ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 17

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


1-сұрақ. ШОҚАННЫҢ ХАТЫ Шоқанның еліне деген қамқорлығы сөз болатын қай бөлім(дер)

А) 4 В) 1 С) 2,3 Д) 2 Е) 3

2-сұрақ. ШОҚАННЫҢ ХАТЫ Шоқанның қызметтік мансабы туралы ой қай бөлімде айтылған? А) 4 В) 1 С) 2 Д) 3 Е) 2,3

3-сұрақ. ШОҚАННЫҢ ХАТЫ Шоқанның хатынан оның басты қандай сезімін аңғаруға болады? _________________________________________________________________________4-сұрақ. ШОҚАННЫҢ ХАТЫ Төмендегі ойлардың қайсысы автордың ойымен ұштасып келеді? А) Досыңа достық – қарыз іс В) Көңіл жетсе, бәрі жетер С) Адамға адал дос табу қиын, Көбіне дос етеді мал мен бұйым Д) Бірінші байлық - денсаулық Е) Мың досың –аз, бір дұшпаның –көп 59-сұрақ. ШОҚАННЫҢ ХАТЫ Шоқан жаз мезгілін не себепті ауылда өткізбекші? ___________________________________________________________________________________

5-МӘТІН. БАЛАПАН ҰЯСЫ

Бүркітті құсбегілер әртүрлі жолмен қолға түсіреді. Соның негізгі тәсілі – бүркітті балапан кезінде ұядан алу. Бүркіт ұясын адам баласы оңай бара алмайтын, аса биік шың-құздың басына, жалама жартастарға салады. Кәнігі құсбегілер бүркіттің балапанын ұядан алу үшін ұзақ уақыт аса мұқият бақылап тексереді. Ұябасардың қай жақтан ұшып шығып, қайда барып, қалай қайтқаны бәрі-бәрі аса мұқият бақыланады. 28 Ақылды құс балапанына жем тасығанда өте қырағылық танытып, сақтықпен барынша құпия ұшады. Мысалы, ұядан ел көзіне түспей өте ерте ұшады немесе ұясын құпия ұстау үшін жемді ұяның жақын маңынан емес барынша ұзақтан тасиды. Сол сияқты ақылды бүркіт ұясына жем әкелгенде дағдылы бір бағытпен келмейді жемнің өзін үнемі бір жақтан әкелмейді ұяға жақындаған кезде бой тасалап, сайды өрлей, жер бауырлай ұшып ұяның астынан жасырын тік көтеріледі. Нағыз қыранның ұясын табу оңай-оспақ жұмыс емес. Кейбір бүркіт ұя маңынан адамды көріп қалса, балапанын басқа жаққа көшіріп әкетеді. Ұядағы жұмыртқа жалғыз болса, оны жалқы балапан деп атайды. Бұл қыран болудың бір белгісі деп есептеледі. Қыран бүркіттер жалқы балапаннан көбірек шығады. Ел аузында «жалғыз туса жан алар» деген сөз бар. Егер ұяда бірі үлкендеу, бірі кішілеу екі жұмыртқа болса, құсбегілер үлкендеуін ұябасар деп кішілеуінен бұқатана балапан шығады деп есептейді де, ұябасар жақсы өсіп жетілсін деп бүркіт жоқта ұядағы жемге ортақтасатын бұқатана жұмыртқаны алып тастайды. Бүркіт балапанында сары аяқ, сары тұмсық болады. Өсе келе әртүрлі түске өзгереді. Бірақ, қырағы құсбегілер құсты осындай балапан кезінде-ақ назар салып, болашақта қандай құс болатынын парықтай алады. Балапан ана тәрбиесінде өсіп қара қанаттанады. Әбден ұшарға таяғанда ұстамаса, ақ үлпек кезінде ұядан алған балапан кенжелеп орыннан тура алмайтын тілерсек дертіне шалдығуы мүмкін. Ұядан алған балапанды үйге әкелген соң үйшік жасап, бөлек баққан абзал. Үйшіктің есігін жауып, жемді төбесіндегі жарық түсетін тесіктен берген дұрыс. Балапан жемге тойғаннан кейін үйшікті тазалап, суды жаңалап қояды. Өйтпесе, ескірген жем жеп, борсыған су ішкен балапанға індет жұғады. Балапан есейген соң артқы екі тегеуіріне баулық бау тағып, айналсоқ жасап, саздауыт жазық жерге тұғыр орнатып, ұзын жіппен арқандайды. Жемді әбден қараңғы түскенде жақындатып қойса, таң атқанша жеп бітіреді. Бұлай тәрбиеленген балапан орынсыз піштактап шақырмайды әрі жемге таласып адаммен қарсыласпайды. Дала құсы тектес ержетеді.


