Файл: Абай облысыны денсаулы сатау басармасыны Дйсенбі алматаев атындаы мемлекеттік жоары медицина колледжі шж кмк саба жоспары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.04.2024

Просмотров: 17

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


2.Кезекші мейірбикенің кабинеті – бұл жерде жаңадан келген науқастардың тіркелуі,қажетті құжаттардың толтыруы өткізіледі

3.Қарау кабинеті – (терапевт, хирург, гинеколог) дәрігерлерімен науқастарды қарауға арналған.

4.Процедуралық кабинет

5.Жараны таңатын кіші операциялық бөлме

6.Санитарлық өткізгіш – науқастарды санитарлық өңдеуге арналған бөлме.

7.Оңашалайтын бөлме – бөлек дәретханасы бар, диагноздары анықталмаған науқастарға арналған бөлме.

8.Рентген кабинеті.

9.Зертхана.

10.Дәретхана.
Қабылдау бөліміндегі мейірбикенің міндеті.

1.Түскен науқасқа құжат толтыру.

2. Науқасты педикулезға және жұқпалы аурулардың бар жоғын тексеру.

3. Дәрігер кабинетіне науқасты шығарып салу.

4. Санитарлы – гигиенадық өңдеулер жүргізу.

5. Науқасты бөлімшеге тасымалдау.
Түскен науқастардың құжаттарын толтыру кезінде ауру тарихының паспорттық бөлімінен басталады, толық аты – жөні, жасы, жынысы, мекен – жайы, мамандығы және түскен уақыты жазылады. Егер қабылдау бөліміне науқас ауыр немесе ессіз жағдайда түссе, науқас туралы мәліметтерді науқаспен келген кісілерден сүрастырып алады. Сол науқасты жедел түрде мамандырылған медициналық көмек көрсететін арнайы емдеу бөліміне жеткізеді. Науқастың киімдері стационарлы бөлімнің гардеробына өткізіледі. Жалпы ауруханаға түскен науқасты мейірбике дененің шаштын бөліктерін педикулезға тексереді және жұқпалы аурулары бар жоғын анықтау үшін терісін тексереді.

Қабылдау бөліміндегі санитарлық – эпидемиялық тәртіп: Әрбір ауруханаға түскен науқастың терісін, тамағын, дене температурасын мейірбике міндетті түрде жұқпалы аурулар белгілеріне тексеру керек. Тамағын көруге шпательді қолдану керек, қолданған шпательді 1% лизоформин ерітіндісіне бір сағатқа салып қойып, термометрді 1% лизоформин ерітіндісіне 15 минутқа салып, науқасты жатқызған кушетканы 1% лизоформин ерітіндісімен екі қайтара 15 минут үзілісімен сүртіп алу қажет. Тексеріп болғаннан соң қолды сабындап жуып, жеке сүлгімен сүртіп, сүлгіні тәулігіне бір рет ауыстырып отыру. Аурухана ішіндегі инфекцияның алдын алу мақсатында науқастарды санитарлық тазалаудан өткізу керек. Арнайы санитарлық тазалауды өз бөлмесінде жүргізу керек, оның бірнеше түрі болуы мүмкін: толық ванна, жартылай ванна, жекелеген мүшелерді жуу.

Қабылдау бөлімшесінің санитарлық- эпидемиологиялық тәртібі .
Мақсаты: Жұқпалы аурулардың алдын алу

Әзірле: Дезинфекцилаушы ерітінділер, шүберектер, қақпақпен таңбаланған ыдыс


  1. Жұқпалы ауруға күдікті науқастарды дер кезіде анықтау үшін қабылдау бөлімшесіне түсетін барлық науқастарды дәрігер қарап шығады.

  2. Осы мақсатпен науқастардың тері қабаттары, жұтқыншағы қаралады, дене температурасы өлшенеді. Қарауға арналған пайдаланатын медициналық аспаптарын бір дезинфекциялаушы ерітіндісіне батырады. Дезинфекциялаушы ерітіндінің ыдысын таңбалайды.

