Файл: ызылорда гуманитарлы экономикалы Колледжі Гуманитарлы жне экономикалы пндер бірлестігі дістемелік бірлестікті масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.04.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қызылорда гуманитарлық экономикалық Колледжі

«Гуманитарлық және экономикалық пәндер» бірлестігі

«Әдістемелік бірлестіктің мақсаты:

 Инновациялық әдіс- тәсілдерді қолдану негізінде оқушылардың шығармашылық ойлауы мен білімдік іскерліктерін дамыту.

Оқушылардың сапалы білім алуына, шығармашылық деңгейінің жоғары сатыға жетуіне ықпал ету.
Міндеттері:

1. Мұғалімдердің жаңаша жұмыс істеуіне жағдай жасау;

2. Мұғалімдерге жаңа педагогикалық технологиялар мен инновацияларды меңгеруге, өз тәжірибесіне енгізуге көмек көрсету;

3. Озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеу, үйрену, ендіру;

4. Мұғалімдердің әдістемелік шеберлігін, кәсіби деңгейін арттыру арқылы сапалы білімге қол жеткізу;

5. Ерекше қабілетті оқушыларды анықтап, қабілетіне қарай шығармашылыққа баулу;

6. Үлгерімі төмен оқушылармен үздіксіз жұмыс жүргізу;
Жалпы білім беру және кәсіптік техникалық пәндер» бірлестігіне 6 мамандық бойынша оқу топтары кіреді: Құқықтану, Бастауыш білім беру, Мектептке дейінгі білім беру және тәрбилеу, Қаржы, Есеп және аудит, Экология және табиғатты қорғау қызметі.

Осы мамандықтар бойынша бірлестікке қарасты дәріс беретін оқытушылар саны -19:
1. Таңатаров Жанұзақ Әбілдаұлы

2. Баязитова Аккениш Такишевна

3. Абильдаев Мейрамбек Токмырзаевич

4. Алибеков Карпат Кикбаевич

5. Бекмухамедов Бақытжан Уразбаевич

6. Сайлыбаева Алтынай Бакытжановна

7. Танатаров Данияр Жанұзақұлы

8. Оспанова Гүлнар Өтепбергенқызы

9. Омарова Фариза Қалдыбекқызы

10. Утешова Мира

11. Қосжанова Айнур Сатыбаевна

12. Таңатаров Бағлан Жанұзақұлы

13. Шахатова Ұлмекен Бишенбекқызы

14. Биликбаева Ирисхол

15. Абишева Ляззат Тортаевна

16. Тәкішева Ботакөз Олжаханқызы

17. Серікбол Нұрдаулет Махашұлы

18. Әбду Нұрсұлтан Жарқынбекқлы

19. Ыбыраева Гүлзада
Жоғарыда аталған мамандықтар бойынша 8 оқу топтары бар. барлық оқу топтарына жетекшілер тағайындалып, аудиториялар бекітілген.


Оқу жылының басында барлығы колледж бойынша бірлестікке қарасты күндізгі білім алушылар контигенті 139 адамды құрады.

Күндізгі оқу бөлімі бойынша:

- мемлекттік тапсырыс бойынща оқитын топтарда барлығы 40 студент (барлығы -2 оқу тобы: ЭК-27-9, ЭК-28-9

- келісім-шарт негізінде оқитын топтарда -75 студент (барлығы -5 оқу тобы: БС-26-9, ЭК-27-9, Қ-27-9, БС-27-9, МД-19-9

Оқу жылының басынан оқу үдерісінің жоспары бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.

Қыркүйек айынан бастап бірлестікке қарасты оқытушылар пәндер бойынша типтік бағдарламаларға сәйкес жұмыс оқу бағдарламаларын, күндізбелік тақырыптық жоспарларын жасап бекітуге ұсынды. Әр сабақ сайын оқытушылар сабақ жоспарларын жасап, бекітіп жүр.
Мамандықтар бойынша пән апталықтарының өтілу жоспары

Мақсаты: Дәстүрлі және жаңа технологияларды сабақтастыру арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру және өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі, жан- жақты тұлғаны тәрбиелеу.




Пән апталықтары

Мерзімі

Жауапты

1

«Тілдер» апталығы

07.12.2019ж
29.11.2019ж

30.11.2019ж

Құдайбергенова К+ ащык

Әбдіразаққызы А

Утешова М

2

«Өзін-өзі тану» апталығы

03.12.2019ж

Әлиева Н

3

«Математика және информатика»апталығы

07.12.2019ж

Өткелбаева Қ

4

«Тарих және құқық» апталығы

12.12.2019ж

Ыбраева Г


5

«Педагогика» апталығы

02.03-07.02.20ж

Қосжанова А

Оспанова Г

6

«Экономика, есеп және аудит» апталығы

16.03.-21.03.20ж

Тәкішева Б

Сайлыбаева А

Абишева Л

Абильдаев М

7

«Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық» апталығы

13.04.-18.04.20ж

Шакиев Б 2раза

Әбду Н

Серікбол Н

Қыркүйек айында әдістемелік бірлестік отырысы болып, күн тәртібіндегі сұрақ бойынша гуманитарлық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспары құрылып және сабақтардың күнтізбелік жоспары бекітілді.



