ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 16

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1-МӘТІН. ҚОРҒАЛЖЫН

Қорғалжын мемлекеттік қорығының көлдер жүйесі дүние жүзі мен жергілікті ғалымдар, биолог, эколог, туристердің қызығушылығын туғызатын Қазақстанның ерекше қорғалатын інжу-маржаны болып табылады. Мысалы, Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінің сулыбатпақты аумақтары 1974 жылы сулы-батпақты аумақтар туралы Рамсар конвенциясына сәйкес ғаламдық маңызы бар сулы-батпақты аумаққа жатқызылды. 2000 жылы Теңіз көлі «Тірі көлдер» деп аталатын әлемнің бірегей көлдері жүйесіне енсе, 2007 жылы Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау Ассоциациясының бастамасымен Қорғалжын мемлекеттік қорығы халықаралық дәрежедегі маңызды орнитологиялық аумақтар тізіміне енгізілді. 2008 жылдың маусымында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы Орталық Азиядағы алғашқы нысандардың бірі болып ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралары тізіміне енгізілді. Қорық аумағының қайталанбас бірегейлігін шөлейтті аумақта орналасқан ішкі континенталды сулары; құстардың Орталық-Азиялық және Сібірлік-Оңтүстік еуропалық ұшу жолдарының қиылысқан жерінде орналасуы, далалық, шалғындық, галофитті және су қауымдастықтарының қатар кездесуі, сирек және жойылып кету қаупі төніп тұрған құстардан тұратын биоәртүрліліктің молдығының ерекшеліктері қалыптастырады. Бұған қоса қорық аумағының ұзақ уақыт бойы қорғауда болуы тұмса табиғатты бастапқы күйінде сақтауға мүмкіндік берді. Аталған табиғи жағдайлар аумақты рекреациялық мақсатта игеруге мүмкіндік береді.

1-сұрақ. ҚОРҒАЛЖЫН Мәтіннің стилін анықтаңыз

А/ публицистикалық стиль

В/ ғылыми-көпшілік стиль

С/ ресми іс-қағаздар стилі

Д/ көркем әдебиет стилі

2-сұрақ. ҚОРҒАЛЖЫН Ғылыми-көпшілік стильдің қолданылу аясын белгілеңіз А/ іс-қағаздарда, нұсқау хаттар мен кеңсе құжаттарында қолданылады.

В/газет-журналда, жиналыстар мен митингілердегі сөздерде қолданылады.

С/ ғылыми еңбектерде, ғылыми баяндамаларда, лекцияларда, ғылыми оқулықтарда қолданылады.

Д/көркем әдеби шығармаларда қолданылады.

3-сұрақ. ҚОРҒАЛЖЫН Мәтіндегі қарамен берілген сөздер қандай принципке негізделіп жазылған?

А/ фонетикалық принцип

В/ морфологиялық принцип

С/ морфологиялық-фонематикалық принцип

Д/ тарихи-дәстүрлік принцип

4сұрақ. ҚОРҒАЛЖЫН Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз және көтерілген мәселеге қатысты баға беріңіз.__________________________________________________________________

5-сұрақ. ҚОРҒАЛЖЫН 14 Мәтіннен өзіңіз таңдаған екі терминдік атауға түсініктеме беріңіз

