Файл: Абай облысыны денсаулы сатау басармасыны Дйсенбі алматаев атындаы мемлекеттік жоары медицина колледжі шж кмк саба жоспары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.04.2024

Просмотров: 16

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының

«Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік

жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК



Сабақ жоспары

(тәжірибелік оқыту)

Тақырып: Науқасты стационарға қабылдау.Триаж жүйесі

 Модуль /пән атауы: «Мейіргер ісі негіздері»
Дайындаған педагог__Әділбек Назерке Маратқызы

  

2023 жыл

1.Жалпы мәліметтер

      Курс ІІ, 2022-2023 оқу жылы, топ 2 мейіргер ісі

      Сабақ типі: аралас

Сабақ типі: симуляция

2. Сабақтың мақсаты: Беріліп отырған тақырыпты мемлекеттік стандартқа сәйкес оқу бағдарлама негізінде білім алушылардың білімін дамытуда және дағдыны оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып қалыптастыру, пациенттің қауіпсіздігіне арналған клиникалық мейіргерлік күтім пәні бойынша алған білімдерін жетілдіру, білім алушыларға клиникалық ойлауды дамыту.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Қабылдау бөлімінің жұмысын ұйымдастыруды білу және игеру.

Дамытушылық: Анатомия, физиология, латын тілі ,фармакология,терапия пәндері бойынша оқушылардың білімдерін терең дамыту, бекіту, оны мейірбике ісі негіздері тақырыптармен байланыстыра отырып, оқушының логикалық ойлау қабілетін жетілдіріп, ой-өрісін кеңейту.

Тәрбиелік:Оқушының пәнғе қызығушылығын арттыру. Оларда медицина қызметкерлеріне сай тазалық, ұқыптылық, әдептілік, адамгершілік, жауапкершілік, қайырымдылық сияқты қасиеттерін қалыптастыру.
2.1 Сабақтың өзектілігі және себептілігі. Пациенттердің триажын жүзеге асыру үшін қабылдау бөлімшесінің қызметкерлері өмірге қауіп төндіретін жай-күйлер ұғымымен және медициналық көмек көрсетудің басым деңгейлерімен таныс болуы және триажды схема бойынша жүргізуі тиіс.
Сабақ оқу барысында білім алушылар меңгеретін кәсіби шеберлік және күтілетін нәтижелер тізімі.

Студент білуі керек:

Қабылдау бөлімінің құрылымы мен функциялары.

Қабылдау бөлімшесінің мейірбикесінің лауазымдық міндеттері.

Қабылдау бөлімінің медбикесінің жұмысын ұйымдастыру.

Қабылдау бөлімі мейірбикесінің этикасы мен деонтологиясының ерекшеліктері.

Науқастарды ауруханаға жатқызу жолдары


Пациенттерді қабылдау бөлімшесіне қабылдау қағидалары мен тәртібі. Антропометриялық өлшеулер туралы түсінік;

Епм қабылдау бөлімшесінің медициналық құжаттамасының нысандары.

КМИС бойынша құжаттама жүргізу ережелері.

Студент істей алу керек:

Науқастың жағдайын бағалау.

Триаж зардап шеккендер мен науқастарды бөлу.

Қабылдау бөлімінде болған алғашқы сағаттарда науқастың проблемаларын анықтаңыз.

Пациенттерді қабылдау тәртібін (кезектілігін) айқындау.

Қабылдау бөлімінде КМИС бойынша құжаттама жүргізу ережелері.

Антропометрия дағдыларын орындаңыз: өлшеу, биіктігін анықтау, кеуде шеңбері.

Науқастың терісі мен шаштарын тексеру.

- педикулез анықталған кезде санитарлық өңдеу жүргізу.

науқасты санитарлық тексеру: толық (ванна, душ), ішінара (жуу, сүрту)., шаш пен тырнақты кесу, қырыну.

