Файл: Оулы Авторлары Р. А. адырлов, Г. К. Нрмаанбетова, У. А.айыпбаева Алматы кітап баспасы, 2022 жыл.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 30

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ресурстар: Оқулық:Авторлары: Салғараева Г.И.Базаева.Ж.Б.Маханова А.С. : «Арман-ПВ», 2020 жыл

Оқытудың мақсаты: білім алушыларды аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету саласында терең біліммен, іскерлікпен және дағдылармен қамтамасыз ету, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды практикада тиімді пайдалану үшін деректерді, ақпараттық процестер мен жүйелерді ұсыну, ақпараттық объектілерді, Компьютерлік желілер мен ақпараттық қауіпсіздікті құру және қайта құру болып табылады.

Оқыту міндеттері:

  1. білім алушылардың ақпараттық процестердің қоғамдағы рөлі жайлы, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективалары туралы түсінігін қалыптастыру;

  2. білім алушыларға жүйені талдау, шешім ұсыну, бағдарламалық қосымшалар жасау, оларды дамытып жетілдіру, сонымен қатар, өздерінің өнімдерін бағалау мүмкіндігін беру мақсатында компьютердің жұмыс істеуінің негізгі қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету;

  3. талдау, абстракция, үлгілеу мен программалау арқылы білім алушыларға әртүрлі тапсырмаларды шешуді үйрету;

  4. білім алушылардың логикалық, алгоритмдік, сондай-ақ, жалпылау және үйлестік тапсырмаларды құрамдас бөліктерге бөлу және ортақ заңдылықтарды табу, қойылған міндеттерді орындауға қажетті тиімді және рационалды тәсілдер табу сияқты қамтитын есептік ойлау қабілетін дамыту;

  5. білім алушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл Қазақстандық қауымның мүддесінде әрекет ету;

  6. білім алушылардың пән аясында академиялық тілді меңгеруіне және терминологиялық лексиканы байытуға жағдай жасау;

  7. есептеуіш платформалар негізінде басқарылатын электрондық құрылғыларды құру, құру, программалаудың тәсілдері және қағидаттарымен білім алушыларды таныстыру;

  8. қазіргі таңдағы программалау ортасында программалау дағдыларын дамыту;

  9. тәжірибеде қолдану арқылы білімді тереңдету және оқуға деген ынтаны арттыру;

  10. әртүрлі білім саласында (математика, физика, информатика) алған білімдерін кіріктіріп қолдану;

  11. ғылыми-техникалық әзірлемелерге деген қызығушылықтарын дамыту;

  12. білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Информатика пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 11 сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағат;
Информатика пәнінен 11 сынып бойынша жиынтық бағалау жұмыстарының өту кестесі:





Тоқсан

Бөлім бойынша жиынтық бағалау


Тоқсан бойынша жиынтық бағалау


1

І тоқсан

1

1

2

ІІ тоқсан

2

1

3

ІІІ тоқсан

2

1

4

IV тоқсан

1

1



Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

Оқулық:

  • Информатика 11 сынып.Оқулық Г.И.Салғараева, Ж.Б.Базаева, А.С.Маханова 2020ж, Арман – ПВ;

  • Ғаламтор сайттары: nao.kz smk.edu.kz zkoipk.kz nis.edu.kz т.б


Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны
Жасанды интеллект – 17 сағат

Жасанды интеллект - 9

Жасанды интеллекті жобалау 8

3D – жобалау – 8 сағат

Виртуалды және кеңейтілген шындық - 2

Виртуалды шындықтағы адам – 2

3D-панорама және виртуалды тур - 2

Виртуалды турдың 3D-панорамасын әзірлеу - 2
Аппараттық қамтамасыз ету – 5 сағат

Виртуалды машиналар – 2 сағат

Мобильдік құрылғылар сипаттамасы – 3
Заттар интернеті – 10 сағат

Заттар интернеті деген не - 2

Мобильді қосымшаны құру – 5

Ақылды үй - 2

Ақылды үй жобасын әзірлеу - 1
IT Startup (айти стартап) – 9 сағат

Startup (стартап)- ты іске қалай қосады? - 3

Жобаны алға жылжыту - 2

IT Startup (ай-ти стартап) және жарнама - 4

Сандық сауаттылық – 19 сағат

Қазақстандағы цифрландыру – 3

Blockchain (блокчейн) технологиясы -3

Ақпараттарды құқылы қорғау – 3

Ақпаратты құқықтық қорғау-2

Электронды цифрлық қолтаңба және сертификат -3

Электронды үкімет - 3

Жобалық іс-әрекет «Цифрлық сауаттылық» бөліміне қысқаша шолу-1

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау (6 сағат):

І тоқсан - 1

ІІ тоқсан - 2

ІІІ тоқсан - 2

IV тоқсан - 1