ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.04.2024
Просмотров: 20
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Білім беру ұйымы | «Дөң мектеп-гимназиясы» КММ | |||||||||||||||||
Пәні | Адам және экология | |||||||||||||||||
Педагогтің аты жөні: | Балтабекова Ә.Ә | |||||||||||||||||
Күні: | 12.01.2023ж | |||||||||||||||||
Сынып: | 4ә | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Табиғи қорлар және олардың адам үшін қажеттілігі | |||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: | Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғаттағы сұлулықты көре білу, эмоциялық әсер ала білуге, өз ортасында сымбатты да шыныққан тұлға болуға баулу. | |||||||||||||||||
Сабақтың барысы: | ||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Амандасу. Табиғи қорлар - табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты өне бойын табиғи қормен қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шикізаттың, отынның, энергияның жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдыруда. 1.Отын-энергетикалық қорлар. Қазақстанда бұл қор түрлерінен тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, табиғи газ және жанғыш тақтатастар таралған. Тас көмір өндірілетін аудандары Екібастұз, Майкүбі, Қарағанды, Кендірлік, Таскөмірсай, Алакөл кен орындары. 2.Минералдық қорлар. Қазақстан минералдық қорлардың түрлері мен қоры жөнінен теңдесі жоқ аймақ болып табылады: мұнда шын мәнінде Менделеев кестесіндегі элементтердің барлығы дерлік кездеседі.Солтүстік Қазақстанда әйгілі Соколов-Сарыбай, Қашар, Лисаков, Қоржынкөл кен орындары орналасқан. Сондай-ақ темір кені Алтайда (Шығыс Қазақстан), Қарсақпай, Қаражалда (Орталық Қазақстан) кездеседі. 3.Климаттық қорлар. Қазақстанның географиялық орнының ерекшеліктеріне байланысты климаттық қорлары мол. Өсіп-өну мерзімінің ұзақтығы, күн сәулесінің мол түсуі Қазақстанда, әсіресе оның оңтүстігінде көптеген жылу сүйгіш өсімдіктерді (жүгері, күріш, мақта және т.б.) өсіруге мүмкіндік береді 4.Су қорлары. Қазақстанның су корларына беткі сулардан (өзен, көл, мұздақтар) басқа жер асты суы мен минералды су көздері жатады. Қазақстанның климаты жағдайында өзен жүйесі онша жиі болмағандықтан, халық шаруашылығы үшін жер асты суы қорларын пайдаланудың үлкен маңызы бар 5.Топырақ-өсімдік қорлары. Республикадағы топырақ, осімдік қорлары аумағының ауқымды болуына байланысты әркелкі таралған. Бұл кор түрлерінің ерекшелігі олардың өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы үшін шикізат көзінің қызметін атқаруы, осыған байланысты адамның шаруашылық әрекетінің әсеріне көп ұшыраған. 6.Жануарлар дүниесінің қорлары. Республика аумағында омырткалы жануарлардың 835 түрі есепке алынған. Олардың ішінде сүтқоректілердің 172 түрі, құстардың 481, бауырымен жорғалаушылардың 48, балықтардың 150 түрі кездеседі.
