Файл: тілетін кні Трбиеші Білім беру саласы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 43

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


орындайды: жұппен орындалатын жаттығуларды;

түсінеді: негізгі жаттығуларды орындай білу шарттарын;

қолданады: жұптасып жұмыс істеу дағдыларын.
« Балбөбек» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Өтілетін күні: 14.04.2016ж

Тәрбиеші: Шулгаубаева Нурсулу Жарасовна

Білім беру саласы: Денсаулық,Таным.

Бөлімі: Дене шынықтыру. Тақырыбы: «Бауырсақ» атты спорттық мереке

Мақсаты: 1.Түрлі физикалық жаттығулармен балаларды таныстыру. .

2. Жылдамдық сияқты қасиетін дамыту.

3. Балалардың секіру мүмкіншіліктерін дамыту.

Құрал- жабдықтары: жануарлардың бетпердесі, түрлі түсті шығыршықтар.

Мерекенің барысы:

Балалар музыканың сүйемелдеуімен спортзалға кіреді және өз орындарына отырады. Осы кезде «Бауырсақ» ертегісінің декорациясы қойылады.

Жүргізуші: Ертеде ауыл атай мен әжей өмір сүріпті. Олардың балалары болмапты. Бір тамаша күнде ата жалғыздықта өмір сүргісі келмейтінін айтады. Ол үстелдің үстін жұдырығымен соғып қалып, былай дейді:

  • Әй кемпір, өзімізге бір көңілді немерені пісіріп алайық та.

  • Жарайды, пісірсек пісіріп алайық.

Жүргізуші: Әже сол күні қамыр илеп, бауырсақ пісіреді. Оны терезенің алдына суытып қояды. Бірақ бір сәтте бауырсақ тіріліп, сөйлей бастайды.

Бауырсақ: Сәлеметсіздер ме, атай мен әжей! Бұл- мен, сіздердің немерелеріңіз боламын. Атым- Бауырсақ. Мен бір соқпақпен жүгіріп,орманда не болып жатқанын біліп келейін.

Жүргізуші: Бауырсақ жолдың бойымен домалап келеді (әуенмен). Ол домалай келе, Қоянды кездестіреді.

Қоян: Қоян үшін 100 метр деген не? Жаттығу дегеніміз сол. Бауырсақ, бізбен жарысып көр.

(100 м қашықтыққа жүгіру).

Жүргізуші: Сонымен Бауырсақ әрі қарай Аюмен кездесуге домалап кетеді.

Аю: Мен-маймақ Аюмын. Бөренелер маған түк емес. Кәне, Бауырсақ , бөренелерден аттап жүруге дайынсың ба?

(Бірнеше кедергілерден (бөрене)аттап жүру).

Бауырсақ: Мен әжемнен қаштым, мен атамнан қаштым, мен Қояннан қаштым, сенен де қашып кетемін.

Жүргізуші: Осылайша Бауырсақ әрі қарай жолдың бойымен домалап кетеді, оның алдынан Қасқыр шығады.

Қасқыр: Мен тісім өткір сұр Қасқырмын. Бауырсақ, Бауырсақ, мен сені жеймін.

Бауырсақ: Мен әжемнен қаштым, мен атамнан қаштым, мен Қояннан қаштым, Аюдан да қаштым, сұр Қасқыр,сенен де қашып кетемін!

Жүргізуші: Сонымен Бауырсақ әрі қарай домалап кете барады. Жолда оған Түлкі кездеседі. Түлкі былай әндетеді:


Көңілді қоңырау оятады таңертең

Қояндар мен аюларды

Тоқылдақ пен Түлкілерді!

Бауырсақ мен сені жеймін?

Бауырсақ: Түлкі, сен мені жеме, біздің балаларымыздың тақпақтарын тыңдап көр!

Түлкі: Жарайды, мен тыңдап көрейін. (балалар шығып, Е.Өтетілеуұлының өлеңдерін оқиды).

1-бала:

Акробаттар-маймылдар:

Кәрісі де, жасы да

Ойнайды емен,қайыңдар-

Турникте ағаш басында.
2-бала:

Пілге біткен зор дене

Алып күштің айғағы

Штангасы – бөрене

Жай көтеріп алғаны.

