ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 16

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Компьютер — жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше «ойламайды». Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған белгілі бір мән береді.

8 Алгоритм — математика мен кибернетиканың негізгі ұғымдарының бірі. Алгоритмді орындау алгоритмдік үрдіс деп аталады.

Жалпы Алгоритм деп алдын ала не істеу керек екені дәл көрсетілген есептеу үрдісін айтады. Есептеу үрдісі қандай болса да алғашқы мәндерден бастап, сол арқылы толық анықталған қорытынды шыққанша жүргізіледі.

Алгоритм — қазіргі математикада, оның ішінде электронды есептеуіш машинада қолданылатын негізгі ұғымдардың бірі. Белгілі бір теңдеу түбірінің жуық мәнін кез келген дәлдікпен табу оған арналған Алгоритммен есептеледі. Компьютердің кең қолданылуына байланысты Алгоритм жаңа мағынаға ие болды. Берілген есепті шешу барысында орындаушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау керектігін түсінікті әрі дәл көрсететін нұсқау да Алгоритм деп аталады. Алгоритмді орындаушы — адам, Компьютер немесе робот

Алгоритмнің қасиеттері Анықтылығы – алгоритмнің нұсқаулары және олардың орындалу реті бір мағыналық, бір мәндік түсінік беруге тиіс. Орындалу үрдісінде алгоритм еркіндікке жол бермеуі керек. Жаппайлығы (бірдейлігі) – типі берілген қандай да бір есептер тобын шешуге қолдану мүмкіндігі қарастырылған және берілген аралықта бастапқы деректердің мәндері өзгергенде алгоритмнің дұрыс жұмыс жасауы. Нәтижелілігі (шектілігі)– саны шектеулі реттелген нұсқауларды орындап аяқтағанда тиянақты бір нәтижеге жеткізуге тиіс. Дискреттілігі – қарастырылып отырған ақпаратты өңдеу үрдісі ретімен жазылған тізбекті жеке-жеке қадамдарға бөлінуге тиіс. Әр қадам ол анық бірінен-бірі бөлек нұсқау (команда). Түсініктілігі – орындаушы (адам, ЭЕМ) нұсқаулар жүйесі арқылы жазылған алгоритмді түсініп, орындай алатындығы.

. Компьютерде Алгоритмнің сызықты, тармақтыциклділогикалықмодельдікпараллельдіктізбекті т.б. түрлері қолданылады.[1]

Бытты

  • 9 Сызықтық алгоритм — белгілі бір мақсатқа жету үшін амалдардың бірінен соң бірі тізбектеле орындалуы.

  • Тармақталған алгоритм — алгоритм қадамдарының тізбектеле орындалуы қандай да бір шартқа тәуелді өзгеретін алгоритм.

  • Циклдік алгоритм — белгілі бір шартқа байланысты әрекеттер тізбегінің бірнеше рет қайталануы нәтижесіне тәуелді алгоритм


10 Операциялық жүйе, қыс. ОЖ - компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа. Операциялық жүйе – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланышының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар. 

Операциялық жүйелер




Түрлері

  • Дискілік операциялық жүйе

  • Үйлестірілген операциялық жүйе

  • Ендірілген операциялық жүйе

  • Мобильді операциялық жүйе

  • Желілік операциялық жүйе

  • Нақты уақыттың операциялық жүйесі