5-қыркүйек күні "Мемлекеттік тіл-менім тілім атты Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен ток-шоуға МД-19-9, БС-27-9 және Н-28-9 оқу топтарының белсенді студенттерімен қатысып, алғыс хаттарымен марапатталды жетекшісі Әлиева Назерке.

13-қыркүйек Тіл мерекесіне арналған "Тілім менің-баға жетпес байлығым" тақырыбында КМ-19-9 оқу тобында ашық сабақ өткіздім.

Тәрбие сағаты қазақ тілінің мәртебесі, үш тілдік аясында өрбіді.

Оқушылар тілге байланысты нақыл сөздер, қанатты сөздер мен өлендер оқыды. Мұғалім тілге деген құрмет отбасынан басталуы керектігіне баса наза аударды. Сабақ барысында ҚР мемлекеттінің Әнұраны орындалып, ҚР рәміздерінің шығу тарихина тоқталды. Ашық сабақтың сценарий мен хаттамасы тапсырылды.

22 қыркүйек аралығында «Тілдер айлығы» шеңберінде өткізілетін «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбындағы іс-шаралардың жоспары құрылып, мемлекеттік тіл мәртебесін арттырып, қолданысын кеңейту мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Колледждегі тіл пәндерінен (қазақ, орыс, ағылшын) сабақ беретін мұғалімдер Тілесова. А., Құдайбергенова К, Утешова М. оқушыларға арнап әртүрлі іс-шаралар өткізді.

«Бір ел – бір кітап» акция шеңберінде Ә. Тіжібаев атындағы кітапханасында дөңгелек үстел және І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы бойынша кітап көрмесі өткізілді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлиева Н оку тобы КМ-27-9 студенттер Ә. Тіжібаев атындағы кітапханасында мінерлеп оқу «Мұқағали оқуларын» ұйымдастырып, өткізді.

Сайысты өткізудегі мақсаты ақиық ақынның өлеңдерін насихаттау, сөзден түйін түйетін ақынның жыр маржандарына оқушылардың ынта – жігерін арттыру болып табылады. Сайыскерлер өздерінің дайындап келген өлеңдерін мәнерлеп айтып шықты.

Ақын туралы сұрақ – жауап, көз көргендердің естеліктері мен сөздері жайлы өз ойларын ортаға салды. Сайыс өте қызықты өтті, балалар да өздерінің тапқырлығымен, шапшаңдығымен көзге түсті.

«Тілдер апталығы» аясында ағылшын тілі мұғалімі ашық сабақ И-19-9 оқушылардың арасында өткізді. Ашық сабақ барысында 20 оқушы қатысып, топқа бөлінді. Сабақ 4 кезеңнен тұрды. сабақта оқушылар шет тіл пәндері бойынша өз білім - біліктерін сарапқа салды.

Оқушылардың жан-жақты білім танымдылықтары арқылы ізденіс, талпыныс мүмкіндіктері көрінді.

Тіл пәндері мұғалімдері бірігіп, И-19-9 оқушылары арасында орыс тілінің грамматикасына, тарихына байланысты лингвистикалық викториналарды ұйымдастырып, өткізді.


Апталық соңында «Ана тіліңді құрметте» атты әдеби кеш өткізілді.

Апталыққа оқушылар белсене қатысып, тілдің құдіретін танып, тұлғалық құзыреттіліктерін шыңдай білді. Жүргізілген іс-шаралардың білімділік, тәрбиелік мәні жоғары болды.

"Білімді ел-мәңгілік ел" атты мақаласы кәсіптік білім көкжиегіне жарияланды.

"Мемлекеттік тіл менің тілім" атты тілдер мерекесіне арналған мақаласы кәсіптік білім көкжиегіне жарияланды.

Ә. Тәжибаев кітапханасында "Аты тұлғаның әдеби жылы атты Б.Майлиннің 125 жылдығына арналған әдеби кешке колледждің белсенді студенттері қатысып, алғыс хаттармен марапатталды.

"Ақынның қаланы, адалдық қаланы" атты облыстық жас ақындар мүшәйрасына 5 студенттеріміз қатысып, 3 студенттің өлеңдері жинаққа еніп, 1 курстың студенті Байзакова Жұлдыз ІІІ орын алды.

Абылайхан атындағы жоғары қазан айының ішінде "Мәнгілік елдің ұлы Абайы" атты жас ақындар мүшәйрасы өтті. Біздің колледжден үш І курс студенттері қатысып. Құрманғазыұлы Мақсат І дипломмен марапатталды жетекшісі Әлиева Назерке.