2-МӘТІН. ҒАЛАМДЫ ШУЛАТҚАН ЖАҢАЛЫҚ

Адамзат тарихындағы сенсациялық жаңалықты ашқан шетелдік ғалымдар 1994 жылдан бері Солтүстік Қазақстан облысындағы өлкелерде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген. Өркениет тарихында жылқылар алғаш рет қазіргі Украина топырағында қолға үйретілді деген де тұжырым болған бұдан бұрын. Алайда, соңғы зерттеулердің қорытындысы жылқы қолға үйрету өркениеті Азиядан басталғанын көрсетуде. «Жылқы ғалымдар ойлағаннан мың жұл бұрын қолға үйретілген» атты мақала «Horse» атты ағылшын тіліндегі журналда жарық көрген. Мақала авторы Кимберлей Броун «Лос Анжелес Таймс» газетіне сілтеме жасай отырып, жылқылар еуропалықтар ойлағаннан екі мың жыл бұрын ерте қолға үйретілгенін мәлімдейді. Кейін, «Жылқы қолға үйретілді. Бие байлау Қазақстанда басталған» атты мақала «National Geographic News» атты ғылыми басылымда жарық көреді. «Қазіргі күні Қазақстан деп аталатын далалық өлке тұрғындары алғашқы болып жылқыға мініп, оның сүтін ішкен. Бұл мәдениет 5500 жыл бұрын басталған» деп хабарлайды басылым. «Олар жылқының етін жеп қана қоймай, сонымен қатар оның сүтін де тағам ретінде пайдаланды» дейді археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген жетекші ғалым, Ұлыбританиядағы Эксетер Университетінің қызметкері Алан Оутрам. Осыдан 3600-3700 жыл бұрын қазақ жерінде бірінші болып жылқы малы қолға үйретілді деп санайды ғалымдар. Олар Есілдің жағасын мекендеп, жылқының етін жеп күн кешкен. Ғалымдар жылқы сүйегінің бір жерде шоғырланғанына қарап, қазақ жерінде жылқы малын будандастыруды да меңгерді деген тұжырым жасайды. Оутрамның осы пікірі «The Science» журналында жарық көрді. Кейбір жылқының тістері мүжілгені, оған сызат түскені де байқалған. Осыған қарап, жылқының мініске пайдаланғаны, ауыздықталғаны анықталды. «Егер биені сауып, сүтін алған болса, бұл жылқылар жабайы емес деген сөз. Яғни қолға үйретілген», дейді осыған орай Нью-Йорк қаласындағы Хартуик университетінің зерттеушісі Давид Антони. «Біз тапқан жаңалықтан байырғы адамдар біз ойлағаннан да өнертапқыш екенін көріп отырмыз» дейді ғалым. Жанар ЕЛЕШОВА «SMS-»№4 (41), 2013 жыл, 29 сәуір.

1-сұрақ. ҒАЛАМДЫ ШУЛАТҚАН ЖАҢАЛЫҚ Бұл мақалада автордың айтқысы келген ойы қандай?

А) Еуропалық басылымдағы мақалалардың жариялануы

В) Жылқы малының ерекшелігі

С) Жылқы малының өте ертеде пайда болғанын дәлелдеу

Д) Зерттеулер нәтижесінде жылқының алғаш қазақ жерінде қолға үйретілгенін дәлелдеу

2-сұрақ. ҒАЛАМДЫ ШУЛАТҚАН ЖАҢАЛЫҚ «Жылқы қолға үйретілді. Бие байлау Қазақстанда басталған» атты мақала қандай басылымда жарық көрді және ол мақалада не туралы жазылған? _________________________________________________________________________


3-МӘТІН. ҚҰМЫРСҚАНЫҢ ХИКМЕТІ

Құмырсқаның дене тұрқы өте кішкентай болғанымен, саны жағынан әлемде үстем орынды алатын жәндік. Кішкентай құмырсқалар бүкіл әлемге таралған, өмір сүрмейтін жері жоқ. Ғалымдар адамды қайран қалдыратын осы бір кішкентай құмырсқалардың көптеген керемет ақылпарасатын байқады. 1. Дәрі жасап, ауру емдеу. Оңтүстік Америка құрлығында тіршілік ететін бір түрлі қызыл құмырсқа кенеттен шіріген тағам жеп ауыра қалса, бейне адам сияқты құмырсқа илеуіндегі «қабынуды басатын дәріні» жейді екен. Ғалымдар құмырсқаның бір илеуін ашып, қызыл құмырсқаның «кішкентай дәріханасына» тексеру, сараптау жүргізген, нәтижеде бұл «қабынуды басатын дәрі» жыланқияқ, жауқазын және бәйшешек қатарлылардың ұрығының қоспасынан жасалғанын байқайды. Кейбіреулер оны татып көргенде, бейне наркоз уколын қойғандай, тұп-тура екі-үш сағаттай жансыз жатқан. Ғалымдар қызыл құмырсқаның шіріген ас 15

