Файл: тілетін кні Трбиеші Білім беру саласы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 59

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1. Бір орында тұрып, өкшемен бұрылуды үйрету;

2.Негізгі қасиеттерді –шапшаңдық, ептілікті дамыту.

3.Сырғанай адымдаумен таныстыру.

Іс -әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс -әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Дәлелдеу, ояту

1.Бір қатар сапқа тұру.

2.Педагогтың санауы бойынша бір қатар тізбекке тұру.

3.Жүрумен алмастыра отырып жүгіру.


Тапсырмаларды педагогтің нұсқауы бойынша орындайды.

Ұйымдастыру, іздену

1.Жүріп жаттығуларды орындау:

Б.қ.: негізгі тұрыс, 1- сол аяқпенбір қадам жасау, оң қолдың саусақтарын жұдырыққа түю; 2- оң аяқпен қадам жасап, сол қолдың саусақтарын жұдырыққа түю; 3- сол аяқпен қадам жасап, оң қолдың жұдырығын ашу; 4- оң аяқпен қадам жасап,сол қолдың жұдырығын ашу.

Б.қ.: негізгі тұрыс. 1-сол аяқпен қадам жасап, оң қолды шынтақтан бүгу; 2-оң аяқпен қадам жасап,сол қолды шынтақтан бүгу; 3- сол аяқпен бір қадам жасау, оң қолды бүгу; 4- оң аяқпен қадам жасап, сол қолды бүгу.

2.Бір орында тұрып өкшемен бұрылуды үйрету. Педагогтің командасы бойынша балалар «»бір дегенде сол жақ шаңғының басын көтереді де, оны шамамен солға бұрып қояды, «екі» дегенде оң жақ шаңғыны сол жақ шаңғының қасына апырып қояды. Ал «үш- төрт», «бес-алты» дегенде сол жаққа бұрылады.Алтыға дейін санағанда б.қ оралады.

3. Шаңғымен жүру, аяқтарды қатар қою, жартылай отырып,таяқшамен сырғанау.

4. «Кім жылдам?» ойыны. Шарты: педагогтің нұсқауы бойынша сөреге шығады. «Марш!» бұйрығы бойынша олар мәреге дейін жүгіреді.

Педагог жеңімпазды анықтайды.


Жаттығуларды қайталау.
Жаттығуларды педагогтен кейін орындалады.

Нұсқаумен бұрылады.
Аяқтарын бүкпей сырғанайды.

Балалар қалаулары бойынша сөре мен мәренің арақашықтығын өздері белгілейді.

Ойынды қызығушылықпен орындайды.

Рефлексиялық түзету

Спортзалға дейін таяқшасыз шаңғымен жүру.





Күтілетін нәтиже: орындайды: таза ауада ойналатын қысқы ойындарды;
түсінеді: негізгі жаттығуларды өздігінше орындай білу шарттарын;
қолданады: шаңғымен сырғанау дағдыларын.

« » тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Өтілетін күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру. Тақырыбы: Шаңғының таяғымен жинап, шаңғыны тасу.

Мақсаты: 1.Шаңғыны таяғымен біріктіріп, қолтықтарына қысып, оқу іс- әрекеті өтетін жерге тасуды үйрету.

2.Негізгі қасиеттерді –шапшаңдық, ептілікті дамыту.

3.Таяқтың ілмектерінің атқаратын қызметімен таныстыру; таяқпен серпіліп сырғнай адымдаумен таныстыру.

Құрал- жабдықтары: 20 жалауша, шаңғылар, түрі –түсті доптар.

Іс -әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс -әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Дәлелдеу, ояту

1.Топты бір қатарлы сапқа тұрғызу.

2.Шаңғыны таяқшалармен жинауды үйрету.

3.Шаңғыны қолтыққа қысып тасу. Шеңбер бойымен жүру.

Педагог түсіндіріп көсеткенен кейін өздері шаңғыны жинап, тізбекпен жүреді.

Ұйымдастыру, іздену

1.Бір қатар сапқа тұру.

2.Тақтайшалардың қызметін түсіндіру:

Шаңғышы таяқшаны сүйену үшін, тепе-теңдікті сақтау үшін және шаңғымен сырғанауда серпілу үшін пайдаланады. Таяқшамен ондағы ілгектерді дұрыс пайдаланғанда ғана жақсы итерілуге болады.

3.Таяқпен серпіліп сырғанай адымдау. Педагог қалай сырғанауды түсіндіреді.

4.Алаңда өзіне лайық қарқынмен сырғанап жүру. Екі ұл бала мен бір қыз баланы таңдап алып, барлық топ мүшелеріне сырғанау қимылдарын көсетуді ұсыну.

