Файл: тілетін кні Трбиеші Білім беру саласы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 39

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

« » тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Өтілетін күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру. Тақырыбы: Тепе -теңдікті сақтау жаттығулары.

Мақсаты: 1.Тепе-теңдікті сақтап жүруге жаттықтыру;

2.Негізгі қасиеттері – шапшаңдық, ептілікті дамыту.

3.Кішкентай шығыршықпен орындалатын жаттығуларды үйрету; гимнастикалық қабырғамен өрмелеуге үйрету.

Іс -әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс -әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Дәлелдеу, ояту

1.Музыканың сүйемелдеуімен жүру және жүгіру.

Музыка әунеіне сай жүреді, жүгіріді.

Ұйымдастыру, іздену

1. Шығыршықпен орындалатын ЖДЖ:

Б.қ.: негізгі тұрыс, қолды алға созып, шығыршықтың екі шетінен ұстап тұру.

1-2-оң жаққа бұрылу; 3-4- бастапқы қалыпқа оралу; 5-6- сол жаққа бұрылу; 7-8-б.қ. келу.

Б.қ.: негізгі тұрыс, шығыршықтың екі шетінен ұстап тұру. 1- отыру, шығыршықты жоғары көтеру; 2- бастапқы қалыпқа келу.

Б.қ.: аяқтар иық деңгейінде қойылған, шығыршықты оң қолмен ұстап, төмен түсіріп тұру.

1- қолды екі жаққа созу; 2- қолдарды жоғары көтеру, шығыршықты екінші қолға ауыстыру; 3- қолды екі жаққа созу; 4- бастапқы қалыпқа оралу.

Дәл осылай екінші қолмен орындау.

2. Тепе- теңдікті сақтауға берілген жаттығулар 1- бөлім:

5-6 жаттығуды өзі таңдайды.

-басқа қапшықты қойып ұстап тұрып, қолдың көмегінсіз отырып –тұру;

- алға қарай бір аяқпен секіріп жүру;

- аяқтың ұшымен тұру;

- бір аяқпен тұру;

-гимнастикалық орындықтыың үстімен жүру;

- гимнастикалық орындықтың ортасына дейін жүріп келіп, қолындағы таяқшаны аттап өту.

Дәл осылай шығыршықпен орындау.

2 – бөлім:

-көзді жұмып секіріп, айналып болған соң тоқтап, қарлығаш болып қону;

- құм салынған қапшықты екі тізенің ортасына қысып ұстап, алға секіру;

- іші толтырылған үлкен доптың үстіне шығып, тепе-теңдікті сақтап тұру.

- гимнастикалық орындыққа көлденең отырып, қолмен артжаққа сүйеніп, жамбасты көтеру және түсіру.

«Пойыз» ойынын

Жаттығулар өз бетінше орындалады.


Осы жаттығулардың бәрән орындау барысында нұсқаушыны тыңдап тепе-теңдік сақтап жүру керек.

Қауіпсіздік ережесін сақтайды.

Балалар екі командаға бөлінеді. Ысқырық бойынша балалар «пойызда» текшені айналып шығады да, өз орындарына оралады. Төрт аяқтап тұру.

Рефлексиялық түзету

«Кім мықты?» ойыны.

Балалар бір аяқтарымен тұрады. Кім көп тұрса, сол жеңімпаз атанады.



Күтілетін нәтиже:

орындайды: тепе – теңдікті сақтау жаттығуларын;

түсінеді: негізгі жаттығуларды өздігінше орындауды;

қолданады: кішкентай шығыршық орындалатын жаттғуларды.

« » тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Өтілетін күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру. Тақырыбы: Көлденең керілген жіптің немесе көлденең қойылған таяқтың астынана өту.

Мақсаты: 1.Балаларға бір заттың астынан өтуді үйрету;

2.Мәнерлігін дамыту;

3.Икемділіктерін дамыту.

Құрал- жабдықтары: доп, екі баған, таяқша, лента.

Іс -әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс -әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Дәлелдеу, ояту

1- ойын: «Пішіндер». Педагог барынша ыңғайлы пішіндерді таңдайды.

Шарты: бір қатар тізбекте жүру, шашырап жүру және жүгіру. Белгі бойынша барлығы тоқтап, белгілі бір пішінді салып тұра қалады.

Ұйымдастыру, іздену

1. Заттарсыз орындалатын ЖДЖ:

Б.қ.: негізгі тұрыс, қолды белге қою.

1- қолды басқа қою, оң аяқ басын артқа қою;

2-бастапқы қалыпқа оралу.

Б.қ.: аяқты иықтың деңгейінде қаю, қолды белге қою. 1- қолды екі жаққа созу; 2- алға иілу; 3- тіктелу, қолдарды екі жаққа созу; 4- бастапқы қалып.

Б.қ.: аяқты иықтың деңгейінде қою, қолды желкеге қойып тұру.1 – оңға және солға бұрылу, қолды екі жаққа созу; 2- бастапқы қалып.

Б.қ.: тізерлеп тұру, қолды екі жанға қою.

