Файл: азастан Республикасы Оуаарту министрлігі InnovativeCollege мекемесі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

«InnovativeCollege» мекемесі


Курсжұмысы

Пән: «Мемлекет және құқық теориясы негіздері »

Тақырып: «Мемлекеттік органдардың түрлері мен қызметі»

Орындаған: «Құқық-21» тобының студенті:Абзатұлы Темірлан
Ғылымижетекші:Ғылымбай А.М.

ЖОСПАР
Кіріспе

Мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі


1. Мемлекеттік билік органдары

2. Мемлекеттік атқару органдары

3.Сот жүйесі, құқық қорғау органдары
Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi

Кіріспе
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл объективтік даму процестің күрделі сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс - б.з.д. 10-15 мың жылдықтарда болған. Ол төңкеріс кезінде малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келді, адамның тәжірибесі өсіп, молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісін асырды.

Қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. 5-4 мың жылдықтарда сол қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекет пайда болды. Мемлекет және құқық тарихы туынды - қоғамның антагонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады.

Құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі объективтік зандары:

- қосымша өнімнің пайда болуы;

- жеке меншіктің қалыптасуы;

- таптар мен топтардың арасында күрестің басталуы;

- қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің өмірге келуі.

Құқықтың дамуы - адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі объективтік заңдылықтарының бірі әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым - қатынастарды реттеп, басқаруы. Әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сондықтан құқық мемлекеттен аз да болса бұрын қалыптасты деуге болады. Алғашқы қоғамда мемлекеттік кезеңнің басталуынан бері қарай құқық қарым-қатынастардың басым көпшілігін реттеп, басқаратын нормаға айналды. Қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді актілер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.


Құқық екі жолмен дамыды. Біріншісі - мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық - діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңы, мұсылман елдеріндегі Құран заңы; екіншісі - жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқару.

Таптық қоғамда, қанаушылық, әділетсіздік басым болған мемлекетте құқық - үстем таптың заңға айналдырған мүддесі болады. Бұл мүддені заңға айналдырушы және заңдардың орындалуын ұдайы қадағалап отырушы - үстем тап қолындағы мемлекеттік аппарат. Құқық үстем таптың мүддесін қорғаумен бірге қоғамдық мақсатты да реттеп, басқарып отырады.

Құқықтың таптық мәні, қоғамдағы рөлі, мазмұны мен нысаны, сайып келгенде қоғамның экономикалық саяси, әлеуметтік сипатына және мәдени өсу дәрежесіне байланысты. Мысалы, К.Маркс "Гота программасына сын» еңбегінде: "Құқық ешуақытта да экономикалық құрылыстан және қоғамның соған сәйкес мәдени дамуынан жоғары бола алмақ емес» деген. Құқықтың нор­малары қоғам дамуының саяси, әлеуметтік, мәдени т.б. мұқтаждарына неғұрлым сай келсе, соғұрлым пайдалы әсері мол болмақ.

Мемлекеттің қоғамдағы бірлестіктерден, ұйымдардан айырмашылық белгілері:

- мемлеқет қоғамдық көлемде бірден-бір билік жүргізетін ұйым; басқа бірлестіктердің билігі барлық халықты қамти алмайды, мемлекет қана барлық қоғамға күші бар нормативтік акты қабылдай алады;

- мемлекет қоғамдағы барлық құқықтық нормалардың дұрыс, уақытында іске асуын, орындалуын қадағалап, заңдылықты, тәртіпті бақылап отырады:

- мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі тәуелсіздігі, басым үстемдігі.

Мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі


Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, сондай-ақ атқарылатын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекетгік органдар өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді:

1) Мемлекеттік билік органдары: Парламент, Президент және Мәслихаттар; 2) Мемлекеттік атқару органдары: үкімет, министрліктер, ведомстволар, жергілікті басқару органдары, әкімдер. Мемлекеттік органдарының кұрылу тәртібі мен алдына қойылған мақсаттары. Мемлекеттік органдар үш топқа бөлінеді: өкілетті органдар, атқару органдары және сот немесе құқық қорғау органдары.

Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады
, ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын ай-қындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғарғы лауазымды тұлға. Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны, әрі кепілі.

Өкілетті органдар. Жоғарғы өкілетті органдарды халық сайлайды. Парламент - заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Оның өкілеттік мерзімі - төрт жыл. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады. Сенат облыстардан, республикалық маңызы бар қаладан және астанасынан екі адамнан тиісінше барлық өкілдік органдары депутатта-рының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. 7 депу-татты Президент тағайындайды. Мәжіліс Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және сайлаушылар саны шама-мен тең бір мандатты аумақтык сайлау округтері бойынша сайланатын 67 депутаттардан тұрады. Негізінде заң шығару тек Парламенттің құзыреті, бірақ кейде басқа жоғарғы органдар осы жұмысқа кіріседі. Парламент кейбір заңдарды кабылдау құқығын Президентке береді, оны делегаттылық заңдылық деп атайды. Қазақстан тарихында екі палаталық парламент 1995 жылғы Конституциясында жарияланған. Бұл Парламенттің қабылдаған заңдарының, сапасын көтеруге, парламентті біршама тұрақты және орнықты органға айналдыру үшін қолданған шара. Қазақстанның сайлау жүйесі мажоритарлық типке жатады, сайлауға көп саяси партиялар қатысады. Бұл палатаға сайланған депутаттар 25 жасқа толуы керек. Қазақстан Парламентінің ерекшелігін жоғарғы палатасының құрылуы және оның қызмет бабы көрсетеді. Депутаттардың бір жартысы екі жылға, ал екінші жартысы төрт жылға сайланады. Сенатқа 30 жасқа толған адамдар депутат болып сайланады. Парламент - негізгі заң шығарушы орган. Парламенттің сессиясы оның палаталарының бірлескен және бөлек отырыстары түрінде откізіледі. Парламенттің үйлестіруші органдары - бюро, жұмыс органдары - тұрақты комитеттері, бірлескен комиссиялары болып табылады, Президент мемлекеттің жоғарғы қызметкерлерін тағайындағанда Парламент келісімін береді, олардан есеп алады, соғыс және бітім мәселслеріп шешеді, халық референдум тағайындау туралы бастама көтереді, конституциялық заңдылық туралы жыл сайын жолдауын тыңдайды, өзінің ішкі сұрақтарын шешеді, және басқа да Конституция жүктеген өзге де өкілсттіктерді жүзеге асырады.


Парламенттің әр палатасының бөлек отырысында шешетін кұзыреті бар. Сенат тағайындау мэселелерініц көбіне өзі қатысатын болса, Мәжіліс заң қозғау және қаржы мәселелсрді шешсді. Парламент қабылдаған заңдарға Президент колын қояды, заңды осыдан кейін жариялайды. Заң шығару жұмысын Президенттің өзі де атқара алады. Бүл екі жағдайда бола алады: Парламенттіц екі палатасының депутаттары уақытша заң шығару билігін Президемтке 2/3 дауыспен рүқсат берсе, (Конституцияның 53-бабы) Президент заң жобалардың қарау басымдылығын белгілейді, Парламент осы жобаны енгізілген күннеи бастап бір айдың ішінде қарауы тиіс. Заң шығару жүмысын тікелей халықтың өзі де атқара алады, бұл жағдай референдум деп аталады. Қазакстанның 1995 жылғы Конституциясы осылай алынды.

Атқару билігі өкіметтің қолында жиналған. Президенттік республикаларда өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан президент қамтитын атқарушы билік тармағына жатады. Парламенттің қатысуымен Президент басқарады, әрі құрады, оның дербес құзыреті алқалы шешуші органы. Кабинет мүшелері бүкіл халық сайлаған Президент алдында дербес жауап береді. Үкіметтің нақты егеменділігі мемлекет басшысының субъективтік пікіріне тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасының үкіметі - атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық ететін мемлекеттік орган. Оның заңдық ауқымы тұрғысынан - Конституцияда және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген. Бұл заңда Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылы 18 желтоксандағы конституциялық күші бар Жарлығымен бекітілген. Президент Үкімет мүшелерін тағайындағанда Конституцияның 64-бабының 1-тармағы бойынша Парламентгің келісімін алуға тиіс. Ал үкіметті құру процедурасы өте күрделі және бірнеше кезеңнен тұрады. Сонымен, Үкімет атқару билікті жүзеге асырады және бүкіл атқарушы органдардың жүйесіне басшылық жасайды. Қазақстан Республикасының Үкіметін Премьер-министр, оның орынбасарлары, Республика министрлері, мемлекетгік комитеттерінің төрағалары құрайды. Үкімет нормативтік қаулылар қабылдайды және нұсқаулар береді.