-пациентті емдеу бөлімшесіне тасымалдау принциптері: кресло-каталка, каталка, зембіл, қол, лифт, өз бетінше.

- науқасты төсектен зембілге (домалақ) ауыстыру.

- науқасты домалақ орындыққа отырғызыңыз.

Қажетті ресурстар: оқу әдістемелік кешен, клеенка, жаялық, қолғап, суға арналған ыдыс, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, дәке тампондары, лоток, пинцет, қайшы, сүлгі, су сабын, крем, педикулез жиынтығы, қауіпсіз жаюға арналған контейнер, медициналық құжаттар,қырындыруға арналған жиынтық.

Оқытушы мен білім алушыларға арналған әдебиеттер: Т.П.Обуховец «Мейіргер ісі негіздер»і 2010ж.; Мухина С.А.Терновская И.И. «Практическое руководство к предмету», «Основы сестринского дела» 2002г.; М.Ш. Нурманова «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жиынтығы.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру сәті – 3 мин.

  2. Сабақтың тақырыбымен, жоспарымен, мақсатымен таныстыру – 5 мин.

  3. Жекелеп сұрау – 25 мин.

  4. Білім алушылармен тақырыпты талдау – 20 мин.

  5. Тәжірибелік дағдыларды игеру – 90 минут

  6. Тест сұрақтарын шешу – 15 мин.

  7. Тәжірибелік дағдыларды бағалау – 90 минут

  8. Тапсырма сұрақтарына жауап беру – 15 мин

  9. Сабақты қорытындылау – 5 мин.

  10. Үй тапсырмасы –2 мин.


Сабақтың кезеңдерін құрастырудың технологиялық

Картасы




Сабақ бөлімдерінің атауы

Уақыт

1

Ұйымдастыру кезеңі

3 мин

2

Сабақтың тақырыбымен, жоспарымен, мақсатымен таныстыру

5 мин

3

Жекелеп сұрау

25 мин

4

Білім алушылармен тақырыпты талдау

20 мин

5

Тәжірибелік дағдыларды игеру

90 мин

6

Тест сұрақтарын шешу

15 мин.

7

Тәжірибелік дағдыларды бағалау

90 мин

8

Тапсырма сұрақтарына жауап беру

15 мин

9

Сабақты қорытындылау

5 мин

10

Үй тапсырмасы

2 мин




Барлығы

270 мин



     

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, білім алушылардың сабаққа қатынасын тексеріп шығу, кезекшімен сұхбат, сабаққа әзірліктерін қарау.

Оқытушының кіріспе сөзі.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарына шолу: Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, жоспарымен, мақсатымен таныстыру. Қабылдау бөлімшесі сырқатты тексеріп көру үшін дәрігерлік алдын ала тексеру кабинетінен, санитарлық өткізу бөлмесінен, тіркеу, жұқпалы ауруы бар-жоғын анықтайтын оқшаулағыш бөлмеден , сырқат диагнозы анықталғанша болатын диагностикалық палаталардан тұрады. Бұл палаталар біршама бөлек орналастырылады және олардың санитарлық топтары бөлек болады. Ірі ауруханалардың қабылдау бөлімшелерінде операциялық, травматологиялық, манипуляциялық және рентген кабинеттері бар. Қабылдау бөлімшесінің жұмысы белгілі бірізділікпен жүргізіледі: сырқатты тіркеу, дәрігерлік алдын ала тексеру, санитарлық жуып-шаю. Қабылдау бөлімшесі де осы тәртәппен орналасуы тиіс. Сондықтан, бүгінгі сабақты толық меңгеруі қажет.
Білімнің негізін өзектілеу. Үй тапсырмасын тексеру.

Фронталды сұрау

1.Сұрақ: Қабылдау бөлімі дегеніміз?

Жауап: сырқатты қабылдауға, тексеруге және санитарлық-гигиеналық жуып шаюға арналған бөлім.

2.Сұрақ: Қабылдау бөлімінің түрлері?