1-сұрақ. БАЛАПАН ҰЯСЫ Мәтін желісінің ретін табыңыз

1/ Балапанның өсуі 2/ Бүркіт ұясы 3/ Қырағы құсбегілер 4/ Бүркітті қолға түсіру тәсілі А) 3,4,2,1 В) 2,3,4,1 С) 4,2,3,1 Д) 1,2,3,4 Е) 4,3,2,1

2-сұрақ. БАЛАПАН ҰЯСЫ Мәтін мазмұны негізінде бүркіттің қандай қасиеттерін байқадыңыз?. БАЛАПАН ҰЯСЫ Құсбегілер неліктен бұқатана жұмыртқаны ұясынан алып тастайды? Себебін түсіндіріңіз _________________________________________________________________________3-сұрақ. БАЛАПАН ҰЯСЫ Мәтіндегі «парықтай алу» тіркесін қандай тіркеспен алмастыруға болады?

А) бағамдай алу

В) болжай алу

С) бағыттай алу

Д) пысықтай алу

Е) үйрете алу

4-сұрақ. БАЛАПАН ҰЯСЫ Мәтінге сәйкес емес ақпаратты белгілеңіз А) Үйшіктің есігін жауып, жемді төбесіндегі жарық түсетін тесіктен берген дұрыс. В) Бүркіт балапанында сары аяқ, сары тұмсық болады. С) Жемді әбден қараңғы түскенде жақындатып қойса, таң атқанша жеп бітіреді. Д) Ұябасардың қай жақтан ұшып шығып, қайда барып, қалай қайтқаны бәрі-бәрі аса мұқият бақыланады. Е) Ұядағы жұмыртқа жалғыз болса, оны «жалқы балапан» деп атайды 17-МӘТІН. ҚР ОБЛЫС ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ АРАҚАШЫҚТЫҒЫ 1-кесте 2-кесте 30 Кестелерде көрсетілген ақпаратты төмендегі сұрақтарға жауап беру үшін пайдаланыңыздар.

5-сұрақ. ҚР ОБЛЫС ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ АРАҚАШЫҚТЫҒЫ 1-кестедегі ақпаратқа сай, ең жақын және ең қашықта орналасқан облыс орталықтары мен олардың арақашықтығын анықтаңыз. 1. Ең жақын орналасқан облыс орталықтары, арақашықтығы - __________________________ 2. Ең қашық орналасқан облыс орталықтары, арақашықтығы - __________________________

6-сұрақ. ҚР ОБЛЫС ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ АРАҚАШЫҚТЫҒЫ Талдықорған қаласына ең алыс орналасқан облыс орталығы қай қала?

А) Алматы В) Ақтөбе С) Ақтау Д) Орал Е) Қостанай

7-сұрақ. ҚР ОБЛЫС ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ АРАҚАШЫҚТЫҒЫ 2-кестеде көрсетілгендей, 2008-2018 жж. салыстырғанда, әуе көлігі мен автомобиль, қала электрлі көліктерінің тасымалы едәуір өскені байқалады. Керісінше, теңіз жағалау көлігі мен су көлігі тасымалы төменгі деңгейде. Бұлайша тасымал деңгейінің жоғарылауы мен төмен деңгей көрсеткішін Қазақстанның географиялық орналасу ерекшеліктерін ескере отырып түсіндіріп көріңіз. _________________________________________________________________________8-сұрақ. ҚР ОБЛЫС ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ АРАҚАШЫҚТЫҒЫ 1 және 2-кестелердегі деректерді ескере отырып, ҚР көлік саласының қай түрін дамыту керек деп ойлайсыз? Не себепті? __________________________________________________________________________________

