Файл: центральноазиатский инновационный университет международный гуманитарнотехнический.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 22

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бақылау сұрақтары:

  1. Вертуалды саяхат?

  2. Мультимедиалық технологиялар?

  3. Тестік технология?

  4. Виртуальды семинарлар мен консультациялар?

  5. Оқыту орталары?



3 тақырып
Оқытудағы АКТ дамуының кезеңдері
Жоспар

  1. Оқытудағы АКТ дамуының кезеңдері. Олардың заңдылықтары.

  2. АКТ құралдары мен оқыту жандандыру.


Оқытудың ақпараттық технологиясы-бұл ақпаратпен жұмыс істеуге арналған арнайы тәсілдер, программалық және техникалық құралдары(аудио, бейне құралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер) пайдаланылатын педагогикалық технология.

Қазіргі уақытта оқу пәндері бойынша электронды оқу басылымдары жасалып, пайдалануда, олар оқу әдістемелік материалдар (демонстрациялық, теориялық, практикалық және бақылау) кешенін, сондай-ақ оқыту процесін басқаратын компьютерлік программаларды қамтиды.

Электрондық оқу басылымдарына оқу әдістемелік материалдардың төмендегідей электрондық нұсқалары жатады:

  • -иллюстрациялық сипаттағы компьютерлік презентациялар;

  • -электрондық сөздік-анықтамалық және оқулықтар;

  • -шынайы процестердегі модельдеу мүмкіндігі бар зертханалық практикумдер;

  • -жаттықтырушы программалар;

  • -тест жүйелері.

Электрондық басылымы-программалық басқару құралдары мен құжаттамалары бар және кез келген электрондық ақпарат-магниттік, оптикалық –тасымалдаушысына (CD-ROM,DVD RW және т.б.) орналасқан немесе компьютерлік желілерде жарық көрген сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және басқа да ақпараттар жиынтығы.

Электрондық оқу құралы-құрамында оқу курсының ең маңызды бөлімдері, сонымен қатар, есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу тәжірибесін өткізуге нұсқалар, практикумдар, курстық және дипломдық жұмыстарды дайындауға әдістемелік нұсқаулары бар берілген басылым түрінде мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы.

Электрондық оқу басылымы-оқытуды және білім бақылауды автоматтандыруға арналған және оқу курсына немесе оның жеке бөлімдеріне сәйкестендіріліп, сонымен қатар, шығу траекториясын анықтауға мүмкіндік беретін және әртүрлі оқу жұмыстарымен қамтамасыз ететін электрондық басылым.

Элетрондық оқулық-құрамында оқу курсының немесе оның бөлімінің жүйелі мазмұны бар және берілген басылым түріне мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы.


Электрондық оқу құралы-бұл оқулықты жекелей немесе толық алмастыратын немесе толықтыратын, басылымның осы түрі үшін арнайы бекітілген электрондық баслым.
Мультимедия технологиясы (ағылшынша-көп компонентті орта) мәтін, графика және бейне мультипликацияны пайдалануға мүмкіндік береді, оқу процесіндегі компьютердің қолдану саласын кеңейту.

Мультимедиа-бұл әртүрлі формада (мәтін,графика,дыбыс,бейне,анимация) берілген ақпаратты біріктіруге мүмкіндік беретін және онымен интерактивті режимде жұмыс істеуге болатын компьютердің ақпараттық және программалық құралдар кешені.

Ауқымды желі internet ауқымды ақпарат көлеміне кіру мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Көптеген сарапшылар internet технологиясын дербес компьютердің пайда болуынан туындайтын революциялық қопарылыс ретінде қарастырылады.

E-mail, электрондық почта-электрондық хаттарды жіберу және қабылдау, желі абоненттеріне шолу, мәліметтер және басқа да анықтамалық материалдар жіберуге болатын ақпараттық қызмет көрсету жөнінде тұтастай қызметтер сериясы.


Телекон ференциялар-үлкен қашықтықта орналасқан адамдар қатыса алатын, талқылау материалдарын алу және жіберу технологиясы.

Электрондық почта, ауқымды, аймақтық және жергелікті желі байланысын қамтитын телекоммуникация құралдары, оқыту мақсатында кең мүмкіндіктер бере алады:әртүрлі қашықтықта кез келген көлемдегі және әртүрлі ақпараттарды жылдам тарату; интерактивтілік және жылдам кері байланыс; әртүрлі ақпарат көзіне кіру мүмкіндігі; бірлескен телекоммуникациялық жобаларды ұйымдастыру, кез келген қызықтыратын мәселе бойынша ақпаратқа электрондық конференция жүйесі арқылы сұраныс жасау.

Дистанциялық оқыту технологиясы

Компьютерлік телекоммуникациялы тиімді кері байланысты қамтамасыз етеді, ол әрі оқу материалын, әр оқушылармен қарым қатынасты (электрондық почта, телеконференция арқылы) ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Қашықтықтан мұндай оқыту дистанциялық оқыту деген атауға ие болды. Дистанциялық білім беру жүйесі деп арнайы ақпараттық білім беру ортасының көмегімен ақапарат алмасу құралдарының қызметіне бағытталған кез келген қашықтықта халыққа ұсынылатын білім беру қызметін түсінеміз.

Оқытудың мұндай түрін құру идеясы компьютерлік технологиялар кеңінен таралғанға дейін пайда болды. Қашықтықтан оқытудын тарихын шартты түрде 3 кезеңге бөлуге болады.