1.Сәйкестендіру 1.Су қорлары а. Жел 2.Минералды в. Ертіс,Рахман бұлақ 3.Отын-энергетикалық с. Алтын, темір 4.Климаттық д. Газ, көмір 5.Топырақ-өсімдік е. Аралий.итмұрын | Ой толғау Дәптермен жұмыс | | |||||||||||||||
Сабақтың соңы | Үй жұмысы. Қазақстанның табиғи қорлар және өндіріс. | | Кері байланыс тақтайшасы |
Білім беру ұйымы | «Дөң мектеп-гимназиясы» КММ | |||||
Пәні | Туған өлкем | |||||
Педагогтің аты жөні: | Балтабекова Ә.Ә | |||||
Күні: | 12.09.2022ж | |||||
Сынып: | 5 а | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы: | Тарихи- мәдени мұрамызды танып білу не үшін қажет? | |||||
Сабақтың мақсаты: |
| |||||
Сабақтың барысы: | ||||||
Сабақтың кезеңі | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар | |||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Амандасу. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Ясауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. Айша бибі кесенесі — ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен сан түрлілігі жағынан Қазақстандағы басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ. Ескерткішті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек батыс қабырғасында сақталған. Арыстан баб кесенесі — көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. 1-Тапсырма. Ежелгі қала панносының жасалу жолын таныстырамыз. 2- Тапсырма.Оқушылардың құралдарынын жұмыс жасауға даяр екенін қадағалау және жұмысты бастау. Сергіту сәті. «Жаңбыр тарсылы» әдісі. Іс-әрекет жасалынады. 3-Тапсырма.Оқушыларға істеген жұмыстарына көмектесіп, бағыт-бағдар береді. | Ой толғау Құралдарды дайындап,жұптық жұмыс ты бастайды талапқа сай орындайды. Жасалынатын іс-әрекетті қайталау. | https://infourok.ru/magazin-materialov?utm_source=infourok&utm_medium=redirect&utm_campaign=bespl-mat-biblioteka-9-11-2022&sortT | |||
Сабақтың соңы | «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы не?қалай?не істеді?неліктен?деген сұрақтарға жауап беріп сабақты қорытындылайды. | Мадақтау сөздер арқылы бағаланады. | Кері байланыс тақтайшасы |
Білім беру ұйымы | «Дөң мектеп-гимназиясы» КММ | |||||
Пәні | Туған өлкем | |||||
Педагогтің аты жөні: | Балтабекова Ә.Ә | |||||
Күні: | 19.09.2022ж | |||||
Сынып: | 5 а | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы: | Қазақстанның географиялық орны, жер көлемі | |||||
Сабақтың мақсаты: | Туып өскен жерінің орны,көлемі, елді мекендері туралы білім алу. | |||||
Сабақтың барысы: | ||||||
Сабақтың кезеңі | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар | |||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Амандасу. Қазақстан аумағы 2724,9 мың км2-ге тең.Жерінің көлемі жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия; Үндістан және Аргентинадан кейін 9-орын алады. Біздің еліміз Франциядан 5 есе, Италиядан 9 есе, Англиядан 11 есе үлкен. Мысалы,республика жеріне Ұлябритания, Франция, Испания, Германия, Аустрия, Нидерланды және Жапония мемлекеттері сыйып кетер еді.Қазақстан Еуразия материгінің орталығында орналасқан,екі дүние бөлігін қамтиды.Кіші батыс аймағы Еуропада,ал көлемі шыгыс аймагы Азияда жатыр.Жайық өзенінің екі жағында орналасқан Атырау қаласы тұрғындарының Еуропа мен Азияға күнде саяхат жасауға мүмкіндікттері бар.