ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 18

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


1-сұрақ. БАҒДАРЛАМАШЫ 36 Бағдарламашылардың қандай компанияларда жұмыс істеуге мүмкіндігі бар?_________________________________________________________________________2-сұрақ. БАҒДАРЛАМАШЫ Жоғары төлемақыға ие бола алатындар бағдарламашылар:

А. Қолданбалы бағдарламашылар

В. Жүйелік бағдарламашылар

С. Web-бағдарламашылар

Д. Web-студиялар қызметкерлері

Е. Ғылыми-зерттеу орталықтарында жұмыс жасайтын бағдарламашылар

86-сұрақ.БАҒДАРЛАМАШЫ Бағдарламашылар қандай жағдайда жұмыстан шығып кетуі мүмкін? __________________________________________________________
11- мәтін ЖУСАН ИІСІ

Алыста қалған балалық шағым... Ойымнан: жарғақ сары тоны қаудырлаған, тобығы тайған сол аяғын сүйрете жүгіретін, шілбиген арық ақсақ қара бала бір кетпейді. Көзімді сәл жұмсам-ақ: шуылдаған балалардың ең соңында сол аяғын жер сыпырғандай көлденең сүйретіп, ес қалмай далбақтай жүгіріп келе жатқан Аянды көргендей болам. Сондайда оның алқына шыққан әлсіз, жіңішке дауыспен: «Ей, тоқтаңдаршы, мен сендерге бүгін кешегіден де қызық ертегі айтамын»,- деген жалынышты үнін естимін. Әуелде біз, балалар, оның ертегі айтатынын білгеміз жоқ. Ол әжесі екеуі біздің ауылға қырық екінші жылдың жазында көшіп келген. Мал дегеннен, тек бұзаулы қоңыр сиыры бар еді. Аянның әкесі майданға аттанып, туған анасы содан екі ай бұрын қайтыс болыпты. Біздің ауылда әжесінің жамағайын төркіндері бар екен, соларды сағалап келсе керек... ...Ойынды тастай сала бәріміз бірдей топырлай жүгіріп әлгінің қасына келдік. Адам көрмегендей бір-бірімізді кимелеп, қоршалай, тұра қалдық. Үстіміздегі киімнің кімдікі қара, кімдікі ақ екенін біліп болмайды, баттасқан шаң-топырақ. Шетімізден ит талағанда алым-жұлым, алқа-салқамыз. «Бұл кім-ей? Қайдан келген-ей?» деп бірімізді-біріміз түртпектей береміз. Өзіне бастан-аяқ шұқшия қарап шықтық. Ол да сынағандай әрқайсымызды бір-бір шолып өтті. Біздің ұсқынсыз түрімізге көңілі толмаған сияқты шолақ танауын тыржитып қойды. Қоңырқай жүзі тершіп, маңдайындағы біркелкі етіп қиылған кекіл шашын үрлеп тұрды. Кекіліміз жоқ бізге оның сол қылығының өзі кереметтей сүйкімді көрініп, қызыға қарадық. − Ә... Мен білдім,- деді Садық мақтана дауыстап. Онан соң әлгі баланың алдын орай өтіп: - Ей, бала, сендер кеше көшіп келдіңдер ғой, ә? Қоңыр сиырларың бар ғой, ә? - деді. − Иә,- деді томсырайып тұрған бала оның сөзіне күлімсіреп,− Қоңыр сиырымыз бар. − Атың кім? − Аян. Біз, бәріміз, тегіс ұмытып қалмайық дегендей: «Аян, Аян»... деп күбірлесе қайталап қойдық. − Жүр, жолдас боламыз,- деді Садық оның аппақ білегінен қап-қара қолымен ұстай алып. Аян оның қолына қарады да қызараңдап тұрып, ақырындап білегін босатты. − Сендер жақ суық екен. Суға түспей қалай шыдайсыңдар?- деді. − Түсеміз. Анау арада тоспа бар. Жүр, түсейік. Суы во!..- деп Садық ауылдың жоғарғы жағындағы шұңқыр-тоспаны жерге сыйғызбай мақтай жөнелді. Аян бізге қосылып солай қарай жүрді. Ауылға жаңа бір баланың келуі біз үшін нағыз мереке болатын. Әрқайсымыз оның көзіне түсіп қалуға тырысушы едік. Сондықтан бірімізден-біріміз артық көрінбек боп, әй кеп мақтанатынбыз. − Мен судың астында алпысқа дейін
санап жата аламын,- ... деп бөсті Садық. 37 − Менің де мынандай ақ көйлегім бар. Үлкен сандықта жатыр, апам кигізбейді,- деді көп үндемейтін Қосым тырнауық та. Қосым төбелескенде ылғи баж етіп кеп бетті тырнайтын, сондықтан тырнауық дейтінбіз, өзінен көп балалар қорқатын. Оған тек Есікбай ғана тік келуші еді. Қазір де ол: − Ой, кетші ары, тырнауық мысық. Сенің үйіңде алтын барын да білеміз,- деп ентелеп келе жатқан Қосымды көкірегінен итеріп жіберді.

