Файл: ысамерзімді (саба) жоспары1.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 23

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

     


Қосымша №1

Интернеттің пайдасы

Интернеттің жеке-дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады 1.Алысты жақындату

2.Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.

3.Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.

4.Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету.

5. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады;

6.Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға;

7. Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға;

8.Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға;

9. «Maіl.Ru Агент», «Facebook», «Skype» т.б. арқылы реалды уақытта тіл қатысуға да, бейнебайланыс орнатуға да болады..

Интернеттен көптеген жапа шегеміз деп қол қусырып отыра берсек, оның мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ,әрине алға баспаймыз.Керісінше біртіндеп құлдырай береміз.Оданда ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн. Интернетке кіру үшін компьютерде отыру керек.Компьютерде отыру денсаулыққа зиян.Алдымен денсаулықты сақтауымыз керек деп жатырсыздар.Әрине бұл орынды ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар жасалады, әр 20-25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60-70 см болу керек. Ал көзді сақтау үшін компьютердің алдына кактус гүлін қою керек. Гүл бойына компьютерден бөлінген сәулені тартып алады. Осы айтылған ережелер орындалса денсаулығымызды сақтай аламыз. Интернеттің пайдасы көп.Интернет арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген реферат, мәнжазба, солардың бәрін мен интернет арқылы таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін.Интернеттің пайдасы мен үшін өте.

Қосымша №2

Интернеттің зияны Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн. Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі. Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл – қозғалысына, адам психологиясына да әсер етеді. Интернетке жүгініп, үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу – баланың айналасындағы адамдармен бетпе – бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы. Мектеп жасындағы баланың сабаққа дайындалғаннан гөрі көп уақытын ұялы телефонына үңілумен өткізеді. Ол неге үңіле береді десең, әрине ол ішіне сабағын жазып алған жоқ. Небір түрлі қырғын атыс – шабыс ойынын, өзгелермен танысу, ұятты көріністер қарайды. Міне, содан барып, ол баланың өмірге көз – қарасы психологиясы өзгереді.


___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-11



Бөлім:

Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)




Күні:




Сынып:6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ақша қанша тұрады?

Сабақтың мақсаты

ақша туралы түсінік бере отырып,ақшаның пайда болуы,ақша қызметтерін айтып түсіндіру,ақшаны үнемді жұмсауға, экономиканың дамуына өз пайдасын тигізуге үйрету;

Бағалау критерийі

ақшаның мәні анықтайды;

шығу тарихы, негізгі қасиеттері мен қызметтерін біледі;

Құндылықтарды дарыту

ел экономикасында алатын орнытуралы кең көлемде білім беру.


    

Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

«Миға шабуыл» әдісі арқылы.оқушылардың назарына ақша түрлері суреттерін ұсынылады. Келесі сұрақтар төңірегінде сұрақтарға жауап береді:

- Бұл суреттерден нені көре аламыз?

-Бүгінгі сабақтын тақырыбы қандай болуы мүмкін?

Оқушылардың жауаптары арқылы сабақтың тақырыбына шығу.

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, оқу мақсаттарымен және бағалау критерийлерімен таныстыру.

Оқушы өз ойларын ортаға салады.

Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»


Тақырыптық суреттер

сілтемеде

суреттер

Сабақтың ортасы

1. «Ақша» тақырыбына байланысты бейнебаян көрсетеді.

Зерттеу мен талдау

Тапсырма №1 «Оқы,түсін,талда» әдісі

Ақша туралы мәтінмен жұмыс жасалады

«Оқы,түсін,талда» әдісімен түсінік қалыптастырады

Қожанасыр мен хан туралы.

Бірде хан Қожанасырды өзіне шақырып алып, алдына ақша қойыпты да, Қожеке, мынау 1 сом мен 1 тиын. Осының қайсысы көп соны айтшы маған деп сұраған екен. (ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙЫН СҰРАУ) Әрине 1 тиын көп депті Қожанасыр. Сонда таң-тамаша болған хан: неге 1 тиынды көп дейсің, себебін айтшы деп сұрайды. Себебі, 1 сом дегенде алты әріп, ал 1 тиын дегенде жеті әріп бар. Енді өзіңіз айтыңызшы, алты көппе әлде жеті көппе деп жауап беріпті Қожекең.

