Файл: центральноазиатский инновационный университет международный гуманитарнотехнический.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 24

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Білім беруді ақпараттандыру бағдарламасы мектеп оқушыларын компьютерлік оқытуға, ақпараттық-қатынастық технологиялар (АҚТ) саласындағы қазіргі заманғы жетістіктерді олардың белсенді игеруіне, Қазақстан Республикасында біртұтас ақпараттық-білімдік ортаны жасауға бағытталған. Осының барлығы, ақыр соңында, білім берудің сапасын жаңарту мен арттыруға, мектеп оқушылары мен болашақ кәсіпқойлардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға, әлемдік қоғамдағы Қазақстан азаматтарының мәдениаралық және тілдік қатынастары үшін негіздерді жасауға бағытталған болатын.

Қазіргі уақытта білім беруді ақпараттандыру бағдарламасы кең ауқымды сипатталды және білім берудің барлық саласына: кәсіптік мектептерге, колледждерге, жоо-на, институттарға және кәсіптік кадрлардың біліктіліктерін арттыру курстарына тарады.

Ақпараттандырудың негізгі бағыттары:

  • АҚТ-ды оқу процесіне енгізу бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;

  • компьютерлік техникамен қамтамасыз етушіліктіктің әлемдік көрсеткішіне жету үшін орта білім беру ұйымдарын одан әрі компьютерлендіру;

  • орта білім беру ұйымдарын Ғаламтор желісіне қосу;

  • білім берудің барлық деңгейлерінде арақашықтықтан оқыту технологияларын дайындау және енгізу;

  • аймақтарда білімдік ақпараттық ресурстық орталықтарды және министірліктің білімдік порталын құру;

  • білімдік бағдарламаларға сәйкес орта білім беру ұйымдарын электрондық оқулық басылымдармен жасақтау;

  • мемлекеттік органдардың біртұтас көліктік ортасының базасында портал мен аймақтардың ресурстық орталықтарын біріктіру;


  • мониторингтің (сараптаманың) ақпараттық жүйесін енгізу;

  • білім беру ұйымдарын басқару және талдау.
    Ақпараттық қатынастық технологияларды оқу процесіне енгізу және білім берудің жай-күйін сараптау мен талдаудың шек келтірмейтін мәліметтерінің негізінде басқарушылық шешімдерді қабылдау есебінен білім беру сапасының деңгейін арттыру.

Жалпы білім беретін білім беру ұйымдарында бір компьютерге 16 оқушыдан келеді, ауылдық жерлерде - 18. Интернет желісіне мектептердің 98%-ы қосылған, ауылдық жерлерде – 97%. Кең жолақты интернетке 37,3% мектеп қосылған.

Мектептерді лингафондық және мультимедиалық кабинеттермен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Бұл кабинеттерде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сабақтар өтеді. Бағдарламалық қамтамасыз ету басқаруды, бақылауды және оқушылармен қарым-қатынас жасауды, сонымен қатар мұғалімге толық бақылауды қамтамасыз ететін мүмкіндік береді. Қазіргі таңда 3450 мектеп лингафондық және мультимедиалық кабинетпен жабдықталды.


2007-2008 оқу жылынан бастап республиканың мектептерінде онлайн оқыту жүйесі енгізілуде. Төрт жылдың ішінде 3571 мектеп интерактивті кабинеттермен жабдықталған. Сонымен қоса 1721 мектеп республикалық бюджеттен жабдықталған, онда бес кабинеттен бар (екі универсалды және үш физика, химия және биология пән кабинеттері) Бұл мектептер кең жолақты Интернетке 512 Кб/сек. жылдамдығымен қосылған.

Жергілікті бюджет есебінен интерактивті кабинеттермен 1850 мектеп жабдықталған.

Он-лайн сабақтарын өткізуге арналған тиісті бағдарламалық қамтамасыз етулері бар білім порталы (www.sabak.kz) жұмыс істейді. 2007-2010 жылдары апта сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша 300 ден астам сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.

2010 жылдың наурызында «Білімдегі инновация» атты халықаралық форум өткізілді.

Форумның мақсаты – білімдегі ақпараттық технологияларға байланысты кең сұрақтарды талқылау, озат IT компаниялардың жаңа жабдықтарын көрсету.

Қазақстандық білім беру порталында алғашқы рет «Үздік сандық ресурс» атты қашықтықтан конкурс өткізілді. Үздік электрондық ресурстар электрондық дауыс беру үшін қазақстандық білім беру порталында www.portal.edu.kz орналастырылды.

Ақпараттандыруды әрі қарай жалғастыру мақсатында Білім және ғылым министрлігі электрондық оқыту жүйесін енгізу жұмыстарын жүргізуде. Бұл қалалық және ауылдық мектеп білімін теңестіруге, технологиялық сауатты азаматтарды дайындауға бағытталған.

«Е-learning» жобасын 2 кезеңде жүзеге асыру қарастырылған. Біріншісі – 2011-2015 жылдары, екіншісі – 2016-2020 жылдары. Жоба мектептерді цифрлық білім беру ресурстарымен, жылдамдығы 4-10 Мбит/с болатын кеңжолақты интернетпен, оқу процесін және статистиканы толық автоматтандыру (электрондық журнал, кітапхана, сабақ кестесі, күнделік, ата-аналарға sms арқылы хабарлау). Мұғалімдер мен оқушылар ең үздік білім беру ресурсы мен оқыту технологияларына қол жеткізеді.
Бақылау сұрақтары:

  1. Жаһандану дегеніміз не?

  2. Ақпараттандыру дегеніміз не?


Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

  1. Об образовании.Закон РК (WWW.zakon.kz)

  2. “Новые педагогичечские и информационные технолгии в системе образования”, под.ред. Е.С. Палат- М.2000,-296 стр.

  3. Образование и XXI век: Информационные и коммуникационные технологии. - М.: Наука, 1999. - 191 с., ил. - (Кибернетика: неограниченные возможности и возможные ограничения).

  4. Педагогико-эргономические условия безопасного и эффективного использования средств вычислительной техники, информатизации и коммуникации в сфере общего среднего образования. / Разработано в Институте информатизации образования РАО под науч. рук. И.В. Роберт. // Информатика и образование, NN 4,5,7, 2000 г., 1, 2001.

  5. Роберт И.В. Современные информационные технологии в образовании: дидактические проблемы; перспективы использования. - М.: "Школа-Пресс", 1994. - 206 с.

  6. Брукшир Дж. Информатика и вычислительная техника. 7-е изд. – СПб.: Питер, 2004. – 620 с. - 1995

  7. Землянский А. А. и др. Практикум по информатике.. – М.: КолосС, 2003. – 384 с.

  8. Коцюбинский А. О., Грошев С. В. OfficeXP: Новейшие версии программы. – М.: Издательство ТРИУМФ, 2001. – 480 с.


Қосымша әдебиеттер:

  1. Олифер В.Г., Олифер Н.А. Компьютерные сети. Принципы, технологии, протоколы. Учебник для вузов. – СПб.: Питер, 2003.-864с.

  2. Архитектура компьютера. 4-е изд. / Э.Таненбаум. – СПб.: Питер, 2003. – 704с.: ил.

  3. Кенин А.М. IBMPC для пользователей или как научиться работать на компьютере: Научно-популярное издание/ Екатеринбург: Издательство «АРД ЛТД», 1997. – 496с., ил.

  4. Фигурнов В.Э. IBM PC для пользователей. - М.: «Финансы и статистика», 1999.