Файл: азастан Республикасы Оуаарту министрлігі InnovativeCollege мекемесі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сот органдары, сот қызметкерлсрі әділет министрлігіне бағынбайды. Жаңа реформа бойынша мемлекеттік административтік комитетке бағынады.

Жаңа Конституция бойынша сот қызметкерлері жаңа әдіспен тағай-ындалатын болды. Жоғарғы соттарды тағайыпдау үшін Президенттің жа-нында Жоғарғы сот Кеңесі құрылды. Оның қызметін Президент өзі бас-қарады. Бұл орган Жогаргы Соттың төрағасын, судьяларды, облыстық соттардың төрағаларына лауазымды кандидаттарды іріктейтін және ұсынатын өкілетті орган. Ал басқа төменгі соттарға тағайындалатын қызметкерлердің әділет министрі басқаратын әділеттілік алқасы кадр мәселелерін шешеді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратында ерекше орынды Конституциялық Кеңес алады. Бұрынғы Конституция бойынша ол Конституциялық Сот деп аталып, басқа құзыреттерге ие болатын. Бұл Кеңестің ішкі құрылысы мен тағайындалу процесі өте қызық. Төрағасын және екі мүшесін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды, екі мүшесін - Сенаттың, ал қалған екеуін Мәжілістің төрағалары тағайындайды. Бұл мемлекеттік органның құқықтық жағдайы, алдына қойылған мақсаттары мен қызмет бабы Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасьшың Конституциялық Кеңесі туралы" заң күші бар Жарлығында айтылған болатын. Бұл мемлекеттік органның негізгі мақсаты конституциялық заңдылықты қорғау, ол сол үшін мынандай құзыреттерін орындайды: Парламент депутаттарының сайлауының дұрыстығын тексереді, Парламент қабылдаған заңдар мен халықаралық шарттар Конституцияға сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарайды, Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді және кейбір сұрақтарды қарайды. Конституциялық Кеңес нормативтік қаулыларды қабылдайды.

Құқық қорғау органдары. Прокуратура ҚР Конституциясының 83-бабы. Бұл орган мемлекеттің атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентінің жарлықтарының және өзге де нормативтік-қүқықтық актілердің дәлме-дәл әрі бірыңғай қолданылуын, жедел іздестіру кызметінің, анықгама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады.

Прокуратура органдарының жүйесін Республиканың Бас Прокуроры басқарады, ол өзіне бағынышты орталық аппарат пен облыстық проку-ратуралардан, республикалық мәні бар қалалар прокуратурасынан және Республика астанасының прокуратурасынан, облыстық, аудандық, қалалық, әрі соған теңестірілген әскери және өзге де мамандандырылған прокуратуралардан тұрады. Бас Прокурорды Сенаттың келісімімен Рес-публика Президенті бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды. Оның құзыреті: Конституцияның заң актілерінің және Республика Президенті актілерінің бұзылмауын анықтап, оларды жою шараларын жүргізеді. Жедел - іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығын кадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекет мүддесін білдіреді. Республиканың Конституциясы мен заңдарына және басқада құқықтық актілерге наразылық жасайды және заңда белгіленген тәртіп пен шектс қылмыстық кудалауды жүзеге асырады. Прокурорлық қадағалау жалпы және ерекше қадағалауға бөлінеді. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың шығарған актілері Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына Президенттің жарлықтарына, Министрлер Кабинетінің қаулыларына сәйкес болуын қадағалайды және лауазымды адамдар мен азаматтардың дәлме-дәл және бірдей орындауын қадағалайды. Бұдан басқа прокурорлық кадағалау анықтама және алдын-ала тергеу органдарының заңдарды орындауында прокурорлық қадағалау өткізеді. Соттарда іс қаралған кезде заңдардың орындалуын прокурорлық қадағалау өткізеді. Ұсталғандарды отырғызатын жерлерде заңның сақталуын кадағалау прокурорлық құзыреттің тағы бір түрі.


Қазақстан Республикасының прокуратурасы төменгі прокурорлар жоғарғы тұрған прокурорларға және КР Бас Прокурорына бағынатын органдар мен мекемелердің біртүтас жүйесін кұрайды. Ол өзінің қызметін тәуелсіз жүзеге асырады. Прокуратура органдарының кызметіне араласуға тыйым салынады. Заңда белгіленген негіз бен тәртіп бойынша шығарылған прокурорлық қадағалау актілері барлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін міндетті. Прокуратураның құқықтық актілері былай бөлінеді: қадағалау актілері (наразылық, қаулы, ұйғарым, өтініш, санкция, ұсыным, заңға түсіндірме); ұйымдастыру және оның қызмет мәселелерін реттейтін актілер (бүйрықтар, нұсқаулар, өкімдер, ережелер) және прокурордың бұйрықтары, ережелері мен нұсқауларды бекітеді.

