Файл: Таырыбы рбір азаматты міндеті Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Тақырыбы: «Әрбір азаматтың міндеті»
Мақсаты: Студенттерге заң білімі саласынан мағлұмат беру; өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету; құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Еліміздің Ата заңын және басқа заңдарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу; патриоттық тәрбие беру.
Дөңгелек үстелдің түрі: пікірталас
Әдісі: кураторлық топ
Куратор: С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ң анатомия кафедрасының лекторы Абилова А.А.
Кураторлық топ: ЖМ21-017, ЖМ21-018
Сабақтың көрнекілігі: Әр азаматтың құқығына, тақырыпқа байланысты презентациялар, қанатты сөздер. (Слайд түрлерінде.) 


Қанатты сөздер: 

«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды»  Б. Момышұлы


«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз» Н.Назарбаев. 

Спикер:

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.

Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.

Спикер:

Жемқорлық – ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Сондықтан да ҚР мемлекеттік саясатының негізгі басымды-лықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.


Спикер:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек.



Спикер:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу, оның алдын алу – барша қазақстандықтардың міндеті мен талабы болу керек. Олай болса Қазақстанның әрбір азаматы қоғамның жанашыры болып, жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуіміз қажет. Сонда ғана сыбайлас жемқорлықтан таза «Мәңгілік Ел» боламыз.

Спикер:
Құқық бұзушылық - Қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Құқық бұзушылық: азаматтық (жеке басқа, азаматтың немесе заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіру, азаматтың абыройы мен қадір-қасиетін қаралайтын мәліметтерді тарқату және т.б.),әкімшілік (ұсақ бұзақылық жол ережесі тәртібін бұзу), тәртіптік (жұмыстан кешігу, жұмысқа бармау және т.б.) теріс қылық және т.т. Құқық бұзушылықтың барынша қауіпті түрі қылмыс болып табылады.

Құқық бұзушылықтар үшін заңмен тиісінше әкімшілік, азаматтық құқықтық, тәртіптік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Азаматтың міндеті — заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау.

(Студенттер бір біріне сұрақ қою арқылы пікірталасты өрбітеді, презентация талданады, әр студент өзінің ойын толық әрі ашық айтады)

СОҢЫ.