  3. Науқастың қарауын медициналық клеенка немесе полиэтилен клеенкасымен жабылған кушетканың үстінде өткізеді. Әрбір науқасты тексергеннен кейін, клеенканы дезинфекциялаушы препарттың ерітіндісімен суланған шүберепен сүртеді. Соған арналған қақпақпен таңбаланған ыдыс, шүберек және дезинфекциялаушы ерітіндісі болуы қажет.

  4. Қабылдау бөлімшесінде науқастарды педикулезге қарау қажет. Педикулезді анықтаған уақытта науқас, ғимарат және науқас қатынасқан заттар арнайы өңдеуге жатады. Педикулезді анықтаған әрбәр науқас туралы, оның мекен – жайын санитарлық – эпидемиологиялық станциясына хабарлайды, ауру-тарихына сәйкестілік белгілеуді қояды. Науқасты тазарту өткізгеннен кейін бөлімшеде бақылауда қалдырады, 10 күннен кейін қайта өңдейді.

  5. Науқас қабылдау бөлімшесінде толық санитарлық өңдеуден өтеді, сусепкіш немесе ваннаны қабылдайды (дәрігердің нұсқауы бойынша) тырнағын алады, т.б. Жуыну үшін науқас заласыздандырылған жөкені алады немесе үйінен әкелген жөкесін пайдаланады .

  6. Санитарлық өңдеу арнайлы бөлінген ғимартта өткізіледі. Сол ғимаратта сырттан келушілерге өткізу жүйесі сақталуы тиіс, себебі науқастардың қарсы келе жатқан тасқыншыларды болдыртпау.

  7. Санитарлық өңдеуден өткеннен кейін, науқас аурухананың таза іш киімін, халат (пижама) тәпішкесін алады. Емдеу мекемесі бас дәрігердің рұқсаты бойынша науқасқа өзінің іш киімін , тәпішкесін пайдалануға болады, оны ауыстыру бөлімшесінің кестесі бойынша өткізіледі.

  8. Жұқпалы ауруына кұдікті науқасты анықтаған жағдайда оны жедел оңашалайды және жұқпалы аурулар бөлімшесіне ауыстырады.

  9. Науқас болған ғимаратты, жихазды, заттырын, дезинфекциялайды. Дезинфекцияны қортынды түрінде жүргізеді .

  10. Жұқпалы аурулар немесе оған күдікті науқасты эвакуациясына арналған көлікті дезинфекциялаушы ерітіндінің біреуімен заласыздандырады.

  11. Ауруханаға жатқызылған науқастардың киімін және аяқ киімін арнайы қаптың ішіне салады, қаптарға науқастардың тегі жазылған бирканы қысырады. Қаптарды арнайы бөлінген ғимарат сөрелерінде сақтайды.



Науқастарды ауруханаға қабылдау тәртібі .

Мақсаты: Жұқпалы ауруларды өткізбес және таратпас үшін .

Көрсеткіш: Науқастарды жатқызу

  1. Күтетін нәтиже

  2. Мүмкін болу инфекция көзін анықтау .

Керекті жағдайлар :

  • Қабылдау бөлімінің әр түрлі орналасуы .

  • Ауруды қабылдауға арналған жеке есік.

  • Қабылдау бөлімін жоспарлағанда науқастар бір – бірімен кездеспеу керек

  • Қабылдау бөлімінің аумағы ауырғаның төсегінің санымен аурухананың түріне байланысты болу керек .

Іс-әрекет алгоритмі :

  1. Пациенттерді ерекше тәртіппен қабылдау.

  • Тіркеу

  • Дәрігердің қарауы.

  • Санитарлық тазарту жүргізу.

  1. Алдын – алу жағдайларын орындау.

  • Науқастарды жеке қабылдау

  • Эпидемиологиялық анамнезді жұқпалы аурулармен қарым-қатынаста болғанын аурып кеткен жұқпалы аурумен, басқа жақта болып келегенін нақтылы анықтап алу керек.

  • Науқасты педикулезге қарау.

  • Педикулез анықталса тазалық жүргізу.

  • Дәрігердің нұсқауы бойынша заттарды лабораториялық тексеруге алу.

  1. Қабылдау бөлімінде әрбір жатқызған науқасқа ашу керек (тіркеу)

  • Стационарлық ауру мед.карта

  • Стационардан шыққан статистикалық картасы

  • Науқасты қабылдау журналына мәлімет қондыру.

