Файл: тілетін кні Трбиеші Білім беру саласы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 41

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Білім беру саласы: Денсаулық, Таным

Бөлімі: Дене шынықтыру. Тақырыбы: Тыныс алу жаттығулары.

Мақсаты: 1. Имитациялық жаттығуларды орындауға жаттықтыру.

2. Дұрыс тыныс алуға үйрету.

3. Бір орында секіруге үйрету.

Іс -әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс -әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Дәлелдеу, ояту

Бір қатар сапқа тұру. Амандасу. Бір қатар тізбекпен жүру.

Санап жүру:

1-2 – дем алу, 3-4-5- дем шығару;

1-2-3- дем алу, 4-5-6- дем шығару;

1-2-3- дем алу, 4-5-6-7- дем шығару.

Тік тұру.

Аяқтың ұшымен тұру.

Аузыңды ауға толтыру, мұрнымен дем алу, аузыңды ашып жүріп дем алу.

Ұйымдастыру, іздену



Жүру бойынша жаттығу:

«Атжалмаңдар».

10-15 қадам жасап, ауызды ауамен толтыру, мұрынмен дем алу.

«Паровоз» жаттығуы. Екі қолдың ауыспалы қимылдары, паровоздың дыбысын салу:

«Чух-чух...»

Жаттығу: «Шаңғы тебуші».

Жаттығу: «Қаздар ұшады».

Жүгіру – дем алу үрдісін қадағалау.

Аяқтың ұшына көтеріліп, дем алу, табанмен тұрып, дем шығару.

1.Секіртпемен орындалатын ЖДЖ:

Б.қ.: негізгі тұрыс, екі бүектелген секіртпені төменде ұстау. 1-2- аяқтың ұшымен тұрып, секіртпені жоғары көтеру; 3-4- бастапқы қалып.

Б.қ.: екі аяқтың арасын ашып тұру, секіртпені төменде ұстау.1- секіртпені жоғарыда ұстау, оңға қадам жасап, оңға иілу; 2- тік тұру, секіртпені жоғары көтеру; 3- бастапқы қалып.

Б.қ.: негізгі тұрыс, секіртпе төменде. 1-2- отыру, секіртпе төменде; 3-4ж бастапқы қалып.

2.Дем алу жаттығулары:

«Құлыншақ» жаттығуы: тілмен таңдай қағу. «Қарға» жаттығкуы: басты жоғары көтеру, екі жаққа бұру, қарға секілді қарқылдау:

«қар-қар-қар».

«Жыланның тілі» жаттығуы: тілді мүнкіндігінше ұзынырақ шығару. «Көңілді жылауықтар»

жаттығуы: өтірік жылау. «Күлегеш »

жаттығуы: күлкінің имитациясы.

3.Бір орында тұрып және кдергілер арқылы биіктікке секіру.

4. «Ат» қимыл-қозғалыс ойыны. Шарты: ат секілді жүреді шабады.

Жаттығуларды 6-8 рет қайталау.
Жаттығулар өз бетінше орындалады.
Педагогтің нұсқауы бойынша орындайды.
Жаттығулар бойынша әрбір дыбысты дұрыс салуға тырысады.

Рефлексиялық түзету

10-15сек дем ұстап тұру, демді шығару.

.Мұрынмен дем алып, ауызбен демді шығарады.



орындайды: тыныс алуға арналған жаттығуларды;

түсінеді: ойын шартын;

қолданады: имитация жасау дағдыларын.


« Балбөбек » тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Өтілетін күні: 19.05.2016ж

Тәрбиеші: Шулгаубаева Нурсулу Жарасовна

Білім беру саласы: Денсаулық, Таным

Бөлімі: Дене шынықтыру. Тақырыбы: Ұзындыққа секіру.

Мақсаты: 1.Балаларға таяқшамен орындалатын жаттығуларды үйрету.

2. Спортқа деген қызығушылықтардын дамыту.

3. Тепе- теңдік сақтап жүруге дағдыландыру; бір орыннан биіктікке секіруге жаттықтыру.

Құрал- жабдықтары: әр балаға секіртпе, орындық, шығыршық, төсеніш, тақтайша.

Іс -әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс -әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Дәлелдеу, ояту

Бір қатар сапқа тұру. Амандасу. Бір қатар тізбекпен жүру.

Санап жүру:

1-2 – дем алу, 3-4-5- дем шығару;

1-2-3- дем алу, 4-5-6- дем шығару;

1-2-3- дем алу, 4-5-6-7- дем шығару

Тік тұру.

Тыныс алу жаттығуларын педагогтің нұсқауымен орындайды.

Ұйымдастыру, іздену


1.Секіртпемен орындалатын ЖДЖ:

Б.қ.: негізгі тұрыс, екі бүектелген секіртпені төменде ұстау. 1-2- аяқтың ұшымен тұрып, секіртпені жоғары көтеру; 3-4- бастапқы қалып.

Б.қ.: екі аяқтың арасын ашып тұру, секіртпені төменде ұстау.1- секіртпені жоғарыда ұстау, оңға қадам жасап, оңға иілу; 2- тік тұру, секіртпені жоғары көтеру; 3- бастапқы қалып.

Б.қ.: негізгі тұрыс, секіртпе төменде. 1-2- отыру, секіртпе төменде; 3-4ж бастапқы қалып.
Б.қ.: аяқтар иықтың деңгейінде, секіртпе иықтың үстінде. 1- денені оңға бұру; 2- бастапқы қалып.

Б.қ.: аяқтар сәл ашылған, секіртпе артында, төменгі жағынада. Бір орында екі аяқпен алға қарай секіртпе арқылы секіру.
2.Бір орында тұрып, секіртпемен секіру.