Әрбір кезеңнің сипаттамасы оқушылар мен мұғалімді байланыстыратын коммуникациялық база болып есептеледі. Бірінші кезеңнің коммуникациялық базасын әдеттегі почта атқарды, ол корреспонденция алмасу арқылы жүзеге асты. Радио, теледидар, аудио және бейне техникалардын таралуымен дистанциялық оқытудың екінші кезеңі анықталады. Дистанциялық оқытудың бірінші және екінші кезеңдері оқытушымен оқушылардын арасындағы асинхронды байланыспен сипатталды. Интерактивті коммуникациялық технологияларды дамуы дистанциялық оқытудың үшінші буынының базасын қалыптастырады. Бұл кезеңде ақпарат алмасу негізінен синхронды болып табылады, яғни ақпарат алмасу шынайы уақыт режимінде жүзеге асты.

Дистанциялық білім берудің педагогикалық – психологиялық негіздерін жеке мәселелері: ұйымдастырушылық, әдістемелік, технологиялық аспектілері ғалым, мамандардың зерттелуінде қарастырылады, олардын әр қайсысы өз кезегінде дистанциялық оқытудың идеясын педагогикалық практикаға еңгізу, ғылыми зерттеулерді
, ұйымдастырумен үгіттеуге өз үлестерің қосты: А.А.Андреев, Д.М.Джусубалиева, А.А.Дувонов, В.А.Каймин, В.Г.Кенелев, Г.К.Нурғалиева, Е.С.Полат, И.В.Роберт, В.П.Техомиров, А.В.Хуторской.

Үйлестірілген класс моделі әр жерде орналасқан бір класс, оқушылар тобынын есептелген курсті интерактивті телекоммуникациялық технологиялар кеңейткен жағдайда пайдаланылады.

Өз бетімдік оқыту моделі, оқушыларды аңықталған уақыт кестесі бойынша белгілі бір класс бөлмесінде отыру қажеттілігінен босатумен сипатталды.

Ашық оқыту моделі дистанциялық топтын ішінде оқушылардың қарым – қатынасын ұйымдастыру үшін оқушыға курсті интерактивті телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, өзіне қолайлы жылдамдықпен оқуға мүмкіндік беретін курсты баспа түрінде беретін және басқада құралдары пайдалануын қамтиды.

Дистанциялық оқытудын негізі – курстын оқу матералдарынын: әдебиеттермен аудио бейне кассеталардағы жазулар, компьютерлік программалар тақырыптары бойынша арнайы іріктелген оқушылардын өзіндік жұмысы.

Дистанциялық білім берудің сипаттамалары:

  • қаланың шалғайта орналасқан орталық аудандары үшін теңдесі жоқ мүмкіндік;

  • курстын модулмен құрылуы;

  • аудиторияларда және оқытушалырдың қажеттілігін шамалылығына байланысты оқытуға жұмсалатын шығынның салыстырмалы түрдегі төмендігі;

  • жоғары жинақтылық;

  • оқушылардың бос уақытын барынша үнемдеуі.


Дистанциялық оқыту әдістері. Дистанциялық оқыту дәстүрлі оқыту тәрізді екенің зерттеулер көрсетті, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин және т.б зерттеушілердің жұмыстарына сүйене отырып, бес жалпы дидактикалық оқыту әдісін ерекшелеуге болады: Ақпараттық рецептивті, репродуктивті, проблемалық, зерттеу және эвристикалық.

Дистанциялық оқыту құралдары. Қазіргі және болашақ оқыту құралдары:

  • қағаз оқу басылымы;

  • желілік оқылу басылымы;

  • электрондық оқу басылымы;

  • аудио оқу ақпараттық материалдары;

  • зертханалық дистанциялық практикумдары;

  • вертуалдық шыңдық негіздеріндегі оқыту құралдары.

Дистанциялық оқыту түрлері. Әлеуметтік гуманитарлық пәндерді практикалық оқытуда, білім беріді дәстүрлі формаларында да, регламентті оқыту формалары: лекция, семинарлар, зертханалық сабақтар, бақылау жұмыстары, курсттық жұмыстар, емтихиндар, өз бетіндік жұмыс және т.б. кеңінен таралған.

Бақылау сұрақтары:

  1. Оқытудағы АКТ дамуының кезеңдері қандай?

  2. Ауқымды желі?

  3. Дистанциялық оқытудын негізі?

  4. Дистанциялық оқыту құралдары?

  5. Электрондық почта?



4 тақырып
 Білім беруде АКТ-ы пайдаланудың әдістемелік қорлары
Жоспар

  1. АКТ-ны жаңаны үйрету, икемділікті қалыптастыру

  2. АКТ-ны жалпылау мен жүйелеу

  3. АКТ-ны білім мен икемділікті бақылап, есепке алу сатыларында пайдалану


Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты – оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындайды. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Оқу үрдісіне педагогикалық және ақпараттық – коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану – жалпы білім беруді дамытудың басты бағыттарының бірі»- делінген. Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне республика міндеттерін көтерудің тиімді жолы – білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр. «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады.

Индустриалдыдан ақпаратты өркениетке көшудің қазіргі кезеңінде қоғам дамуының негізгі факторы мемлекеттің қызметін құрайтын саяси – экономикалық, әлеуметтік салаға белсенді әсер ететін ақпараттық – коммуникациялық сала болып табылады және экономиканы ғаламдандыру мен қоғамдық қатынастар үрдістері айқындайды.

Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауында компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іске азаматтарды тарту қажеттігі айтылған және мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті және электрондықпоштаны қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілген. Осыған байланысты XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернетті, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. XXI - ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Өйткені, оқушы мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар іс жүзіндік білімнің алғышарттарын меңгеруі тиіс. Ал теориялық білімді өмірмен ұштастыру үшін компьютердің қажет екендігі даусыз.