1-2- оң жақпен отыру, қолды алға созу, б.қ. оралу. 1-2- оң жақпен отыру, қолды алға созу,б.қ. оралу.

Б.қ.:артқа қолмен тіреліп, еденде отыру. 1-оң аяқты бүкпей жоғары көтеру; 2- бастапқы қалып келу.

2. «Доп кімде?» ойыны.

Шарты: балалар шеңбер бойы дөңгелене тұрады. Ортаға бір бала шығады. Педагог допты кез-келген бір балаға береді. Ол оны арт жағынан келесі балаға, осылайша бір-біріне жылдам береді. Ортадағы бала доптың кімде екенін тауып айтуы керек.

3.Көлденең қойылған таяқшаның немесе керілген жіптің астынан өту.

4. «Өз үйіңді тап!» ойыны.

5. Икемділікке баулитын жаттығулар;

-«Көпірше» жаттығуы;

- отырып алға иілу;

- малдас құрып отыру.

6. Көлденең керіліп тартылған жіп немесе таспаның астынан аяқты жартылай бүгіп өту.

Жаттығуларды қайталау.
Жаттығуларды жүргізуші көрсеткенен кейін орындайды.

Ойын бірнеше рет ойналады.

Балалардың ішінен бірнеше бала жүргізуші болады.
Ойында шапшаңдық сияқты қасиетті дамытылады.

Рефлексиялық түзету

Бір қырымен жүру.(оңға және солға)

Қолды екі жанға созу.


Күтілетін нәтиже: орындайды: көлденең керілген жіптің немесе көлденең қойылған таяқтың астынана өтуді;

түсінеді: икемділіктерін дамытатын жаттығуларды;

қолданады: негізгі жаттығуларды өздігінше орындауды.

« » тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Өтілетін күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру. Тақырыбы: Қыс келді (далады өтеді)

Мақсаты: 1.Далада орындалатын жаттығу түрлерін үйрету;

2.Негізгі қасиеттерді –шапшаңдық, ептілікті дамыту.

3.Керіліп тартылған жіптердің астынан өтуге жаттықтыру; екі қолмен допты лақтырып, оны қағып алуға үйрету.

Іс -әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс -әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Дәлелдеу, ояту

Балабақша айналасына серуендету, «Қыс» тақырыбына әңгіме өткізу.

1.- бөлім

- Балалар, міне, өлкемізге қыс келді. Біз орманға барамыз. Орманға апаратын соқпақ жол тар, сондықтан біріміздің артымызға біріміз жүреміз. Мен «қарлы боран» дегенде сендер бұрылып, «у-у-у» дейсіздер де, әрі қарай жүре бересіңдер.

Біз алаңқайға шықтық.Тоңып кеттік, бәріміз жылыну үшін жаттығу жасайық.

Балалар бірінің артынан бірі тұрады.
Балалар бірінің артынан бірі жүреді.

Дөңгелек шеңбер жасап тұрады.

Ұйымдастыру, іздену

1. Далада заттарсыз орындалатын ЖДЖ:

а) «Жылынып жатырмыз» жаттығуы: екі аяқты сәл алшақтау қойып, қолды екі жаққа созу. Қолды шынтақтан бүгіп, бір уақытта оң қолмен оң иықты, сол қолмен оң иықты құшақтап: «Ох» деп айту. Қолды екі жаққа созу.

ә) «Ағаштар тербеледі» жаттығуы: аяқты иық деңгейінде қойып, қолды көтеріп тұру. Денемен оңға солға иілу.

б) «Қарлы боран» жаттығуы: аяқты иық деңгейінде қойып, қолды артта қстап тұру. Төмен иіліп, қолды сол өкшеге тигізу. Жаттығуды орындау барысында «у-у-у» дегендыбыс шығару, б.қ. оралу.

в) «Аяқты жылыт» жаттығуы: шалқадан жатып, қолды екі жанға қою. Бір уақытта аяқты жоғары көтеру, қолды еденнен алмайц басты көтеру, аяқты үрлеу, бастапқы қалыпқа оралу.

2.Жүру: баяу жүру, аяқтарын тізеден жоғар ы көтеріп жүру.

3.Келілген тартылған жіптердің астынан өту.

- балалар , тағыда жүреміз, жол кең, кімнің қасына тұрғыларың келеді, тұра беріңдер, - деп педагог балаларды өздерінің қалаулары бойынша бірнеш топқа бөледі.

4. Допты екі қолмен лақтыру.

«Қар кесектері» жаттығуы: балаларды екі- екіден бір –біріне қарама-қарсы тұрғызып, допты екі қолмен лақтыруды көрсетеді.

Жаттығуларды бірнеше рет қайталау.

Жаттығуды педагог көсеткеннен кейін орындалады.


Балалар жіптердің астынан бір бүйірмен өтуге тырысады.

Балалар: «Қолымыз жаурады» дегенсөзді айтып, қолдарын шапалақтап, допты екінші балаға лақтырады.

Рефлексиялық түзету

Бір қатар сапқа тұру, бұрылып, тізбек жасап жүру.




