Файл: Абай облысыны денсаулы сатау басармасыны Дйсенбі алматаев атындаы мемлекеттік жоары медицина колледжі шж кмк саба жоспары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.04.2024

Просмотров: 20

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Қарсы көрсетілімдері: кез – келгенқан кету, науқастың халі ауыр жағдайы, қызба, жарақаттар, тері аурулары, жедел жұқпалы аурулар, миокард инфаркті, ми қан айналымының жедел бұзылуы.

Дайындаңыз: су термометрін, қайшыны, сүлгіні, жеке сабынды және жөкені, су сабынды, таза іш киімді, резеңке қолғаптарды, клеенкалы алжапқышты, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, аяққа арналған тіректі.
Іс – әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа алда болатын емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Клеенка алжапқышты тағып, қолғапты киіңіз.

  3. Шомылғыны алдымен салқын сумен, содан кейін оның көлемінің ортасына дейін ыстық сумен толтырыңыз, судың температурасы 350– 370С болуы керек.

  4. Науқастың шешінуіне көмектесіңіз.

  5. Науқасты артқы жағынан шынтақ астынан ұстап, аяқтарын тірегішке тіретіп, шомылғыға отырғызыңыз, ал судың деңгейі науқастың төс сүйегінің семсерше өскініне дейін жетіп тұруы керек.

  6. Егер науқас өз бетінше бұлауды ала алмайтын болса, жөкені қолдана отырып, келесі ретпен науқасты жуындырыңыз: басын, денесін, қолдарын, ішін, белін, аяқтарын, шат аймақтарын, бұт аралығын.

  7. Науқастың иығын сүлгімен жабыңыз және оған шомылғыдан шығуға көмектесіңіз (қажет болған жағдайда, көмекті екінші адаммен бірге көрсетіңіз).

  8. Науқасты тура сол ретпен сүртіңіз. Табиғи қатпарлар және саусақ аралықтары терісінің құрғақтығына көзіңізді жеткізіңіз.

  9. Науқастың қолының және аяғының тырнақтарын алыңыз.

  10. Науқасқа шашын тарауға, киімін және аяқ киімдерін киюге көмектесіңіз.

  11. Шомылғыдағы суды ағызыңыз және оны зарарсыздандыратын ерітіндімен тазартыңыз, ағын сумен жуыңыз.

  12. Қолданылған күтім заттарын, шомылғыны зарарсыздандырыңыз.

  13. Қолғаптарды шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз.


Ескерту:

  • бұлауды қабылдау уақыты – 25 минуттан артық емес;

  • бұлауды қабылдаған кезде, науқасты бақылаусыз қалдыруға болмайды, міндетті түрде оның сыртқы түрін және пульсін қадағалау қажет;

  • науқастың көңіл күиі нашарлаған жағдайда бұлау қабылдауды тоқтату керек, дәрігерді шақырып науқасқа алғашқы көмек көрсету қажет;

  • желдеткішті жабыңыз, шомылғы алдындағы еденге резеңке төсенішті (ағаштан жасалған тіреуді) салыңыз. Шомылғыны щеткамен мұқият және тазалайтын заттармен жуыңыз, зарарсыздандыратын ерітіндімен тазартыңыз;

  • толаған шомылғыды – су кіндікке жетеді.




Қолдағы тырнақты қиып алу




Мақсаты: қолдағы тырнақты алу.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

Дайындаңыз: ішінде жылы суы бар ыдысты, сабынды (сұйық), резеңке қолғаптарды, қолға арналған кремді, қайшыны, тістеуікті, егеуішті, лотокты, сүлгіні, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.

Іс – әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа алда тұрған емшараның қажеттілігі мен барысын түсіндіріңіз.

  2. Азғана сұйық сабын қосқан жылы суы бар ыдысты науқастың алдына қойыңыз.

  3. Науқастың қолынын саусақтарын 5 минутқа жылы сабынды суы бар ыдысқа салыңыз.

  4. №111 бұйрық бойынша қолыңызды тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

  5. Науқастың қолын сабынмен жуыңыз.

  6. Судан V саусақты шығарып алып, оны сүртіңіз және тырнақты тегіс сыртқы периметрі бойынша теріден 1 – 2 мм (0,5 см) қалдырып тиянақты алыңыз.

  7. Судан кезекпен саусақтарды шығарып, оларды сүлгімен сүртіп, тырнақты тиянақты алыңыз. Ал суда бір саусақ қалғанда, екінші қолдың саусақтарын салыңыз. Екінші қолдың саусақтарымен емшараны жүргізіңіз.

  8. Тырнақтарды егеуішпен және тістекуікпен өндеңіз.

  9. Науқастың қолына кремді жағыңыз.

  10. Пайдаланған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа, ал сүлгіні киімге арналған қапқа салыңыз.

  11. Қолыңызды жуып, сүлгімен кептіріңіз.



Аяқтағы тырнақты қиып алу




Мақсаты: аяқтағы тырнақты алу.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

Дайындаңыз: ішінде жылы суы бар ыдысты, сабынды (сұйық), резеңке қолғаптарды, қайшыны, тістеуікті, егеуішті, аяққа арналған кремді, лотокты, сүлгіні, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.
Іс – әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа алда болытын емшараның барысын түсіндіріңіз.