Мұндай мүмкіндік, сонымен қатар Ресейде де бар. Физикалық-гоеграфиялық жағдайы тұрғысынан, Қазақстан Тынық мұхит пен Атлант мұхитынан, сондай-ақ Үнді мұхиты мен Солтүстік Мұзды мұхитынан бірдей дерлік қашықтықта орналасқан. Оның мұхиттардан шалғай жатуы әрі аумағының үлкендігі климатының өзіндік ерекшелігін қалыптастырады. Қазақстан батаында-Еділдің төменгі ағысынан, шығысында-Алтай тауларының етегіне дейін 3000км-ге, солтүстіктегі-Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөі мен Тянь-Шань тау жүйесіне дейін 1650 км-ге созылып жатыр. Сөйтіп, республиканың географиялық орны оның табиғат жағдайларын анықтайды. Қазақстан қоныржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан. Дәл сол ендіктердегі Шығыс Еуропа қоныржай континенттік климатымен, ал Батыс Еуропа субтропиктік климатымен ерекшеленсе,Қазақстан аумағы табиғатының бір шетінің екінші шетінен айырмашылығы үлкен. Мысалы, оңтүстіктегі тау етектерінде шие мен өрік гүл атқан кезде, республиканың солтүстігінде әлі суық , қарлы боран соғып тұрады. Қазақстан жерінде қатаң Сібір мен қапырақ Орта Азия тоғысып жатқандай. Географиялық орнына қарай республика жерінде орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қалыптасқан. | Ой толғау Дәптермен жұмыс | https://infourok.ru/magazin-materialov?utm_source=infourok&utm_medium=redirect&utm_campaign=bespl-mat-biblioteka-9-11-2022&sortT | |||
Сабақтың соңы | Кері байланыс Бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау. | | Кері байланыс тақтайшасы |
Білім беру ұйымы | «Дөң мектеп-гимназиясы» КММ | |||||
Пәні | Туған өлкем | |||||
Педагогтің аты жөні: | Балтабекова Ә.Ә | |||||
Күні: | 26.09.2022ж | |||||
Сынып: | 5 а | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы: | Пайдалы қазбалар, жер бедері | |||||
Сабақтың мақсаты: | Пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру, олардың адамға тигізетін пайдасы мен зиянын түсіндіру. Пайдалы қазбалардың кен орындары, шартты белгілері, өндіру әдісі жайлы түсінік беру. Қазақстанда жер қойнауын зерттеген ғалым, академик Қ. И. Сәтбаев туралы әңгімелеу, Алматыдағы геологиялық мұражайлар туралы мағлұмат беру; | |||||
Сабақтың барысы: | ||||||
Сабақтың кезеңі | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар | |||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Амандасу. Пайдалы қазбалар қолдануына қарай үшке бөлінеді (жанғыш пайдалы қазба, кенді пайдалы қазба, кенге жатпайтын пайдалы қазба) Жанғыш - тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, газ. Кенді - алюминий, мыс, қорғасын, күміс, мырыш Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар - ас тұзы, фосфор, құм, саз, цемент - Пайдалы қазбаларды кімдер зерттейді? - Геологтар - Қазақтың тұңғыш геологі кім еді? - Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (түсіндіру) Жанғыш пайдалы қазбалар Тас көмір - ең көп өндірілетін пайда қазба. Біздің елімізде тас көмірдің қоры өте мол. Тас көмірдің аса ірі кен орны - Қарағанды. Екібастұзда ашық әдіспен арзан көмір өндіріледі. Мұнай - өте қызулы отын. Ол күл қалдырмай түгел жанып кетеді. Мұнайды айыру арқылы бензин, керосин, машина майы және басқа көптеген заттар бөлініп алынады. Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінде мұнай мен газдың аса бай кен орындары бар. Кенді пайдалы қазбалар Бұларға құрамында металл кездесетін тау жыныстары жатады. Оларды өңдеу арқылы темір, мыс, қорғасын, алюминий сияқты металдар алынады. кенді пайдалы қазбалар орталық Қазақстанда өте көптеп кездеседі. Әсіресе, Жезқазған және Қоңырат мыс кен орындары әлемге әйгілі. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар Олар қышқыл алуға, тыңайтқыштар өндіруге, құрылыс материалдары үшін өте қажетті. Қаратаудағы фосфорит кен орны қоры жөнінен дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы орындардың бірін алады. Фосфоритті ұнтақтап, фосфорит ұны тыңайтқышын өндіреді. Мәрмәрдан әртүрлі ескерткіштер, үй баспалдақтары жасалады. Әктас, құм, саз құрылыс салу үшін өте қажетті. Қазақстанның физикалық картасынан пайдалы қазбалар қоры көп өндірілетін орындарды көрсету. Тас көмір - Қарағанды, Екібастұз Мұнай - Атырау, Ақтау, Орал өңірінде Газ - Ақтау, Орал облыстарында Алюминий – Арқалықта Мыс кені – Жезқазғанда Ас тұзы - Қызылорда, Павлодар, Алматы өңірінде Темір кені - Қостанай өңірінде Фосфорит - Ақтөбе, Тараз өңірлерінде