Құдайбергенова К.Т. Базар жырау мен Тұрмағанбет Ізтілеуов шығармаларындағы әдеби бейне // "Жастар-білім, ғылым, қоғамның қозғаушы күші". Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағы.-Талдықорған:-25-26 қазан, 2019.-Б.154-161. Конференция жинағына 1 мақала басылып шықты.

Еліміздің Жас жеткіншектерін оқытып, тәрбилеу жолында сіңірген еңбегі және білім саласын дамытуға қосқан ерекше үлесі Қызылорда облысының білім басқармасынан колледжіміздің құрылтайшысы, экономика ғылымдарының кандидаты Баязитова Ақкеніш Тәкішқызы, сонымен қатар оқытушыларымыз Естаева Б, Бегайдар С, құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар, алғыс хаттармен колледжінің оқытушылары Таңатаров Д.Ж, Әлиева Н.Т, Төлен Н.С, Уткелбаева Қ.К, Оразаев Қ.Ж, Сайлыбаева А.Б, Әбду Н.Ж, Шахатова Ұ.Б мапрапатталды.

Енді қараша айында білім беру мазмұнын жаңарту аясында жаңа технологияларды қолдана отырып ашық сабақтар өткізілетін болады.

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасында "Үштілділікті насихаттау" мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында 2019 жылдың 1-қарашасында орыс тілін меңгерген дарында жастарды анықтау мақсатында "ОЙ-САНА" облыстық байқауы болып өтті.

Колледжінен екі студент КМ-28-9 оқу тобының студенті Шайхиева Дильназ бен ЭКО-19-11 оқу тобының студенті Дәлі Медет қатысты, жетекшісі Құдайбергенова Күнімжан Тыныштықбекқызы.

Облыстық жоба "Болашақ университетінде 2019 жылдың 1-қарашасында бастығының Алғыс хатымен марапатталды.


Республикалық "WorldSkills Kazahstan-2019" ұлттық чемпионатына облыстық кезеңінің І-ші жүлделі орынды алған Кондитер ісі құзыреттілігі бойынша Қонысбаева Аружан Астана қаласында өтетін халықаралық деңгейлегі Ұлттық чемпионатқа жолдама алды.

Осы Астана қаласында болып өткен халықаралық деңгейдегі"WorldSkills Kazahstan-2019" ұлттық чемпионатына қатысушыларды жоғары деңгейде даярлауға қосқан ерекше үлесі үшін оқытушы Естаева Бахыт Муханбетжановна марапатталды.

29 қараша күні Абылайхан колледжінде болған семинарда БС-27-9 оқу тобының студентті Жұмат Әсем "Түркі әлемінің рухани көшбашысы-Н.Ә.Назарбаев атты 1 желтоқсан Тұнғыш Президент күніне арналған өз баяндамасын оқыды. Алғыс хатпен марапатталды жетекшісі Әлиева Назерке.

Облыс бойынша жиырма техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының арасында болып өткен "Үздік топ жетекшісі"-2019 облыстық байқауында колледжіміздің оқытушысы, филология ғылымының магистрі, докторант Құдайбергенова Күнімжан Тыныштықбекқызы жүлделі 2-ші орынды иеленді.

ҚР-ның тәуелсіздік күніне орай, Білім басқармасының кубогы үшін Білім саласының қызметкерлері арасында облыстық турнирде "КГЭК" футбол құрамасы 5 дүркін чемпионат атанды. Сонымен қатар осы жарыста оқытушы Кеңесов Нұрсұлтан Оспанұлы "Үздік мерген ойыншы" деген номинацияны жеңіп алды.

Нұр Отан мен Жас отан партиясы ұйымдастырған "Үздік Жастар Комитеті-2019ж" атты облыстық байқауына белсене қатысқаны үшін Қызылорда гуманитарлық-экономикалық колледжі марапатталды және Жастар жылы аясында атқарған еңбегі мен КГЭК-тің дамуына қосқан үлесі үшін оқытушы Әлиева Назерке Тахирқызы марапатталды.

Бірлестіктің ҒЗЖ ұйымдастыру шаралары
1. Оқу жылына бірлестік оқытушыларының ұйымдастыруымен ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыру және өткізу.

2. Бірлестік оқытушыларының республикалық, халықаралық, облыстық, деңгейлердегі конференцияларға қатысып, баяндамалар жасауын қадағалау және ұйымдастыру.

3. Бірлестік оқытушыларының шаруашылық келісім шарт негізінде жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жобаларының орындалу барысын ұйымдастыру, қадағалау.

4. Бірлестік мамандықтары бойынша студенттердің дипломдық жұмыстарына жетекшілік жасау.

5. Бірлестік мамандықтары бойынша студенттердің курстык жұмыстарына жетекшілік жасау.
Түрлі конкурстарға, көрмелерге, конференцияларға қатысып медаль, диплом, алғыс хаттарға, премияларға ие болған оқытушылар тізімі