  2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

  3. Науқасты отырғызыңыз немесе оны кушеткаға жатқызыңыз.

  4. Азғана сұйық сабын қосқан жылы суы бар шылапшынға науқастың аяқ басын салыңыз.

  5. Науқастың аяқ басын судан кезекпен шығарып алыңыз. Оны сүртіп, сүлгіге орналастырып, аяғындағы тырнағын арнайы тістекуікпен немесе қайшымен тиянақты қиып алыңыз.

  6. Тырнақтарды егеуішпен және тістеуікпен өндеңіз.

  7. Науқастың аяқ басына және табанына крем жағыңыз.

  8. Қайшыны, тістеуікті, егеуішті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз, ал сүлгіні – киімге арналған қапқа салыңыз.

  9. Қолыңызды жуып, сүлгімен кептіріңіз.



Науқасты қырындыру
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

Қолдану көрсетілімдері: қалі ауыр жағдайдағы науқас.

Қарсы көрсетілімдері: беттің жарақаты.

Дайындаңыз: суға арналған ыдысты, компресс жасауға арналған салфетканы, сүлгіні, қырынуға арналған станокты, жаққышты, қауіпсіз ұстараны, қырынуға арналған сықпаны, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қолғаптарды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс – әрекет алгоритмі:


  1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғаптарды киіңіз.

  2. Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз.

  3. Үлкен салфетканы ыстық суға салып (400-500С) ылғалдатып, сығып оны науқастың бетіне 1 минутқа қойыңыз, сосын оны алыңыз.

  4. Науқастың бет терісіне қырынуға арналған сықпаны арнайы жаққыш көмегімен жағыңыз.

  5. Терісін тартыңқырап ұстараның бағытынан кері бағытқа жылжытып, науқасты қырындырыңыз.

  6. Науқастың бетін ылғалды салфеткамен сүртіңіз, сосын құрғақ қылып құрғатыңыз.

  7. Қырындырған заттарды зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз, қолғапты және салфеткаларды ҚЖАК салыңыз.

  8. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


Медициналық құжаттар және толтыру.



Маңызды медициналық құжаттардың бірі- ауру тарихы. Ол емдеу мекемелерде барлық кезінде пациентті бақылау кезіндегі нәтижелерін жазуға арналған. Ауру  тарихы стационарда пациентке, оның диагнозына, стационарда қанша уақыт болғанына байланысты маңызды құжаттардың бірі. Ауру тарихы Денсаулық минстрілігі бекіткен формалар бойынша негізгі бет және қосымша беттен тұратын арнайы бланк толтырылады. Ауру тарихының негізгі бетінде бірінші паспорт ақпараттары, диагноз, қай жерден жіберілгені туралы, түскен күні уақытымен жазылып тұрады. Қабылдау бөлімінің дәрігері науқас түскен кезден бастап оның зерттеу нәтижелерін ауру тарихына жазады. Бөлімшедегі дәрігер пациенттің анамезін- науқас туралы мәлеметтерді толық сұрап, жазып алады да күнделік арнап, оған зерттеу нәтижелерін, емдеу шараларын жазып жүреді. Ару тарихы эпикризбен және соңғы қойылған диагнозбен снақты емдеу шарасын жазумен аяқаталды. Ауру тарихына жазылған ақпараттарды жоюға, оны үстінен сызуға үстенен сәйкес келмейтін мәлеметтерді қосуға болмайды.


Амбулаториялық карта - емханада емделіп жатқан пациенттердің маңызды құжаттарының бірі. Ол құжатқа науқасты қабылдаған күннен бастап жағдайын, қазіргі кезіне дейін дәрігерге көрінген күндері жазылады. Егер науқас белгілі бір себептермен басқа қалаға немесе ауданға көшіп кеткен жағдай амбулаториялық картасы сол жерге жіберіледі. Мейірбеке қажет құжаттарды ұқыпты біріктіріп, есепте тұрған пациенттерді уақытында тексеріске шақырып отыру керек.

Пациентті ауруханаға қабылдау және ауруханаға қабылдамау журналы.

