Файл: Сайысты таырыбы Математикалы эстафета Масаты.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сайыстың тақырыбы: Математикалық эстафета

Мақсаты:

  1. Ойнап жүріп, ойлау білуге

  2. Ауызша және тез есептеуге

  3. Логикалық ойлау қабілетін дамытуға

  4. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, белсенділікке үйрету

Көрнекіліктер: Қалам, тапсырмалар, доп, спорттық құралдар, секіртпе, ағаш тостақ, бағалау парағы

Жоспар:

  1. Жүргізуші сөзі

  2. 3 топтың сәлемдесуі

  3. 1-ойын: Доппен жүгіріп барып, жұмбақтарды шешу

  4. 2-ойын: Ағаш тостақты бастарына қойып, тепе-теңдікті сақтап жүріп, сандарды салыстыру

  5. 3-ойын: Кедергілерден секіре отырып, берілген сандарды жазу

  6. 4-ойын: Нығыздалған допты кедергілер арқылы домалатып өтіп, өлшем бірліктерді дұрыс табу

  7. 5-ойын: Секіртпемен секіріп келіп, «Ойымды жалғастыр» мақал-мәтелдің жалғасын жазады

  8. Қорытынды сөз

Жүргізуші:

Бүгінгі білімді оқушыларды анықтайтын, білімге қызығушылығын арттыратын «Математикалық эстафета» атты танымдық ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Қош келдіңіздер құрметті оқушылар, қонақтар! Сіздер бүгін математика жайлы көптеген мағлұматтармен танысасыздар. Математика адам ойы арқылы ғана жүзеге асады. Сондықтан математика- адам ойын тәртіпке келтіретін ғылым деп саналады. Қазір біз сендердің бойларыңдағы қабілеттеріңді шыңдауға математикалық сайысымызды бастаймыз.Сендерден тек шапшаңдық, ұқыптылық, шыдамдылық талап етіледі. Сіздерге сәттілік тілеймін.Алдарыңызда бүгінгі сайысқа қатысатын 5 «Б», «Ж», «Г» сынып оқушылары, әр сынып топтарға бөлінген, әр топта 7 оқушы бар.

Математика сырлары

Қызықтырды біздерді

Ойынға бірге қатысуға

Шақырамыз сіздерді,-дей отырып сайыскерге баға беретін әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз.
Әр топтың сәлемдесуі

1-ойын: Доппен жүгіріп барып, жұмбақтарды шешу

  1. Басында екі таяғы бар

Төрт аяғы бар

Сегіз тұяғы бар

Иегінде сақалы бар (ешкі)


  1. Екі айнасы бар,екі найзасы бар

Төрт сылдырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар (сиыр)



  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында (сызғыш)


  1. Алды артымыз шексіз де


Жете алмайсын біздерге

Сәуле менен кесінді

Шыққан тегін білсе де (түзу)


  1. Бірдей санды бірнеше рет

Көбейтуден тұрады

Егер оны ықшамдасаң,

Қандай атау болады (дәреже)


  1. Нәрселерді санағанда

Керек бізге ол ауадай

Айтыңдаршы бұл қандай сан?

Жан-жағыңа қарамай? (натурал сан)


  1. Шекер жейтін ақ құтан
    Бір қазыққа байланды
    Аузына тістеп шекерін,
    Ол қазықты айналды (циркуль)

2-ойын: Ағаш тостақты бастарына қойып, тепе-теңдікті сақтап жүріп, сандарды салыстыру

132+18 128+22

414+26 423+27

512+28 524+36

962+28 929+11

164+16 168+22

202+408 712+28

182+38 287+13

3-ойын: Кедергілерден секіре отырып, берілген сандарды жазу

Ең кіші төрт таңбалы сан 1000

Ең үлкен төрт таңбалы сан 9999

Ең кіші екі таңбалы сан 10

Ең кіші үш таңбалы сан 100

Ең үлкен үш таңбалы сан 999

Ең кіші құрама сан 4

Ең кіші жай сан 2

4-ойын: Нығыздалған допты кедергілер арқылы домалатып өтіп, өлшем бірліктерді дұрыс табу

2сағ10 мин = 130 мин

2м 12см =212 см

1 жыл = 365 күн

2км 10м = 2010 м

2дм 15 см = 35 см

24 ай =2 жыл

1ғасыр =100 жыл
5-ойын: Секіртпемен секіріп келіп, «Ойымды жалғастыр» мақал-мәтелдің жалғасын жазады

1.Жеті жұрттың тілін біл, …………………….( жеті түрлі білім іл)

2.Білікті бірді жығар, ……………………….(білімді мыңды жығар)

3.Екі жақсы қас болмас, ………………………(екі жаман дос болмас)

4.Досыңды үш күн сынама, ………………………(үш жыл сына)

5.Бір елі ауызға- …………………….(екі елі қақпақ)

6.Жүз сомың болғанша, …………………(жүз досың болсын)

7.Отыз тістен шыққан сөз, ……………………..(отыз рулы елге тарайды)
Қорытынды сөз:

Ендеше бүгінгі «Математикалық эстафета» сайысымыз өз мәресіне жетті, қазылар алқасынан әр турдың жиналған жалпы ұпай санын сұраймыз.

Бүгінгі сыныптан тыс ашық сабағымызды аяқтап, эстафеталық сайысқа белсене қатысқан оқушыларды анықтап, қазылар алқасы марапаттайды.
Бағалау парағы

Сыныбы

1

2

3

4

5

Жалпы балл



































































«Жамбыл ауылындағы №2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Келісемін» «Бектемін»

Оқу әдістеме ісінің меңгерушісі Мектеп директоры

__________Б.Иманбекова _________Ж.К.Сылдырмакова

«__»___________2022 жыл «___»__________2022 жыл


Сайыс сабақ




Тақырыбы: «Математикалық эстафета»

Сынып: 5 «Б», «Г», «Ж»

Пәнінің мұғалімдері: Какенова Ж.Н.

Абдрешева А.Б.


2022-2023 оқу жылы