-Бұл ел аузынан қалған әзіл-шыңы аралас аңыз әңгіме болатын.

Сендер ақша туралы қандай ырым – тыйымдарды білесіңдер? Содан кейін видео көрсету.

Құрметті, оқушылар, ақша кез-келген қажеттілікті қамтамасыз ететін құрал болып отыр. (ВИДЕО. Ырым – тыйымдар)Алайда ақша туралы қандай ырым-тыйымдар бар екен. Оны алдағы бейне көріністен көре отырайық.

Ал, енді оқушылар, сендер қандай ырымдар білесіңдер?

1.Ақшаны таза жерде ұстау керек, және таза жолмен табу керек. Оңай келген ақша, оңай жоқ та болады.

2.Қызыл түсті әмиян ақша шақырады деген түсінік бар.

3.Әмиянға тек ақша ғана салыңыз. Сонымен қатар әмиянға ақшаларды рет-ретімен және өзіндік құны бойынша орналастыруға дағдыланыңыз. Сонда ақшаңыздың құны болады деген түсінік бар.

4.Сейсенбі күні қарыз сураудан аулақ болыңыз, кем дегенде бip ай бойы қарызда жүресіз деген ұғым бар.

5.Бай, қалталы адамдардан қолма-қол ақша алуға тырысыңыз. Солар секілді бай боласың деген жақсы ырым бар.

Мақал – мәтел. Сендер ақша, теңге туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер? Қазір сендермен мақалдың жалғасын тап ойынын ойнайық.

ЕБҚ: оқушы шығарылып берілген тапсырманы орындайды

1.Теңге тиыннан өсер,                  

2. Ақша кетуге тырысады,

Жылқы құлыннан өсер.              

   Есеп ұстауға тырысады.

3. Есепсіз дүние жоқ.                    

4. Базары жақын байымас.

«Сиқырлы сандықша» ойынын ойнағым келіп отыр. Яғни қазір сандықтан сұрақтар алып, сол сұрақтарға жауап беруге тырысып көрейік.

  1. Ұлттық валюта қай жылы шығарылды? (1993 ж, 15 қараша)

  2. Теңгеде кімдер бейнеленген?

  3. Ақша беретін құрылғы. (Банкомат)

  4. Төлемді растайтын қағаз. (Чек)

  5. Қазақстанда ақша басып шығаратын фабрика қай жылы ашылды? (1995 жылы)

  6. 1994 жылы неше теңгелер шығарылды? (Әбу Насыр әл-Фарабидің бейнесімен 500, 1000 теңгелер шығарылды).

  7. 1,3,5,10, 20 теңгелер қолданыстан шыққан жыл? (2001 жыл)

  8. 10000 теңге қай жылы шықты? (2003 жылы)

ЕББҚ: оқушыға тапсырма жазбаша түрде беріледі.

Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды

Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды.
Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.

Дескриптор:

-ақшаның мәні анықтайды;

-шығу тарихы,

біледі;

ақшаның қасиеттері сипаттайды;

ақшаның қызметтерін біледі;


ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»


ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ «Өзін-өзі бағалау»



Ақпараттық мәтін

Үлестірмелі қағаздар

Суреттер


Тірек-сызбалар
Кесте

ҚБ парағы


Сабақ

тың соңы


Сабақты қорытындылау

Ойлануға арналаған сұрақ:

Кері байланыс

«ҚҚҚ» әдісі

Мен үшін қызық болғаны ...

Мен үшін қиын болғаны ...

Мен үшін құнды болғаны ...

Үйге тапсырма

Ақшаның маңызы

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды


А4, конспект



     
Қосымша №1
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің қоғамдық қатынастарын тудыра отырып тауар нысанын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуа болғаны; мұндай бұйым тауарлық нысанға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. «Айырбас құны – тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өздігінен өмір сүретін тауар, ол - ақша».

