Файл: центральноазиатский инновационный университет международный гуманитарнотехнический.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 23

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Эвристикалық технология оқушының өзін істетіп, зерттеушілік қабілетін дамытуға байланысты.

Креативтік технология шығармашылық ойды, ұқыптылықты, қабілеттілікті дамытады.

Когнативтік технологияда қоғамымызда осы дәуірге дейін жиналған білім атаулының бәрі оқушыға жетерлік дәрежеде терең үйретіліп, оны оқушы келешек өмірімізде пайдалана алатындай жағдайға әкеғлу мәселесі назарға алынады.

«Жаңа педагогикалық технология» - әрбір сабақта пайдаланатын, өте қажетті, сол тақырыпты оқушыға жеткізудің, түсіндірудің мұғалім тарапынан ең тиімді тәсілі.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық келбеттерінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Педагогикалық технологиялар бірнеше топтарға бөлінетіні баршамызға мәлім. Осыны толық меңгерген мұғалімдер жаңа технологияларды өз тәжірибелеріне тиімді ендіре алады.

Жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге мұғалімдерді даярлау – оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және педагогтің жеке тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, мәліметтер ағыны күшейген ХХІ ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру жоғары мектептің басты міндеті болып саналады.

2004 жылдың 12 қазанында Қазақстан Республикасы білім саласы қызметкерлерінің ІІІ сьезі Елбасы Н.Назарбаев «Құрылымдық өзгерістер мұғалім кадрларын әзірлеу жүйесін оздыра отырып дамытумен қамтамасыз етілуі тиіс. Жаңа формацияның педагогы қажет. Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгеніндей біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс – бұл уақыт таалбы» деп атап көрсеткеніндей, әр баланың қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын шебер әрі іскер мұғалім даярлауға бетбұрыс жасалмақшы.

Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет - әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау. Ол қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына жатқызылып келеді. Олай болатыны, қоғамның әлеуметтік-экономикалық міндеттеріне сай өскелең ұрпақты өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отыр.


Қазіргі кезеңде білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияларды игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.

Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Соңғы кезде технология ұғымының мәні кеңейді. Мәселен, информатика ғылыми саласында ақпараттық технология ұғымы, физиология ғылымы саласында биологиялық жүйелер технологиясы жайында ұғымдар пайда бола бастады және т.б.

«Оқыту технологиясы» ұғымын алғаш рет педагогика ғылымына енгізген А.Макаренко, қазір бұл ұғым оқу-тәрбие үрдісінде кеңінен қолданылып жүр. Ал «Педагогикалық технология» ұғымына алғаш рет жүйелі зерттеу жүргізген Т.Ильина болды.

И.Талызинаның пікірі бойынша, педагогикалық технологияның басты мақсаты іс жүзінде дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын ең тиімді әдістерді анықтау болып табылады. Педагогикалық технология оқыту үрдісін ғылыми жүйелеу бағытында, яғни, оқыту тәжірибесінде қолданылатын ғылыми негізделген талаптар жүйесі болып табылады.

Педагогика ғылымында «педагогикалық технология» ұғымына біржақты анықтама беріле қойған жоқ. Дегенмен кейбір ғалымдардың берген анықтамаларына тоқтала кеткен жөнәселен, Н.Никандров, В.Кан-Калик «Оқытудың бірінші сатысында студенттерді педагогикалық білік пен дағдылардың қолданбалы эвристикалық жүйесі ретінде педагогикалық технологиялар негіздерімен қаруландыру қажет, оларды шығармашылық үрдіс ретінде балалармен тікелей қарым-қатынас жасауға үйрету педагогикалық технологияның мән-мағынасын ашады» деп санайды.

Шетелдік педагогикада «педагогикалық техника» және «педагогикалық технология» терминдері бір-бірінің орнына қолданыла береді. Сөйтіп ол аталған осы ұғымдардың мән-мағынасын ашуды қиындатады. Мысалы, «педагогикалық техника» американдық педагогикада мына терминдермен қолданылады: Teaching Technique (педагогикалық техника), Technology of Teaching (оқыту технологиясы), Educational Technology (педагогикалық технология), Maneures of Teaching (оқыту маневрі), Tacties (тактика) және т.б.

Көптеген шетелдік ғалымдар технология деп оқытудың обьективтік факторларының жиынтығын (ғимарат, құрал-жабдық, дидактикалық материалдар, техникалық құралдар, бағдарламаланған оқыту құралдары және т.б.) қандай да бір үрдісте нәтижеге жету құралы ретінде қарастырады. Мәселен, поляк педагогі Ф.Янушкевич оқыту технологиясының мағынасын ашқанда, төмендегідей анықтама берген: 
«оқыту технологиясы деп ғылыми ұстанымдар жүйесі қолданыс табатын бағдарламаланған оқыту үрдісін айтады және оқу мақсатына жетуге бағытталған оқу тәжірибесінде қолданылады, көбіне оқытылатын пәнге емес, оқушыларға бағытталады, оқыту әдістері мен тәсілдерін сынақтан өткізуге эмпирикалық талдау жасауға және оқытуда аудиовизуальды құралдарды кеңінен қолдануды талап етеді, оқыту теориясын оның практикасымен өзара бірлікте қарастырады».

Оқыту үрдісінің құрылысын мемлекеттік білім стандарты анықтайды. Мемлекеттік білім стандартына сәйкес білім мазмұны нақтыланады. Білім мазмұны сәйкесінше оқыту мақсатын белгілейді. Оқыту мақсатына сәйкес мұғалімнің және оқушының іс-әрекеті анықталады. Педагогикалық технология мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің ара жігін анықтауға алып келеді. Оқыту әдістемесінде көбіне мұғалімнің іс-әрекетіне жеке тоқталатын болса, ал педагогикалық технология оқушы іс-әрекетін сабақтың әр кезеңінде ашып көрсетуге жүгінеді.

Болашақ мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудағы оқыту үрдісінің құрылысы сызбада ұсынылып отыр (Қосымшы 4, 5 қара).

Таңдалып алынған педагогикалық технологияға сәйкес педагогикалық технологияның мезанизмі анықталады. Педагогикалық технологияның жүзеге асу механизмінен білім сапасы, яғни, оқыту нәтижесі алынады.

Ал оқыту әдісінің құрылысын қарастырып, онда педагогикалық технологияны пайдалану барысында оның құрылысы төмендегідей болады.

Мұғалімнің мақсатынан мұғалімнің іс-әрекеті мен оның қолданатын құралы анықталады. Ал мұғалімнің іс-әрекетінен оқушы ұжымының іс-әрекеті және оқушының жеке басының іс-әрекеті туындайды. Мұғалімнің сабақта пайдаланатын құралынан оқушы ұжымының құралы, ал оқушы ұжымының құралынан оқушының құралы анықталады.

Сонымен, болашақ мұғалімнің педагогикалық технологияны меңгеру үрдісін қарастырсақ, ол төрт кезеңнен тұрады.


І кезеңде болашақ педагогтер өз бетінше сабақ жоспарын құруды үйренеді:
- сабақтың технологиялық картасын құру;
- оқушы мен мұғалімдер әрекетін бөліп көрсету.
ІІ кезеңде өзінің жеке авторлық сабақ жоспарын – сабақтың технологиялық бағдарламасын жасайды:

  • сабақтың мақсат-міндеттерін, формасын, таңдалған әдіс-тәсілдерін, алынған технологияны ғылыми тұрғыда негіздеу;

  • сабақтың технологиялық картасын жасау және оны дәлелдеу;

  • сабақтың нәтижелігін негіздеу.
    ІІІ кезең. Микросабақ беру (студенттік дәрісханада сабақ өту).
    IV кезең. Микросабақты талдау, педагогикалық технологияға қажетті түзетулерді енгізу. Микросабақ барысында мұғалімнің іс-әрекетіне талдау жасау, болашақ мұғалімнің кәсіби біліктілік дәрежесіне баға беру.

Осыған орай, педагогикалық қызметке ынтасы жоғары, білім беру саласындағы үнемі жаңарып отыратын өзгерістерге икемді, жаңа технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдана алатын болашақ мұғалімдерді даярлау – оларды кәсіби дайындаудың ең көкейкесті аспектісінің бірі және педагогтің жеке тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.
Бақылау сұрақтары:

  1. Ақпараттық технология түсінігі?

  2. Жаңа ақпараттық технологиы туралы ?

  3. Ақпараттық технология маңызы?

  4. Технология ерекшеліктері?



13-14 тақырып

АКТ-ы дамуының перспективалық бағыттары.
Жоспар

  1. АКТ дамуының перспективалық бағыттары

  2. «Ақылды үй» термині

  3. IP-мониторингі


Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі – білім беру үрдісін ақпараттандыру. Қазіргі таңда ақпараттандыру үрдісі адамзат өркениетінің дамуының жаппай және қайталанбайтын кезеңі ретінде қарастырылып отыр. Білімді ақпарааттандыру, әсіресе оның алғашқы баспалдағы мектепте енгізу – қоғамда ақпараттандырудың негізгі шарты. Себебі, мектепте жаңа ақпараттандырылған қоғам жағдайында жұмыс істеп, өмір сүре алатын болашақ ұрпақтың дайындығы жүзеге асады. Осы үрдістің дамуын болжауға бағытталған белгілі беталыс педагогика ғылымында өз орнын алуда. Білімді ақпараттандыру жағдайында білім парадигмасының өзгеруі (А.П.Ершов, С.А.Жданов, И.А.Заинчковский, Г.К.Тұрғанова, Д.М.Жүсібалиева т.б.) қазіргі жалпы білім беретін мектептің дамуының негізі ретінде ақпараттық технологиялары (Г.А.Абумова, Н.Ермеков, С.Құнанбаева т.б. ) мәселелері ретінде зерттелуде.


Оқытуды модельдеудің практикасы мен теориясы (Ю.Овакимян), компьютерлік оқытудың ақпараттық және ұйымдастырылған модельдері ( В.Ю.Боранов) біртұтас білім кеңістігін құрудағы ақпарат технологияларының рөлі (В.И.Жог, М.А.Лейбовский, М.Н.Панкина, А.Б.Медешова, Г.М.Миниус т.б.).

Компьютерлік диагностика білімі мен дағдылары көмегімен оқыту әдістемесін жетілдіру (Г.БАхметова, О.И.Беляков) экономикалық (Л.В.Глухова), валеологиялық (А.С.Иманғалиев), білімді ақпараттандыру мәселелері; ақпараттық технологияның адам санасы мен денсаулығына әсері; (Б.Б.Буресбаев, Р.М.Дузбаева, М.А.Пиварова), « компьютерлік сауаттылықты қамтамасыз ету » көзделген мектептегі информатиканың « қолданбалы » бағыты елеулі өзгерді деп, тұжырымдауға болады. Ол қазіргі информатика пәндерінде көрініс тапты.

ХХІ ғасырдың 90-жылдары басынан экономика, саясат, әлеумет салаларында болып жатқан күрделі өзгерістер де өз әсерін білімге де тигізіп отырғаны анық. Білім – адам қоғамының дамытушы факторы екені белгілі. Білім беру арқылы бүгініг мектеп оқушысы ертеңгі өз бетімен шешім қабылдап, қажетті ақпарат жинап, өңдеп, орынды жұмсаушы маман ретінде қалыптасады. Білім алу арқылы адамзат ұрпағы өзінің алдыңғы ұрпақ легінен биік деңгейлерге даму жолын таба алады, тани алады.

Бүгінгі білім саласында аоға қойылып отырған басты мақсаттардың бірі – білімді ақпараттандыру, яғни оқу ақпаратын қолдану үшін тиімді құралдар мен қажетті мүмкіншіліктер жасауды қамтамасыз ету. Ол мүмкіншіліктер қатарында ақпараттанған қоғамның білім жүйесін ашық жүйе ретінде құрап, оңтайландырып, орталықтан алшақтандырылған өркениетті құралдар негізінде жасау міндеті де бар. Бұл жүйенің қоғаушы күші индивидтің психикалық, танымдық қабілеті мен мүмкіншілігі қырынан тиімді, психологиялық жағынан толық тексверілген дидактикалық жүйелер мен ақпараттық оқыту технологиялары болып табылады.

Соңғы жылдары ақпараттық технологияның дамуы мен қоғаның барлық салаларына қарқынды тұрде енгізілуі баланың жеке тұлға ретінде дамып-жетілуіне елеулі іздерін қалдырды. Ақпараттың үлкен ағымы, жарнамалар, телеарналарда ақпараттық технологияның қолданылуы, компьютерлік ойын орындарының, электрондық ойыншықтардың және автоматтандырылған техниканың көбеюі бала тәрбиесіне, оны қоршаған ортаны танып-білуіне әсер етеді.

« Ақпарат » термині латынның Informatio «түсіндіру» « мазмұндама » деген сөзінен шыққан, бір нәрсені жетілдіріп түсіндіру деген мағынаны білідіреді. Ақпараттар алмастырылады, сақталады, өңделеді және белгілі бір тапсырманы шешу үшін қолданылады.