1-сұрақ. ЖУСАН ИІСІ Шығармадағы оқиға қай кезді суреттейді?

А. Аштық жылдарындағы кезді

В. Ұлы Отан соғысы кезін С. Ұлы Отан соғысынан кейінгі уақытты

Д. Ұлы Қазан төңкерісінен кейінгі дәуірді Е. Ұлы Қазан төңкерісінен дейінгі дәуірді

2-сұрақ. ЖУСАН ИІСІ Аян неге біркелкі етіп қиылған кекіл шашын үрлеп тұрды? А. Балалардың ұсқынсыз түрін менсінбегендіктен

В. Ауылға жаңадан келген балалардың әдеті сондай С. Кекіл шашы өсіп кеткендіктен

Д. Күн ыстық, тершігендіктен Е. Балаларға көрсеткен қыры

3-сұрақ. ЖУСАН ИІСІ Мәтіннің бірінші азатжолы қандай мақсатта жазылған?

А. Ауыл балаларының өмірін суреттеу В. Аянды таныстыру мақсатында

С. Балалардың жазғы уақыттағы ермегі туралы Д. Аянның ауыл балаларымен танысуы жайлы

Е. Аян деген ертегішіл баланы еске алу

4-сұрақ. ЖУСАН ИІСІ Садық оның аппақ білегінен қап-қара қолымен ұстай алды. Аян оның қолына қарады да қызараңдап тұрып, ақырындап білегін босатты. Осы эпизодты пайдаланып, Аянға мінездеме бер. _____________________________________________________________________________________
12-МӘТІН. ТҰМАУ

Тұмау (грипп) — өте жұқпалы ауру. Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады. Тұмау вирусы өте тез тарайды. Бір мезгілде бір облыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды. Тұмау салқын кезде жиі, ыссыда сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлор, қышқылдар, спирт және т.б.) әсерінен тез қырылады. Тұмау басталғанда адамның денесі дел-сал болып, көңіл-күйі нашарлайды және тағамға тәбеті шаппайды. Бір-екі күннен кейін дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, бұлшық еттері сыздап, буын-буыны сырқырайды, мұрны бітеді, дауысы қарлығып, жөтеледі, тамағы қызарып, жұтынғанда ауырады, көзі қызарып жасаурайды. Адам дереу дәрігерге көрініп, емделсе, үш-бес күннен кейін дене қызу төмендеп, сауыға бастайды. 38 Емі — дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып емделу. Дене қызуын, дене сырқырауын, аспирин, пирамидон және т.б. дәрілер тез басады. Тұмау вирусына антибиотиктер пайда етпейді. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс. http://referatikz.ru/tumau_g


1-сұрақ. ТҰМАУ Тұмаумен адамдар қаншалықты жиі ауырады?

А. Бір жылда бірнеше қайтара ауырады В. Бес жылда бір ауырады.

С. Бір ауырған адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды.

Д. Үш ай сайын ауыруы мүмкін.

Е. Бір ауырғаннан тұмаумен кейін мүлдем ауырмайсыз.

2-сұрақ. ТҰМАУ Тұмау асқынған жағдайда қандай ағзаларды ауруға шалдықтырады?

А. Тыныс жолына, нерв жүйесіне, буындарға

В. Тыныс жолына, нерв жүйесіне, қан тамырына, жүрекке

С. Нерв жүйесіне, қан тамырына, жүрекке, асқазанға

Д. Тыныс жолына, жүрекке, буындарға, көзге

Е. Қан тамырына, жүрекке, өкпеге, аяқ-қолға

3-сұрақ. ТҰМАУ Тұмауға ұқсайтын ауру түрі қандай? _____________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________