1995 жылы Конституция ауқымында және Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қүқыктық реттеудің жетілдіру мен жедел іздестіру қызметтерін реформалау жүргізілді. Қазақстан Республикасында жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар - ішкі істер органдары; үлттық қауіпсіздік органдары; Қорғаныс мпнистрлігінің әскери барлау органы; Қаржы министрлігініц салық қызметініц органы және Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет комитеті болып табылады. 25 желтоқсан 1995 жылғы Президентің Жарлығымен бұл органдардың қатарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеден комитеті толықтырды.

Азаматтардың құқықтарын қорғау органдарына Ішкі істер Органдары мен Республиканың қауіпсіздік органдары кіреді. Олардың да құқықтық жағдайларын Президенттің Жарлығымен бекітілген 1995жылдың 21 желтоқсанында алынған актілер бекітеді. Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің - қарауына жеке адамдардың, қоғам және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты зерделеу мен жүзеге асыруға катысу, ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жататын қылмыстарды анықтау, тыю, ашу және тергеу істері жатады.

Жергілікті мемлекеттік баскару органдары. (85.6.)

Бұлар мемлекеттің тиісті аумағындағы істің жай-күйіне жауапты, жергілікті және атқарушы органдар жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы бірыңғай мемлекеттік биліктің түрі. Олардың функциялары: халықтың жергілікті істерге қатысуын қамтамасыз ету, жергілікті жерлерде мемлекеттік меншікті, бюджеттің құрылуын, бекітілуін және орындалуын басқару, жергілікті салықтар мен жиналымдарды белгілеу, жасалған жоспарлар, экономикалық және әлеуметтік бағдарламалар негізінде тиісті аумақтың дамуын қамтамасыз ету, халықтың әлеуметтік-мәдени, коммуналдық-тұрмыстық және өзге де қызмет қажетін өтеу. Жергілікті мемлекеттік басқару органдары жергілікті өкілетті органдарды, мәслихаттарды қамтиды, олар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оның жүзеге асырылуын бақылайды. Жергілікті атқарушы органдарын басқаратын әкімдер, бұларға Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесі енеді, тиісті аумақтардағы мүдделер мен қажеттіліктерді үйлестіре отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді. Бұл органдардың ұғымы мен қызмет бабы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсанында қабылданған "Жергілікті өкілетті және атқарушы органдар туралы" қолданылып отырған Заңында белгіленген. Мәслихаттарға өткен сайлауға 18 жасқа толған азаматтар қатысады, олар 4 жылға сайланады. Облыстық әкімдерді Президент тағайындайды, ал одан төмен әкімдерді облыстық әкімдердің өздері тағайындайды. Мәслихаттар өздерінің құзыретіндегі мәселелер бойынша шешімдер, ал әкімдер шешімдер мен өкімдер қабылдайды.


Қазақстан Республикасының егемендігі мен аумактық тұтастығын қорғауды оның Қарулы күштері жүзеге асырады. Мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қорғау ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарына және республикалық ұланға жүктеледі. Олардың мәртебесі және қызметі заңмен белгіленеді.

Сонымен, мемлекеттік аппарат өкілетті, атқару және сот биліктерінің органдарына бөлінеді. Екіншіден, мемлекеттік органдар төменгі және жоғарғы органдарына бөлінеді. Үшіншіден, мемлекеттік органдар жоғарғы, орталық және жергілікті органдарға бөлінеді.

Қорытынды



Сонымен, құқық қоғамда зор қызмет атқарады. Ол қоғам өмірінің барлық салаларына, жеке адамның өміріне өзіне тән әдістерімен дұрыс жағымды әсер етеді. Құқықтың саяси қызметі мемлекет органдарының қалыптасу, қызмет істеу, атқару тәртібін анықтаудан, са­яси партиялардың, бірлестіктердің, ұжымдардың ұйымдастырылуына жол ашудан, азаматтардың құқықтарын пайдалануына мүмкіндік туғызудан байқалады. Құқық қоғамдағы барлық кәсіпорындардың жұмысын тікелей реттеп, жөнге салып отырады. Демек, құқық саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, тәрбие құбылыстың барлық салаларын реттеп, жөнге салып отыратын құрал болып есептеледі. Құқық мемлекетті, қоғамды, азаматтардың заңды мүдделерін қорғау қызметін де жүзеге асырады. Осыларға қоса құқық заңды бұзудың, алдын алу қызметін де атқарады.

Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi


  1. Ә.Д. Жоламан, А.Ә. Мұхтарова, А.Н. Тәукелев. (Мемлекет және құқық теориясы)

  2. ¤. Сапарғалиев, А. Ибраева. (Мемлекет және құқық теориясы) А.98

  3. Қайрат Сапарғалиев (Қазақстан Республикасының мемлекет және құққық негiздерi) А.94

  4. А. Ибраева, Н. Ибраева. (Теория государства и права) А.2000

  5. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1998жылғы қазанның 7-сiндегi өзгертулер мен толықтырулар)

  6. Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы- 2003.