Күтілетін нәтиже: орындайды: далада орындалатын жаттығу түрлері;

түсінеді: негізгі жаттығуларды өздігінше орындай білу шарттарын;

қолданады: керіліп тартылған жіптердің астынан білу және екі қолмен допты лақтырып, қағып алу дағдыларын
« » тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Өтілетін күні:

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру. Тақырыбы: Далада шанамен сырғанау.

Мақсаты: 1.Таза ауада ойналатын қысқы ойындармен таныстыру;

2.Негізгі қасиеттерді –шапшаңдық, ептілікті дамыту.

3. Шанамен сырғанауға жаттықтыру; қарды жұмарлап лақтыруға жаттықтыру; жүгіруді жүрумен, жүруді жүгірумен алмастыруға үйрету.

Құрал- жабдықтары: 3 волейбол добы, 4 шана , жалауша.


Іс -әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс -әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Дәлелдеу, ояту

1.Шеңбер бойы тұру.

2.Шеңберді айнала жүру.

3.Қарды жұмарлап, оларды лақтырып жүгіру. Қауыпсіздік ережесін сақтайды.


Шеңбер бойы айнала қозғалып жүріп, жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.

Ұйымдастыру, іздену

1.Қозғалыста орындалатын ЖДЖ:

- әрбір адым басқан сайын қолдарын жоғары көтеру және бір уақытта артқа жіберу;

-дәл солай, тек алға иіліп жүру;

- қолды екі жаққа сзып, алдыға 4 рет, артқа 4реттен айналдырып жүру;

- тізені жоғары көтеріп жүру;

- жүгіруді жүрумен, жүруді жүгірумен алмастыру.
2. «Қармен дәл тигіз» қимыл-қозғалыс ойыны. Шарты: балаларды екі топқа бөліп, қарама-қарсы тұрғызыды. Алаңның ортасына сызық сызылады да , үш волейбол добы қойылады. Үш допты орнынан жылжытқан команда жеңіске жетеді.
3. Шанамен жарысу. Шарты: үшке бөлініп үшбірдей жалауша қойылады. Бірінші топтың біреуі шанаға отырады.Отырған баланы бірінші жалаушаға дейін сүйреп барады да, сол жерде екінші балашанаға отырады. Мәреге бірінші болып жеткен үштік алады.


Педагогке қарап жаттығуларды орындайды.

Балалар үш-үштен бірнеше топқа бөлінеді. Әр топта бір шанадан болады. Ойының шартын бұзбау және жылдам сырғанаған топ жеңіске жетеді.

Рефлексиялық түзету

Жүру тыныс алу жаттығуларын орындау.

Далада дұрыс тыныс алу жаттығуларын орындайды.


Күтілетін нәтиже: орындайды: таза ауада ойналатын қысқы ойындарды;

түсінеді: негізгі жаттығуларды өздігінше орындай білу шарттарын;

қолданады: шанамен сырғанау, қарлы жұмарлап лақтыру дағдыларын.

« » тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Өтілетін күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру. Тақырыбы: Шаңғымен танысу ( далада өтеді)

Мақсаты: 1. Балаларды шаңғы тебуге үйрету; 2.Негізгі қасиеттерді –шапшаңдық, ептілікті дамыту. 3.Жүгіруді жүрумен алмастыруға үйрету.

Іс -әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс -әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Дәлелдеу, ояту

1.Педагог шаңғы туралы қысқаша мәлімет береді және киім мен аяқкиімге қойылатын талаптармен таныстырады. Шаңғы – қар үстінде сырғанайтын, жұқа ағаштан жасалған спорт құралы. Шаңғы тепкенде дене қозғалысына ыңғайлы жылы киім киіледі.

2. Залда таяқсыз шаңғымен жүру қимылдарын орындау. Педагог шаңғымен жүру қимылдарын көрсетеді.


Балалар педагогтің айтқанын мұқият тыңдайды.
Көрсеткен қимылын орындайды.

Ұйымдастыру, іздену

1.Даладағы спорт алаңына бір қатар тізбекпен шығу, шеңбер құрып тұру.

2. «Өз орындарыңа барыңдар!» ойыны. Шарты: педагог балаларды сапқа тұрған жерден 50- 60м қашықтыққа алып барып, «Өз орындарыңа барыңдар!» деген команда береді, сонда ойыншылар қысқы жолмен орындарын тауып тұрады.

3.Мұзды жолмен сырғанау.

Педагог қауіпсіздік ережесін сақтайды.



Ойынды бірнеше рет қайталап ойнайды.

Әр бала өз бетінше орындайды.

Рефлексиялық түзету

Шаңғыны шешіп, қардан тазарту, жинау.

Далада дұрыс тыныс алу жаттығуларын орындайды.


Күтілетін нәтиже:

орындайды: таза ауада ойналатын қысқы ойындарды;
түсінеді: негізгі жаттығуларды өздігінше орындай білу шарттарын;
қолданады: шаңғымен сырғанау дағдыларын.

« » тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Өтілетін күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру. Тақырыбы: Далада таяқсыз шаңғымен сырғанау.

Мақсаты: