ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 89

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жоспар

  1. Ұйымдық-өкілеттік құжаттар

  2. Ұйымдық нысандарды іздестіру

  3. Фирма жарғысы


Фирма құру оның ұйымдық нысанын таңдап алуды қажет етеді. Кәсіпкерлік іспен айналысу соның шеңберінде өтеді. Бұл таңдау мынадай обьективті жағдайлармен белгіленеді: қызмет аясымен, кәсіп орын түрінің оңтайлы не қолайсыз болуымен, сондай-ақ құрылтайшылардың талғамына да байланысты болады. Дұрыс таңдау жасау үшін нені таңдап алуды білу керек. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі нысандарын назарларыңызға ұсынамыз.

Бұлар еліміздің азаматтық заңдарымен, соның ішінде, 1994 жылдың 27 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен белгіленген. Бүгінгі таңда бүұдан басқа:

  • 1995 жылдың 17 сәуірінде қабылданған ҚР Президентінің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» Жарлығы;

  • 1995 жылдың 2 мамырындағы ҚР Президентінің «Шаруашылық серіктестіктер туралы» Жарлығы;

  • 1995 жылдың 19 маусымындағы ҚР Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Жарлығы және т.б. заң актілері басшылыққа алынды. Кәсіпкерліктің құқықтық және ұйымдық-шаруашылық нысандары осы актілерде белгіленген.

Қатысушылардың санына қарай шаруашылықтың екі түрі ерекшеленеді: меншікті жеке- дара иеленуге негізделген жекелік және ұжымдық; мұнда меншікке ұжымдық басшылық жасалады және мүлікке ұжым ие болады. Осымен байланысты кәсіпкерлікпен айналысушы азаматтар заңды тұлға болып құрылуы да, құрылмауы да мүмкін.

Азаматтық Кодекстің 19-бабының 2- тармағында қарастырылғандай, жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу өз бетімен тіркелу сипатында жасалады және жеке кәсіпкер ретінде есепке алынады. Ол сатып алынған патент негізінде әрекет жасайды. Бұл тіркеліп, кәсіп жасауға рұқсат алғанның куәлігі болып табылады (9,163).

Азаматтық Кодексінің 33-бабына сәйкес, дербес балансы (банкте есеп шоты), өз атау жазылған мөрі, дербес мүлкі бар ұйым заңда тұлға болып табылады (сонда, 169 б.).

Заңды тұдғаның мақсаты табыс табу болуы мүмкін, онда ол коммерциялық ұйым деп аталады. Коммерциялық емес ұйымдар ( қоғамдық немесе діни бірлестікткр, қорлар т.б.) алдына басқа мақсаттар қояды.

Заңды тұлғалардың жүйесін мынадай кестемен көрсетуге болады

Заңды тұлға фирманың «ішкі негізгі заңы»сияқты болып есептелетін еліміздің заңдары мен құрылтай құжаттары негізінде әрекет жасайды.

Жекелеген іс-әрекет түрлері , соның ішінде туризм лицензияны қажет етеді.Өйткені бұл қызмет түрі азаматтардың қауіпсіздігімен және денсаулығымен байланысты болып келеді.Лицензиялық қызмет түрлерінің тізімін заң актілері белгілейді.


Фирманың ұйымдастырудың қандай да бір нысанын және оның құқықтық мәртебесін таңдау кәсіпкердің өз көзқарасы мен сыртқы жағдайларға байланысты болады.Қай жағдайда да табысты қызмет жасау үшін барлық жағдайларды өлшеп-пішіп барып,іске кірісу қажет.

Коммерциялық ұйымдар құрылтай шарты негізінде немесе келісімшарт пен жарғы негізінде жұмыс істей алады. Заңды тұлғаның құрылтай шарты құрылтайшылар арасында жасалады және кәсіпорын мүшелерінің арақатынасын айқындайды, сонымен қатар серіктестік пен оған қатысушылардың арасында жасалады. Егер ұйымның құрылтайшысы бір адам болса, шарт жасалмайды.

Жарғылық бірлестікатер жарғы негізінде құрылады, оның өзі тараптар арасындағы келісімді жоққа шығармайды.

Серіктестіктер мен акционерлік қоғамдардың, компанияларды ұйымдық нысандарына ассоциациялар, корпарациялар консорциумдар, өнеркәсіптік-делдалдық және басқа да шаруашылық, делдалдық компаниялар мен фирмалар, бірлескен кәсіпорындар, тауар, қор биржалары, комерциялық банктер мен сақтандыру қоғамдары, шағын кәсіпорындар мен басқада ұйымдар жатады.
Фирма жарғысы

Құрылтай құжаттарының формуляр – үлгісі. Мемлекет заңына сәйкес құрылтай құжаттары жарғы мен құрылтай шарты болып танылады (9,172). Дегенмен ұйымдастырушыларға қалыптасу, тіркелу барсында басқа да құжаттар толтыруға тура келеді. Президенттің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» Жарлығына сәйкес, түрлі құқықтық-ұйымдық нысандар әділет органдарына құдаттардың әр түрлі мәтіндерін ұсынады. Олардың жалпы жобасы мынадай: арыз, құрылтай және басқа құжаттар пакеті, Мемлекеттік тіркеу үшін алыдмардың төленгенін растайтын түбіртек немесе оның көшірмесі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін тіркеу құжаттарының толық пакеті мынадай:

  • Тіркеу туралы арыз;

  • Құрылтайшылар бекіткен жарғы;

  • Құрылтай шарты (құрылтайшы біреуден көп болса);

  • Құрылтай құжаттарында көрсетілген негізгі жарғылық қордың 25 пайызы банк депозитіне төленгендігі жөніндее банктен алынған анықтама (ал заттай төленсе, аудиторлық тұжырымдама керек болады);

  • Санақ карточкасы

  • Егер құрылтайшылардың біреуі мемлекеттік кәсіпорын болса, меншік иесінің немесе оның өкілінің келісімі;

  • Заңды тұлғаның мекен-жайын растайтын құжат

  • Тіркеу үшін алымдардың төлегендігін растайтын түбіртек немесе оныі көшірмесі (19)


Жарғы немесе құрылтай шарты, фирманың негізгі құжаттары ретінде, міндетті түрде нотариалдық куәландыруды талап етеді. Онсыз олар заңды деп танылмайды.

Екі құжат та мазмұндары сәйкестендіріліп, мұқият дайындалған болуы тиіс. Олар банктер, салық, төрелік сот, әділет өтеді. Тағы бір ескеретін жай, жарғыда жазылғаннан басқа нәрселермен айналасқаныңыз келсе, жарғыны ауыстырып, қайта тіркеуден өтуге тура келеді.

Жарғының негізге деректемесі – мәтін – ол саны мен рет тәртібі қатаң белгіленбеген бөлімдерден тұрады. Алайда мәтінде мынадай мәліметтер берілуі тиіс:

  • Жалпы ережелер: ұйымдық – құқықтық нысаны, атауы, мекен-жайы;

  • Қызметінің мақсаты мен мәні (туризм, сауда, жарнамалық және делдалдық қызмет. т.б)

  • Серіктестік қатысушыларының құқықтары мен міндеттері және жауапкершілігі;

  • Мүлкі, қорлары, табысы;

  • Басқару және бақылау органдары;

  • Жұмысшылардың еңбегі, жалақысы және оларға берілетін әлеуметтік кепілдіктер;

  • Есепке алу және есеп беру;

  • Дауларды шешу;

  • Қызметін тоқтату (9);

  • Егер еншілес кәсіпорын немесе филиал ашылатын болса, жарғы бас ұйымының бланкісіне толтырылып, «Келісілді» деген арнайы белгі қойылады.



7 Дәріс. Басқару құрылымы және құжат толтыру

Жоспар

  1. Басқару құрлымы

  2. Орталықтандырылған құрылым


Кәсіпорын үлкен болған сайын, оны басқарудың жүйесі де күрделене түседі. Олай болса сізге өкілеттілікті ажыратуға, құжат толтырудағы бірлескен іс – әрекетке жауаптырақ қарауға тура келеді.

Жарғы мен құрылтай шарты компанияны ашу, қайта құру және тарату жұмыстарын тек құрылтайшылар мен акционерлер ғана істей алатынын белгілеп береді. Олардың жиналысы ғана кәсіпорынның ұзақ мерзімді түпкі мақсатын айқындайды, компанияның басшылығын (директорлар кеңесін) сайлайды не тағайындайды. Бұл органның құрамына кәсіпорынның ішкі бөлімшелерінің директорлары және басқа кәсіпорындардың, қаржы мекемелерінің өкілдері, менеджрлер мен ғылыми қызметкелер кіре алады. (18, 82 – 83 ).

Жоғары басшылық органы тек маңызды мәселелерді ғана қарастырады. Атқарушы органның басшысы кәсіпорынды тікелей және күнделікті басқаратын президент не бас директор болуы мүмкін.

Ағымдағы басқару құрылымы орталықтандырылған немесе орталықтандырылмаған болуы мүмкін. Орталықтандырылған құрылымда барлық қызмет басқару жөніндегі вице – президенттер (өндіріс, транспорт, өткізу, қаржы т.б бойынша) президентке бағына отырып, бөлімдер мен қызметтерді тікелей басқармайды.


Орталықтандырылмаған жүйе-арнаулы қызметтердің вице – перзиденттерге бағынуын қажет етеді.

Басқарудың өзара бағыныштылық тізбегі кәсіпорынның көлемі мен басқару қызметіне байланысты екі, үш және төрт звенолық жүйеден тұруы мүмкін. Басқарудың түпкі мақсатын таңдауда ең алдымен барлық басқару бөлімдерінің бақылауда болуын, жауапкершілігін және қызметтердің нақты бөлінісін, тиімділікті басшылыққа алған жөн.

Кәсіпорынның ағымдағы қызметі бойынша ұйымдық құжаттарды жасауда дәл осындай мәселелер шешіледі.

8 Дәріс. Құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер

Жоспар

  1. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі қағида

  2. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережесінің үлгі нысаны

  3. Қызметкерлердің міндеттері


Құрылымдық бөлімшелер (бухгалтерия, жарнама, өткізу, күзет бөлімдері) жарғыға бағына отырып, соның негізінде күнделікті жұмыстарын жүзеге асыратын құжатқа да ие болады. Ондай құжат құрылымдық бөлімшелер туралы ереже болып табылады.

Ереже әрбір бөлімше үшін жеке жасалынады және онда бөлімшенің құқықтық мәртебесі, міндеттері, қызметі, құқығы, жауапкершілігі мен міндеттемелері көрсетіледі.

Мәтіннің «Жалпы ережесінде» (кіріспеде) бөлімшелердің бағыныштылығы, басшыны тағайындау және босату тәртібі, басшыға қойылатын квалификациялық талаптар, басшы болмаған кезде оны ауыстырудың тәртібі көрсетіледі. Бөлімде құрылымдық бөлімше басшылыққа алатын құқықтық актілер аталады.

«Негізгі міндеттер» атты бөлімде аталған бөлімшенің қызметінің бағыты баяндалады.

«Қызметтер» бөлімінде шаруашылық қызметінің нақты түрлері көрсетіледі.

«Құқықтары мен міндеттемелері» бөлімінде бөлімшенің басшылық пен басқа бөлімшелерге және өзге ұйымдарға қатысты алғанда орындайтын міндеттемелері мен қызметтерін жүзеге асыруға қажетті құқықтары ашылады.

«Жауапкершілік» бөлімінде міндеттемелердің мезгілінде орындалмағаны немесе сапасыз орындалғаны үшін, яғни, берілген құқығын дұрыс пайдаланбағаны үшін бөлімше басшысын қандай, қай мөлшерде және кім жауапкершілікке таратыны сипатталады.

«Өзара қарым-қатынас. Байланыстар» бөлімінде аталған бөлімше кіммен және қандай бағытта әрекет ететіні, кіммен бірлесіп жұмыс жасайтыны т.б. анықталады.

«Жұмысты ұйымдастыру» бөлімінде бөлімшенің жұмыс тәртібі, қызметін тексеру қалай жүзеге асатыны, оның қайта құрылуы мен таратылуы сияқты мәселелер айқындалады.


Бұл ережелерді бөлімшелерінің жетекшелері, вице – президенттер жасап, оларды бірінші басшы бекітеді. Осы бекіту сатысында кәсіпорын қызметтері арасындағы жауапкершілік пен құзыретерін бөлі нақты жүзеге асады.
9 Дәріс. Лауазымдылық нұсқаулықтар

Жоспар

  1. Лауазымдық нұсқаулықтар

  2. Негізгі лауазымдық міндеттері 

  3. Лауазымдық нұсқаулықтың мазмұндық кестесі


Лауазымдық нұсқаулық кәсіпорын қызметкерлерінің құқықтық жағдайын, қызметтерін, құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейді. Жақсы жасалған, тәжірибеде сыналған құжат үміткерді лауазымды қызметке таңдауда жақсы бағдар болады. Соған қоса ол үміткерлерді аталған лауазымға алуда келісім- шарттардың көлемін елеулі түрде қысқартуға мүмкіндік береді.

Тиімді басқару жұмысы лауазымды адамның қызметі мен сол қызметті жүзеге асырудағы мүмкіндіктерінің тепе-теңдігі арқылы мүмкін болады. Лауазымдық нұсқаулықтың тепе-теңдігі мынаны білдіреді. Лауазымға тек оларды орындауды қамтамасызететін құралдар арқылы орындалатын қызметтер ғана беріледі. Соның өзінде құқықтары мен міндеттері өзара теңестірілуі керек, яғни әрбір міндеттеме белгілі бір құқықпен қамтамасыз етілуі керек және әрбір құқық тек белгілі бір міндеттемелердің арқасында жүзеге асырылуы тиіс. Жаууапкершілік көлемі мен билік көлемі де солай сәйкестендірілуі қажет, яғни, бір нәрседе жауапкершілік соған сай билік көлемімен қамтамасыз етілуі керек және керсінше.

Лауазымдық нұсқаулықтың мазмұндық балансы кесте түрінде былай берілді.

Қ ЫЗММЕТТЕР ҚАРАЖАТТАР

М ІНДЕТТЕМЕЛЕР ҚҰҚ ЫҚТАР

Ж АУАПКЕРШІЛІК БИЛІК

Лауазымдық нұсқаулық мәтініне ең алдымен «Жалпы ережелер»кіреді. Онда маманның қызмет аясы, оны тағайындау, оны ауыстыру және босату тәртібі белгіленеді, квалификациялық талаптар анықталады. Сондай-ақ ол кімге бағынатыны, кімді басқаратыны айқындалады. Бөлімде маман өз жұмысында басшылыққа алуға тиіс заң актілері көрсетіледі.

«Қызметтері» бөлімі маманының қызметінің бағыттарын анықтайды.

«Лауазымдық міндеттемелері» бөлімінде маманның нақыт міндеттері, оның басқару процесіне қатысу түрлері (басқарады, бекітеді, даярлайды, қамтаасыз етеді, орындайды, бақылдайды т.б.) санамалап көрстеіледі.