6 – МӘТІН. БАҚЫТ Ерте, ерте, ертеде жайқалған үлкен алма ағашы болыпты. Бір кішкентай бала үнемі сол алма ағашының көлеңкесінде ойнағанды жақсы көретін. Ағаштың ең басына шығып, нәрлі жемісін жеп, көлеңкесінде ұйықтайтын еді. Ағашты жақсы көретіні анық еді. Ағаш та баланы жақсы көретін. Уақыт өте, бала ер жетіп, ағаштың көлеңкесінде көп ойнамайтын болды. Бір күні бозбала көңіл күйі болмай, алма ағашына келеді. 31 – Менімен ойнашы, – деп өтінеді ағаш. – Ағаштың көлеңкесінде ойнайтын кішкентай бала емеспін. Қазір мені басқа заттар қызықтырады, бірақ оларды сатып алуым үшін ақшам жоқ, – деп жауап береді жігіт. – Қап, менде де ақша жоқ... Бірақ сен барлық алмаларымды жинап алып, оларды сатсаң, табыс таба аласың. Бозбала қуанып, ағаштың барлық жемісін жинап алады да, тағы да ұзақ уақытқа жоқ боп кетеді. Бірер жылдан соң ғана қайтып келеді. Кешегі бозбала ендігі азамат болды. Ағаш оны көріп қатты қуанады. – Менімен ойнашы! – деп өтінеді ағаш. – Ойынға еш уақытым жоқ. Жұмыс істеуім керек, балашағамды асырауым керек. Үй керек, жай керек. Көмектесе аласың ба? – Кешір... Менің үйім жоқ. Бірақ бұтақтарымды кесіп, солардан үй жасауыңа болады... Адам қуана келіседі де, ағаштың бұтақтарын кесіп алады. Адамның қуанғанын көріп, ағаш та қуанады. Содан адам тағы да ұзақ уақытқа көрінбей кетеді. Көп жылдардан соң адам қайтадан ағаштың жанына келеді. Ағаш: - Досым,кешір. Саған беретін еш нәрсем қалмады. Алма да жоқ... - Керегі де жоқ. Алма жейтін тісім де қалмады, – дейді адам. Ағаш: - Үстіме шығарып ойнатайын десем, бұтақтарым да жоқ, – дейді. - Ойын үшін тым кәрімін, – дейді адам. - Саған ешбір нәрсемен пайдалы бола алмайтыным мені қатты мұңайтады. Бар қалғаны – кәрі, қурап бара жатқан тамырларым ғана, деді ағаш мұңайып. - Маған көп нәрсенің керегі жоқ. Демалатын бір орын болса, болғаны. Өткен
жылдар шаршатыпты, – деді адам. - Кәрі ағаштың тамырлары – демалу үшін жақсы жер, жантайып демала ғой, – дейді кәрі ағаш. Кәрі адам ағаштың түбіне отырып, жанына тыныштық тапқандай болады. Ағаш болса адамның бақытын көріп, тағы бір қуанды.

1-сұрақ. БАҚЫТ Мәтін мазмұнына сәйкес мақалды анықтаңыз

А) Адамның сұлулығы – шыншылдығында.

В) Ары таза жігіттің ары таза.

С) Уақыт – көшкен керуен.

Д) Бақыт белгісі – білім.

Е) Кең болсаң – кем болмайсың.

2-сұрақ. БАҚЫТ Ағаштың отбасылы жігітке берген көмегін белгілеңіз

А) Арманын тыңдады В) Алмасын берді С) Гүлдерін сыйлады

Д) Тыныштық сыйлады E) Бұтақтарын кесіп берді

3-сұрақ. БАҚЫТ Адамның ағашты риясыз жақсы көретіні қай өмір кезеңінде суреттеледі?

А) 2 В) 3 С) 4 Д) 1 E) 3,4 32

4-сұрақ. БАҚЫТ Мәтін мазмұнына сәйкес келмейтін нұсқаны табыңыз

А) Ағашты үнемі күтіп-баптады. В) Ағаштың жемісін сатты.