13-МӘТІН. ҚАСИЕТТІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ

Түркістан – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Ол туралы алғашқы деректер араб жазбаларында ІV-ІХ ғғ. бастап Шавғар деген атпен кездесе бастайды. Қала ХІ ғасырдан бастап Ясы аталған. Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан. Түркістан қаласы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. ХV ғасырда Түркістан Сырдария өңірінің саяси және экономикалық орталығына айналып, 1598 жылы ол біржолата қазақ хандығының орталығы болады. Бұған дәлел – А.Ясауи кесенесі төңірегіне қазақ хандарының жерленуі. Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасын реттеу үшін Түркістаннан Ресейге, Ресейден Түркістанға елшіліктер жүріп отырған. Түркістан қаласы сонымен қатар орта ғасырдың өзінде ірі білім орталығы болғандығы белгілі. Оның мәдени өмірінде дәруіш ақындардың, ислам дінін уағыздаушылардың да шығармалары үлкен орын алады. Олардың қатарына Ахмет Ясауи бастап, оның шәкірті Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Йүгінеки, Жүсіп Баласағұнилар жатады. Мың жарым жылдан аса өмірбаяны бар Түркістан – ер жүрек батыр қала. Моңғол-татар, жоңғар шапқыншылығын, қазіргі Орта Азия мен Қазақстанда сол кезде өмір сүрген мемлекеттер мен хандықтардың жаугершілігін көрген қала. Орта ғасырдағы Сыр бойындағы Сығанақ, Сунақ, Сауран сияқты үлкен шаһарлардан біздің ғасырға жеткені де – осы қала. 1903 жылы Түркістанға алғаш темір жол келген. Қасиетті Түркістан – тарихи және туристік қала. Түркістанға келгендер алдымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барады. Бұл кесене – сәулет өнерінің ең озық үлгісі. Кесене отыз бес бөлмеден және сегіз бөліктен тұрады. Кесененің жанында шығыс моншасы бар. Жер астында қырық төрт бөлмеден тұратын «қылует» деп аталатын ғибадатхана салынған. Түркістан қаласы Қожа Ахмет Ясауи атымен әлемге әйгілі болды. Қасиетті Түркістанды «Екінші Мекке» деп атаған. (https: //kk.m.wikipedia.org›wiki›)


1-сұрақ. ҚАСИЕТТІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ 39 Түркістанды қазақ хандығының орталығы болды деп қандай дәлелдерге сүйеніп айтады?

А. Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасын реттеп отырғандықтан.

В. «Екінші Мекке» деп атаған соң.

С. Түркістанға алғаш темір жол келгендіктен.

Д. Моңғол-татар, жоңғар шапқыншылығын, қазіргі Орта Азия мен Қазақстанда сол кезде өмір сүрген мемлекеттер мен хандықтардың жаугершілігін көрген қала болған соң.

Е. А.Ясауи кесенесі төңірегіне қазақ хандарының жерленгені үшін.

2-сұрақ. ҚАСИЕТТІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз және көтерілген мәселеге қатысты баға беріңіз. _________________________________________________________________________ 3-сұрақ . ҚАСИЕТТІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ Берілген мәтінге тән стильдік, тілдік ерекшеліктерді белгілеңіз

А. ресми сөздер, тұрақты тіркестер қолданылған

В. образды, эмоционалды, экспрессивті сөздер қолданылған

С. көркемдік тәсілдер, суреттеме құралдары қолданылған
Д. ғылыми терминдер қолданылған

Е. деректер дәлелді, зерттелген Ж. стильдік қайталау, троптың түрлері қолданылады 4-сұрақ. ҚАСИЕТТІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ Мәтіннің реттілігін көрсетіңіз

1. Орта ғасырдағы ірі білім орталығы

2. Түркістан – көне шаһар.

3. Қасиетті Түркістан – тарихи және туристік қала.

4. Түркістан – ер жүрек батыр қала.

A. 2.3.4.1. B. 4.2.1.3. C. 4.3.1.2. D. 2.1.4.3.

14-МӘТІН. ЕКІ ДОС

Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қол басына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қол басына: - Мен қолдарына түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер малым - мүлкім жоқ. Бір - ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, - дейді. Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да: - Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай - ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, - дейді. - Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт. - Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын. Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, - дейді. Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді. 40 Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады» деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.


1-сұрақ. ЕКІ ДОС Мәтінде суреттелген оқиға қай кезде болды?

А. Жаз айларында В. Күздің қара суығында

С. Қыстың ызғарлы күнінде Д. Көктемнің мамыражай күндерінің бірінде

Е. Күзгі уақыттарда

2-сұрақ. ЕКІ ДОС Тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып келе жатқан зағип досының қуануына не себеп болды? _________________________________________________________________________3-сұрақ. ЕКІ ДОС Мәтіннің соңғы азатжолына сәйкес келетін мақалды табыңыздар А. Ат жақсысын мақта, Адам жақсысын жақта.

В. Кісіні кейде таршылық сынайды, Кейде баршылық сынайды.

С. Жұмсақ ағаш құртқа жем, Жұмсақ адам жұртқа жем.

Д. Бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды.

Е. Жақсы сыйлағанның құлы, Жаман қорыққанның құлы.