3-бала:

Бадминтоншы қос мысық,

Мың бұралған қос пысық.

Допты қағып ойнайды,

Түсірмеуді ойлайды.

4-бала:

Қалтасы бар кенгуру

Велосипед тебеді.

Рөлді қиын меңгеру-

Алыс жолдан келеді..

5-бала:

Дойбы ойнайды көк есек

Екінші бір есекпен.

Қажет мұнда көп есеп,

Жүрер кезде кезекпен
6-бала:

Жүйрік пе екен, сақ па екен,

Жүгіргенде ақбөкен

Делебесі қозады,

Бәрін басып озады.

Жүргізуші: Сен де Түлкі, көбірек шынықсаң, мықыт боласың, біздің бауырсақты жеме.

Түлкі: Жарайды, ал бүгін біз ойнаймыз ба?

Жүргізуші: Әрине, ойнаймыз.

  1. сайыс: «Гүлдерді жина».

Командалар бір-біріне қарсы сап түзеп тұрады. Ал ортаға гүлдерді шашады. Белгі бойынша екі команда гүлдерді жинайды. Гүлді көп жинаған топ ұтысқа ие болады.

  1. сайыс: «Төбешіктер» ойыны

Балалар екі топқа бөлінеді. Екі текшені және кегельдерді белгілі бір қашықтыққа қойып қояды. Кегельдерге жетіп, текшелерді алып, сонан соң кері қарай жүгіреді.

  1. сайыс: «Шарды қасықпен жеткіз!».

Қасыққа шар қойылады. Кім бірінші шарды жеткізсе, сол ұтысқа ие болады.

  1. сайыс: «Қапшықпен жүгіру».

Екі команда қатысады. Қаптың ішіне кіріп, секіріп жүреді.

Жарыстың қорытындысы шығарылады. Жеңімпаз топ және жарысқа жақсы қатысқан балалар марапатталады.


« Балбөбек» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Өтілетін күні: 19.04.2016ж Тәрбиеші: Шулгаубаева Нурсулу Жарасовна

Білім беру саласы: Денсаулық, Таным Бөлімі: Дене шынықтыру. Тақырыбы: Жүру

Мақсаты: 1. Жүру түрлерін меңгерту.

2. Өмірлік маңызы бар жүру дағдылары мен біліктерін дамыту.

3. Қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қалыптастыру.

Іс -әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс -әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Дәлелдеу, ояту

Сапқа тұру. Сәлемдесу.

Жүру:

  • ә – әдеттегі жүріс;

  • - тізені жоғары көтеріп жүру;

  • - аяқтарын артқа қарай лақтырып жүру;

  • - табанның ішкі қырымен ;

  • - - сыртқы қырымен;

  • - аяқтың ұшымен;

  • - аяқтың өкшесімен;

  • - жартылай отырып жүру;

  • Жүру мен жүгіру ауысып тұрады.

Қолдарын түрлі қалыпта ұстап жүреді. Педагогтің нұсқауын мұқият тыңдап,

айтқандарын орындайды.


Ұйымдастыру іздену


1. Секіртпемен орындалатын ЖДЖ:

Б.қ.: негізгі тұрыс, екіге бүктелген секіртпе төменде, 1-2- аяқтың ұшымен жүру, секіртпені жоғары көтеру;

3-4- бастапқы қалыпқа келу.

Б.қ.: аяқты сәл ашып тұру, секіртпе төменде. 1- оңға бір қадам, секіртпе жоғарыда;

2- оңға иілу; 3-тік тұру, секіртпе жоғарыда; 4-бастапқы қалып.

Б.қ.: негізгі тұрыс, секіртпе төменде. 1-2- жартылай отыру, секіртпені алға созу; 3-4- бастапқы қалып.

Б.қ.: аяқтың иықтың деңгейінде болуы, секіртпе иықта. 1- денені оңға бұру; 2-бастапқы қалыпқа оралу.