С) Ағаштың жемісін жинап алды. Д) Бала кезінде ағаштың нәрлі жемісін жейтін. E) Ағаштың бұтақтарын кесіп алды.

5- сұрақ. БАҚЫТ Мәтін соңында ағаштың мұңаю себебін түсіндіріңіз _________________________________________________________________________

6-сұрақ. БАҚЫТ Мәтіннің «Бақыт» аталу себебін түсіндіріңіз __________________________________________________________________________________

7-МӘТІН. АВИАЦИЯ ТАРИХЫ

Адамның аспанға ұшу жөніндегі арманы ерте заманнан басталған. Тасқа салынған қанатты адамдардың суреттері соның дәлелі болып табылады. Дүние жүзіндегі көптеген халықтардың ертегілері мен аңыздарында аспанға ұшу жөніндегі адам арманы айтылады. «Ұшар ханның баласы» атты қазақ ертегісіндегі аспанға ұшу өнері, кілеммен ұшу – соның айғағы. Италияның ұлы кескіндемешісі Леонардо да Винчи еңбектерінде ұшу аппараттарының жобалық эскиздері (нобайы) кездеседі. 1754 жылы орыс ғалымы Михаил Ломоносов серіппе күшімен қозғалысқа келетін тікұшақ моделін жасап, ондай аппараттың ұша алатынын іс жүзінде дәлелдеді. ХІХ ғасырдың аяғында моторсыз ұшатын аппараттар – қалқыма ұшақтар жасала бастады. 1891 – 96 жылдары неміс ғалымы Отто Лилиенталь бірқатар қалқыма ұшақ жасап, бірнешеуімен ұшып та көрді. ХІХ ғасырдағы бу машинасын жасаудың қарқынды дамуы бу қозғалтқышы бар ұшақ жасау ісіне алып келді. Ресейде теңіз офицері Александр Можайский өзі әуеде ұшатын оқ деп атаған осындай ұшатын аппаратқа патент алды. Қалқыма ұшақ 1885 жылы жасалды, бірақ ұшу кезінде апатқа ұшырады. 1894 жылы Англияда конструктор Хайрем Максим бу машиналы алапат ұшақ жасады, ол да ұшар мезетте жерге құлап түсіп, қирады. Францияда жасалған жарқанаттың қанатын көзге елестететін «Авьон» аппараты да бірнеше ондаған метр қашықтықты ұшып (1897) өтіп барып құлады. Бұл сәтсіздіктердің бәрі де, негізінен, бу қозғалтқыштарының аса ауырлығы мен ұшу талабына сай келмейтінінен болып жатты. ("Қазақстан". Ұлттық энциклопедия / Бас.ред. Ә.Нысанбаев. – Алматы: "Қазақ энциклопедиясы" Бас редакциясы, 1998. – 56-58 бб.


1-сұрақ. АВИАЦИЯ ТАРИХЫ Мәтін қандай үлгіде жазылған?

A. Ақпарат беру B. Сараптау C. Талқылау D. Сын-пікір беру 33 E. Үгіт-насихат айту

2-сұрақ. АВИАЦИЯ ТАРИХЫ Мәтіннің мазмұнына сәйкес ақпаратты көрсетіңіз.