  Кез келген ақшадан әрбір елдің өткенін, бүгінгісін және болашағының бейнесін, яғни тарихын көруге болады. Бүгінгі таңда ақша тарихын зерттейтін арнайы ғылым саласы бар. Ол - Нумизматика деп аталады. Онда тиындар, құйма ақша кесектері, т.б.ескерткіштер (тиын мөрлері, құжаттар) арқылы тиын соғу тарихы кеңінен зерделенеді. Нумизматика ғылым ретінде 18-ғасырдың 2-жартысында пайда болды, оның негізін салушы – Вена нумизматигі И.Х.Эккель.

Құнның ақшалай нысанының жалпыға бірдей нысаннан айырмашылығы








Тауар жалпыға бірдей эквиваленттің рөлін жергілікті нарықтың шеңберінде ғана емес, кең көлемде атқарылады

Жалпыға бірдей эквиваленттің рөлі бір тауарға жекелей қатысты


Құнның ең жоғарғы ақша формасындағы жалпыға бірдей балама рөлі бір тауардың еншісіне тиді, яғни ерекше тауар түрі-ақша пайда болды.
Осы кезде әр түрлі тайпалар мен халықтар арасында ақша ретінде ішкі сауда –саттықтың басты заттары болып табылатын тауарлар бөлініп шықты.Ақша рөлін кейбір халықтарда: мәселен, ертедегі гректерде, римдіктерде, славяндарда, моңғолдарда- мал, Скандинавияда, ертедегі Русьте-аң терісі, Қытайда-шай, Абиссинияда- тұз атқарды. Қазақстанда ішкі сауда саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой пайдаланылды.

Бертін келе тауар өндірісі мен тауар айырбасының дамуы және халықтар арасында қарым-қатынастың ұлғаюы нәтижесінде ақша рөлі түрлі металдарға ауыса бастады. Өйткені металл, әсіресе алтын, күміс өзінің табиғи қасиетінің (біртектілігі, бөлінгіштігі, қолайлылығы, сақталғаштығы ) арқасында Ақша ролін атқаруға өте лайықты болды. Тарихи деректерге қарағанда жезден және күмістен жасалған ақша белгілері біздің жыл санауымыздан 3мың жыл бұрын Азия елдерінде пайдаланылған. Ресей тарихында металл ақша ретінде ІХ ғасырдан бастап қолданылды.

Оны кез-келген тауарға айырбастыру мүмкіндігі туды. Демек металл ақшаның пайда болуы ақша тарихында жаңа бір тарихи бастау кезеңі болды.

Алғашқы металл тиындар Грекия мен Кіші Азияда күмістен соғылған. Бертін келе алтын, күміс сияқты асыл металдарға мықты болу үшін мыс қосқан металл ақшалар шығарыла бастаған.

Металл ақшаны жасап шығару құқығы, әдетте, мемлекеттік өкімет билігінің қолында болған. Оның оң бетін аверс ,ал сол бетін реверс деп айырған.Жазулар оның екі бетінде де кездеседі. Олар тиын шығарған елдердің немесе үкімет органдарының белгілерін, монархтың аты мен мансабын , тиын сарайының ,тиынды шығаруға жауапты адамның атын, тиынның құнын, шыққан уақытын т.б.көрсеткен. Және оң бетінде мемлекеттік өкіметті немесе оның гербі ,ал сол бетінде оның бағасы шыққан жері мен жылы берілген.

Қазақстанда металл ақша негізінен орта ғасырларға жататын көне қалаларда, обаларда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылды.

Қазақ елінің Ұлы Жібек жолының бойында орналасуына байланысты металл ақша жасау қажеттігі ертеден қолға алынғанын бүгінде тарихи деректер дәлелдеп отыр.

ҮІ-ҮІІІ ғасырларда билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құйыла бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері ҮІ-ҮІІІ ғ-дың 1-жартысында дейінгі аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде арыстан бейнесі бейнелеген. Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда құйған. Сонымен бірге Отырар маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған. Отырарда ақшаның құйылғаны туралы 1967 жылы Самарқанд қоймасы ашылған соң анықталды. Осы қоймадан Х ғасырдағы Фараб теңгелері табылған. Біріншісі, сәл ұмытылып, секіргелі тұрған арыстан бейнеленген мыс теңгелер болса, екіншісі бетінде садақ бен шаршы түріндегі түркілердің тайпалық таңбасы (дүниенің төрт бұрышын меңзеген рәміз) бейнеленген теңге болған.