Жауап:орталықтандырылған және орталықтандырылмаған.

3.Сұрақ: Қабылдау бөлімшесінің негізгі міндеттері?

Жауап: 1)науқастарды қабылдау және тіркеу; 2)Науқастарды қарау, алғашқы тексеруден өткізу және диогностика жүргізу; 3)Жаңадан түскен науқастарды санитарлық – гигиеналық тазалаудан өткізу; 4)Жоғары білікті медициналық көмек көрсету;5) Науқастарды аурухананың емдеу бөлімшелеріне тасымалдау.

4.Сұрақ: Қабылдау бөлімшесінің құрылысы?

Жауап: 1) күту залы;

  1. тіркеу бөлімшесі;

  2. бір немесе бірнеше қарау бөлмесі;

  3. егу бөлімшесі;

  4. таңу бөлімшесі

  5. изолятор;

  6. санпропускник;

  7. рентген бөлімшесі;

  8. зертхана;

  9. санитарлық торап;

5.Сұрақ: Күту залы дегеніміз не?

Жауап: жүре алатын науқастарға және олардың туыстарына арналған бөлім.

6.Сұрақ: Тіркеу бөлмесі дегеніміз?

Жауап: кезекші мейірбикенің бөлмесі.

7.Сұрақ: Науқастардың ауруханаға түсу жолдары?

Жауап: 1. Жедел жәрдем көлігімен.

2. Емхананың учаскелік дәрігерінің жолдамасымен.


3. Басқа емдеу және профилактикалық мекемелерден.

4. Өздігінен

8.Сұрақ: Жедел жәрдем көлігімен қандай науқастар түседі?

Жауап: қатты ауырған немесе созылмалы аурудың асқынуы, кездейсоқ жағдайда түскен немесе ауыр жарақат алған науқастарды аурахана ішінде жоғары дәрежедегі шұғыл емдеуді қажет ететін үшін жеткізеді.

9.Сұрақ: Алфавит кітабін толтыру ережесі?

Жауап: науқастың аты-жөні, туылған жылы, түскен күні, науқас жіберілген бөлімше толтырылуы қажет

Бастапқы білім деңгейінің қорытындысы.

Әрбір білім алушының жауабының толығына, сауаттылығына, ойлау қабілетіне көңіл бөліп, жеке – жеке бағалау.

Тәжірибелік дағдыларды орындауға арналған нұсқаулық

(тәжірибелік дағдыны түсіндіру және көрсету) презентация арқылы.

Оқытушы фантомға еңгізу тәсілін көрсетеді. Оқытушы тәжірибелік дағдыларды көрсету барысында мұқият бақылау, тәжірибелік сабаққа арналған оқулықпен салыстыру керек. Тәжірибелік дағдыларды орындау барысында оқытушыға сұрақ қою.

Тәжірибелік дағдының тізімі:

Науқастың жағдайын бағалау. Т

риаж зардап шеккендер мен науқастарды бөлу.

Қабылдау бөлімінде болған алғашқы сағаттарда науқастың проблемаларын анықтаңыз.

Пациенттерді қабылдау тәртібін (кезектілігін) айқындау.

Қабылдау бөлімінде КМИС бойынша құжаттама жүргізу ережелері.

Антропометрия дағдыларын орындаңыз: өлшеу, биіктігін анықтау, кеуде шеңбері.

Науқастың терісі мен шаштарын тексеру.

- педикулез анықталған кезде санитарлық өңдеу жүргізу.

науқасты санитарлық тексеру: толық (ванна, душ), ішінара (жуу, сүрту)., шаш пен тырнақты кесу, қырыну.

-пациентті емдеу бөлімшесіне тасымалдау принциптері: кресло-каталка, каталка, зембіл, қол, лифт, өз бетінше.

- науқасты төсектен зембілге (домалақ) ауыстыру.

- науқасты домалақ орындыққа отырғызыңыз.

Өзіндік жұмысты орындауға арналған әдістемелік белгілер.

Оқу – әдістемелік құжаттармен және осы тақырыпқа арналған керекті материалдармен танысу. Тәжірибелік дағдыларды орындауға арналған жұмыс орнын, муляждарды және фантомдарды дайындау.

Клиникалық оқыту барысындағы жаттығу. Өздік жұмыстар

Клиникалық оқытушының тәжірибелік дағдыларды тақырып бойынша алгоритімді орындау, жаттықтыру. Тәжірибелік дағдыларды орындау барысында бір-біріне және муляждарға орындап жаттығу. Оқытушы тәжирібелік дағдыларды бақылай отырып, қателіктерін дұрыстап отырады. Құралдарды тазарту.

Шеберлік пен дағдыны бекітуге арналған тапсырмаларды орындау.

Тәжірибелік дағдыларды фантомдарға орындау. Тақырып бойынша манипуляцияларды игеру.
Дағдыны орындаудағы қорытынды бақылау.

Оқушыларды тәжірибелік дағдылар бойынша сұрау, муляжда стандартқа сәйкес манипуляцияны көрсету, әрбір оқушыны бағалай отырып манипуляцияны дұрыс жасағанына, қатесіз жауап бергеніне қарай баға қою. Сабақтың тақырыбына сәйкес оқытушы қорытынды жасайды.
Тақырыпты бекіту, тапсырма және тест сұрақтарын шешу.

Тапсырма 10 сұрақтан тұрады. Тест сұрақтары 2 нұсқадан тұрады. Әрбір нұсқада 15 сұрақтан.
Білім алушылардың білімдерін бағалау .

Әрбір білім алушының жауабының толықтығына, сауаттылығына, ойлау қабілетіне көңіл бөліп, 4 түрде бағалау: ауызша, дағдыларды сұрау, тест, тапсырма.

Үй тапсырмасы: Науқастың жеке бас гигиенасы. Науқасқа күтім жасаудың негізгі принциптері.

Жұмыс орнын жинастыру.
Науқастарды стационарға қабылдау

Триаж жүйесі

Қабылдау бөлімі – науқастардың санитарлы – гигиеналық тазалығын қарауға, тіркеуге арналған стационардың бөлігі болып табылады. Қабылдау бөлімінде біріншілік диагностика, бірінші медициналық көмек көрсетіледі. Қабылдау бөлмесі аурухананың құрылыстық жоспарына байланысты орналасады. Орталықтанған қабылдау бөлмесі аурухананың барлық бөлімшелерімен бір ғимаратта орналасады. Орталықтанбаған қабылдау бөлмесі жеке орналасады, яғни әр бөлімшеде жеке өзінің қабылдау бөлмідері болады. Қабылдау бөлімі қарау кабинетінен тұрады,мұнда науқастарды карау, тіркеу жүргізіледі. Сондай – ақ жұқпалы аурулары бар күдікті науқастарды орналастыратын изолятор палаталары болады, диагностикалық палаталар болады, мұнда нақты диагнозын анықтағанша науқастар жатады. Бұл палаталардың ерекшелігі, олардың жеке санузелдары болады. Әр қабылдау бөлімінде жеткілікті түрде каталкалар мен зембілдер болуы керек. Қабалдау бөлімінің жұмысы қатаң түрде мынадай кезекпен жүреді: науқастарды тіркеу, дәрігерлік қарау, санитарлық өңдеу, тасымалдау.

Науқастар ауруханаға жоспарлы және жедел түрде түсуі мүмкін: *жоспарлы түрде келген науқастар – жолдамамен келгендер. *Жедел түрде түскендер– жедел жәрдем машинасымен, өздігінен келгендер.
Қабылдау бөлімшесінің құрылысы.

1.Күту бөлімі – науқастарға, оларды әкелген адамдарға арналған. Бұл жерде кресло, орындықтардың жеткілікті саны, аурухананың анықтама қызметкерлердің телефоны болуға тиіс.