5. «Допты көршіңе бер» ойыны. Шарты: ойыншылар бір-бірінің бір қадам қашықтықта шеңбер құрып тұрады. Шеңбердегі бір- біріне

қарама- қарсы тұрған екі ойыншының әрқайсысының қолында волейбол добы болады.

Педагог белгісі бойынша ойыншылар допты оңға қарай бере бастайды, мұнда бір доп бір допты қуып жетуі тиіс. Сонымен бірге белгі бойынша бағытты да өзгерту қажет және допты соға қарай дөңгелете жіберу керек.


Балалар таяқшаны қалай дұрыс ұстауды және таяқшамен қалай сырғанау керектігін көрсетеді.

Жаттығуларды қайталап орындайды.
Ойын барысында шапшаңдық сияқты қасиеті дамиды.

Рефлексиялық түзету

Таяқпен серпіліп сырғанай адымдауды қайталату.





Күтілетін нәтиже: орындайды: шаңғыны таяғымен біріктіріп, қолтықтарына қысып тасуды;
түсінеді: негізгі жаттығуларды өздігінше орындай білу шарттарын;
қолданады: таяқпен серпіліп сырғанай адымдау дағдысын.

« » тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Өтілетін күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру. Тақырыбы: Беткейге сатылап көтерілу және түсу.

Мақсаты: 1.Таяқпен серпіле сырғанауды бірнеше рет қайталау.

2.Негізгі қасиеттерді –шапшаңдық, ептілікті дамыту.

3.Беткейге сатылап көтерілу және беткейден түсу жолымен таныстару.

Құрал- жабдықтары: әр балаға бір шаңғыдан, дабыл, қақпа.

Іс -әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс -әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Дәлелдеу, ояту

Шаңғымен балабақша айналасында жүру.

Педагог артынан шаңғымен сырғанайды.

Ұйымдастыру, іздену

1.Музыкамен орындалатын ЖДЖ

Б.қ.: негізгі тұрыс. 1- оң қолды иыққа қою; 2- сол қолды иыққа қою; 3- оң қолды төмен түсіру; 4- сол қолды төмен түсіру.

Б.қ.: негізгі тұрыс, қолды белге қою. 1- қолды екі жаққа созу; 2- қолды алға созып отыру; 3- қолды екі жаққа созып тұру; 4- бастапқы қалып.

Б.қ.: аяқты иықтың деңгейінде, қолды белге қою. 1- денені оңға бұру, оң қолды екі жаққа созу. 2- бастапқы қалып. Дәл осылай сол жаққа орындау.

Б.қ.: негізгі тұрыс, қолды белге қою.1- қолды екі жаққа созу; 2- оң аяқты алға қарай бұлғау, тізе астында қол шапалақтау, 3- аяқты түсіру, қолды екі жаққа созу; 4- бастапқы қалып, дәл осылайсол аяқпен орындалады.

2.Таяқшаның ортасынан ұстап сырғанау.

3.Бір қатар сапқа тұру. Жалғамалы қадаммен оңға солға қозғалыс жасау.

4.Беткейден сатылап көтерілу және түсуді түсіндіру, көрсету, үйрету.

5.Орта қарқынмен 300-400м қашықтықты педагогпен бірге жүріп өту.


Жаттығуларды қайталау.
.


Жаттығулар өз бетінше орындалады.

Педагогтің нұсқауын тыңдап, тапсырмаларын орындайды.

Рефлексиялық түзету

Сабақ соңында шаңғысы, бекіткіші және таяқшалары жақсы жағдайда тұрған балаларды бөліп айту керек.




Күтілетін нәтиже: орындайды: тяақпен серпіле сырғанауды;


түсінеді: негізгі жаттығуларды өздігінше орындай білу шарттарын;

қолданады: беткейге сатылап көтерілу және беткейден түсу дағдысын.

« » тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Өтілетін күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру. Тақырыбы: 200- 300 метр қашықтықта

Мақсаты: 1.Таяқпен адымдап сырғанауды қайталау; бір қатар сапқа тұруға жаттықтыру;

2.Ойын ережелерін білу және нақты орындауға дағдыландыру.

3. Аяқты қайшылап секіруге жаттықтыру

Құрал- жабдықтары: 20 жалауша, шаңғылар.

Іс -әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс -әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Дәлелдеу, ояту

1.Шаңғымен бір қатар сапқа тұру. Таяқшаларды қарға қою.

2.Бір қатар тізбекке тұру.

3.Оқу алаңын айналып жүріп, одан кейін иректелген шаңғы алаңмен педагогтің артынан жүру.

4. «Орындарыңа оралыңдар!» ойын тапсырмасы. Шарты: таяқшадан 70м қашық жерден педагог «Орыңдарыңа оралыңдар!» деген команда береді. Барлық балалар ең қысқа жолмен өздерінің таяқшаларының қасына жүгіріп барады.

Педагогтің тапсырмасын бұлжытпай орындайды.

Таяқшаға бірінші жеткен бала жеңімпаз атанады.

Ұйымдастыру, іздену

1.Далада орындалатын ЖДЖ:

Б.қ.: негізгі тұрыс. 1 –қолды жоғары көтеріп , аяқ ұшымен көтерілу, терең тыныс алу; 2- қолды төмен түсіріп, дем шығару.

Б.қ.: негізгі тұрыс. 1- қолды белге қою; 2- қолды алға созып, аяқ ұшымен көтерілу; 3- отыру; 4-б.қ. келу.

Б.қ.: негізгі тұрыс.

1- екі қолды желкеге қойып, солға бұрылу, оңға бұрылу.

Б.қ.: қолдар шынтақтан бүгілген. 1- жұдырық түю; 2- жұдырықты ашу.

Б.қ.: тізені қапсыра құшақтап отырып, оңға солға бұрылу.

2.Негізгі жаттығулар:

Екі аяқты қайшылап секіру.

Бір орында жүру; таяқшамен серпіле сырғанап жүру.

3. «Ең үздік шаңғышы» ойыны. Шарты: сөре мен мәре арасы (20-30м) белгіленіп, олар жалаушалармен көрсетіледі. «Марш!» командасы бойынша балалар шаңғымен сырғанап жарасады.

4.Орта қарқынмен 200-300м қашықтықты педагогпен бірге сырғанау.


Жаттығуларды 6-8рет қайталау.


Жаттығулар өз бетінше орындалады.

Балалар бірнеше топқа бөлініп жарысады. Әр топтан жеңген бала жартылай финалға шығады.

Қаіпсіздік ережелерін есте сақтап сырғанайды.

Рефлексиялық түзету

Шаңғымен таяқшаларды бекіту және шаңғымен қолтық астында тасу біліктерін тексеру.

Бір-біріне көмектеседі.


Күтілетін нәтиже: орындайды: таяқпен серпіле сырғанауды;

түсінеді: негізгі жаттығуларды өздігінше орындай білу шарттарын;

қолданады: аяқты қайшылап секіру дағдысын.

«Балбөбек» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Өтілетін күні: 02.02.2016ж

Тәрбиеші: Шулгаубаева Нурсулу Жарасовна

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру. Тақырыбы: Шаңғымен адымдап жүру.

Мақсаты: 1. Бір қатар сапқа тұруға үйрету.

2.Негізгі қасиеттерді – шапшаңдық, ептілікті дамыту.

3.Шаңғымен нық адымдап жүруді үйрету.

Құрал- жабдықтары: ұзын сапты 5 жалауша,шаңғылар.

Іс -әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс -әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Дәлелдеу, ояту

1.Балалар шаңғы тебу алаңында сырғанап жүреді.

2.Тәрбиешінің артынан бір қатар тізбекпен жүреді.



Еркін сырғанайды.

Иректелген шаңғы тебу алаңында жалаушалардың арасымен сырғанап жүру.

Ұйымдастыру, іздену

1. Далада заттарсыз орындалатын ЖДЖ:

Б.қ.: негізгі тұрыс.

1- қолды екі жаққа созу; 2- қолдарды жоғарыкөтеріп, қол шапалақтау; 3- қолды екі жаққа созу; 4- бастапқы қалып.

Б.қ.: аяқты сәл ашып, қолды белге қою, 1-қолда екі жаққа созу; 2- алға иіліп, қол шапалақтау;

3 – түзеу тұрып, қолды екі жаққа созу;

4- бастапқы қалып.

Б.қ.: аяқты иықтың деңгейінде қою, қолды , белге қою. 1- қолды екі жаққа созу; 2- алға иілу, оң аяқтың тізесінің астына қол шапалақтау; 3- түзу тұрып, қолды екі жаққа созу; 4- бастапқы қалып.

Б.қ.: негізгі тұрыс, қолыды белге қою. 1- отыру, қол шапалақтау; 2- тұру, бастапқы қалыпқа оралу.

2.Қыста далада тыныс алу жаттығулары.

3.Шаңғымен нық адамдап жүру. Педагог қалай жүру керектігін түсіндіреді, іс жүзінде өзі көрсетеді: шаңғының басын көтеріп,бір орында жүру, алға нық адымдап жүру.

4.Төбешікке «Шырша» әдісі арқылы көтерілуді түсіндіру, көрсету.

Жаттығуларды 5-6 рет қайталау.


Жаттығуларды педагог

көрсеткеннен кейін орындайды.

Мұрын арқылы дем алып, дем шығарады.

Тәрбиеші көрсеткеннен кейін алға нық адыммен жүреді.

Рефлексиялық түзету

ҰОІӘ-нің соңында балаларға оқу іс –әректінде қол жеткізген жетістіктерін айтып, оларға алғыс білдіреді.

Өздерінің жетістіктеріне қуанады.