1-сұрақ. ҚҰМЫРСҚАНЫҢ ХИКМЕТІ Ғалымдардың құмырсқаның «кішкентай дәріханасына» жүргізген зерттеу, сараптау нәтижесі қандай болды? _________________________________________________________________________ 2-сұрақ. ҚҰМЫРСҚАНЫҢ ХИКМЕТІ 2. Тасқыннан алдын ала мәлімет беру. Көп уақыттан бері адамдар Амазонка өзені бойына отырықтанған үндістердің не үшін тасқынның келуінен өте дұрыс, алдын ала мәлімет беретіндігінің әрі дер кезінде қатерлі өңірден шегініп шығатындығының ешбір байыбына бара алмаған. Ақыры үндістер тайпасын зерттейтін оқымыстылар бұл жұмбақты табысты түрде шешті. Әсілінде, сол жердегі құмырсқалар оларға үлкен көмегін тигізген. Бақылауға негізделгенде, Амазонка өзенінде тасқын келуден бір апта бұрын құмырсқалар илеуінен жапатармағай қол үзеді де, тұс-тұсқа қарай өрмелейді. Сирек кездесетін дүрлігу белгілері байқалып, ағаш бұтағын бойлап, жоғары-төмен тұп-тура бір күн қарбалас күйге түседі. Әуелі, ауарайынан мәлімет беретін құмырсқаларға мәжіліс ашып, негізінен мәліметті сараптап, пікір алмастырады әрі шегіну бекімін жасайды, жалғасты шұғыл көшу алдындағы дайындық қызметіне кірісіп кетеді. Бір-екі күннен кейін құмырсқалар әскері нақтылы аттанысқа келеді. Міне, бұл тасқын келетіндігінің нышаны екен. 3. Қызықты жерлеу салты. Құмырсқа – топтасып тіршілік ететін жәндік. Құмырсқалар патшалығында ұрғашы құмырсқа, еркек құмырсқа, жұмысшы құмырсқа, әскер құмырсқа сынды топтар бар. Илеуде бір құмырсқа өліп, өлексесі ыдырай бастаған кезде жемтік күлімсі иіс шығарады. Жұмысшы құмырсқалар алда-жалда жемтіктің күлімсі иісінен хабар тапса, серіктерінің өлігін дереу көтеріп алып илеу сыртындағы құмырсқалар қабіріне алып барып, топырақпен көміп жерлейді. Зерттеушілер мынадай бір қызықты тәжірибе жасаған. Өлген құмырсқаның денесіндегі жемтік иісін алып, бір тірі құмырсқаның денесіне жағып қояды да оны құмырсқа илеуіне қоя береді. Нәтижеде жұмысшы құмырсқалар бұл құмырсқаның жан дәрмен арыпталасқанына қарамастан, оны да илеу сыртындағы «құмырсқа қабіріне» көтеріп апарып, көміп тастаған. Африканың солтүстігінде жасайтын құм құмырсқасы жанжалшыл келетіндіктен, үнемі құмырсқалар соғысы болып тұрады. Соғыс аяқтағанда, бір топ серіктері майданда өледі. Сөйтіп олар ұзақ бір қатар «өлік шығаратын» топ болып тізіліп, «құрбан болған сардарсарбаздардың» өлігін иыққа салып, «қабірстанға» апарып өлексенің бетін құммен жасырады. Бір қызығы «өлік шығарған» құм құмырсқасының ішінде кейбіреуі тамыры бар шөпті көшіріп әкеліп, «қабірдің» айналасына ескерткіш етіп егеді екен.


3. Құмырсқалардың су тасқыны туралы хабар беретінін алғаш байқап, тәжірибесінде қолданған кімдер?

А) еуропалық ғалымдар

В) ағылшындар С) үндістер Д) арабтар

4-сұрақ. ҚҰМЫРСҚАНЫҢ ХИКМЕТІ Мәтінде берілген мәліметтер бойынша шындық және жалған ақпараттарды ажыратыңыздар. Ақпарат Шындық Жалған Құмырсқалар әлемнің барлық жерінде өмір сүреді Құмырсқалар жеке-жеке өмір сүреді Құмырсқаның өлексесі ыдырай бастаған кезде жемтік күлімсі иіс шығарады Тасқын болар алдында бейне адам сияқты құмырсқа илеуіндегі «қабынуды басатын дәріні» жейді екен Құмырсқалар патшалығында ұрғашы құмырсқа, еркек құмырсқа, жұмысшы құмырсқа, әскер құмырсқа сынды топтар бар 31-сұрақ. ҚҰМЫРСҚАНЫҢ ХИКМЕТІ Мәтін соңыда «Африканың солтүстігінде жасайтын құм құмырсқасы жанжалшыл келетіндіктен, үнемі құмырсқалар соғысы болып тұрады. Соғыс аяқтағанда, бір топ серіктері майданда өледі. Сөйтіп олар ұзақ бір қатар «өлік шығаратын» топ болып тізіліп, «құрбан болған сардарсарбаздардың» өлігін иыққа салып, «қабірстанға» апарып өлексенің бетін құммен жасырады. Бір қызығы «өлік шығарған» құм құмырсқасының ішінде кейбіреуі тамыры бар шөпті көшіріп әкеліп, «қабірдің» айналасына ескерткіш етіп егеді екен» деген мәлімет келтірілген. Осы мәлімет бойынша қандай қорытынды пікірге келдіңіз? Құмырсқалардың әрекеті туралы не ойлайсыз? __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________

3-МӘТІН. ЫМ-ИШАРА ТІЛІ А мәтіні Қазақ кейде ым-ишара арқылы "сөйлесіп" болған жай, іс-қимылды осы арқылы түсіне береді. Жұдырық түю, саусақ безеу - сесті, танауына қос саусақ тығу - түк бітірмегені, көз қысу - ішкі сезімді, бас шайқау - істің орындалмағанын білдіреді. Халық арасында ым-ишараның түрлері өте көп. Бұл негізінен сөзді шығындамай-ақ, болған істі баяндаудың немесе жеткізу, түсіндірудің бір жолы. Мұндай тәсіл көптеген халықтарда бар. Ым-ишара қатынасы алғашқы кезде қорқыныш үрейді, қуанып мерейленуді, тоқтатып тыйым салуды немесе ұйғарып қолдауды меңзеген жалпылама түрде санаулы ғана ойды білдірсе, кейінгі даму кезеңдерде барған сайын жетілдіріле түскен. Ә мәтіні Американдықтар мен еуропалықтардың ым-ишара арқылы қарым-қатынас жасауының өзіндік ерекшеліктері бар. Қас көтеру. Немістер мұндай қимылды қатты ұнатады, біреудің сөзіне таңданады. Ал, Ұлыбритания тұрғындары бұл қозғалысты дұшпандықпен қабылдайды: олар үшін бұл – кезкелген идеяға деген скептицизмнің көрінісі. 26 Әлем халықтары сұхбаттасушысына оны тыңдап жатқанын түсіндіргісі келсе, басын иіп қояды. Британдықтар жай ғана көзін жыпылықтатады. Бас бармақты көрсету - «бәрі тамаша» дегенді білдіретін ең танымал қимылдардың бірі. Дегенмен, бұл қимыл барлық елде бірдей мағынаға ие бола бермейді. Егер Грецияда саусағын жоғары көтерсе, бұл дөрекі қылық саналады. Сондықтан біз бұл белгіні өте сақтықпен қолдануды ұсынамыз. Егер сіз саусағыңызбен мұрныңызды түртсеңіз, британдықтар бұл қимылды бірдеңе жасыруға, қастық жасауға шақыру ретінде қабылдайды. Ал итальяндықтар осы қимылмен қауіп туралы ескертеді. Егер орта және сұқ саусақтар бір-біріне бүктелген және жоғары көтерілген болса, американдықтар сіздің ол үшін керемет дос екендігіңізді білдіреді. Егер мұндай қимылды Ұлыбританияның тұрғыны жасаса, оның «Ал, күте тұрыңыз, мен сізге жетемін» дегені екен.


1-сұрақ. ЫМ-ИШАРА ТІЛІ Қай халық «танауына қос саусақ тығу - түк бітірмегені» деп түсінеді.