A. Қазақ ертегілерінің тарихы.

B. Адамның биіктерді бағындыру талабы

C. Ұшу аппараттарын жасаған тұлғалардың еңбектері туралы

D. Авиация тарихы туралы аңыз

Е) Бірлесе атқарған іс жетістікке жетеді

3-сұрақ. АВИАЦИЯ ТАРИХЫ Мәтіннің реттілігін көрсетіңіз

1. Қалқыма ұшақтар

2. Бу машиналы алапат ұшақтар

3. Жобалық эскиздер туралы

4. Қазақ ертегілеріндегі адам арманы

5. Алғашқы тікұшақ моделі

A. 5.2.3.4.1. B. 4.2.1.3.5. C. 4.3.5.1.2. D. 3.2.1.4.5. E. 4.2.3.1.5.

8-МӘТІН. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІ Қазақстан үшін теміржол көлігінің маңызы өте зор. Қазақстанда теміржол барлық жүк тасымалы айналымының – 68%- ын, ал жолаушы тасымалының 32%-ын қамтамасыз етуде. Қазақстан теміржолының ұзындығы 15 мың км-ден асады. Қазақстанның теміржол жүйесін көршілес елдермен 16 темір жол торабы байланыстырады (11-і – Ресеймен, 2-еуі – Өзбекстанмен, 1-еуі – Қырғызстанмен, 2-еуі – Қытаймен). Қазақстан мен Ресейдің теміржол жүйелері бір-бірімен тығыз байланысты. Қазақстанның көлік жүйесін дамыту стратегиясы аясында 2017 жылға дейін 1400 км теміржол жаңадан салынбақ және бұрыннан бар 2700 км темір жолды электрлендіру жоспарлануда. (https: //kk.m.wikipedia.org›wiki›) 78-сұрақ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІ Мәтінде 2017 жылдары шамамен Қазақстан теміржолының ұзындығы қанша км болады деп жоспарланды? A. 15000 км асады B. 16000 км асады C. 15500 км асады D. 17000 км асады E. 16400 км асады

1-сұрақ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІ Соңғы азат жолдың екінші азат жолға қатысы қандай?

A. Ойды дамытады B. Ойды саралайды C. Ойды сипаттайды D. Ойды қорытындылайды 34 E. Өзіндік баға береді

2-сұрақ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІ Мәтін мазмұнына сәйкес ақпаратты табыңыз

A. Қазақстан теміржолының тарихы

B. Қазақстан теміржолының ұзындығы

C. Қазақстан теміржолындағы инновациялық өзгерістер

D. Қазақстан теміржолының ұстанған бағыты

E. Қазақстан теміржолы торабы туралы

9-МӘТІН. ҚАСҚЫРЛАР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР Ауа райы жайлы болса, қасқырлар орман ішінде 9 км жердегі дыбысты ести алады. Ал ашық далада 16 км қашықтықтағы дыбысты құлағы сезеді. Қасқырдың ежелгі суреттері Еуропаның оңтүстігіндегі үңгірлерден табылған. Суреттердің жасы - 20 000 жыл. Қасқырды үй күзетуге мәжбүрлеу мүмкін емес. Себебі олар таныс емес тіршілік иесінен қорқып, жасырынып жүретін болады. Қасқыр 200 миллион иісті сезеді. Адам 5 млн-ге жуық иісті ажырата алатындығын айта кетелік. Қасқырлар тірі жануардың иісін 1,5 шақырымнан анық сезе алады. Қасқырдың бөлтірігінің көздері жаңа туған кезде көк түсті болады. Тек 8 айдан соң ғана көздері сарғыш тартады. Қасқыр күшіктерін 65 күнде туады. Бөлтіріктер соқыр, саңырау болып туылады. Ал салмағы небары жарты килограмм болады. Ежелгі замандарда жер бетіндегі ең көп таралған жыртқыш сүтқоректі осы қасқырлар болатын. Олар шөл далалар мен тропикалық ормандарды мекен етті. Қасқырдың жағы өте күшті болады. Тістеген жерінің 1 шаршы сантиметріне шамамен 300 кг күш түседі. Салыстыру үшін айтсақ, иттерде бұл көрсеткіш 150 кг. 1600 жылы солтүстік Америкада қасқырлардың саны 2 миллион болған еді. Қазіргі таңда олардың саны бар-жоғы - 65 000. Аш қасқыр бір жегенде 10 кг ет жей алады. Салыстыру үшін айтсақ, бұл 100 гамбургермен пара-пар. Қасқырлар осыдан 35 миллион жыл бұрын өмір сүрген «Mesocyon» атты жануардан пайда болған. Бұл жануарлардың аяқтары қысқа, кеуделері ұзын еді. Қасқырлар бір жүзгенде, 13 километрге дейін шаршамай жүзе алады. 1883-1918 жылдар аралығында АҚШ-тағы Монтано штатының өзінде 80 мың қасқыр атылды. Қасқырлар 2 минут бойы 32 км/сағ жылдамдықпен жүгіре алады. Ал қауіп сезінген жағдайда, 56 км/сағ жылдамдықты да бағындыра алады. Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/1765/


1-сұрақ. ҚАСҚЫРЛАР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР Қасқырлар қандай жағдайда 56 км/сағ жылдамдықты бағындырады?