Орталық салалық атқару билік министрліктердің, ведомстволардың, мемлекеттік комиссия және комитеттердің қолына берілген. Олар қарауындағы мемлекеттік басқару салаларындағы істің жайы үшін жауап береді. 1997 жылғы наурыздың 4-дегі Президенттің Жарлығымен Үкіметтің жаңа құрылымы белгіленген: Премьер-министр, оның орынбасарлары, Үкімет аппаратының басшысы, 14министрлікжэне 11 мемлекетгік комитет. Олар өзінің құзыреті бойынша бұйрық және инструкция қабылдайды. Үкімет өзінің бүкіл қызметіне Конституцияда және Республика Президентінің алдында жауапты. Премьер-министр, оның орынбасарлары және Үкімет аппаратының басшысы Төралқасының құрамына кіреді. Премьер-министр өзінің өкімімен Төралқа құрамына Үкіметтің басқа да мүшелерін кіргізуге хақылы. Министрлік тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шекті-салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика орталық атқарушы органы болып табылады.


Мемлекеттік комитет тиісті мемлекеттік басқару салаларында мемлекеттік саясатты жүргізетін және осы мақсатта заңдарға салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика комитеті, Бас басқармасы, комиссиясы, агенттігі және Үкімет құрамына кірмейтін өзге де республикалық мемлекеттік басқару органы. Үкімет кұрамында орталық атқарушы орган болып табылады. Министрліктің, мемлекеттік комитеттің жанындағы департамент, агенттік, сондай-ақ Республика министрлігінің, мемлекеттік комитетінің жанындағы өзге де мемлекеттік басқару органы болады. Ол министрлігінің, мемлекеттік комитетінің құзыреті шегінде арнайы атқарушы жэне бақылау - қадағалау функцияларының, сондай-ақ салааралық үйлестіруді не мемлекеттік басқару саласында дербес басшылықты жүзеге асырады.

Сот билігі. Конституцияның 75-бабына сэйкес Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі азаматтардың қүқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Сот ісін жүргізу азаматтық, қылмыстық жэне заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында сот жүйесін Республиканың Жоғарғы соты мен Республиканың жергілікті соттары (облыстық жэис оларға теңестірілген соттары, аудандық (қалалық) қүрайды. Республика аумағында ҚР әскери (армиялардың, құрамалардың, гарнизондардың) әскери соттары болады.

Жоғарғы Соттың құрамын пленум, төралқа, азаматтык шаруашылық, кылмыстық, эскери алқалары кұрайды. Кандай бір атаумен арнаулы жэне төтеншс соттарын құруға жол бсрілмейді. Соттар тиесілі билікті ешкімнің сркіне қарамастан ҚР Конституциясы мен зацдарына сәйкес жүзеге асы-рады. Сот төрелігінің принциптері Конституцияда белгіленген: адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот өкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп саналады. Бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды. Өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды. Сотқа оркім өз сөзіп тыңдатуға құқылы. Жауапкершілікті белгілейтін және күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататып заңдардың кері күші болмайды. Айыптаушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес. Ешкім өзіне-өзі, жұбайына және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндстті емес. Адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушыныц пайдасына қарастырылады. Заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді. Республика соттары кызметі заңдылық, судьялардың тәуслсіздігі, баршаның заң және сот алдындағы теңдігі, тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы, істерді қараудың жариялығы принциптеріпің негізінде құрылады.