Ол журнал қабылдау бөлімінде болады, оны мейіргер толтырады. Ол жерге стационарға кім жібергендігі және қашан жіберілгендігі туралы жазылады және ауру тарихының номерін жазады. Егер науқас тамақтан улнаған болса немесе жұқпалы ауруды байқайтын болса мейіргер тез арада медициналық қызметтерге хабар беру керек. Бұл ауру анықаталған соң, сол маңайдағы СЭСке 12 сағаттың ішінде жіберіледі. Есептеу қағазына керует саны және келегн пациенттер саны туралы мәлемет жазылады. Алмастыру картасы науқастты стационарға жіберілгенде толтырады. Ол 3 бөлімнен тұрады: негізі емханада қалады, екінші бөліміне диагноз, зерттеулер нәтижелері жазылады, үшінші бөліміне дәрігер пациентті аруханадан шығарар кезінде өзі толтырады. Ауруханаға түскен науқастың тіркеу қартасына мейірбекек ауру тарихын толтырғандай жазып, пациентті ауруханадан шығарған соң статистика бөліміне жібереді. Температуралық парақ - дене температурасын өлшеп болғаннан кейін арнайы температуралық параққа жазылды. Оны стационарға түскен әрбірм пациент медициналық картамен бірге ашады. Ол жерде дене температурасынан бөлек тыныс алу жилігі, артериялық қан қысымдарды графикалық түрде тіркеуге болады. Сол жағында тігінен Т, П, АҚ, шкалалары болады. Температуралық парақтың төменгі жағында пациенттің дене салмағын , су баланысын белгілеуге болады. Ауруханада температура өлшеу графасы екіге бөлінеді: Т - ол таңертен өлшегені, К- кешкі уақытта өлшегені. Нүктелермен белгіленеді және сол нүктелерді қосқанда температуралық қисық пайда болады.
Қабылдау бөліміне түскен пациенттерді тіркеу және қажетті құжаттарды толтыру жүргізіледі. Барлық медициналық құжаттарды қабылдау бөлімінің мейірбикесі толтырады:

  • N 001/есептегі үлгі;

  • N 003/есептегі үлгі;

  • N 066/есептегі үлгі;

  • N 058/есептегі үлгі;

  • N 060/есептегі үлгі.

Мейірбике пациентті қабылдау есебі журналына (№001/есептегі үлгі) пациенттің аты-жөнін, туған жылын, күнін, қайдан және кіммен әкелінгенін, дене қызуын, жіберген емдеу сауықтыру мекемесінің диагнозын, қай бөлімге жіберілетіні жазылады. Сонымен қатар, ауруханалық пациенттің медициналық картасының (№066/есептегі үлгі) сол жақ жартысын, педикулез немесе басқа да жұқпалы ауру анықталғанда СЭС-ке шұғыл хабарлама (058/есептегі үлгі) толтырады.


Қабылдау бөлімі күту залынан, тіркеу орнынан, бір немесе бірнеше қарау бөлмелерінен, емшаралық бөлмеден, таңу, ал кейде кіші операция бөлмесінен, изолятордан, санитарлық өткізгіштен, рентген кабинеттен, зертханадан, санитарлық бөлмеден тұрады.

Емдеу сауықтыру мекемелеріне түскен барлық пациенттер санитарлық-гигиеналық тазалықтан өтуге тартылады, оған жатады:

  • дезинсекция – зиянды жәндіктерді жою (битті), егер де пациентті бақылау барысында табылған жағдайда;

  • гигиеналық ванна немесе душ қабылдау (пациент жағдайының ауырлығына байланысты);

  • таза ауруханалық киімді кигізу.



Әзірлеу керек:

  • таза төсек-орны мен киімге арналған шкаф;

  • кушетка;

  • ванна немесе душ кабинасы;

  • ауаның, судың температурасын өлшеу үшін термометр;

  • таза жөкелер үшін ыдыс;

  • педикулез болған кезде пациентті тазалауға арналған жиынтық;

  • дезинсекциялық зат;

  • қайшылар;

  • ұстара;

  • резеңке кілемше

Тест тапсырмалары

І-нұсқа

1.N001/ есептегі үлгі қалай аталады?

  1. Жұқпалы аурулар анықтамасына

  2. Пациенттердің сынақ картасына

  3. СЭС-ке шұғыл хабарламаға

  4. Пациенттің аты-жөні, туған жылы

  5. Санитарлық-гигиеналық тазалық картасына

2. Қабылдау бөлімінің негізгі міндеті?

  1. Пациенттерді қарау, алғашқы тексеру және диагноз қою

  2. Кәсіптік этика

  3. Жарақат пен аурудың алдын-алу

  4. Педикулезді анықтау үшін

  5. А,В жауаптары дұрыс

3. Дезинсекция-?

  1. Душ қабылдау

  2. Таза аураханалық киімді кигізу

  3. Зиянды жәндіктерді жою (битті)

  4. Науқастың киімін зарарсыздандыру

  5. Барлық жауап дұрыс

4.Ваннаны қабылдау уақыты?

  1. 5-10 минут

  2. 20-30 минут

  3. 15-20 минут

  4. 20-25 минут

  5. 30-35 минут

5. Битшеңдік қалай аталады?

  1. Дезинсекция

  2. Дератизация

  3. Биттеу

  4. С,В жауаптары дурыс

  5. Педикулез

6. Пациент шомылып болған соң, ваннаны зарарсыздандырады?

  1. 6% сутек асқын тотығы ерітіндісі

  2. 1% кальций гипохлорид ерітіндісі

  3. Ыстық суда сабын ұнтағымен жуу

  4. Ағынды сумен жуу

  5. 3% сутек асқын тотығы

7. Таза ванна суының температурасы қанша болу керек?

  1. 20-25⁰С

  2. 35-37⁰С

  3. 40-42⁰С

  4. 30-33⁰С

  5. 25-30⁰С