Файл: Оулы Авторлары Р. А. адырлов, Г. К. Нрмаанбетова, У. А.айыпбаева Алматы кітап баспасы, 2022 жыл.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 29

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ТҮСІНІК ХАТ

 

2 сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарды құруда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты», 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен өзгерістер енгізілген. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген (2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 412 бұйрығымен өзгерістер енгізілген) «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығымен соңғы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары», Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұсынған «2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаты басшылыққа алынып жасақталды.

Ресурстар: Оқулық:Авторлары: Р.А. Қадырқұлов, Г.К. Нұрмағанбетова, У.А.Ғайыпбаева - «Алматы кітап баспасы», 2022 жыл

Оқыту мақсаты – білім алушыларды компьютер құрылғысы, ақпаратты ұсыну және өңдеу, Интернет желісінде жұмыс істеу, есептік ойлау, робототехника мәселелері бойынша заманауи ақпараттық технологияларды практикада пайдалану үшін базалық біліммен, іскерлікпен және дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.

Оқыту міндеттері:

1) білім алушыларға компьютер туралы, қазіргі заманғы цифрлық құрылғылар және олардың қоғамдағы рөлі туралы бастапқы ақпараттар беру;

2) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, білім алушылардың есептей білу, роботтарды жинау және программалау, іздеу, жинақтау, өңдеу, ақпараттарды сақтау және тарату дағдыларын қалыптастыру;

3) білім алушылардың әртүрлі қолданбалы программаларды қолдану арқылы өз идеяларын ұсыну дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету;

4) байланыс, ақпарат алмасу және ынтымақтастық үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануын ынталандыру;


5) білім алушыларды компьютермен қауіпсіз жұмыс істеу ережелеріне үйрету.

 
2–сыныпқа арналған тақырыптық-күнтізбелік жоспардың ерекшеліктері
Пән мазмұнындағы тақырыптарды оқыту оқушыларды алгоритмдеу мен программалауға байланысты негізгі ұғымдармен таныстыруға және бастапқы дағдыларды қалыптастыруға арналған. Атап айтқанда: «алгоритм», «программа» ұғымдарымен, программалау ортасының интерфейсімен таныстыру, тінтуірмен орындалатын әрекеттерді іске асыру, объектіні белгілеу, сүйреу, батырманы екі рет басу. Дайын программа бойынша скриптерді құру, программаға өзгерістер енгізу, программаны жүргізу дағдылары қалыптастырылады.

«Цифрлық сауаттылық» пәнінен бөлімдер мен тоқсан бойынша жиынтық бағалаулар жүргізілмейді. Жартыжылдықтар соңында «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша «есептелді» («есептелмеді») қойылады. Білім алушы оқыту мақсаттары бойынша практикалық тапсырмаларды орындаған жағдайда «есептелді» қойылады.
«Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны:

Компьютер – 4 сағат:

Қауіпсіздік. Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздігінің негізгі ережелері -1

Компьютер құрылғылары- 1

Программалық қамтамасыз ету -2

Ақпаратты ұсыну және өңдеу -9 сағат:

Мәтін және графика -5

Мультимедиа – 4

Есептей білу– 7 сағат:

Алгоритмдер -2

Программалау-5

Робототехника – 16сағат

Робот қозғалысын ұйымдастыру – 6

Роботты жобалау - 10

ТҮСІНІК ХАТ

 

3 сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарды құруда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты», 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен өзгерістер енгізілген. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген ((2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 412 бұйрығымен өзгерістер енгізілген) «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығымен соңғы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары», Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұсынған «2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаты басшылыққа алынып жасақталды.

Ресурстар: Оқулық: Авторлары: Қадырқұлова Р.А. Рысқұлбекова Ә.Д. Беристемова Н.Қ. - «Алматы кітап баспасы», 2021 жыл
3-сыныптағы «Цифрлық сауаттылық» пәнінің базалық мазмұны:

      1) «Компьютер» компьютер құрылғылары: енгізу және шығару құрылғылары; бағдарламалық қамтамасыз ету: компьютерлік бағдарламалардың (өткізгіш, бейнелерді көруге арналған бағдарлама), бағдарламалар мәзірі, мәзір командаларын пайдалану, файлдар мен папкалар, компьютерде файлдарды ашу және сақтау; қауіпсіздік техникасы: Қауіпсіздік техникасы ережелері;