Біз осындай тамаша пайдалы қазбаларымыз арқылы мақтана аламыз және мақтаныш сезіммен « Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 - ы біздің еліміздің кен қойнауында бар. 70 элементтің қоры барланып зерттелген. Ал өндіріске 60 - тан астам элемент тартылған. Бүгінгі күнге дейін минерал шикізатының 1225 түрі бар 493 кен орыны белгілі. Пайдалы қазындылар қорының көлемі жағынан Қазақстан ТМД елдерінің алдыңғы қатарында: күміс, хромит, қорғасын, мырыш өндіруден бірінші орында, мұнай көмір, мыс, никель, фосфат шикізатын өндіруі бойынша – екінші, ал алтын өндіру жағынан үшінші орында тұр. Қазақстанда мұнай мен газдың елеулі қоры бар, жыл сайын мұнда 32 млн. тонна мұнай өндіріліп отырады екен» Шығармашылық тапсырма Пайдалы қазбалардың қажеттілігі туралы өз ойларынан өлең шығару Көзге сергіту (планета) Планетамызда қанша пайдалы қазбалар болса, соның бәрін біздің жерімізден, яғни жер қойнауынан табуға болады екен. Сабақты бекіту Тест тапсырмалары бойынша оқушылардың алған білімдерін тиянақтау, тексеру Пайдалы қазбаларға................ жатады. 1. Темір кенінен алынған металл 2. Жер қыртысының қатты бөлігі 3. Тау жынысы Пайдалы қазбалар 3 негізгі топқа бөлінеді. 1. Пайдалы, пайдасыз, жарамсыз. 2. Бағалы, құнсыз, жанатын. 3. Жанғыш, кенді, кенге жатпайтын. Кенге жатпайтын пайдалы қазба. 1. Мұнай, газ. 2. Алтын, күміс. 3. Құм және саз. | Ой толғау Дәптермен жұмыс | https://infourok.ru/magazin-materialov?utm_source=infourok&utm_medium=redirect&utm_campaign=bespl-mat-biblioteka-9-11-2022&sortT | |||
Сабақтың соңы | Кері байланыс Бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау. | | Кері байланыс тақтайшасы |
Білім беру ұйымы | «Дөң мектеп-гимназиясы» КММ | |||||
Пәні | Туған өлкем | |||||
Педагогтің аты жөні: | Балтабекова Ә.Ә | |||||
Күні: | 3.10.2022ж | |||||
Сынып: | 5 а | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы: | Туған жердей жер болмас | |||||
Сабақтың мақсаты: | Оқушылардың туған жерге, туған ауылға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін тәрбиелеу. Туған ауылдың өткен тарихын біле отырып, қазіргі ауыл өмірін зерттеу және ауылдың болашағын оқушылар көзімен болжау. | |||||
Сабақтың барысы: | ||||||
Сабақтың кезеңі | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар | |||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Амандасу. Біздің Отанымыз- егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті.Осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде , кеңшілігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп , оның көкбайрағын көкке көтеріп, еңселі елтаңбасын айқындатып,әнұранын асқақтата шырқауды мақтаныш тұтады. І тапсырма Тест сұрақтарын орындау:
С) 1989 ж. 1 мамыр У) 1992 ж. 1желтоқсан Т) 1991 ж. 25 қазан Х) 995 ж. 30 тамыз 2. Қазақстан қай кезден Тәуелсіз Республика деп танылды? С) 1990 ж. 25 қазан У) 1991 ж. 16 желтоқсан Т) 1991 ж. 25 қазан Х) 1991 ж. 16 қараша
Г) Астана, парламент Д) Байлығы, шекарасы Ғ) Ту, елтаңба, әнұран Ж) Валюта, қолөнері
А) шаңырақ Б) уық Ә)кереге В) іргетас 5.Мемлекеттік Тудың авторы кім? Н) Ш.О Ниязбеков П) Ш. Қалдаяқов О) Ш. Уәлиханов Р) Ж. Мәлікұлы
Ж) 10 З) 5 И) 15 К( 20
Отан деген немене? Оның тұлға, түс – кейпін Достым, білгің келе ме? Отан – сенің ата- анаң, Отан – сенің, бауырың. Отан – өлкең, астанаң Отан- аудан, ауылың. Отан- тарих, отан- тіл, Жасаған елің, ер халқың, Отан –өлең, Отан –жыр, Көтерген көкке ел даңқын ( Кімнің өлеңің?) Д) М. Мақатаев Ж) М.Шаханов Е) Б. Ысқақов З) Қ. Мырза Әлі | Ой толғау Дәптермен жұмыс | https://infourok.ru/magazin-materialov?utm_source=infourok&utm_medium=redirect&utm_campaign=bespl-mat-biblioteka-9-11-2022&sortT | |||
Сабақтың соңы | Кері байланыс Бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау. | | Кері байланыс тақтайшасы |