жүйесін жасау;

  • Білім берге арналған оқытудың зерттеу, демонстрациялық, интрументалды құралдар мен жүйелердің электронды қаңқасын жасау;

  • Интернет ресурстарына негізделген, жаһандық коммуникациялық ақпараттық ресурстардың реттелген түрін білім беруде қолдану;

  • виртуалды, нақты құрал-жабдықтар және оқу зерттеушi, көрсету, лабораториялық тәжiрибенi өңдеу процестерiн автоматтандыру жүйелерiн әзiрлеу;

  • психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қанағаттандыратын автоматтандырудың құрал-жабдықтарын жасау және қолдану – олардың алға басуын, бiлiм деңгейiн, оқушы бағаларын, зияткерлiк потенциалын, үйренушi анықтауын оқуда педагогикалық тестілейтiн, диагноз қоятын бақылау әдiстемелер жасау;

  • білім беруде қолданылатын ақпараттық коммуникациялық және есептеуіш құралдарды педагогикалық-эргономикалық бағалауды ұйымдастыру;

  • Білім беру мекемелерінің жүйелерін басқару және телекоммуникациялық желілерді, материалдарды, ғылыми-педагогикалық ақпараттардың базасы мен қорларын қолдануды автоматтандыру.