А) гректер

В) американдықтар

С) қазақтар

Д) британдықтар

2-сұрақ. ЫМ-ИШАРА ТІЛІ Әңгімелесушіні тыңдап жатқанын түсіндіруде үшін әлем халықтары мен британдықтардың қимылында қандай өзгешеліктер бар? _________________________________________________________________________3-сұрақ. ЫМ-ИШАРА ТІЛІ Итальяндықтар мен британдықтарға саусақпен мұрынды түрту арқылы қандай белгі беруге болады? _________________________________________________________________________4-сұрақ. ЫМ-ИШАРА ТІЛІ Қалай ойлайсыз, ым-ишара тілі адамдарға не үшін қажет? Ым-ишара тілінің адам өміріндегі маңызы қандай? ___________________________________________________________________________________

4-МӘТІН. ШОҚАННЫҢ ХАТЫ

Қымбатты достым, Федор Михайлович! 1. ...Бұған дейін хат жазбауымның түрлі себептері болды, оның бәрін қазір түсіндіріп көрейін. Біріншіден, қазан айында Петерборға барам ба деп межелеген едім. Алайда сырқаттанып қалғанннан кейін ол ниетті желтоқсанға дейін шегердім. Одан денсаулығым желтоқсанда да оңала қоймағаннан кейін Сібірдің дәрігерлерінің кеңесіне құлақ асып, қысты ауылда өткізуді ұйғарғанмын. Бұған қоса өне бойы Петерборда тұруға денсаулығымның көтермейтініне өзімнің де көзім жетті. Сондықтан, Қашқардан консулдық орын алуды ойластырып жүрмін. Болмаса отставкаға шығамын да, сайлау бойынша өзіміздің елде қызмет етемін. Қашқардың ауа райы денсаулығыма жағар ма еді деп те ойлаймын. Оның сәті түспесе өзіміздің өлкеде жүрсем де жаман болмас еді. Шаруашылықпен, саудамен айналысамын, ал сайлаудан өтсем, адал шенеунік ретінде өз туған-туыстарыма сауатсыз да, дөрекі сұлтандарға қарағанда едәуір пайдам тиер еді. 2. Сөйтіп жыл аралатып Петерборға барып, айлап жатып, достармен қауышып, жаңа кітаптар алып, жаңаша ойлармен қаруланып, елге, өзіміздің қазақтарға қайтамыз! Сөйтсек жаман болмас еді, ә, көгершінім Федя?! Қалай ойлайсың? Денсаулығым жақсарса, мұның бәрі мүмкін нәрсе. Рас, қазір хал-ахуалым жаман емес. Әйтсе де әлі де болса толықтай айығып кеттім дей алмаймын. 3. Сонымен елде қыстап шықпақшымын, қымызбен емделуді аяғына дейін жеткізу үшін жазды да ауылда өткіземін. Ал күзе қарай тірі болсам, Петерборға да жетермін. Сөйтіп сені жан дауысың 27 шыққанша қатты қысып құшармын. Біздің боз даланың аздап көңілсіздеу екені рас, бауырым, дегенмен, түк істемей керіліп жатуыңа қолайлы-ақ! Ешкім бөгет жасамайды. Сібірдің сен танымайтын бір білікті дәрігерінің ақыл-кеңесі бойынша қазір ештеңе жазбаймын, оқуды да доғарғанмын, қысқасы, ой еңбегі дегеннен адамын – менің қазіргі «емімнің» түрі осы. Мұндайда, әрине, іштің пысыңқырайтыны да жасырын емес. Бүркітпен, мылтықпен, итпен аң қағу сияқты ермек түрлерімен шұғылдануға болар еді. Бірақ бұған сайтан алғыр денсаулығым жарамайды. Жатасың да қоясың. 4. Енді саған аздаған өтінішімді айтайын. Жаңа айқтанымдай, менде оқитын ештеңе жоқ. Сол себептен «Времяны» салуыңды өтінемін. Соңынан есеп айырыса жатамыз ғой. Егер қаржың көтерсе мен үшін «Современникке» жазыл. Менің мекен-жайым: Батыс Сібірдегі Петропавл арқылы Көкшетау станицасы. Ұмытпа. Маған фотросуретіңді сал. Сол сияқты Майков, Полонский, Крестовский де суреттерін салуға уәде берген. Соларға да ескерте сал. Уәлиханов. 14.01.1862 жыл.