Б.қ.: аяқты сәл ашып тұру, секіртпе артқы жағында, төменде. Шағын кідіріспен секіртпені алға қарай айналдырып, екі аяқпен бір орында секіру.

2. «Алыптар мен құртақандар» ойыны.

3.Сызықтар арасында жүру. Қиғаш орналасқан тақтайдың үстімен жүру.

Орындықтың үстімен жүру:

- аяқтың ұшымен;

- еңбектеп, тізерлеп;

- қапшықты басына қойып жүру;

- еденде созылып жатқан жіптің үстімен жүру;

- бөрененің үстімен жүру;

- еденде жатқан арқанның үстімен жүру.

«Мен секілді жүр!» ойыны.

Ойын: «Жануарлар қалай жүреді!»



5-6 рет жаттығуларды қайталау.
Жаттығулар өз бетінше орындалады

Команда бойынша «алыптар» дегенде аяқтың ұшымен жүреді,

«құртақандар» дегенде жартылай отырып жүреді. Педагог жүріс түрлерін өзі көрсетеді, ал балалар оларды қайталайды. Педагог жануардың атауын айтады, ал балалар оның жүрісін салып, имитация жасайды.

Жүру ережелерін дұрыс орындап жүреді.

Бір бала түрлі жүріс түрлерін салады, қалғандары қайталайды.

Жануарлардың жүрісін салады.

Рефлексиялық түзету

Тыныс алу жаттығуларын орындар жүру.

Қолдарымызды жоғары көтеріп, дем алу, қолдарымызды төмен түсіріп, дем шығару.


Күтілетін нәтиже: орындайды: секіртпемен орындалатын жаттығуларды;

түсінеді: тыныс алу жаттығуларын орындай білу шарттарын;

қолданады: орындық үстімен жүре білу дағдыларын.
«Балбөбек» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Өтілетін күні: 21.04.2016ж

Тәрбиеші: Шулгаубаева Нурсулу Жарасовна

Білім беру саласы: Денсаулық, Таным

Бөлімі: Дене шынықтыру. Тақырыбы: Лақтыруға үйрету.

Мақсаты: 1. Лақтыру тәсілдерін үйрету.

2. Күштілік, ептілік, жылдамдық тәрізді қимыл қасиеттерін дамыту.

3. Көзбен мөлшерлей білу қасиеттерін дамыту.

Құрал- жабдықтары: әр балаға жалаушалар, доптар, қапшықтар, кегельдер, ойыншықтар, нысаналар.

Іс -әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс -әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Дәлелдеу, ояту

Сапқа тұру. Сәлемдесу.

Жүру:

  • ә – әдеттегі жүріс;

  • - тізені жоғары көтеріп жүру;

  • - аяқтарын артқа қарай лақтырып жүру;

  • - табанның ішкі қырымен ;

  • - - сыртқы қырымен;

  • - аяқтың ұшымен;

  • - аяқтың өкшесімен;

  • - жартылай отырып жүру;

Жүру мен жүгіру ауысып тұрады

Қолдарын түрлі қалыпта ұстап жүреді. Педагогтің нұсқауын мұқият тыңдап, айтқандарын орындайды

Ұйымдастыру, іздену


  1. Жалаушалармен орындалатын ЖДЖ:

Б.Қ.: Бір сапқа тізіліп, жалаушаларды қолға ұстап жүру; педагогтің белгісі бойынша балалар қолға арналған жаттығуларды орындайды.

Б.Қ.: негізгі тұрыс, жалаушалар төменде. 1- жалаушаларды алға қарай созу. 2- жалаушаларды жоғарыға көтеру; 3- жалаушаларды екі жаққа созу; 4-Бастапқы қалып.

Б.Қ.: иықтың деңгейіндегі аяқтың тұрысы, кеуде тұсында жалаушаларды ұстау. 1-оңға бұрылу, оң қолды бір жаққа созу; 2- Бастапқы қалып. Б.Қ.: негізгі тұрыс, жалаушалар төменде. 1- 2-отыру, жалаушаларды алға қарай созу; 3-б.қ.