А. Бір-бірімен жарысқан уақытта

В. Қауіпті сезінген жағдайда

С. Жемтігін қуу кезінде

Д. Тірі жануардың иісін сезгенде 35

Е. Қоныс өзгерткенде

2-сұрақ. ҚАСҚЫРЛАР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР Қасқырдың сезім мүшелерінің ерекшелігін жазыңыз. 1. _____________________________________________________________ 2. _____________________________________________________________ 3. _________

3-сұрақ. ҚАСҚЫРЛАР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР 1600 жылы Солтүстік Америкада мекендеген қасқырлар саны қазіргі таңдағы санының айырмашылығы қандай?

А. Едәуір азайды, қазіргі таңда 63000 қасқыр бар.

В. Қазіргі таңда 65000 қасқырға көбейді.

С. Сол уақытта да, қазіргі таңда да сол жерді жайлаған қасқырлардың саны шамалас. Д. Едәуір азайды, бүгінгі таңда 65000 қасқыр бар.

Е. Едәуір көбейді, қазіргі таңда 2 миллион қасқыр бар.

10-МӘТІН. БАҒДАРЛАМАШЫ

Бағдарламашы – арнайы математикалық модельдеудің көмегімен компьютерлік бағдарламаларды және алгоритмдерді құрастыратын маман. Бағдарламашыларды салаларға байланысты үшке бөліп қарауға болады. Қолданбалы бағдарламашылар көбіне ойындар, есептеу бағдарламалары, редакторлар мен мессенджерлерді қамтамасыз ететін бағдарламаларды жабдықтаумен айналысады. Олардың саласындағы жұмыстарға тағы да жүйелі видео және аудио бақылаулар орнату, от өшіру жүйелері мен сигнал беру жабдықтарын жатқызуға болады. Жүйелік бағдарламашылар операциялық жүйелерді, желі платформаларын, интерфейс жабдықтарын, әртүрлі ақпарат орталықтарын жинақтайтын ғаламтор беттерін жасаумен айналысады. Бұл саланың маманын жоғары төлемақыға ие бола алатындар қатарына жатқызамыз. Сонымен қатар олар бағдарламалық қамту жүйелерін (сервис), есептеуді қамтамасыз ететін блоктарды (процессор, коммуникациялық және перефириялық құрылғылар) да жасайды. Web-бағдарламашылар да желімен жұмыс жасайды. Дегенмен олардың негізгі міндетіне ғаламтормен жұмыс істеу кіреді. Олар сайттардың бағдарламалармен қамтылуын, динамикалық веб-беттерді және дерекқормен жұмыс жасайтын web-интерфейстерді жасаумен айналысады. Бағдарламашы ғылыми-техникалық және өндірістік есептерді математикалық модельдерді талдау мен алгоритмдік шешімдер арқылы есептеу жұмыстарын атқаратын бағдарламаларды құрастырады. Сондай-ақ олар автоматты, типтік және стандартты бағдарламаларды және сыртқы алгоритмдік тілдерді жасақтаумен жұмыс істейді. Бағдарламашылардың IT-компаниялар мен Webстудияларда, ғылыми-зерттеу орталықтарында, жеке бағдарламашыны қажет ететін компанияларда жұмыс істеуге мүмкіндігі бар. Бағдарламашы өте жылдам дамып жатқан технологияларға бейімделе білуі қажет. Сол себепті өзін-өзі оқыту ең басты қасиеттерінің бірі болуы тиіс. Әйтпесе бірнеше жылдың көлемінде маманның маңызы кетіп, жұмыстан шығып кетуі мүмкін. Техникалық құжаттарды оқи алатын дәрежеде ағылшын тілін білу де – ең маңызды талаптардың бірі. Аталған маман иелері топпен жұмыс істей алуы керек. Үлкен жобаларда біріге, жұмыла жұмыс жасай алатын мінездің болғаны да артықтық етпейді. (https: //kk.m.wikipedia.org›wiki›)