  • Мед.картаға педикулезбен санитарлық-эпидемиялық тіркелу орталығының номірін белгілеу.

  • Ауру тарихы ерекше белгілеп, гепатит В, С, ВИЧ-инфекциясын тасымалдаушымен күдікті топтарды тексеру бағытамаларын қондыру .

  1. Дәрігердің нұсқауымен жұқпалы ауруларға күдіктенсек немесе анықтасақ.

  • Тез арада науқасты жекелеу

  • Жұқпалы ауруларына аудару .

  • Алғашқы эпидемияға іс- әрекеттерді жүргізу.

ҚР ДСМ 2017 жылдың 3 шілдесіндегі «Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» № 450 бұйры  ғына сәйкес  ШЖҚ «Панфилов аудандық орталық ауруханасы» МКК   стационарлық көмек көрсететін қабылдау бөлімшесі тәулік бойы жедел және кезек күттірмейтін медициналық  көмек көрсетеді.

  Қабылдау бөлімшесі құрылымында келесідей бөлмелер бар:

- тіркеу бөлмесі;

- пациенттерді байқау, келіп түскен  сәтінен бастап емдеуге жатқызуға көрсетілімдері және болжамды диагнозы  анықталғанға дейінгі шұғыл көмек көрсету бөлмесі;

- триаж жүйесі бойынша медициналық іріктеу нәтижелері ескерілген функционалдық сырғытқылар орналасқан аймақ (қызыл, жасыл, сары түсті табан іздерінің суреті жапсырылған);


- манипуляциялық бөлме;

- тәуліктік зертхана, рентген, компьютерлік томография, телемедицина, ультрадыбыстық және эндоскопиялық диагностика бөлмелері мен басқа да зерттеулер жүргізіу аймағы;

- келіп түскен пациенттерді санитариялық өңдеуге арналған бөлме.

      Қарап-тексеру аймақтары төсекаралық төбеге арналған шымылдықтар арқылы бір-бірімен  бөлінген мобильдік функциялық сырғыттқылармен жарақтандырылған.

    Пациент қабылдау бөлімшесіне келіп түскен кезде мейірбике триаж жүйесі бойынша пациентке  медициналық іріктеу жүргізеді. Іріктеу нәтижесі бойынша пациент дәрігердің қарауына бөлімшенің  тиісті аймағына  жіберіледі. Пациенттің жағдайын  бағалау 60 секундтан аспайды. Бағалау аяқталғаннан кейін пациент арнайы іріктеу санатының түсімен белгіленіп, білегіне бирка  байланады.

    

  Медициналық іріктеуге сәйкес шартты түрде пациенттер 3 топқа бөлінеді:

      бірінші топ (жасыл аймақ) –медициналық көмекті аздап қажет ететін және одан әрі амбулаториялық емделу үшін үйіне жіберілген пациенттер және жоспарлы емдеуге жатқызылған пациенттер.

      екінші топ (сары аймақ) – қабылдау бөлімшесіндегі төсекте жатқан шұғыл немесе кезек күттірмейтін көмек көрсетуді қажет етпейтін (немесе қабылдау бөлімшесінде бірнеше сағатқа байқауға қалдырылған пациенттер), сондай-ақ диагнозын нақтылау мен саралауға қалдырылған пациенттер;

      үшінші топ (қызыл аймақ) – қабылдау бөлімшесінде шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуді қажет ететін пациенттер.

Стационарға емдеуге  жатқызуға көрсетілімдер болмаған жағдайда  медициналық  көмек көрсеткен маман емхананың   тіркеу  орнына  хабарласып, науқастың жағдайы және сол науқасқа телімдік дәрігердің бару қажеттігі туралы хабарлама береді.

Триажды өткізу ережелері.





1. Мақсаты: шұғыл тексеруді және терапияны қажет ететін пациенттерді Жылдам (шұғыл) сұрыптау, қажетті медициналық көмек көрсетудің жеделдік дәрежесі негізінде қабылдау бөлімшесіндегі пациенттер ағынын рационализациялау және реттеу және аурухананың қабылдау бөлімшесіне жүгінген пациенттердің триаж процесін стандарттау.