3.Шығыршықтан – шығыршыққа дейін ұзындыққа секіру.
4.Алға қарай баспен домалау.

5. «Белгілі бір түстегі доптарды кім жылдам жинап шығады?» ойыны. Шарты: алаңда түрлі –түсті доптар жатады. Балалар бір түсті доптарды жинайды.





Жаттығулар өз бетінше орындалады.
Жаттығуларды 4-5 рет орындау.

Қауіпсіздік ережелерін сақтайды.


Доптарды жинайды.

Бір-біріне допты береді, қағып алады.



Рефлексиялық түзету

1.20секундқа дейін тынысты кідірту.

2.Көзді жұмып жүру.

Үйге тапсырма: алға қарай домалауды жаттықтыру.





орындайды: секіртпемен орындалатын жаттығуларды;

түсінеді: ойын шартын;

қолданады: бір орында тұрып, биіктікке секіру дағдыларын.
«Балбөбек» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Өтілетін күні: 24.05.2016ж

Тәрбиеші: Шулгаубаева Нурсулу Жарасовна

Білім беру саласы: Денсаулық, Таным

Бөлімі: Дене шынықтыру. Тақырыбы: «Әкем, анам жіне мен – біз спортық отбасымыз» атты спортық іс-шара.

Мақсаты: 1. Өз күшіне сенімділік сезімін дамыту.

2. Моральдық, ерік-жігерлік қасиеттерін дамыту;

3. Ойын ережесін білу және ойын барысында өзін- өзі басқара білуге үйрету.

Құрал- жабдықтары: текшелер, шағын доптар, шығыршықтар, қапшықтар, орындықтар, гимнастикалық таяқшалар, үрленген доп, кегельдер.

Іс -әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс -әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Дәлелдеу, ояту

Бір қатар сапқа тұру. Амандасу. Бір қатар тізбекпен жүру.

Секірулер:

- баскетбол себетін қол жеткізу;

- тізені жоғары көтеріп;

- аяқты артқа лақтырып;

- аяқтарын айқастырып секіру.



Ұйымдастыру, іздену


1. «Мерген» ойыны. Шарты: тігінен қойылған нысанаға допты лақтыру.

2. «Басында қапшығы бар» ойыны. Шарты: бастарына құм толтырылған қапшықшаны алып жүру.

3. «Капитандар жарысы» ойыны. Шарты: екі топтың капитандарды күш сынасады.

4. «Допты басқа ойыншыға жеткіз» ойыны.

Шарты: екі топ екі тізбекке тұрады. 15 -20м қашықтыққа жалауша ілінеді. Әр топтан бір-бірден доп ұстаған топ мүшесі жалаушаға дейін жүгіріп барып, жүгіріп қайтып, допты екінші ойыншыға жеткізеді.

Ойынға топтың барлық мүшелері қатысады.




Жаттығулар өз бетінше орындалады.
Жаттығуларды 4-5 рет орындау.

Қауіпсіздік ережелерін сақтайды.


Рефлексиялық түзету

Жарыстардың қортындысы.

Командаларды марапаттау.

Жарысқа қатысушылар бірін-бірі құттықтайды.




орындайды: команда болып тапсырмаларды;

түсінеді: ойын шарттарын;

қолданады: секіру, допты лақтыру, заттарды жылдам алып жүру сияқты дағдыларын.


« » тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Өтілетін күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: Денсаулық, Таным

Бөлімі: Дене шынықтыру. Тақырыбы: Жекпе- жек ( спорттық алаңда өткізіледі).

Мақсаты: 1.Жекпе-жек шаттарын түсіндіру.

2. Балалардың тапқырлықтары мен ептіліктерін дамыту;

3. Балалардың қозғалу дағдыларын дамыту.

Құрал- жабдықтары: жалаушалар: қызыл және көк, шығыршықтар, жіп.

Іс -әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс -әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Дәлелдеу, ояту

Бір қатар сапқа тұру. Амандасу. Бір қатар тізбекпен жүру.

Санап жүру:

1-2 – дем алу, 3-4-5- дем шығару;

1-2-3- дем алу, 4-5-6- дем шығару;

1-2-3- дем алу, 4-5-6-7- дем шығару

Тік тұру.

Тыныс алу жаттығуларын педагогтің нұсқауымен орындайды.

Ұйымдастыру, іздену


1 «Күш сынасу» ойыны.

Шарты: балалар екі адамнан шеңбер ішінде тұрады. Ысқырық бойынша бір-бірін шеңберден итеріп шығаруға тырысады.

2. «Аттап өт!» ойыны. Шарты: екі жүргізуші жіптің екі шетінен керіп ұстап жүреді. Олар бойынша жүреді және жіптің қстайды, ал балалар одан аттап түседі.

3. Ойын: «Допты ұстап қал!». Шарты: екі топтың балалары бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Бірінші бала өзіне қарсы тұрған балаға допты лақтырып береді, ол жерге түсірмей қағып алу керек.

Бұл ойындардың барысында балалар өздерінің бойында шапшаңдық, ептілік, күш сияқты қасиеттердің қалай дамығанын көрсетеді.

Рефлексиялық түзету

Терең дем алу мен дем шығару барысындағы жүру.

Қолды көтереміз – дем алу, қолды түсіреміз – дем шығару.



орындайды: жұп болып орындайтын тапсырмаларды;

түсінеді: ойын шарттарын;

қолданады: секіру, допты лақтыру, заттарды жылдам алып жүру сияқты дағдыларын.