Б.Қ.: иықтың деңгейіндегі аяқтың тұрысы, жалаушалар төменде. 1- жалаушаларды екі жаққа созу; 2- сол аяққа алға қарай иілу; 3- екі қолды екі жаққа созу, тік тұру; 4- Бастапқы қалып.

Б.Қ.: негізгі тұрыс, жалаушалар төменде. «1-8» дегенде екі аяқпен секіру, шағын кідіріс, одан кейін қайтадан секіру.

Б.Қ.: негізгі тұрыс, жалаушалар төменде. 1-2 оң аяқты артқа созып, еденге ұшын тигізу, жалаушалар жоғарыға көтеріледі.

2.Екі қолмен допты жеткізу.

3.Допты нысанаға дәлдеп лақтыру.

4.Қапшықты алысқа лақтыру.

5. «Мерген» ойыны.



6-8 рет қайталау.

Жаттығулар жетекшінің (бала) соңынан орындалады.
.


Рефлексиялық түзету

Зеректікке арналған жаттығу.

Балалар көздерін жұмып тұрады. Белгі бойынша балалар бір қадам алға басады.


орындайды: жүрудің түрлерін;

түсінеді: негізгі жаттығуларды орындай білу шарттарын;

қолданады: нысанаға допты лақтыруды.
«Балбөбек» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Өтілетін күні: 26.04.2016ж

Тәрбиеші: Шулгаубаева Нурсулу Жарасовна

Білім беру саласы: Денсаулық, Таным

Бөлімі: Дене шынықтыру. Тақырыбы: Кеңістікті бағдарлау.

Мақсаты: 1. Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.

2.Күш, ептілік, жылдамдық тәрізді қимыл сапаларын дамыту.

3.Көзді жұмып жүруге жаттықтыру.

Құрал- жабдықтары: көзді байлайтын орамал, футбол добы, текшелер.

Іс -әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс -әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Дәлелдеу, ояту

Көзді жұмып жүру.

Көзді жұмып жүгіру.

Баяу қарқынмен қолдарын әртүрлі қалыпта ұстап жүру.

Ұйымдастыру, іздену


1.Көзді жұмып орындалатын ЖДЖ:

Б.қ.: негізгі тұрыс, қолды түсіріп тұру.

1- қолдарымызды екі жаққа созу; 2- оң аяқты неғұрлым алға қарай созу, жоғары көтеру, алақанмен тізе астында шапалақ соғу; 3- аяқты түсіру,иқолы екі жаққа созу; 4- бастапқы қалып. Дәл солай сол аяқпен.
Б.қ.:негізгі тұрыс, қол белде. 1- оңға қадам басу; 2- оңға иілу; 3- тік тұру, бастапқы қалып. Дәл солай сол жаққа.
Б.қ.: негізгі тұрыс.

«1-8» дегенде оң аяқпен секіру, шағын кідіріс және «1-8» дегенде сол аяқпен секіру. 2 рет қайталау. 1- аяқты жоғары көтеру. 2- тізені бүгу. 3- аяқты тік созу; 4- бастапқы қалып.

Б.қ.: шалұадан жату. «Велосипед» жаттығуы.

Б.қ.: шалқадан жату.

1-қолды аяқтың ұшына дейін созу; 2- б.қ.
2. «Мерген футболшы» ойыны.
3.Дыбыстық белгіге жүру. Балалар бірінен соң бірі шеңбердің бойымен жүреді, ысқырық бойынша олар бағытын өзгертеді.
4.Кеңістікте бағдарлау жаттығуы.




Жаттығулар 5-6 рет қайталау.

Қақпаға допты дәлдеп соғу. Белгі бойынша тоқтап, бағытын өзгертіп жүру.

Балалар жұптарға бөлінген. Еденге текшелер қойылады.
.


Рефлексиялық түзету

Команда бойынша жүру: оңға жүреміз, солға жүреміз, алға, артқа.

Сарбаздар секілді қолдарын сермеп жүреді.


орындайды: көздерді жұмып жүруді;

түсінеді: негізгі жаттығуларды орындай білу шарттарын;