2) «Ақпаратты ұсыну және өңдеу»: мәтіндер: мәтіндік редактордың мақсаты, Бағдарлама мәзірі, мәтінді теру және редакциялау, символдар мен абзацтарды пішімдеу, мәтін фрагментімен операциялар жасау, символдарды қою; графика: графикалық редактордың мақсаты, суреттерді ашу және сақтау, редактор құралдарын пайдалана отырып, бейнелерді жасау, түстер палитрасы, суретті редакциялау, сурет өлшемін кесу, бұрау және өзгерту, суреттің фрагментін көшіру.; презентациялар: презентациялар жасау бағдарламасының мақсаты, Бағдарлама мәзірі, презентацияларды ашу және сақтау, слайдтағы мәтін мен бейнелерді орналастыру, слайдтар арасында ауысу, презентация дизайны, дыбысты қою; мультимедиа: дыбыстық ақпаратты енгізу және шығару құрылғылары, дыбыстық редактордың мақсаты, дыбыстарды жазу, өңдеу және жаңғырту, дыбыстық әсерлерді қолдану;

3) «Интернет желісіндегі жұмыс»: ақпаратты іздеу: веб-беттерді қарау бағдарламасының мақсаты, іздеу жүйелері, кілт сөз бойынша ақпаратты іздеу; ақпарат алмасу: ақпарат алмасу тәсілдері, бөлінген мәтін мен бейнені құжатқа көшіру; Интернет желісіндегі қауіпсіздік: Интернет желісіндегі жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

Бастауыш сыныптарда «Цифрлық сауаттылық» пәнінің бөлімдері бойынша және тоқсан бойынша жиынтық бағалаулар жүргізілмейді. «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша жартыжылдық соңында «есептелді» («есептелмеді») қойылады. Білімалушы оқу жылында сабаққа қатысумен бірге оқыту мақсаттары бойынша практикалық тапсырмаларды орындаған жағдайда «есептелді» қойылады.
ТҮСІНІК ХАТ

 

4 сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарды құруда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты», 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен өзгерістер енгізілген. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген ((2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 412 бұйрығымен өзгерістер енгізілген) «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығымен соңғы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары», Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұсынған «2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаты басшылыққа алынып жасақталды.

Ресурстар: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Жалпы білім беретін мектептің 4-сыныбына арналған оқулық Кобдикова Ж.У., Көпеева Г.А., Қаптағаева А.А., Юсупова А.Ғ. -Астана: «Арман-ПВ», 2019

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Мұғалім кітабы. Жалпы білім беретін мектептің 4-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал. Кобдикова Ж.У., Көпеева Г.А., Қаптағаева А.А., Юсупова А.Ғ. -Астана: «Арман-ПВ», 2019

Мақсаты: Бастауыш мектепте АКТ пәнін оқытудың мақсаты оқушылардың заманауи ақпараттық технологияларды практикада тиімді пайдалану үшін компьютерлік дизайн, ақпаратты ұсыну және өңдеу, Интернетте жұмыс істеу, есептік ойлау және робототехника бойынша базалық білімдер мен дағдыларды қамтамасыз ету болып табылады.

Оқыту міндеттері:

Бағдарламалау: ойын бағдарламалау ортасындағы айнымалыны қолдану оның мәнін енгізе білу, өз сценарийлері бойынша ойын дамытуға үйрету; Есептік ойлау.


Алгоритмдер: кірістірілген циклдар, логикалық операторлар, салыстыру операторлары.

Робототехника: түс датчигі қызметін түсіндіру, ультрадыбыспен түрлендіргіш датчигін қолдану.

Мультимедиа: бейне жасау және өңдеуді түсіндіру.

Презентациялар: слайдтың орналасуы, объектілердің анимациясын қою; бейне және дыбыс кірістіру. Интернетте жұмыс істеу. Ақпаратты іздеу: компьютердегі файлдар мен қалталарды іздеу және слайдтарға орнатуды үйрету. Ақпаратты ортақ пайдалану: браузер параметрлерін қолдануға дағдыландыру (бетбелгілер, тарих және жүктеулер).

Компьютер: компьютерлік құрылғылар, компьютерлік және жылжымалы жабдықтардың ескіруіне ғылыми-техникалық прогрестің әсері түсіндіру.

Қауіпсіздік: құпия сөз критерийлерін үйрету. Ақпаратты ұсыну және өңдеу процестерімен таныстыру; Мәтін, мәтіндегі кестелермен жұмыс жасау.

Оқу жүктемесінің көлемі: аптасына – 1 сағат, жылына – 36 сағат

Оқулық: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Жалпы білім беретін мектептің 4-сыныбына арналған оқулық Кобдикова Ж.У., Көпеева Г.А., Қаптағаева А.А., Юсупова А.Ғ. -Астана: «Арман-ПВ», 2019

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Мұғалім кітабы. Жалпы білім беретін мектептің 4-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал. Кобдикова Ж.У., Көпеева Г.А., Қаптағаева А.А., Юсупова А.Ғ. -Астана: «Арман-ПВ», 2019

 ТҮСІНІК ХАТ
 5 сыныпқа арналған «Информатика» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарды құруда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген «Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты», 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен өзгерістер енгізілген. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген (2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 412 бұйрығымен өзгерістер енгізілген) «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығымен соңғы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары», Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұсынған «2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаты басшылыққа алынып жасақталды.