Файл: тілетін кні Трбиеші Білім беру саласы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 42

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


қолданады: көздерін жұмып, жаттығулар орындай алу дағдыларын.
« Балбөбек» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Өтілетін күні: 28.04.2016ж

Тәрбиеші: Шулгаубаева Нурсулу Жарасовна

Білім беру саласы: Денсаулық, Таным

Бөлімі: Дене шынықтыру. Тақырыбы: Гимнастика.

Мақсаты: 1.Дененің тұлғасы дұрыс қалыптасуына арналған гимнастикалық жаттығуларды жасап үйрету;

2. Гимнастикаға деген қызығушылықтарын арттыру;

3.Жаттығуларды жасату арқылы қимыл үйлесімділігін дамыту; баспен домалауға жаттықтыру.

Құрал- жабдықтары: батут, арқан.

Іс -әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс -әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Дәлелдеу, ояту

Бағытты өзгертіп жүру.

Қарқында үдетіп жүгіру.

Педагогті тыңдап, нұсқауларын орындап жүру.

Ұйымдастыру, іздену



1.Музыкалық сүйемелдеумен орындалатын ЖДЖ:

Б.қ.: негізгі тұрыс, қолдары белінде.

1- қолдары екі жаққа созылады; 2- қолдары жоғары көтеріледі, аяқтың ұшымен тұру; 3- қоладры екі жаққа созылады; 4- бастапқы қалыпқа оралу.

Б.қ.: аяқ иықтың деңгейінде, қолда төмен түсіреді. 1- қолды екі жаққа созу; 2- оң аяққа иілу, аяқтың ұштарына қолдың саусақтарын жеткізу, 3- түзу тұру, қолдарын екі жаққа созады; 4-б.қ.

Б.қ.: негізгі тұрыс, қолдары белінде. 1-2- отыру, қолды алға созу; 3-4-б.қ.

2.Гимнастикалық жаттығудар:

- «Көпір»;

- «Мысық»;

- «Шпагат».

3.Арқанмен өрмелеу (қолдарымыздың күшін дамытамыз).

Домалату: келесі матқа дейін тізерлеп отырып,

алға домалау.



Жаттығулар 5-6 рет қайталау.


Гимнастикалық жаттығуларды ретімен орындайды.

Балалар арқанмен неғұрлым жоғары көтерілуге тырысады.


Домалау кезінде балаларды қолды дұрыс қоюға үйрету.



Рефлексиялық түзету

Тыныс алуға арналған жаттығу. «Иыққа үрлеу»




орындайды: алға домалауды;

түсінеді: гимнастикалық жаттығуларды орындай алу дағдыларын;

қолданады: негізгі жаттығуларды орындай алады;

«Балбөбек» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Өтілетін күні: 03.05.2016ж

Тәрбиеші: Шулгаубаева Нурсулу Жарасовна

Білім беру саласы: Денсаулық, Таным

Бөлімі: Дене шынықтыру. Тақырыбы: Жұқпалы аурулар және олармен күрес.

Мақсаты: 1.Микроб туралы және олармен күрес;

2.Салауатты өмір салтын құруға баулу;

3.Аурудың белгілерін білуге үйрету.

Құрал- жабдықтары: плакаттар, қарындаштар, парақтар.

Іс -әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс -әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Дәлелдеу, ояту

Әңгімелесу:

  • - - Әр жұқпалы ауру белгіге бір микробтардың

  • ә әсерімен туындайды. Сендер микробтардың не е екенін білесіңдер ме? Әңгімелеп беріңдерші.

  • Микробтар – жай көзге көрінбейтін, өте ұсақ

  • тірі тіршілік иесі. Олар шарлар, таяқшалар, үтір, сспираль түрінде болады.

Балалар қағаз бетіне микробтардың қандай болатынын салып берулері керек.

Ұйымдастыру, іздену


1.Әңгімелесу:

- Микробтар ауада, суда, қара топырақта, жануарлардың және адамның денесінде болады. Микробтарды жел таратады. Микробтар қоқыстың жанында көп шоғырланған. Микробтар адамның денесінде тіршілік етсе де, оған ешбір зияннын тигізбейді. Ал кейбіреулер

Ауруды тудыруы мүмкін. Ондай микробтарды ауру тудыратын микробтар деп атайды. Біреулері жануарлар әлеміне жатса, басқалары өсімдіктерге жатады. Бұл – бактерияалар. Тағы вирустар бар. Олар қызамық, желшешек, дифтерия, қызылша сияқты ауруларды тудырады.

Сонымен бірге адамның ауруын құрттар (глисты) тудырады. Жұқпалы аурулармен, әдетте, аурушаң, әлсіз адамдар ауырады. Олар таза ауада аз болады, денесін шынықтырмайды.

Сау адамдар микробтармен күресе біледі. Ауруды қалай жұқтырып алуға болады?

Жөтел, әңгімелесу, түшкіру кезінде ауаны жұту барысында немесе киім, ыдыс, басқа да заттар, жануарлар, шыбын, маса,бүрге, лас бөлме, жуылмаған көкөніс пен жемістер арқылы жұғады және шикі, піскен көкөніс, ет арқылы да осындай жұқпалы ауруларды жұқтырып алуға болады.

Балалар аурулардың түрлерін жаттайды.

Сызба бойынша жұмыс жасау: «Жұқпалы аурулардың түрлері».


Рефлексиялық түзету

«Болады- болмайды» ойыны.

Шарты: педагог салауатты өмір сүру үшін қажетті және зиянды әрекеттерді бір сйлеммен айтады. Балалар «болады», «болмайды» деген жауаптар қайтарады.

Балаларға екі түсті карточкалар таратылады: қызыл – болмайды, жасыл- болады. Балалар «болатынын» немесе «болмайтынын» білдіру үшін карточканы көрсетеді.


орындайды: микробтар туралы және олармен күресті қалай ұйымдастыруға болатынын;

түсінеді: микробтармен қалай күесу керектігін;

қолданады: жеке тазалық сақтау шараларын.

« Балбөбек» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Өтілетін күні: 05.05.2016ж

Тәрбиеші: Шулгаубаева Нурсулу Жарасовна

Білім беру саласы: Денсаулық, Таным

Бөлімі: Дене шынықтыру. Тақырыбы: Өзін өзі уқалау және бірін –бірі уқалау, сылап- сипау.

Мақсаты: 1.Уқалау, сылап – сипауға жаттықтыру

2.Балаларға уқалау мен сылап – сипаудың жеңіл түрлерін үйрету

3.Бір –бірін уқалау мен сылап – сипауға жаттықтыру

Құрал- жабдықтары: массажёрлар.

Іс -әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс -әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Дәлелдеу, ояту


Бір қатар сапқа тұру, сәлемдесу. Бір қатар тізбекпен жүру:

-бір орында;

- - арқасымен алға қарап жүру;

- тізені жоғары көтеріп жүру.

Баяу жүгіру.

Тыныс алу процесін қалыпқа келтіру үшін жүру.





Педагогтің айтқанын орындайды.

Ұйымдастыру, іздену


Уқалау, сылап – сипау аяқтың туралы қысқаша түсінік беріледі. Табанын және саусақтарын өз еркітерімен уқалау.

Табанды шеңбер тәрізді және спираль түрінде уқалау. Балтырды уқалау. Бір қолмен балтырды сипаужәне ысқылау. Бөксені саусақтармен қысып ұстау және жоғарыдан төмен қарай бұлшық еттерді қысу. Бөксенің бұлшық еттерін сілкілеу. Жоғарыдан төменге қарай белді сипау. Белді уқалау.

Белдің бұлшықеттерін сипалау. Отырып қолдың саусақтарын уқалау. Шынтақ буын уқалау.

Басты уқалау.

Кеудені сипау, ысқылау, ақырын шапалақтап ұру.


Рефлексиялық түзету

Жұп болып бір –бірінің арқасын уқалау.

Массажёрлармен орындайды.


орындайды: өз еріктерімен балтырды, тізені уқалау;;

түсінеді: уқалаудың пайдасы туралы;

қолданады: уқалау, сылап –сипау дағдыларын.

« Балбөбек» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Өтілетін күні: 10.05.2016ж

Тәрбиеші: Шулгаубаева Нурсулу Жарасовна

Білім беру саласы: Денсаулық, Таным

Бөлімі:
Дене шынықтыру. Тақырыбы: Жұп болып тұрып жаттығулар орындау.

Мақсаты: 1.Жұптасып жаттығулар жасауға үйрету.

2. Бірлікке баулу.

3. Затты игеру, жалаушамен орындалатын жаттығуларды жасап меңгеру.

Құрал- жабдықтары: әрқайсысына жалаушалар, доп, төсеніштер.

Іс -әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс -әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Дәлелдеу, ояту

Сапқа тұру, сәлемдесу. Бір саптан екінші сапқа ауысып тұру. Жұпта жүру: әдеттегі, қосыламыз- ажыраймыз, қырымен, арқасымен аға қарай.

Жұпта жүгіру: әдеттегі, біреуді алда, екіншісі артта ауысады. Жүру: тыныс алу жаттығуларын қайталау.

Міндеттерді түсіндіру.

Ұйымдастыру, іздену



1.Жұп болып тұрып, жалаушалармен орындалатын жаттығулар:

Сызық алдында тұрып, жұптағы екінші бала бірінші баланың екі аяғын ұстап, оны екі қолымен жүргізеді.

Бір- бірінің артынан тізіліп тұрып, біреуі оң аяғынан, екіншісі сол аяғынан ұстап жүреді.

Бір –біріне теріс қарап, қолдарымен «құлын» жасап тұру.
Дәл солай қырымен жүру. Топтарға бөліну. Еденге жату. Бір –біріне қарама-қарсы отырып, қолынан ұстап, алға еікею, артқа шалқаю.

Жатып орындалады: аяқты қарсы жатқан баланың аяғына тіреу, «велосипед» жаттығуын орындау.

Бір –біріне арқасымен түйісіп отырады, қолдарымен ұстасып, оңға және солға иіледі.

Бір –біріне қарсы отырып, қолдарын түйістіріп, тіреп отыру.
Бір –біріне арқаларын түйістіріп тұру.

Көршінің аяғынан ұстап, жұпта секіру.

2.Жүгіріп келіп, биіктікке секіру.

3. «Допты ұстап қал» ойыны



Педагогтің түсіндіруі және көрсетуі бойынша орындайды.

.

Рефлексиялық түзету

Жартылай, отырып жүру.




орындайды: жұп болып орындайтын жаттығуларды;

түсінеді: ойын шартын;

қолданады: биіктікке секіру дағдыларын.


« Балбөбек» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Өтілетін күні: 12.05.2016ж

Тәрбиеші: Шулгаубаева Нурсулу Жарасовна

Білім беру саласы: Денсаулық, Таным

Бөлімі: Дене шынықтыру. Тақырыбы: Допты волейбол торына лақтыру.

Мақсаты: 1. Омыртқа бұлшық еттерін қатайту;

2. Балалардың икемділігін дамыту.


3. Балаларды еденде жатып созылуға үйрету; допты тордан асырып беруге жаттықтыру.

Құрал- жабдықтары: волейбол торы, әр балаға доптан.

Іс -әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс -әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Дәлелдеу, ояту

1.Сапқа тұру. Сәлемдесу.

2.Жүгіру: әдеттегі.

3.Жүріс: әр қадам сайын алға қарай иілу, өкшемен аяқтың ұшына, аяқтың ұшынана өкшеге.

Міндеттеді түсіндіру.

Балалар өздерінің жүріс-тұыстарын қадағалайды.

Түзу тұру.

Екі қолды түсіріп тұру.

Ұйымдастыру, іздену



1.Иілгіштікке арналған ЖДЖ:

Б.қ.: негізгі тұрыс. «1» дегенде екі қолды көтереді, дем алады, жоғарыға созылады; «2» дегенде екі қолды түсіреді, демді шығарады, денені бос ұстайды.

Б.қ.: негізгі тұрыс. Оңға, солға дененің бұрылыстары.

Б.қ.: негізгі тұрыс. 1- алға қарай иілу; 2- бастапқы қалыпқа оралу.

«Қайық» жаттығуы.

Шалқадан жатып, сол бүйірден оң бүйірге домалау.

Б.қ.: шалқадан жату. Аяқты көтеру және түсіру.

Б.қ.: шалқадан жату. Аяқты бастан асырып, еленге тигізу.

Б.қ.: аяқты сәл ашып отыру, алға иілу.

«Мысық» жаттығуы.

Б.қ.: тізерлеп отырып орындау. Аяқты көтеру және түсіру.

2.Волейбол торынан асыра доты лақтыру:

- бастан асырып беру;

- иықтан;

- екі қолмен;

- бастың тұсынан лақтыру.

3.Секіру арқылы допты лақтыру.

4. «Алаңды жинау» ойыны.

5. «Допты бер» ойыны (волейбол добымен)




Жаттығулар өз бетінше орындалады.
Жаттығуларды 4-5 рет орындау.

Қауіпсіздік ережелерін сақтайды.


Доптарды жинайды.

Бір-біріне допты береді, қағып алады.



Рефлексиялық түзету

1.«Демді ұстап тұру» ойыны.

Балалар демді 20 секундқа дейін ұстап отырады. Одан кейін демді шығарады.



орындайды: иілгіштікке арналған жаттығуларды;

түсінеді: ойын шартын;

қолданады: волейбол торына допты лақтыра білу дағдыларын.

« Балбөбек » тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Өтілетін күні: 17.05.2016ж

Тәрбиеші: Шулгаубаева Нурсулу Жарасовна